ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 208
Скачиваний: 10
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
в) Буклеттегі суреттермен–жұмыс: Жақтаушы, Даттаушы
г) Әдебиет теориясы бойынша: 1) Әңгіменің тақырыбы: «Қонақтар» - отбасы өмірі, соның ішіндегі, қазіргі заман талабына сай, әке мен баланың арасындағы келіспеушілік немесе ескі мен жаңаның жаңа арнаға түспеуі. 2. Әңгіменің идеясы: Үлкенге құрмет, бала тәрбиесі, жаңаша көзқарас, жас ұрпақтың бойынан табылатын жаңашыл көзқарасты тану
д) Үйге берілген тапсырма: Міндетті деңгейдегі отырған оқушыларға мәтін мазмұны бойынша, отбасы, бала тәрбиесіндегі мақал-мәтелдер, нақыл сөздерді жазу
е) Сабақты қорытындылау: Баланың ата-ана алдындағы азаматтық, туған жерге деген сүйіспеншілік парызы.Қазіргі заман талабына сай мен кіммін, менің болашағымды не күтіп тұр?-демекші, бүгінгі таңдағы әрекетім–білім алу!
ё
5
3
) Бағалау: Шаталовтың тірек сигналдары бойынша бағалау
ж) Үйге тапсырма: Әңгіме кейіпкерлері: Елекең мен Сапабекке жазбаша түрде қысқаша мінездеме
Қосымша тапсырма: Білім қалада ма, ауылда ма? – атты тақырыпта пікір-сайыс өтеді.Қарарлар мен кілт сөздерді дайындап келу.
№42 «Ақ ниет» гимназиясындағы 9а класында өткен қазақ әдебиетінің сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұд Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы жауыздыңтың бас айыпкері – феодалдық заң
Сабақтың мақсаты:
1. ХІХ ғасырдың әдебиетн оқыту барысында оқушыларға заманның әлеуметтік талабын, елдің тарихын жағдайын, әдебиеттің қалыптасу жағдайын оқытуда оқушылардың қазіргі заман тұрғысымен талдауға үйрету
2. Әрекет үстінде, адамгершілік тұрғыдан шешім қабылдауна жағдай жасау
3. Тұлғаның өз көзқарасын қалыптастыру, ықпал жасау
Сабақтың түрі: Карл Поппердің дебат форматы бойынша (қорытынды сабақ)
Сабақтың әдісі: талдау, сұрақ-жауап, топтастыру
Көрнекі-құралдар: интерактив тақта
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
І. Қызығушылығын ояту
1. Сұрақтар
а) Біз қазір қай ғасыр әдебиетінің үлгілерімен танысып жатырмыз
ә) Бұл ғасырды тарихтың қандай жағдайларымен байланыстырамыз
б) Бұл ғасыр әдебиетшілері кімдер?
В) Бұлардың алдында қандай ортақ мәселелер тұрды
2. Топтастыру
Торайғыров
3.Топтастыру
1. Қазан төңкерісіне дейінгі әдебиеттегі қазақ қыздарының ортақ тағдыры
2. «Қамар сұлу» тағдыры – ғасыр тағдырына айналғанын әдебиеттен жете меңгере отырып, біз бұл мәселелерді пікір талас, дебат үлгісімен береміз.
ІІ. Мағынаны тану
-
ХІХ ғасыр әдебиеті үлгілерінен оқулық, оқулықтан тыс материалдар -
«Қамар сұлу» романын талдау
Бұл мағынаны тану бөлімі өткен материалдарды Карл Попердің дебат форматы бойынша талдау
Жүйесі:
Жақтаушы – Ж
Даттаушы – Д
а) Ж1 – (5 мин) Д1 – (5 мин)
Ж2 – (4 мин) Д2 – (4 мин)
Ж3 – (5 мин) Д3 – (5 мин)
ә) Ж1 – ге Д3 сұрақ қояды (1 мин)
Д1 – ге Ж3 сұрақ қояды (1 мин)
Ж2 – ге Д1 сұрақ қояды (1 мин)
Д2–ге Ж1 сұрақ қояды (1 мин)
б) Кластың қалған оқушылары екі бөлініп отырады.Жақтаушы топ даттаушы спикердің презентациясына Rebatle – (қарсылық) туғыза алады.
Даттаушы топта осы әрекет жасайды.
В) Бағалау парағын оқушылар өздері толықтырып отырады.Өйткені бағалау парағы әр оқушыны нақты бағалау үшін құрылған.
- Жақтаушы топтық резолюцияны «Жоқ!» «Қамар сұлу» романындағы жауыздықтың бас айыпкері – феодалдық заң емес!»
- Резолюциядағы сөздерге деффенциялық талдау жасайды
1. Сабақтан алған әсері
2. Сабақтың жаңашылдығы
3. Екі көз қарастағы талдау не берді?
4. Форум мүшелерінің бағасына Rebatle туғызу
5. Қандай тың мәлімет алдық
1. Осындай сұрақтарды беру арқылы «Қамар тағдыры – ұрпаққа сабақ» атты тақырыпта 5 минуттық эссе жазу
2. Оқушыларға тақырыпты толық меңгерту, өз беттерімен ізденген ізденістерін марапаттау, презентациялау
- Оқушылардың жүрек жарды сөздерін тыңдау
IV. Бағалау. Бағалау парағы бойынша өтеді
Бағалау парағы
Аты – жөні | Сұрақ қою шеберлігі | Нақты сапалы жауап беруі | Маңызды мәлімет беру (оқулық. Тыс) | Өзгеніің ойын толықыру | Өзгенің ойын жоққа шығару | Сөз саптауы | Белсенділігі | Үзінділерді жатқа білуі | Ұпайы | Бағасы |
| | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | |
V. Үйге тапсырма
«С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы Қамардың бейнесі» атты тақырыпта өтетін шығармаға дайындық
Қорытынды
Бұл бағдарламаны құрастыруға гимназия сағаттарының септігі тиді. Бұл бағдарламаның жарыққа шығуы, көп жылдан бері осы инновациялық үрдісте жұмыстанып, түрлі нәтижелерге қол жеткізгенімнің әсері. Әдебиет сабағына оқушыларды қызықтырудың жолын таптым. Бағдарлама бойынша берілетін жаттау, мазмұнын айтумен шектелу, бүгін заман талабында орны әлсіреп бара жатқасын, оқуға, жаттауға уақытын бөлмейтін оқушыларды қызықтыруға әсер етті. Тіл, әдебиеттен жүйелі білім алу үшін, әрі сынып аралық, басқа мектептегі сәйкес сынып аралық байланысты нығайтуға көмегі мол болды. Әріптестерімен өзінің іс-тәжірибесінде пайдалануға тиімді деп есептеймін. Әдебиет сабағынан әдеби құндылықты терең меңгерулеріне, өмірлеріне қажетінше пайдалануына тиімді бағдарламамен 2008 жылдан бері жұмыстанып келемін. Бүгінгі шәкіртке «адами құндылықтың» маңызын меңгерту барша ұстаздың алдында тұрған сауал.Сол сауалдың жауабы болмаса да, шәкірт жүрегінен жол тауып келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
К.Поппердің дебат ойын парағы. 2000 жыл -
К.Поппердің саяси дебат элементі. 2004 жыл -
СТО жобасының тұрақты журналы «Дауыс пен көрініс» -
Мектеп және жоғары оқуорындары: ой қозғағыштар, ізденістер, табыстар 74 бет, 2005 жыл -
Халықаралық ғылыми-әдістемелік журналы «Перемена»- журналдағы журнал материалдары, 2008-2010 жыл -
«Қазақстан мектебі» журналы №3 2012 жыл 25 бет, 56 бет «Толерантты тұлға». 60 бет -
«Қазақстан мектебі» журналы №2 2012 жыл 33 бет, «Ұлттық құндылықтарды танытудағы педагогикалық технологиялардың маңызы» -
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 2008 жыл -
Қазақ әдебиеті энцикопедиялық анықтамалық «Аруана» - 2005 жыл -
Қазақстан ұлттық энциклопедия. Алматы 1999, №2,3,7,10 -
«Сөз өнері» З.Қабдолов -
«Әдебиет теориясы» Қ.Жұмағалиев -
«Қазақ халқының философиялық мұрасы» 2007 жыл -
«Сөз мәйегі» (мақал-мәтелдер) – 2007 жыл -
БАҚ құралдары.(Мемлекеттік басылымдар)