Файл: Дниежзі тарихы пнінен жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 11сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 175
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Өркениет: даму ерекшеліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
IІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Саяси-құқықтық процестер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Қоғамдық-саяси ойдың дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
11
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Қоғамдық-саяси ойдың дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы. Мұстафа Кемал Ататүрік –Түрік Республикасының негізін қалаушы. Шарль де Голль: Франция ұлылығының қайта жаңғыруы. |
Оқу мақсаты | 11.3.2.4 АҚШ-тағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «нәсілдік кемсітушілік», «сегрегация» ұғымдарын қолдану 11.3.3.1 Мемлекет тарихының өтпелі кезеңдеріндегі реформалардың маңыздылығын бағалау 11.3.3.6 Ш. Голль қызметінің мысалында мықты президенттік билік институтының маңыздылығын дәлелдеу |
Бағалау критерийі | Білімалушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары |
Орындау уақыты | 20 минут |
Тапсырма
-
Дереккөзі мен өз біліміңізді қолдана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.
1955 жылы 1 желтоқсанда Алабама штатының астанасы Монтгомери әмбебап дүкендерінің бірінде жұмыс жасайтын 42 жастағы қара нәсілді тігінші Роза Паркс ұсталып,
ақ нәсілді жолаушыға автобуста орын беруден бас тартқаны үшін оған айыппұл салынды.
Роза Паркс
1957 жылғы 25 қыркүйек. Little Rock Central
мектебін біріктірілуі. Элизабет Экфордтың естеліктері бойынша: "айналамда толық хаос болды, мен жан- жағыма қарап, мені қоршаған адамдардың арасынан ең болмағанда көзінде мейірімі бар бір адамды тауып алуға тырыстым... егде жастағы әйелді көріп, оның қолдауын сұрағым келді, бірақ ол маған.. түкіріп жіберді".
Элизабет Экфордтың мектепе баруы
12
«Нәсілдік кемсітушілік» мәселесі неліктен пайда болды?
АҚШ-тағы қара нәсілділерге қатысты жүргізілген сегрегация неден (қандай оқиғалардан)
көрініс табады? Мысалдар келтіріңіз
-
Дереккөзі мен өз біліміңізді қолдана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.
1924 ж. 3 наурызда Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысы (ТҰҰМ) бұрынғы Осман империясының ғана емес, сонымен қатар Азия мен Африканың басқа да елдерінің халықтарына рухани және саяси биліктің жоғарғы органы ретінде болған халифатты жою туралы заңды қабылдады.
Түркияның саяси жүйесі қалай өзгерді?
1928 ж. 9 сәуірінде Парламенттің қабылдауымен Түркия Конституциясынан «Ислам
Түркияның мемлекеттік діні болып табылады» туралы бап алынып тасталды. Қабылданған шешімнің маңыздылығы неде?
Осы кезеңде қабылданған жаңа заңға
сәйкес Түркиядағы оқу орындарының басым көпшілігі
діни конфессиялардан бөлініп, олардың тікелей бағынысынан шығарылды. Білім саласында қандай өзгерістер орын алды?
ХХ ғ. 20 жж. Мұстафа Кемальдің реформалары Түркияның дамуына қаншалықты әсер етті?
-
Дереккөзі мен өз біліміңізді қолдана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.
1946 жылдың қаңтарында социалистік депутаттар әскери бюджетті 20% қысқартуды ұсынғанда, оларды коммунистер қолдағанда, де Голль отставкаға кетті. Жыл соңында жаңа конституция қабылданды, оған сәйкес парламент екі палатадан тұрды: Ұлттық жиналыс және Республика Кеңесі. Барлық билік бірінші Палатаның қолында шоғырланған, ал жеті жылға сайланған президент екінші кезектегі тұлға болды. Де Голль мұндай жағдайға қарсы болды, ол 1947 ж.сәуірінде "Француз халқының бірлестігі" партиясын құрды. Оның басты мақсаты - 1946 жылғы Конституцияны жою және атқарушы билік партияларынан тәуелсіз күшті құру. Сыртқы саясаттағы де Голльдің басымдықтарының бірі - Францияның ұлылығын қайта өркендету, оның тәуелсіздігін нығайту, АҚШ ықпалының әлсіреуі болды. Коммунизмге теріс көзқарасқа қарамастан, ол американдықтарға нақты тепе-теңдікті жасау ғана КСРО-мен жақындасуға барды. Ол қарулы күштерді жаңғыртуға, оларды қазіргі заманғы қару-жарақпен жарақтандыруға үлкен көңіл бөлді. 1966 жылы президент Шарль де Голль Францияның НАТО-дан шығуы туралы мәлімдеді. 1958 жылдың күзінде "деголльдік" конституция қабылданды. Ол Парламенттің өкілеттігін едәуір шектеп, Президент құқығын айтарлықтай кеңейтті.
Дереккөзі: http://www.c-cafe.ru/days/bio/29/gaulle.php
Ш.де Голль неліктен президенттік билікті нығайтуға тырысты?
Ш.де Голль басқару кезінде «Францияның ұлылығы» қаншалықты өркендеді?
13
Бағалау критерийлері | Тапсырма № | Дескрипторлар | Балл |
Білімалушы | |||
«Нәсілдік кемсітушілік», «сегрегация» ұғымдарын қолданып, АҚШ-тағы тарихи оқиғаларды түсіндіреді | 1 | «нәсілдік кемсітушілік» себебін түсіндіреді; | 1 |
сегрегация ұғымын түсіндіреді, мысал келтіреді; | 1 | ||
Мемлекет тарихының өтпелі кезеңдеріндегі реформалардың маңыздылығына баға береді | 2 | Түркияның саяси жүйесіндегі өзгерісті анықтайды; | 1 |
конституцияға жасалған өзгеріске баға береді; | 1 | ||
білім саласындағы өзгерістерді анықтайды; | 1 | ||
М.Кемаль Түркия тарихындағы роліне баға береді; | 1 | ||
Ш. Голль қызметінің мысалында мықты президенттік билік институтының маңыздылығын дәлелдейді | 3 | Де Голль үшін презденттік биліктің маңыздылығын ашады; | 1 |
Де Голльдің жүргізген саясатына баға береді; | 1 | ||
Жалпы балл | 8 |
14
«Қоғамдық-саяси ойдың дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика