Файл: Дниежзі тарихы пнінен жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 11сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 177
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Өркениет: даму ерекшеліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
IІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Саяси-құқықтық процестер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Қоғамдық-саяси ойдың дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен
жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 11-сынып
(қоғамдық-гуманитарлықбағыт)
Нұр-Сұлтан қаласы, 2020 жыл
1
Құрметті мұғалім!
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және
аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
2
МАЗМҰНЫ
3
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Өркениет: даму ерекшеліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | Экономика және экономикалық жүйелердің типтері. Экономиканың аралас түрі. Мемлекеттердің экономикалық дамуындағы табиғи-географиялық шектеуші факторларға төтеп берудің тарихи мысалдары. |
Оқу мақсаты | 11.1.1.1 Мемлекеттердің экономикалық даму ерекшеліктерін талдау үшін «экономика» және «экономикалық жүйе» ұғымдарын қолдану 11.1.1.7 Экономиканың аралас түріне тән белгілерді анықтай отырып, оған көшудің себептерін зерттеу 11.1.2.3 Қазіргі заман тарихында шектеуші табиғи- географиялық факторлар жағдайындағы мемлекеттердің сәтті экономикалық дамуының мысалдарын тұжырымдау |
Бағалау критерийі | Білімалушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары |
Орындау уақыты | 20 минут |
Тапсырма
-
Ұғымдардың анықтамасын беріңіз және мысалдар келтіріңіз. Экономика дегеніміз ...
Экономикалық жүйе дегеніміз ...
Экономикалық жүйеге мыналар жатады (мысалдар) ...
-
Аралас экономикаға тән белгілер мен ерекшеліктерін анықтаңыз, сұрақтарға жауап беріңіз.
| Аралас экономикалық жүйе |
Сипаты (ерекшелігі) | |
Мысал (елдер) | |
Артықшылығы | |
Кемшілігі | |
4
1926-1928 жылдары АҚШ экономикасы өрлеуде болды. Ұлттық табыс 32 млрд. 1913 жылы 89,7 млрд. (салыстырмалы бағаларда – 1,7 есе). Өндірістің өнімділігі артты, дивидендтер артты, нәтижесінде акциялар бағамы да өсті.
1929 ж. 24 қазанда Нью-Йорк қор биржасында акциялар курсының күрт құлдырауы болды. Бұл күні 12,8 млн акция сатылды, содан кейін төрт дәйекті сауда сессиясы ішінде көптеген танымал акциялардың бағасы төмендеді.
Ұлы дағдарысты АҚШ тарихындағы ең түсініксіз оқиғалардың бірі деп атауға болады. Әдетте, Ұлы дағдарысты реттелмейтін капиталистік жүйенің теріс әсерін растау үшін қарастырады. Тек мықты әл-ауқаттты мемлекет, елеулі экономикалық реттеу капитализмді өз- өзінен құтқара алады.
Дереккөзі: Р. Нуреев. Основные варианты становлениясмешаннойэкономикивразвитыхстранах
Ұлы дағдарыс неліктен аралас экономикалық жүйеге өтудің себебі ретінде қарастырылады?
Осы кезеңде аралас экономикаға өтудің қандай белгілері көрініс табады?
-
Елдердің дамуына табиғи-географиялық факторлардың әсерін анықтаңыз.
Мемлекеттер | Табиғи-географиялықфактор | Шаруашылық/өндірістің қалыптасуымендамуы |
Жапония | Аралдық мемлекет, жан-жағынан теңіз суларымен қоршаулы, оқшауланған, құрлықпен жанаспайды, территориясы шағын, пайдалы қазбалар мен ресурстардың тапшылығы | |
Қазақстан | Пайдалы қазбалар мен ресурстарға бай болуы, мұхит- теңіз суларынан алшақтығы, құрлықтық елдермен оқшаулануы, құрлықтың ішкі бөлігінде орналасуы, территориясының үлкендігі. | |
5
Бағалау критерийлері | Тапсырма № | Дескрипторлар | Балл |
Білімалушы | |||
«Экономика» және «экономикалық жүйе» ұғымдарын мемлекеттердің экономикалық даму ерекшеліктерін талдау үшін пайдаланады | 1 | «экономика» ұғымын түсіндіреді; | 1 |
«экономикалық жүйе» ұғымын түсіндіреді; | 1 | ||
«экономикалық жүйе» ұғымына мысал келтіреді; | 1 | ||
Экономиканың аралас түріне тән белгілерді анықтап, оған көшудің себептеріне зерттеу жүргізеді | 2 | аралас экономиканың ерекшелігін сипаттайды; | 1 |
аралас экономикалық жүйесі бар елді мысалға келтіреді; | 1 | ||
аралас экономикалық жүйенің артықшылығын анықтайды; | 1 | ||
аралас экономикалық жүйенің кемшілігін анықтайды; | 1 | ||
аралас экономикаға өтудің себептерін анықтайды; | 1 | ||
өтпелі кезеңдегі аралас экономикаға тән белгілерді анықтайды; | 1 | ||
Елдердің дамуына табиғи-географиялық факторлардың әсерін анықтайды | 3 | Жапонияның дамуына (шаруашылығы /өндірісінің қалыптасуы мен дамуы) табиғи-географиялық факторлардың әсерін анықтайды; | 1 |
Қазақстанның дамуына (шаруашылығы/өндірісінің қалыптасуы мен дамуы) табиғи- географиялық факторлардың әсерін анықтайды; | 1 | ||
Жалпы балл | 11 |
6
«Өркениет: даму ерекшеліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийлері | Оқу жетістіктерінің деңгейі | ||
Төмен | Орта | Жоғары | |
«Экономика» және «экономикалық жүйе» ұғымдарын мемлекеттердің экономикалық даму ерекшеліктерін талдау үшін пайдаланады | «Экономика», «экономикалық жүйе» ұғымдарын түсіндіруде, мысалдар келтіруде қиналады | «Экономика», «экономикалық жүйе» ұғымдарын түсіндіруде, мысалдар келтіруде қателіктер жібереді | «Экономика», «экономикалық жүйе» ұғымдарын түсіндіреді, мысалдар келтіреді |
Экономиканың аралас түріне тән белгілерді анықтап, оған көшудің себептеріне зерттеу жүргізеді | Аралас экономиканың ерекшелігін, артықшылығы мен кемшілігін, аралас экономикалық жүйеге өту себептері мен оған тән белгілерді сипаттауда, мысалдар келтіруде қиналады | Аралас экономиканың ерекшелігін, артықшылығы мен кемшілігін, аралас экономикалық жүйеге өту себептері мен оған тән белгілерді сипаттауда, мысалдар келтіруде қателіктер жібереді | Аралас экономиканың ерекшелігін, артықшылығы мен кемшілігін, аралас экономикалық жүйеге өту себептері мен оған тән белгілерді сипаттайды, мысалдар келтіреді |
Елдердің дамуына табиғи-географиялық факторлардың әсерін анықтайды | Елдердің дамуына (шаруашылығы/өндірісінің қалыптасуы мен дамуы) табиғи- географиялық факторлардың әсерін анықтауда қиналады | Жапонияның/Қазақстанның дамуына (шаруашылығы /өндірісінің қалыптасуы мен дамуы) табиғи-географиялық факторлардың әсерін көрсетуде қателіктер жібереді | Елдердің дамуына (шаруашылығы /өндірісінің қалыптасуы мен дамуы) табиғи-географиялық факторлардың әсерін анықтайды |