Файл: за мерзімді жоспар блімі 4в шамалар арасындаы туелділіктер Мектеп.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 30
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4В Шамалар арасындағы тәуелділіктер | Мектеп: "№1 арнайы мектеп -интернаты" КММ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Саякова Аружан | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Тура пропорционалдық және оның графигі. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.2.23 тура пропорционал тәуелділіктерді танып білу және мысалдар келтіру. 6.2.1.12 тура пропорционалдықтың формуласын білу және графигін салу. 6.5.2.11 тура пропорционал шамалардың арасындағы шынайы тәуелділік-тердің графиктеріне талдау беру. 6.5.2.12 сипаттамасы бойынша тура пропорционалдықтың формуласын жазу. 6.5.2.13 тура пропорционалдықтың графигін салу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - тура пропорционал тәуелділіктерді таниды; - тура пропорционалдықтың формуласын біледі және тура пропорционалдықтың графигін салады; - сипаттамасы бойынша тура пропорционалдықтың формуласын жазады; - тура пропорционал шамалар арасындағы шынайы тәуелділіктердің графиктерін түсіндіріп береді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: - тура пропорционал тәуелділіктерді таниды; - тура пропорционалдықтың формуласын біледі және тура пропорционалдықтың графигін сала алады; - сипаттамасы бойынша тура пропорционалдықтың формуласын жаза алады; - тура пропорционал шамалар арасындағы шынайы тәуелділіктердің графиктерін түсіндіріп бере алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - осы бөлімнің терминдерін пайдаланады; - шамалар арасындағы тәуелділіктерге түсіндірме жасайды. Пәнге қатысты лексика мен терминология: - формула; - шамалардың арасындағы тәуелділік; - қашықтық, жылдамдық, уақыт; - жұмыс, өнімділік, уақыт; - баға, мөлшер, құны; - масса, тығыздық, көлем; - аудан, ұзындық, ені; - ерітіндідегі заттың массасы, концентрация, ерітіндінің массасы; - өлшем бірліктері; - мәндер кестесі; - тәуелділіктің графигі; - тура пропорционал шамалар; - тура пропорционалдықтың формуласы; - пропорционалдықтың коэффициенті; - кері пропорционал шамалар; - тура пропорционалдықтың графигі. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - ... тәуелділігін формула арқылы береміз; - … шамасын тәуелділіктің формуласынан … арқылы өрнектейміз; - … тәуелділігін көрсететін формуланы жазамыз; - … мен … арасындағы тәуелділіктің графигін саламыз; - … тәуелділігінің кестесін толтырамыз; - егер … , онда екі шама тура пропорционал деп аталады; - егер … , онда екі шама кері пропорционал деп аталады; - шамалар тура пропорционал болады, себебі …; - шамалар кері пропорционал болады, себебі … . | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық және жұппен жұмыс жасата отырып оқушыларда өзара сыйластық, сенімділік, қарым-қатынасты қалыптастыру | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Формулаларды білу (қашықтық, жылдамдық, уақыт, тіктөртбұрыштың ауданы және т.б.). Теңдеудің белгісіз компоненттерін таба білу, алгебралық өрнектің мәнін таба білу. Координаталары бойынша нүктені координаталық жүйеде сала білу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0 – 3 мин | Ұйымдастыру. Сыныпта психологиялық ахуал тудыру үшін оқушыларға смайликтер таратып, көңіл-күйлерін анықтау. Психологиялық ахуал Шырылдады қоңырау, Біз сабақты бастаймыз Партамызға отырып, Табыс тілеп көзбенен, Жаңа білім алуға, Алға қадам аттаймыз. Оқушылар орындарына отырып, алақандарын біріктіріп, бір-біріне жүректерінің жан жылуын береді. Бүгінгі күн терезеден, Бізге, міне, тұр қарап. Сондай жақсы көңіл күймен, Басталады бұл сабақ. | Презентация Қосымша 1 Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 6 класс. Часть 2. –М.: Издательство «Ювента», 2010. Қосымша 2 | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 4 - 18 мин | «Миға шабуыл» - өткен тақырыптар бойынша қайталау сұрақтары. С-1: Тура пропорционал тәуелділіктер дегеніміз не? С-2: Тура пропорционалдықтың формуласы қандай? С-3: Тура пропорционалдықтың графигін салу алгоритмін сипаттаңыз. С-4: Сипаттамасы бойынша тура пропорционалдықтың формуласын қалай жазуға болады? Мысал келтіріңіз. С-5: Тура пропорционал шамалар арасындағы шынайы тәуелділіктердің графиктеріне мысал келтірің, түсіндіріңіз. Топтық жұмыс. Оқушыларды топтарға біріктіріңіз. Әр топ кеспе қағаздарда жазылған шамалардың арасындағы тәуелділік тура пропорционалдық болады ма екендігін анықтау керек. Егер тура пропорционалдық болса, онда шамалардың арасындағы тәуелділіктің формуласын жазып және пропорционалдықтың коэффициентін табу керек.
Талдау және бағалау. Топтар өз жұмыстарын көрсетеді. Әр топ өзінің шешуіне түсінік береді. Егер барлық тура пропорционал тәуелділіктерді дұрыс анықтаса, топ оқу мақсатына жетеді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
19 – 28 мин | Жұптық жұмыс. Оқушыларды жұптарға бөліңіз. Жұптағы әрбір оқушыға бөлек тапсырма беріледі. Оқушы тапсырманың тек бірінші ғана бөлігін шығарады, содан кейін салған графигін көршісіне береді, ол оның екінші бөлігін шығарады. Содан кейін оқушылар тағы өздерінің шешімдерімен алмасады және дайын жауаптар арқылы тексеру жүргізіледі.
Жауабы: 1. . 2. ; ; t
Жауабы: 1. . 2. ; ; m | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
29 – 30 мин | Сергіту сәті. «Бір-екі-үш-төрт-бес» әдісі Қатысушылардың бәрі бір мезгілде, алдымен оң қолын, сонан соң сол қолын жоғары қарай сермеп тұрып, бірден беске дейін санайды. Келесі жолы төртке дейін, сосын үшке, сосын екіге дейін, ең соңынан бірге дейін санайды. Әр тілде санаудың орнына «Ха-ха», Хи-хи» деп айтуға да болады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
31 – 37 мин | Өз бетімен жұмыс. Әрбір оқушыға төмендегі жағдайлардың біреуін ұсыныңыз: 1) жылдамдығы 2 км/мин болатын автомобильдің қозғалысы; 2) 2 тг/см бағамен сымды сатып алу; 3) 2 бет/мин өнімділігімен принтерда мәтінді басып шығару. Тәуелділікті анықтап, формуланы жазып, кестені құрып және осы тәуелділіктің графигін салу қажет. Талдау және бағалау. Тапсырманы орындағаннан кейін, оқушылар салған графиктерді тақтаға іледі. Оқушылар кестелер мен графиктер бірдей болып шыққандығы туралы қорытынды жасайды, тек қана осьтердегі белгілеулері әртүрлі болады. Бақылаулар негізінде және тәуелді және тәуелсіз айнымалыларды сәйкесінше у және х деп белгілесе, онда у = 2х тура пропорционал тәуелділіктің жалпы формуласы және оның графигі шығады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38 – 40 мин | Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма. Шамалардың арасында тура пропорционал тәуелділік болатын күнделікті өмірге негізделген есеп құрастырыңыз. Тура пропорционал тәуелділік берілген формуланы жазыңыз, кесте мен графикті салыңыз. Мысалы, егер интернет қызметін 1 ай пайдалану 4 мың теңге тұратын болса, интернет қызметін пайдалану құнының интернетке қосылу айлар санына тәуелділіктің формуласын жазыңыз. Рефлексия. «Парталас көршіңе бір сөз таңда»
- Сенің мүмкіндігің оданда зор. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау тапсырмалары жалпы сыныптық және жұптық жұмыста көрінеді. Қабілеті жоғары оқушылар жалпы және жұптық жұмыста бір-біріне көмек жұмыстарын ұйымдастырады. | Бағалау сабақтың әр бөлімінде жүреді. Оқушыларды әр түрлі смайликтермен немесе ауызша мадақтау. | Көзге жаттығу жұмыстары жүргізіледі. |