ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 237
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
32. С.Аронұлының «Сүйінбай мен Қатағанның айтысына» арқау болған ел бірлігі мәселесін айтыстан дәлелдер келтіре отырып талдаңыз.
Менің пірім – Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сиынбай!
– деп жырға қосқан ұлы ақын Жамбылдың даңқты ұстазы, жыр дүлдүлі, халық ақыны Сүйінбай Аронұлы Мұхтар Әуезовше айтқанда «айтыс өнерінің алтын діңгегі» Сүйінбай Аронұлының еңбектерінің халықтық сипат алғандығын, елдің бірлігі мен ынтымағы, арман-мақсаты, мүддесі ақын жырларының басты қағидасы екендігіне тоқталды. Халық арасынан шыққан батырлардың сыртқы жаумен шайқасын, тәуелсіздік үшін қалай күрескенін талмай жырлағанын, сонымен қатар түркі халықтарының эпостық жырларын да жатқа біліп, шәкірттері арқылы кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырғанын сөз етті.
Сондықтан да:
«Сөз бастаған бұлбұлмын,
Топ бастаған дүлдүлмін!
Судан шыққан сүйрікпін,
Бәйгеден озған жүйрікпін!
Шығарма енді үніңді.
Есіңе сақта құлаған,
Қанатың сынған күніңді.
Қырғыз, қазақ жиылып,
Жалпылдатпа мұныңды!» деген атақты Қатағанмен болған айтыстың ең шешуші сәтіндегі бейнелі сөз бен бедерлі ойға оқырман назарының еріксіз ауарына еш күмән жоқ…
Жалпы тұлға сипатын анықтар осы бір көркем сөз, кемел ой, терең білім дейтін ұғымдардың Сүйінбай жаратылысын тануда, даралауда айрықша рөл ойнайтынын байқау қиын емес. Бұл орайда, ақын аруақ, ел, рух секілді тарих қалыптастырған сана кеңістігін, уақыт кеңістігін, осы бағыттағы өзге де өрісі кең, бай атрибуттарды өз шығармашылығында шебер әрі орынды пайдаланады. Орнымен қолданылған тарихи ұғымдар құлпырып, қунақ тартып, ақын сөзі демде арқаланып шыға келеді. Оқырманын ойлантады, тыңдаушысын ұйытады.
…Замана ағысын жан-жүрегімен сезінген ақынның қырғыз-қазақ арасында шиеленіске кімдердің май құйып, нендей мақсат үшін Кенесары басының жадыға түскенін аңғарғаны кейін қырғыз ақыны Қатағанмен болған атақты айтысында анық көрініс тапқан. «Бөліп ал да билей берге» әбден дәніккен орыс отаршылдарының қазақтың соңғы ханын өз қолдарымен өлтірмей, қырғыз манаптарының қолымен көзін жойғызуында үлкен есеп бар еді… Қырғыз жерінде болған бір үлкен Астың үстінде ақ қалпақты ағайындардың жағымен жел үйіріп, дауыл тұрғызар үлкен ақыны Қатаған өз сөзін ежелден белгілі сөз бастаудың әзілі мен оспағын, қыжыртпа қалжыңын араластыра айтып, ағайын жұртпен амандасқан Сүйінбайға бірден тарпа бас салады. Неде болса, қазақтың сөзге шебер, қарсыласын алып та, шалып та жығар ерен жүйрігін салған жерден сындырып алу үшін «Кенесары төренің басын кесіп алғанмын, сен кегіңді алғанша ішіңде кетер арманың…» деп мықтымсып, андыздай шабады… Сүйінбайды сөз-сүңгімен түйіп әрі өтеді, түйіп бері өтеді. Қазақтар жағы шынында да әуелгі де сағы сынып қалады. Араға аз-кем үнсіздік салып, Сүйінбай атқа қонады. Қатаған ақынның отына қарсы от ала жүгірмей, әріден толғап, «төскейде малы, төсекте басы қосылған» екі ел арасын шабындыға жібермей, сабыр дейтін биіктен көрінуге шақырады.
Қазақ пен қырғыз арасына кең тараған осынау ғажайып айтысты оқып отырып, көз алдыңызға өткен ғасырлардың қайталанбас суреттері келеді. Екі иықтарын жұлып жеп, домбыра мен қомызғы жабысқан екі ақынның құйын-перен ағысы, дүлей шабысы елестейдіАйтыс соңы әсіре мақтау мен артық даттаудың салдарынан сүрінген Қатағанға қалың қырғыз тоқтау айтып, жеңістің туын Сүйінбайға ұстатады…
Міне, ел жадында бір жарым ғасыр уақыт бойы сақталып келе жатқан аталмыш айтыс үлгісі көнеден бізге жеткен түркілік тұмса өнердің тұғырлы биігіне осылай көтерілді. Жеңген Сүйінбай да, жеңілген Қатаған да өлмес өнердің кеңістігіне шықты!
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдірсем, сөздердің өткірлігі, қызулығы, көркемдік бейнелі сөздердің молдығы Сүйінбай айтысының бойында тұнып тұр. «...Қазақ деген батыр ел, Ешкімге намыс бермеген...» деп өзі айтқандай, Сүйінбай қазақ халқының беделін арттырды.
Зар Заман – қазақ әдебиетіндегі кезең атауы. Аталған кезең Ресей империясының отарлау саясаты салдарынан Қазақ хандығындағы бұрынғы ел басқару жүйесінің жойылып, халықтың саяси, экономикалық және рухани езгіге ұшыраған тарихи уақытты сипаттайды. Алғаш Шортанбай Қанайұлы осы кезеңнің ауыртпалықтары туралы “Зар заман” атты зарлы толғау шығарып, ол ел ішінде кең таралды. Бұдан кейін басқа да ақындар осы тақырыпқа көптеген өлең-жырлар шығарды. Оларды қазақ әдебиетінзе «Зар Заман ақындары» деп атайды.
Қазақ әдебиеті тарихындағы ірі тұлғалардың бірі Шортанбай Қанайұлы. Ол 1818 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында дүниеге келген. Ақын 63 жасында қазіргі Қарағанды облысының Шет ауданында қайтыс болған.
Шортанбай Қанайұлының шығармасын алғаш зерттеген орыс зерттеушісі Радлов. «Зар заман» толғауы арқылы бір дәуірге ат Берген шығарманың астарынан көп нәрсені аңғарамыз» деп, отаршылдықтың қазақ ұлтына әкелген зияны туралы Радлов та айтады.
Шортанбай әуелі бұрынан көп айтылып келе жатқан заманға қай заман екенін атап, ат қояды.
Мынау ақыр заманда
Алуан, алуан Жан шықты
Арам, араз хан шықты
Қайыры жоқ бай шықты
Баяғыдан құбылып, бұзылып келе жатқан заман өзге заман екен. Бұл арада дін ұғымы мен ескі қазақ көзқарасы бір араға қосылғандай болады.
Заманның жаман белгісі «Зар заман» ішінде көп айтылады
Мұның өзі зар заман
Зарлығының белгісі
Ұл сыйламас атасын….
Қазы, болыс, хан қойды
Некесіз туған шатасын…
Сол заманның кезінде
Қыз сыйламас шешесін
Ер жеттім деп шаштасып…
Бұның бәрі-заман бұзылғанның белгілері. Енді осы заманды бұзған кім? Бұған да ақын жауап береді.
Заман қайтіп оңалсын…
Байлар ұрлық қылады
Көзіне малы көрінбей
Билер жейді Параны
Сақтап қойған сүрідей
Сол себепті:
Заманның түрі бұзылды
Текеметтің түріндей
Заманның зарын айтқан, ел келешегіне назаланған Шортанбай Қанайұлының еңбектерінің тақырыбы мен идеясы өз заманының қайғы, мұңы еді.
38. Ы.Алтынсарин әңгімелеріндегі ата тәрбиесі мен ғибраты туралы айтылған ойларын нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
Ыбырай Алтынсарин - нағыз халық қамын ойлаған озық ойлы жаңашыл жазушы екені бәрімізге мәлім. Шығармалары арқылы өмір шындығын таныта білген кемеңгер, заманының ең маңызды білім мен тәрбие мәселесін көтеріп қана қоймай, оны шығармаларына арқау еткен өшпес жұлдыз, ерекше дарын иесі. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Оның өз бойындағы қуатын халықтың арман-тілегі үшін аямай көрсете білгені - бүгінгі ұрпақ үшін мол тәжірибе бола білді. Ыбырай әңгімелері өз заманының келелі мәселелерін қамтыды. Оның шығармалары жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке, ақылдылық пен білімділікке және де тағы басқа ізгі қасиеттерді үйретуге шақырады. Осыған дәлел, Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясына» енгізген, тәлімдік мәні зор әңгімелері: «Қара батыр», «Байұлы», «Жиренше шешен», «Тазша бала туралы ертегі», «Таза бұлақ» және тағы басқа ұлы Ыбырайдың шығармалары. Осы «Қазақ хрестоматиясына» енген Ыбырайдың көркем шығармалары өзінің ағартушылық идеясына бағындырылған. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, оны жақсы, өнегелі істерге үйрететін мықты құрал деп атап көрсетті. Осы арқылы ол өз заманының беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін жаңа арнаға салуда білім мен тәрбие мәселесі қатар жүру керектігіне назар аударғанын көруге болады. Ыбырай әңгімелерінің негізгі қайнары халық тұрмысынан алынған. Ол өмірді және адам әрекеттерін ешқашан дағдыдан тыс суреттеп, шындықтан алшақтамаған деуге болады, себебі Ыбырай әңгімелерінің кейіпкерлерін шынайы өмірге тән әрекеттері арқылы бейнелеуді мақсат тұтты.
«Ыбырайдың әңгімелері – тәрбиенің қайнар көзі» деп айтуға толықтай негіз бар. Себебі, оның көптеген әңгімелері тәрбиелік мақсатта жазылғаны бізге мәлім. Ыбырайдың әңгімелерін қарап отырып, оларды тақырып жағынан еңбек пен өнерге баулитын және адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалар деп екі топқа бөліп қарастыруға болады. Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы – еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді де еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбиі негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Осыған дәлел, оның бұл тақырыпта жазған көптеген әңгімелері бар. Мысалы, «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бай мен жарлы баласы», «Байлық», «Әке мен бала», «Асыл шөп» және «Қыпшақ Сейітқұл» сияқты әңгімелері өзінің өнегелігімен ерекше мәңгі тәлім берер күші мол көркем шығармалар.
Жазушының келесі бір топ әңгімелері адамгершілік тәрбие мәселесіне жазылған. Адамзат баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап ата-ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өсетіні белгілі. Ата-ана баласына көптеген асыл қасиеттерді үйретіп, жақсы азамат болуын тілейді және үміттенеді. Бұл тақырыпта да жазған Ыбырайдың әңгімелері бар. Мысалы, «Бақша ағаштары», «Таза бұлақ» және тағы басқа да әңгімелерінде тәрбиенің ізі жатыр деп толықтай сеніммен айтуға болады. «Талаптың пайдасы» әңгімесіне тоқталып, ой қорытып өтті. Кез келген адам баласы алдына талап, мақсат қойып талпынбаса, алға қарай қадам баса алмас еді. Жастық шақ күш-қайраттың мол кезі екенін ескере келсек, адам бойындағы жақсы қасиеттердің талап арқылы жарыққа шығатынына да мол сенім артты. Жазушының бұл арадағы көздегені - жас баланың талабын, сол талаптың арқасында неге қолы жеткенін көрсету, кім талап етсе, сол мақсатына жететіндігін дәлелдеу. Қорыта келгенде, Ыбырай шығармалары қысқа мазмұнды болса да, олардың ішіндегі тәрбие берер терең мағыналы сөздердің болуы, әр әңгіменің тағылымдық мәніне ерекше көңіл аудару ұлы ағартушы Ыбырай шығармаларының өзіндік ерекшеліктері. Ыбырай Алтынсарин өз шығармалары арқылы жеке тұлғаның бойында қандай қасиеттерді қалыптастыра алды? Иә, расында бұл сұрақтың жауабын кез келген адам ойланбастан жауап берер деген ойдамын. Өйткені Ыбырай Алтынсариннің қай әңгімесін алсақ та, жақсы мен жаманды салыстыру, өмір суреттерін шынайы көрсету, қанағатшылдық, білімге деген құштарлық, адам бойындағы жақсы қасиеттерді әр адамға бағыттай білетін сөз жетпес байлық пен өсиет екені белгілі.
Сонымен Ыбырай Алтынсарин – қаншама ғасырлар өтсе де, өзі өмір сүрген заманы мен өмірінде қазақ балаларына “Кел, балалар, оқылық” деп жар салудан тынбаған, сол арқылы қазақ балаларының надандық жолға түсуіне мүмкіндік бермеген, әр әңгімесі тәрбиенің алтын діңгегі болып саналатын өшпес дара тұлға болып қала бермек.
40. А.Құнанбаевтың отыз бірінші және отыз екінші қарасөзінде берілген ортақ ойды анықтап, талдап жазыңыз. (Абайдың туғанына 175 жыл)
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы көшбасшысы. Рухани-адамгершілік тұрғысынан талдар болсақ, ұлы ойшылдың ұрпағына тастап кеткен қазынасы ұшан теңіз. Қазақ даласына шығыс пен батыстың әдебиеті мен мәдениетін әкелді.
Абай оқу, өнер-білім, тәлім-тәрбие жүйелері мәселелерін 20 шақты қарасөзінде әңгіме қылып, ағартушылық пікірлерін ұсынады.
Ұлы Абайдың әрбір сөзінің салмағы бар. Адамгершілік қасиеттердің жақсысын үлгі етіп, жамандықтан аулақ болуға насихаттап отырды. Туған халқының жағымсыз мінездерін кейде әзілдей, кейде сынай, кейде ащы мысқыладай отырып өлеңге қосты. Мұнысын туған елінің өзге жұрттан кенже қалмауын уайымдау еді. Меніңше, әр қазақстандық азамат Абайдың бір өлеңін жатқа оқып, қара сөздерін көкірегіне түйіп жүрсе игілікті іс болар еді. Отыз бірінші – қара сөз көлемі шағын. Бірақ, білім беру мен үйренудің алтын ережесі сияқты мағынасы зор. Қазіргі өркениет қарыштап дамыған заманда осы сөзді көңілге түйіп алсақ болады.
Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар:
Әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек;
Жай ғана естіп қоймай, оны көкірекке берік байлау керек . Яғни жүректе сақтау керек.
Екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек;
Мұнысы жай есту немесе көру емес. Сол жайдан үлгі алу керек. Өз бойыңнан өткізу керек, бар ынтаңмен, сүйіспеншілікпен ұғыну керек.
Үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек;
Оқығаныңды немесе үйренгеніңді ұмытпас үшін бірнеше мәрте қайталап ойлану, сосын барып көңілге бекіту. Ой мен жүректе қатар сақтау. Жүректен орын алған нәрсе ешқашан ұмытылмақ емес.
Төртінші ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса салынбау керек-дей келе ой кеселдеріне тоқтап айта кетеді.
Қазіргі мектеп оқушылары мен жасөспірімдерде кездесетін жағымсыз қылықтармен ұштастыра айтуға болады. Әлеуметтік желі ақпараттарын шамадан тыс пайдалану. Комьпютерлік ойын түрлеріне салынбау турасында айтылып отыр десек те қателеспейміз. Бұл тәрбиеге қатысты айтылса керек.
Бастысы – қоғамдағы немесе өз басыңдағы оқиғалардан сабақ алу. Жақсыны естісең қуанып, өзіңде мұндай игі іс қылмаққа талпыну. Ал жағымсыз әдеттерге салынбау жөн. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену керек.
Олардың ішінде отыз екінші сөздің мән-маңызы ерекше. Мұнда Абай білім, ғылым мәселесін тереңірек қозғайды. Адам баласы білімді толық меңгеруі үшін не істеу керектігін ашып көрсетіп береді. Абай біріншіден, білім-ғылымды бір керегіме жаратамын деп, шын мейірленіп үйрену керектігін, адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түсетінін, екіншіден, біреуден артылам деп, бақталастыққа бола ғылым үйрену адамшылықты азайтатынын, үшіншіден, ғылым үйренуге бар ықыласыңмен берілу керектігін, төртіншіден, оқығаныңды ақылға салып, таразылап, есте сақтап қалуға тырысу керектігін айтады. Бесіншіден, бар нәрсенің дұшпаны – уайымсыз салғырттықтан сақтанып, алтыншыдан, ғылымды, білімді сақтайтын сауыт – мінезді бұзып алмауды қадағалау керектігін ескертеді. Ақын «Азғырылмайтын ақылы, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар» мінез болса, оқып, үйренгеннің пайдасы сонда ғана зор болады деген түйін жасайды. Абай айтқан ғылым, білімді меңгерудің бұл амал-тәсілдері өзінің жеке өмірлік тәжірибесінен алынғандығы сөзсіз. Осы ұстанымдар арқылы білім, ғылым игерген кез келген талапты жас үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, мағыналы өмір сүре алады.