ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 239
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Aбай атамыздың биыл еліміз 175 жылдығын ерекше тойлады. Еліне мәңгілік рухани мұра қалдырған баба шығармаларын оқып үйрену, өмірімізде пайдалану біздің парызымыз болмақ.
43. «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу — сатқындықтың белгісі»,-деген Бауыржан Момышұлының аманат сөзін өз пікіріңізбен дәлелдеп жазыңыз.
Көзінің тірісінде-ақ аңызға айналған ұлы тұлға – Бауыржан Момышұлы жаужүрек батыр, даңқты қолбасшы, қарымды қаламгер. Әрине, қазақ даласында батыр да, қолбасшы да, қаламгер де аз болған жоқ. Бірақ олардың ешбірінің даңқы алты алаштан асып әріге асып көрген емес. Ал, Баурыжан атаны төрткүл дүние халқы түгел таныды, оның қаһармандық қайсар тұлғасы мен адамзат баласында сирек кездесетін озық ақыл-ойы, қарағайға қарсы біткен бұтақтай алабөтен ірі мінезі естіген жұртты тегіс тәнтті етті. Бауыржан Момышұлын өзгелерден даралап тұрған айырықша қасиеті – оның қалам мен қаруды қатар ұстауы, қай кезде де ұлт мүддесін қаймықпай қорғауы. Бауыржан ата Ұлы Отан соғысы барысында 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімінің құрсауында қалған, 2 рет өлімші болып жараланған. Бірақ өліммен бетпе-бет келген сәттердің барлығында не негізгі жауынгерлік құрамымен қоршаудан аман-есен шығып, өз девизиясына қосылып отырған. Бұл, әрине, ол кісінің терең ойлай білетін әскери даналығы мен талантының арқасында жүзеге асқан. Бауыржан ата – қазақтың кешегі от тілді, орақ ауызды, әрі ақын, әрі батыр тұлғаларының заңды жалғасы, түйіндей айтсақ, ұлттық рухтың ХХ ғасырдың басындағы айқын көрінісі. Бұдан кейін Баукеңді әскери тарихшы деп атауға болады. Оның үстіне ол фольклор білгірі болғандықтан, өзінің тамаша мақал-мәтелдерін шығарды. Ең соңында Баукең қазақ әскери әдебиетінің негізін салушы болды. Мемлекет болғаннан кейін әскери әдебиет керек. Әскери әдебиет – патриотизмның мәйегі екендігі бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе. Менің әкемнің туған бауыры Есіркепов Дүйсенбай көкем 1976 жылы «Сарыағаш» шипажайында Бауыржан атамен дастархандас болып, естіген талай қызықты естеліктерін айтып, біздің Бауыржан атадай асқақ, намысшыл, отанға адал қызмет ету, шындықпен, әділдікпен өмір сүру қажеттілігін санамызға әркез құйып отыратын. Бауыржан ата жайында айтқан бір әңгімесі есімде мәңгілік жатталып қалыпты. Атаның мінезі қыстың қаһарлы аязындай қатал. Жалғандыққа жаны қас, өте сезімтал, адамды тану психологиясы өте жоғары, тәкәппар мінез көрсететін адамдардың мысын басып тастайтын, табиғаттың ерекше жаратқан дарабозы болатын. Ал, көңілі жарасып, мейірімі түскен пендеге сыпайы, ақкөңіл, ақжарқын мінез танытып, ең қиқар деген адамның өзін жөнге салып жіберетін ақылшы, дастарханын жайып, ақ батасын беретін өте жомарт кісі дейтін. Бала болсақта осы сөздерді санамызға тоқып, Бауыржан атадай болуды қиялдайтынбыз. Кейін Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» кітабын оқығаннан кейін әке естеліктері мен бала қиялымның алдамағанына көзім толық жетті. Тағы бір естелігінде: шипажай ауласында Бауыржан атаның таяғына сүйеніп серуендеп жүргенін көрген көптеген демалушылар жүгіре жарысып, атаны қоршап алып, естелік суретке түсуге шақырады. Сол кезде көптеген ұлт өкілдерінің арасынан осы қазақтың қарадомалақ баласымен суретке түсемін деп менің көкемді таңдапты. Ол сурет үйде көкемнің бойтұмарындай сақтаулы. Бұл естеліктен Бауыржан атаның ұлтжандылығын, қазақ баласына деген бауырмалдығын, қамқорлығын көреміз. Міне, қазақ жастарына рух беретін нағыз патриот тұлға осындай болса керек. Ол кісінің әскери қолбасшылығы, генералдарға сабақ берген ұстаздығы — бөлек әңгіме. «Соғыс тактикасы», — деген оқу пәні Израиль еліндегі әскери оқу орындарында оқытылады және студенттер ол пәннен емтихан тапсырады. Кубаның әскери мектептерінде де Баукеңнің соғыстағы әдіс-тәсілдері бойынша дәріс беріледі. Осыларды ескерсек, Баукеңді әскери ғылымның нағыз білгірі деуге толық негіз бар. Өзге мемлекеттер батыр атамыздың ерен еңбегін ұлықтап, қадірлеп-қастерлеп, өз мемлекеттерінің қорғаныс саласына қолданып, тәжірибеге енгізіп жатқанда, «қолда бар алтынның қадірі жоқ», — дегендей барымызды бағалай алмай жатқанымыз елдігімізге сын емес пе? Біздің елдің барлық әскери оқу орындарында атаның кейінгі ұрпаққа мирас етіп қалдырған «Соғыс психологиясы» атты еңбегінен дәріс оқып, асқан тактикалық іс-әрекеттерін тәжірибеге ендіру уақыт талабы екендігі даусыз. Ол кісі ерлікке толы ғұмыр кешкен, аты аңызға айналған, әскери соғыс тактикасын өте жетік меңгерген, өжеттілімен КСРО әскери басшылығын толық мойындатқан дара тұлға. «Батырлар мекені» атанған бір ғана Жуалы ауданындағы Бауыржан Момышұлы атындағы ауылдан жеті генералдың шығуы батыр Баукеңнің өшпес рухы мен аруағының қолдауынан болар. Бауыржан атаның отансүйгіштік рухы қазақ даласын тынбастан кезіп жүретін болады. Қазір де кезіп жүр… Демек, Бауыржан атадай темірқазық тұлғасы бар қазақ атты қайсар халықтың ұлттық рухы ешқашан аласармайды деген сөз… Баукең — ХХ ғасырда ұлтының жоғын түгендеп, барын бүтіндеген бірегей тұлға. Ол қағынан жерінген құландай өз тілі мен дәстүрінен, ата салтынан қол үзіп, мәңгүрттене бастаған өз ұлтына қабырғасы қайысқан. Ғаламат ғажап екендігі, қайта тумас қазақ екендігі де сонда. Баукеңдер кіріп келгенде кезде шындық шалқайып, өтірік бұқпантайлаған. Біз де ащы да болса, жастарды шындықпен тәрбиелеуіміз тиіс. Ол кісінің артында қалған мұраларының бізге берері көп. «Менің көзімді ойып алсаң қан ағады, жас шықпайды», — деген. Міне, нағыз патриот! Өзінің бітім-болмысымен ерекшеленген Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы тек ел басына күн туғанда «етігімен су кешен» батыр ғана емес, кең тынысты суреткер де болды. Батырдың аузынан шыққан нақыл сөздері бүгінде ел аузында жатталып та қалды. Атаның қоғамдық-әлеуметтік көзқарасын сөз еткенде, елді надандық пен қатыгездік, ұсақтық пен қанағатсыздық, маскүнемдік пен әділетсіздік, опасыздық пен өсек-өтірік қара түнектей қаптап алған заманда оның адамгершілік, әділет, қанағат, мейірімділік, оқу-білім, ақыл-парасат, салт-дәстүр сынды асыл дүниелер жөнінде сөз қозғауының өзі програссивті құбылыс. Ол мұраларында оқырманды дұшпанмен аянбай шайқасуға үндейді. Ол үшін қайратыңа ептілікті, ептілікке қырағылықты, қырағылыққа әдісті, әдіске ақылыңды жолдас ет дейді. Сонымен қатар, ол кісінің оймен өрнектеп, сөзбен кестелеген отанды сүюге, ізеттілікке, батылдыққа, адамгершілікке, өнегелілікке тәрбиелейтін өмірлік мәні зор нақыл сөздері келер ұрпақты қазақ мемлекетінің өр тұлғалы, ер мінезді қайсар азаматтары болуға насихаттайды. Атап айтқанда:
-Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу — сатқындықтың белгісі.
-Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін!.Ұлт үшін қызмет ету-азаматтық борыш.
41. Әбунасыр әл-Фараби: «Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, сонсоң айтып берейін», − деген пікірі туралы ойыңызды өмірмен байланыстыра отырып жазыңыз. (Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл
«Екінші ұстаз» атанған - Әл- Фараби бабамыз. Қазақ топырағында дүниеге келген кемеңгер ұстаз, өз заманының жан-жақты білімді адамы, ғылымның барлық саласын меңгерген бабамыз еліміздің тарихын, мәденитетін, әдебиетін, оқу-ағарту саласын дамытуда орны бөлек, дара тұлға. Ол ең алдымен ағартушы, ұстаз болды. «Екінші ұстаздың» барлық трактаттары, философиялық шығармалары мен көзқарастары адамзатты кемелдендіру, дамыту мақсатына арналған.
Ұлы ұстаздың ұлылығын танытқан: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген қанатты сөздерімен мақаламды бастамақпын. «Бақыт жолы», «Әлеуметтік-этикалық трактаттары», «Мемлекет қайраткерлерінің афоризмдері», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Философияны үйренуге дейінгі алғышарттар туралы», «Бақытқа жолды бағыттау», «Азаматтық саясат» және тағы басқа еңбектерінде білім мен тәрбие туралы тағлымдарын байқауымызға болады. «Ұлы ойшылдың пайымдауынша, адам ғылым, философия, тәрбие арқылы кемелдікке жетеді. Ол шартты түрде адамды нағыз бақытқа, мұратқа бастайтын негізгі құрал ретінде мінез- құлық, мораль және ақыл-ой тәрбиесіне мән береді. Ол бақытқа жетудің бірден -бір жолы жақсы мінез-құлық пен ақыл-парасат дейді. «Әлеуметтік-этикалық трактаттары» туралы шығармалар жинағына әдеп жайлы жазған еңбектері кірген. Адам бақытқа жету үшін ең алдымен оны түсінуі керек, сондан кейін оған жету жолдарын қарастыру керек дейді. Жаңа адамгершілік сапалар туралы соның негізінде туатын мінез-құлық туралы әңгімелейді. Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші біріккенде адамшылық қасиеттер болады. Осы екеуінің арқасында біз игі және қайырымды адам боламыз. Жақсы мінез құлық қалаптастыруда өнер үйрену керек екенінін баяндайды. Биік мораль, ар-ождан, қайырымдылық туралы ойларын айтты. Ең бастысы барлық іс-әрекетте темірдей тәртіп болу керек екенін баса айтады. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» трактатында қайырымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталды. Мінез- құлқын түзей алмаған адамның ғылымға қолы жетпейді деп ескертті. Шығыс әмірінің бірі Фарабиді өзіне шақырып алып, өз мемлекетінің болашағы туралы сұрайды. Сонда ұстаз: сен маған жастарыңды көрсет, содан кейін айтам деген ғұлама пікірінен ұғынарымыз жастардың ел ертеңі, мемлекеттің тірегі екен біліміз. Сондықтан жастарды тәрбиелеуде ғалым бірінші орынға адамгершілік, моральдық тәрбиені қояды. Фараби өмір бойы бақытқа жету жолын іздеді. Бақытты қалада өмір сүруді армандады. Бақытқа қол жеткізу үшін қанағатшыл болу керек екенін айтты. «Бақытқа жол сілтеу» трактаттарында әдеп, көркемдік, сұлулық мәселелеріне көңіл бөледі. Осы еңбегінде бақытқа жету үшін өзін-өзі толық жетілдіріп, ешнәрсеге мұқтаж болмау керек. Ол үшін білімді болу керек, әрбір істеген ісін жан қалаумен атқару керектігін айтты. Адамдар бақытты болу үшін бір-біріне көмектесіп, бірге бақытқа ұмтылуы керек, сонда мына әлем ізгілікті болады деп тұжырымдайды. Адам баласы мұратына жамандықты жақсылық жеңгенде ғана жетеді деп қорытынды жасайды. Кемеңгер ұстаздың пайымдауынша
, мінез‑құлықтың жақсысы да, жаманы да туа бітпейді, жүре бітеді
Кемеңгер ұстаз өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатында» бірқатар қоғамдық, әлеуметтік, этикалық мәселелерді сөз етеді.
Мұнда сөз етіп отырған қаламыз- бүгінгі мемлекетіміз. Ғалым бұл еңбегінде мемлекеттің пайда болуы, идеал қала халқының әдепті бейнесі, сол қаланың басшысы қандай болу керек, оның бойында қандай адамгершілік қасиеттер болу керек екендігін, әрбір адамның бақытқа жету үшін бүкіл қала болып бірігіп тіршілік ету керектігін ортаға салады. Алайда Фараби өзі өмір сүрген дәуірдің төл перзенті. Сондықтан ол халық бақытты өмір сүру үшін елді жақсы әкім басқару керек деп түсінеді. Жақсы әкім болу үшін, оның бойында ешқандай мін болмау керек, өзі шартты түрде атаған он екі қасиет, яғни, ол жан-жақты білімді, әділ, инабатты, мейірімді, жақсылыққа жаны құмар, жамандықтан қашық болатын, жомарт, батыл, өнер мен әдебиетті сүйетін адам болу керек деп биік талаптар қойды.
Осындай өмірлік азық беретін, рухыңды ұштайтын, бақытты, құндылықты түсіндіретін бағалы еңбектер қалдырған батыр тұлға ел есінде мәңгі сақталмақ. Рухани азық беретін, шын мәнінде адамзат баласына үлгі бола алатын тұлғаларды болашақ ұрпаққа дәріптеу біздің адамзаттық борышымыз әрі міндетіміз.
50. «Күллі құрмет білімдіге тиесі,
Мейлі, ол – төр, мейлі, есіктің иесі!» - деген Ж.Баласағұнның пікірін өмірмен байланыстырып, өз көзқарасыңызды білдіріңіз. (Ж.Баласағұнның туғанына 1000 жыл)
Жүсіп Баласағұнның шығармашылық мұралары тіл, әдебиет, тарих, заң, мемлекеттік басқару жүйесі, пәлсапа, этика салаларын қамтиды. Сондықтан оның «Құтты білік» поэмасы әлем әдебиетінің ғажайып туындысы болып есептеледі. Ұлы ойшыл оқу мен білім кез келген мемлекет пен қоғам дамуының негізі екендігіне, мемлекеттік басқару жүйесі мен қоғамдық қатынастар білім мен ғылымның таралуына сай дамитындығына сенді. Оның билеуші және саяси элита білімді болған сайын мемлекет пен қоғам өркендей түседі деген идеясы бүгінгі күні де өзектілігін жойған жоқ. Білім адамға күш береді. Білікті күшті адам. Адам біліктен күш табады, ер біліммен басын алып жүреді. «Білімде - күш» деген қанатты сөзді Білімнің практикалық маңызын нақты көрсеткен. «Білікті оймен алаңдар, біліксіз тура шауып арандар». Білімсіздің көңілі - құм, құнсыз шөл. Өзіне әділден ғана әділ үкім күтуге болады. Білікті аларын көздейді, жалғандық пен алдауға төзбейді. Сүйтіп елді түзетті. Білікті сенім кереметін ұғындырады, ойдың қымбатын, шын ақылдың қиынын ұғады, туған елдің, өскен жердің рухани байлығының қайнаркөздерін сезіндіреді. Білікті нәзік ойын, дана сөзін кестелер, ел айтқанын ескерер, жарандармен жақындасса қуанышқа бөленер. Билей алсаң - ақыл, білім, жүректі, Орындадым де қасиетті тілекті!
Білім – ақылдылық пен парасаттылықтың белгісі. Ал, білімсіздік мұның қайшы мағынасы. Ақылды адам ой-қабілетімен бірнәрсені түсінуге тырысады. Ал, надан басындағы ақылын, бойындағы қабілетін дұрыс қолдана алмайды. Сондықтан, білімді адам – жарық шам секілді. Білімсіз надан – қараңғы түн сияқты.
Бүгінгі замана жетістіктері жер шарындағы барлық адамзат баласына ортақ. Күн сайын жарық көріп жатқан таңқаларлық ғылыми жаңалықтар мен жетістіктерді игеруге жеке адам қауқарсыз. Ендеше, алдымен білім, екіншіден еңбек жеке адам үшін де, мемлекет үшін де дамудың даңғыл жолы болып табылатыны түсінікті.
«Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген даналық сөз дәл қазіргі біздің дәуірімізге арналып айтылғандай.
Иә, ғылым-білімсіз өмір жоқ. Осы ақиқатты бүгінгі ғасырымыз дәлелдеуде. Өнер-білімі бар, мәдениеті жоғары елдермен тереземіз тең түсу үшін біз де білімге көңіл қоюымыз қажет. Өйткені, адам мен адамды, ел мен елді теңестіретін тек қана – білім.
Айталық, Махмұд Қашқаридай данамыз: «Білімдінің сөзін тыңда, айтқанын үйрен, іске асыр», – десе, Шал ақын: «Білімің болса дағы ұшан-теңіз, пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей», – дейді. Ал, хакім Абай он сегізінші қара сөзінде: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі де – ақымақшылдық...», – деп, қазақ халқының даналығы айтқандай «білектінің бірді, білімдінің мыңды жығатынын» қуаттай түседі. Әрине, «оқу инемен құдық қазғандай», деген мақалдың қадірін ҰБТ дайындауда түсіндім. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанда білім алушыға барлық жағдай жасалған. «1-қыркүйек – білім күні» деп жарияланған. Арнайы бір күнді «Білім күні» деп атаудың өзі халқымыздың білімге деген талпынысын, білімге құштарлығын көрсете түссе керек. «Бүгінгі өскелең ұрпағымыз білімді, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлт танымды азамат болуы керек.»-деп атап өтті тұңғыш Елбасы. Осы парызды орындауымыз керек.
49. Соқпақбаевтың_«Біз_де_бала_болғанбыз»_шығармасындағы_балалар_өмірі_мен_қазіргі_замандағы_балалар_өмірін_салыстырып_жазыңыз'>Б.Соқпақбаевтың «Біз де бала болғанбыз» шығармасындағы балалар өмірі мен қазіргі замандағы балалар өмірін салыстырып жазыңыз.
Балаларға арнап шығарма жазу, сол арқылы кішкентай оқырманның құрметіне бөлену үлкен таланттылықты қажет етеді. Міне, біздің қазақ балалар әдебиеті де осындай таланттарға кенде емес. Солардың ішінде шоқтығы биік, бірегей таланттардың бірі – Бердібек Соқпақбаев
Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесі – өмірбаяндық туынды. Онда автор өзінің балалық шақта басынан кешкендерін, сол кездегі дәуір шындығына орай кішкентай Бектас бейнесі арқылы елестетеді. Бектас жетімдік пен жоқшылық қасіретін көп көріп, жаншылып өссе де, онысына мойымайтын, қажырлы, өжет бала. Сабаққа алғыр. Жүгіру,секіру, суға малту жағынан да өзінен ересектерге есесін жібермейді. Бектастың мінезінде өткірлік, кейде оспадарлықта бар, бірақ оқуға зерек. Шешесі өліп жетім не жетіссін. Бір ғажабы – кісі есігінде жүріп оқыса да, Бектас екінші, төртінші класты мақтау грамотасымен бітіреді. Бойда қайрат, ойда көз, көңілінде жігер болған соң, бала тұрмыстың қандай азабына болса да төзімділікпен, өміршендікпен қарайды. Бектасты болашаққа сүйрейтін осындай оптимистік үміт-арманы. Бектас өзінен де бұрын шешесінен алты айлығында қалып қойған інісі Тұрдыбектің тағдырын көбірек ойлады. Жанына көбірек бататын да соның халі. Бектас Тұрдыбектің мұндай халіне ешбір жәрдем ете алмай, шарасыздықтан қатты қайғыруда жүреді: Тұрдыбектің хал-күйі сондай аянышты. Төрт жастан асып қалса да, аяғы шықпаған. Күтімсіздіктен салмешел болып қалған. Бектас осындай ауыртпалықтарды бастан кешіре жүріп, жетінші класты мақтау грамотасымен бітіреді. Бектас бейнесі маған қатты әсер етті. Мұнда сол уақыттағы оқиғаларды және қазақ халқының қиын өмірін еш боямасыз көрсетеді. Шығарманы оқи отырып, өз балалық шағыма бір сәт саяғат жасауды жөн көрдім.Соқпақбаев бұл шығармасында балалық шағын қызықты етіп әңгімелейді. Соның арқасында оқырман сол дәуірдің шынайы тарихи шындықтарын көре алды.
Біз де бала болғанбыз. Бірақ интернет клубты қуалап емес, доп қуып жетілдік. Сөйтіп жарыстарға қатысып, жүлделі орын алып ек. Қазіргі кейбір жастардың жан дүниесін интернет клубтары тұсаулап, көздерін тұмшалап отыр-дейді әкем. Ал анам: «Қайсыбір аулаға барсаң да дос тауып алатынсың. Бірге велосипед теуіп, арыққа қағаз қайық жүздіріп, көпір үстінде отырып арман қиялына берілетінбіз. Ғарышкер болғымыз келетін, жазушы немесе журналист болуды армандайтынбыз. Ешкім де кәсіпкер не киллер болсам, байысам деп ойламайтын. Қажет кезінде көршінің ауласына шарбақ арқылы секіріп түсіп, өрік-алма, қауын-қарбыз жейтінбіз. Неше түрлі ойындар ойлап табатынбыз. Екі бала ойын бастаса, қалған балалар қосыла кететін. Көршінің бақшасында пішен шабылып жатса асарлатып жабыла кететінбіз. Мұғалім сабақта «екілік» қойса, оны түзеткенше кітап ақтарумен болатынбыз. Тамыр-таныс салып баға түзетуді ойламаппыз.».