Файл: Мені пірім Сйінбай, Сз сйлемен сиынбай!.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 242

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жақсыдан туған жаман бар,

Күндердің күні болғанда,

Жарамды бір теріге алғысыз» ‑деп күрескер ақын сол арқылы тыңдаушысын жақсылыққа үйретеді, жамандықтан жирендіреді.Жігерге жігер қосады.

Махамбет сияқты батыр да ақын бабаларымызды ешкашан жадымыздан шығармауымыз керек. Біздің болашағымыз үшін күрескен Махамбет атамыздын рухына басымызды иіп, еліміз үшін курескені үшін елімізді одан әрі көркейту керек. Батыр бабаларымыздың аңсаған арманы еліміздің азаттығын алу болған еді,соны жадымыздан шығармай, әрқашан мақтан тұтып, болашақта елімізді көркейту – бізге парыз.

24. Қ. Мырза Әлидің «Домбыра» өлеңіндегі домбыра мен қазақ егіз ұғым екенін дәлелдеңіз.

Қадыр атамыздың поэзиясы сан қырлы. Ол достық, қазақ мінезі, елге, жерге сүйіспеншіліктен бастап, пәк махаббат, биік адамгершілікке дейінгі барлық тақырыпты қамтиды. Ақын поэзиясындағы дала, домбыра, бесік, тау, тұлпар, киіз үй сияқты ұғымдар символдық мәнге айналған ұлттық көркем дәстүріміз. Ақынның ұлтына деген сезімін «Домбыра» өлеңінен көруге болады.

«Нағыз қазақ – қазақ емес,

Нағыз қазақ – Домбыра!» деп қазақ халқының символы ретінде танылған ұлттық аспапты дәріптейді. Алғашқы шумағы қанатты сөзге айналып кеткені де бізге белгілі

Көкірекке толған кезде бар қуаныш, бар бақыт,

Сандуғаш боп, бұлбұл болып сайрайды ол әр уақыт.

Көкірекке толған кезде бар қасірет, бар қайғы

Бозінген боп боздайды ол, бозінген боп сарнайды ─деп, адамның ішкі жан сырын білдірудегі домбыраның рөлін танытады.

Домбыра аспабының қаншалықты қадірлі екенін атамыздың осы өлеңін оқи отырып аңғардым. Расында да қазақ поэзиясындағы домбыра бейнесі – ежелгі жыр-дастандардан бүгінгі жас толқынға дейін жырланып келе жатқан мәңгілік тақырып. Қашаған жыраудың «Қолымдағы ағашым – Алып жүрген домбыра‑деп төгілте жырлағаны – домбыра. Ілияс Жансүгіровтің «Күй», «Күйші» поэмалары – қазақтың асыл өнері күй мен ұлттық мұрасы домбыраға жырдан қаланған ескерткіш. Одан берідегі Жұмекен: «Үйден алыс шыққанда мен екі аманат қалдырам. Бірі – ұлым, өзіңсің, екіншісі – домбырам», – деп, ұлы мен ұлтының мұрасының қаншалықты ардақты, қаншалықты құнды екенін өлеңі арқылы көрсетеді. Бұл қаламгерлерден өзге де қазақ өлеңінің тарихында домбыраны жырға қосқан ақын көп. Әрқайсысы әртүрлі стильде жырласа да, ортақ тақырып, ортақ мұңның бір ұқсас тұсы бар, ол – ұлтының ұлы аспабына деген иісі қазақтың құрметі, сезімі мен ойы.

Домбыра шертілгенде қазақтың кең–байтақ сахарасы, сұлу табиғаты, самал желі мен үрлеген бораны, көлдегі аққуы көз алдымызға келеді. Бұл – қазақ күйінің ерекшелігі. Орыс зерттеушісі Г.Н. Потаниннің «маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деген сөзі соның бір дәлелі. Қос дауыс сарынынан бүкіл қазақ жұртының қуанышы мен қайғысы, арман–мүддесі, философиялық сарын, азаматтық үн, жалпы айтқанда, тарихы күй болып төгіледі. Қадір Мырзалиев өлеңінің: Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік. Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді ─ деген жолдары осыны айғақтайды. Домбыраның қос шегінен төгілген әр түрлі қөңіл күйді білдіретін сазды сиқырлы әуендерді тыңдап отырып қазақ халқының бастан кешкен тарихында болжауға болады.


Шынымен де қазақ пен домбыра егіз ұғым. Себебі біз

домбырамен асқақтата ән салып, күмбірлетіп күй төккен халықпыз ғой. Сондықтан домбыраға үкі тағып, аялап төріне іліп қою қазақтың дәстүріне айналған. Әсіресе, ауылдық жерлерде қай қазақтың үйіне барсаңыз төрінде домбыра ілулі тұрғанын көресің. Мен үйімнің төрінде де домбыра ілулі тұр. Президент жарлығымен еліміде Ұлттық домбыра күнінің белгіленуі

ата бабаларымызға , ұлттық өнеріміз бен ән – күйімізге деген құрмет десек артық айтқандығымыз болмас. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы бұл «Ұлттық домбыра күні» – нағыз рухани жаңғыру. Өскелең ұрпақ санасына  ұлтық өнерімізді, ән мен күйімізді, күмбірлеген қоңыр үнді домбырамен жеткізе алсақ одан асқан бақыт барма!?

Кешегі өткен Біржан Сал, Ақан Сері, Тәттімбет сынды бабаларымыз домбыраны жандарына серік етіп, халықтың мұң –  мұқтажын жоқтады, елі үшін езілді. Бабаларымыздың көзіндей болған- бұл алтын домбыра, осы уақытқа дейін қасиетін жоғалтқан емес, жоғалтпайды да.

Ендеше, дархан даламыздай көңілімізді, қазақ дейтін асқақ ұлттың «қазақ» екенін  күллі әлемге танытатын  – ұлттық домбырамызды насихаттайық!

42. А.Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген идеяны қазіргі замандағы қанағат ұғымымен сабақтастыра отырып жазыңыз. (Абайдың туғанына 175 жыл)

Абай Құнанбаевтың гуманистік көзқарасын танытатын ерекше туындысы ежелгі грек қолбасшысы- Ескендір Зұлқарнайын туралы жазылған. Ескенірдің өмірі аңызға құралып,шағын поэмаға негіз болды. Дүниежүзін жаулап алмақ болған Ескендірдің шапқыншылық саясатын сынап, Абай атамыз оның әлсіз жақтарын көрсетеді.Ең алдымен, Абай атамыз қолбасшының тек батырлық қасиеттерін ғана емес, сонымен қатар ақылдылық қасиетін иелену керек екендігін көрсеткен. Символ ретінде алынған қақпа мен көз сүйегін жұмбақтап, ханның ақылсыздығын сынайды. Бірақ хан бұл жұмбақтың шешімін білмеген соң, өзінің бала кезіңде мұғалімі болған Аристотельге жүгінеді. Абай Аристотель есімін құрметпен айтады, «ақылы мол», «жеке - дара», «хакім адам» деп бағалайды. Аристотель бұл жұмбақты шешіп, Ескендірге ой салады. Жасы әрең дегенде жиырма бірге толған жас Ескендір көп елді қырып, жойып жаулап алды. Бірақ жас ерекшелігі мен өмірді танымағанның кесірінен оған барша ел бағынбады.

Екіншіден, Абай атамыз Ескендірдің мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам ретінде танытады. Ескендір Зұлқарнайынның басты мақсаты - бүкіл әлемді жаулап алып,билік басына келіп, әлемнің бар байлығын иелену екені белгілі. Бірақ ақынның «Өлсе тояр көзге құм құйылғанда»,- деген сөзінен Ескендірдің көзінің тоймайтынын көрсеткен. Солайша ақын Аристотельге Ескендірді бағындырып, жауыздықты әділетке жеңгізеді. Сонымен қатар Абай атамыз Ескендірді

«Мақтан сүйгіш, қызғаншақ, қанішер, тойымсыз, қаһарлы, өзімшіл, тоқтау көрмей өскен жан, даңғой, долы, кекшіл, есер» деп суреттейді. деген сөзінен патшаның ойламай іс жасайтыны көрінеді. Енді Ескендірдің қақпаны дүбірлетіп, барынша айғай салуы оның шыдамсыздығы мен ашуланшақ патша екенін байқатады. Поэма аңыз сюжетін көрсетсе де, ақын поэмада өмір шындығы мен реалистік негізді сақтап қалған.

Қорытындылай айтқанда, Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасынды патшаның әлсіздігін көрсетіп, түп соңында қандай қорытындыға әкелетінін баяндаған. Қазағымыз «Өзі тойса да, көзі тоймайды»,- деп бекер айтпаған. Сүйекті символ негізінде ала отырып, ақын адам баласының өмірге келгенде де, өмірден өткенде де еш нәрсесіз келіп кететінін көрсеткен. Адам өмір жылдарында қаншалықты ашкөз болса да, өмір жолының соңында құр қол кететінін Ескендір патша арқылы суреттеген. Жауыздыққа жетелейтін нәрсе күншілдік, тойымсыздық, мансапқорлық. Қазіргі таңда адам бойында жаман әдетте: дүниеге тоймсыздық, қанағатсыздық, мансапқорлық белең алуда. Осы жолда елін, жерін, Отанын сатып, халықтың ақшасын қалталарына басып, шетел асып кетіп жатқандар қаншама...

Меніңше, адам баласы материалдық байлық пен адами қасиеттерді қатар қоймай адамгершілік, парасаттылық қасиеттерді жоғары санауы керек.

Осындай жаман әдеттерден сақ болу. Иманды болуға, қанағатшыл болуға үндеу.

30. Д.Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы ұлттық психология, тәрбиелік сипаттағы тағылымдық көріністерін сипаттап жазыңыз.

  Өлеңдері ел ішінде көп тараған, мың жылда бір туатын көрнекті ақындарымыздың бірі – Дулат Бабатайұлы. Оның шығармашылығы ауыздан ауызға таралып, бүгінгі күнімізге дейін мұра ретінде жеткен. Елеулі орын алатын, батырлар жыры үлгісіндегі Отанды қорғауға арналған «Еспенбет» атты толғауының патриоттық мәні зор екен.

Осы дастанды оқи отырып, байқағаным, ақынның:

Еспенбеттей ер қайда?
Еспенбеттей ер туса,
Ер күтетін ел қайда? —деп, елге тірек ер, көсем шықса, халық соның қасынан табылса деген арманынан туған сияқты. Ерекше ер, шешен, жауға шапса – көсем болған, Еспенбет жас күнінде әке-шешеден бірдей жетім қалып, нағашысы Ер Қосайдың (тарихта болған адам, батыр) қолында, уақ елінде өседі. Қосай жиенді бөтен санамайтын қазақ салты бойынша да, «Еспенбеттей ұрпағын өте жақсы көргендіктен» де оған жетімдік көрсетпей өсіреді. Ер жеткенде таңдап жүріп қалыңдық айттырып, басына үй тұрғызып бермек ойда жүреді. Еспенбет он төрт жасқа келгенде «Ер – туған жеріне, ит – тойған жеріне» дегенді есіне алып, алыстағы ата жұртына кеткісі келеді. Нағашы атасынан еліне қайтуға рұқсат батасын сұрайды. Ер Қосай Еспенбеттің тілегін қабыл алып, қалауын сұрайды. Салт бойынша басына үй, алдына мал салып, қалыңдық әперіп қайтарайын дейді. Көпті көрген батырдың көрегендігі шығар, әйтеуір, «көп шөбере ішінде» Еспенбеттің «ерекше тілеп тілеуін», Құдайға жалбарынумен жүреді екен.


Еспенбет нағашы атасы ұсынған байлықтың бәрінен бас тартып, жалғыз ғана Ақбөрте тайды қалайды. Бұл да жас ұланның жаны таза, арманы биік, дүниеге қызықпайтын парасаттылығын танытады. Ер Қосайды да емірентіп, мейірін түсірген жиенінің ел баласы болғысы келген мінезі. Нағашы атасы Еспенбеттің қалаған Ақбөрте тайын беріп, әрі жиенінің тайды біліп, таңдағанына сүйсінеді. Батасын беріп тұрып, кемеңгер қарт былайша толғайды:

Күндестік те еліңнен,                Елменен ер ержетіп,
Міндестік те еліңнен;                Емендей өсіп, толады.

Өмір шындығынан даналықпен қорытылған бұл терең ой өзінің мәнін әлі жойған жоқ, сірә, ешқашан жоя да қоймас.
Сол кезде Сәтімкұл деген атақты бидің көп халық шақырылған асы беріліп, аламан бәйге шаптырылады. Бәйгеге қосылған Ақбөрте алдымен келіп, бас бәйгеге тігілген 100 тайлақты жеңіп алады. Бірақ, «ердің сыйы – ортаға олжа салғаны» дегендей, бұл жолы да Еспенбет бәйгеге берілген жүз тайлақтан бір тайлақ та алмай, барлық олжасын қалың сыбанның ортасына салады. Өзінен атағы бұрын шыққан Ақбөртеге қызыққандар қоралап қой, үйірлеп жылқы беріп сұраса да, Еспенбет дүниеге қызықпайды, тұлпарын сатпайды.
Сөйтіп жүргенде, Қабанбай бастаған батырлар кеткен бір кекті қайтару үшін, қалмаққа қарсы аттанбақ болады. Мұны естіген Еспенбет те қару-жарақ асынып, «Ақбөртені баптайды». Ақын халыққа қамқор, елге тірек болам деген нағыз ер осы Еспенбеттей болу керек деп, оның батырлығын, ақыл-парасатын, дүниеге қызықпайтын қанағатшыл, мәрттігін өзінің замандастары мен кейінгіге үлгі етеді.
Туған ел, туған жерім бар,
Туған елді көкседім … – дейді Еспенбет.

Осындай ерді өсіретін жалпы қауым, ел жұрты екендігін айтып, ақын жастарға «әрқашанда еліңмен жұртыңмен бол» – дейді.
Еспенбет поэмада тек алып күштің иесі ғана емес, сонымен бірге адал, ақ жүрек, кішіпейіл, көпшіл адам болып көрінеді. Еліне қайту, ерлікке әзірлену, батырға лайық ат таңдау елдің кегін қайтару, сый-сияпат, олжаны алу-алмау сияқты: елеулі шешімдерді өз бетімен қабылдайды.
Көп арасында қоян жүрек қорқақ, ездерің де болатынын ақын жасырмайды.

«Адамның ең бір жақсы қасиеті-қарапайымдылығы. Бүгінгі жастарға айтарым,білімді жастар болайық. Еспенбет сынды батырларымыз алып берген еркіндікті одан ары қарай көркейтуіміз керек деп ойлаймын.

5. А.Құнанбаевтың он тоғызыншы қара сөзіндегі:
«Естілердің айтқанын ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады»,- деген пікіріне көзқарасыңызды білдіріп, ойыңызды жазыңыз. (Абайдың туғанына 175 жыл)

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады.
Мұндай сөзді есіткенде жай­қақтап, шалғырттанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерін қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек?
Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.
Абай өз заманының сипатын, халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын, жеке адам бойындағы жақсы мен жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымын көрсеткен. Абай «түзетпек едім заманды, өзімді тым-ақ зор тұтып»деуінде үлкен мән бар. Абай атамыз тәлімгер ұстаз болған еді.Ақын тәрбиеге көнетін жалпы халық емес, жеке адам, оның дара ерекшеліктері. Жеке адамға ақыл, мінез, іс, адамшылдықты сақтайтын ұят-намыс керек дегенді айтады. Ал осындай адамшылықты жүрекпен байланыстырады. Жүрек-адамның ішкі сезімі деген ұғымды қолданған.

Абай халықтың жоғын жастанып,кемел жолға бастар жолды іздеді.Сол жолда аянбай тер төгіп,өз заманының сипатын,халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын, жеке адам бойындағы жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымында бейнелейді.Артына қалдырған мол мұрасы қазақ мәдениеті мен әдеби тілінің дамуына үлкен ықпал жасады.

Расында да, Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне , логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп, көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара- сөздеріндегі гуманистик, ағартушылық,әлеуметтік ойлары түрлі пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды.Мен он төртінші қара сөзіне тоқталсам:Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе,дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені көргені көп болған адам білімді болады.Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген адам өзі де есті болады.Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап,шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса,не сол жерде сөздің расына көз жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол туралы сөз болады.