ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 240
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұйқыда жатыр қазақ көзін ашпай,
Кеттік қой отқа күйіп, өрттен қашпай.
Әр халық алға кетіп жатсадағы,
Біздің жұрт шегінеді қадам баспай...дейді ақын.
Менің түсінігім бойынша, біз әлі қалғып отырмыз. Оянған жоқпыз. Неге?! Себебі, мемлекет басында отырған кейбір аға‑апаларымыз ана тілін әлі білмейді. Менсінбейді. Неге олар өз тілінде сөйлемейді?! Бұл - бір. Екіншіден, мемлекет мекемелерінің аты қазақша, заты орысша. Кейде өз ұлттық мүддемізді ұмытып, басқа мемлекеттердің экономикасын, саясатын қолдап кетуге бармыз. Біз әлі еңсемізді көтерген жоқпыз. Әлі де намыстана алмаймыз. Менің пайымдауымша, «Оян, қазақ» идеясы - қазақтың нағыз ұлттық идеясы. Бізге әлі мыңдаған жылдарға азық болары хақ. Біздің оянғанымыз - өз тәуелсіздігімізді, мемлекеттігімізді нығайтып, ана тілімізді әлем тілдермен тең дәрежеге көтеріп, қазіргі алпауыт елдермен экономикамыз бен рухани әлеуетіміз бір сатыда тұруы деп ойлаймын.
Қорытындылай келе, М.Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі күллі халықтың оянып, бостандыққа қол жеткізуін аңсаған, ізгі тілектен туындаған игі шығармалар. Бүгінгі тәуелсіз ел ұрпақтары олардың азаттық жолындағы күресін ешуақытта ұмытпайтыны сөзсіз.
-
А.Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі ұлттық психологияның көрінісін талдап жазыңыз.
… өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл. Сәкен Сейфуллин
Қазақ халқының тағдыры, бүгіні мен ертеңгісі Ахмет поэзиясының өзегі болды. Ол өзінің ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халқына поэзия тілімен жеткізуді қалап, «Қазақ салты» өлеңін жазды. Осы өлеңін оқи отырып, байқағаным, халқымның Ресейге бодан болуының негізгі себептері, менталитетіміздің жағымсыз жағын, саңылаусыз салтын, ұйымшылдығымыздың, ауызбіршілігіміздің жоқтығын, нақтырақ айтсақ, қазақтың өзіне тән кемшіліктерін ашып жазған екен. Қазақтың бір-біріне соқтығып, алауыз боп, қырық пышақ боп жүрген кезде сырттан келген орыстың алдап-сулап қазақ жерін басып алғанын сезбей де қалды.
Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз,
Алалық алты бақан дертпен кірдік-деп өзінің сыни көзқарасын нақты айқындайды. Қазақтың қараңғылығын сөз еткен. Әйтседе, ақынның
өз халқына деген жанының ашуы, өкініші, мұңы сезіледі.
Ахмет Байтұрсынов бұл өлеңінде XYIII ғасырдан бастап бытырап, өз ішінде бірлігін жоғалта бастаған қазақ халқының XX ғасырға таман жағдайының қиындай түскенін: «Кіреді тентек есі түстен кейін,
Мүшкілін халіміздің жаңа білдік.»-деп жеткізеді.Бұл шумағында қазақ халқының саяси санасының төмендігі сезіледі.
«Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,
Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ».
деген үзіндісінен басшысы жоқ, бір орталыққа бағынған мемлекеті жоқ қазақ халқын, шығысында айдаһардай айбарлы,солтүстігінде аюдай алпауыт мемлекет тұрсада, саясатқа басын қатырмай, өз ішінен жік-жікке бөлініп жатқан қазақ халқын көреміз. Әрине, сол кездегі қазақ қауымын үзілді –кесілді қараңғы болды деп айтуға болмас.Небір дарынды тұлғалар болғаны хақ, бірақ ауыл молдасының білімімен шектеліп қалған, тіпті оқымаған , сауаты нашар қара халықтың басымдығы артқа тартты.
«Жақсылық өз басынан артылмаған» деп, ел үміт артқандардың, ел тізгінін ұстап жүргендердің ауызбен орақ орып жүргенін нақты көрсетеді. Үлкендерін «Еңкеңдеп ет аңдыған шалдар да көп, Телміріп бір тойғанын ар қылмаған» деп бейнелейді.
Міне,автордың жеткізгісі келген ойы, қазақтың кемшілігі осындай.
Оның әрбір сөзі дәл бүгінгі біздер үшін де әсерін жоймаған барынша көркем, мейлінше мағыналы. Тіпті көп өлеңі бүгінгі тіршілігіміздің айналасында боп көрінеді. Мысалы: Тықылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп,
Екпіндеп, ұшқыр атша қарқындаған.деп сөзі көп, ісі жоқ адамдарды сынайды.
Бос белбеу, босаң туған бозбала көп,
Киіздей шала басып қарпылмаған деген шумақ бүгінгі біздерді айтып тұрғандай емес пе?! Бас пайдасынан басқа уайымы жоқ, жақын-жуық, халық, ұлт мүддесі деген ұғымға миығынан күліп қарайтындар аз ба, қазір? Оқыған азамат ретінде өзін де кінәлі санап, өлеңді «Байға мал, оқығанға шен мақсұт боп, Ойлайтын жұрттың қамын адам аздан» деп үлкен қиналыспен аяқтайды. Келешегіне бағыт алғанын байқаймыз.Бұдан кейін тарих сахнасына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар арқылы «Алаш» идеясы шықты. Осы идея Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуірінде де дамуына оң бағыт көрсетіп отырғаны анық.
Ойымызды түйіндей келе, «Қазақ салты» нақтылық пен шынайылық қасиеттерді дәріптеген, тарихи туынды.