Файл: Мені пірім Сйінбай, Сз сйлемен сиынбай!.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 238

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қорыта келгенде,Абайдың қара сөздері-оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына.Қарасөздің бағасы-бай заманындағы жағдайды,тарихи шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып берді.

22. Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі Б.Момышұлының қаһарман қолбасшы бейнесін сомдап жазыңыз.

   Ә.Нұршайықов дарынды жазушылардың бірі. Оның көркем шығармаларының бірі «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогі. «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогі – қазақ романының тарихында өзіндік орны бар, көркемдік үлкен туынды. Бұл роман-диалог автор мен Б.Момышұлы арасындағы диалогке негізделіп құрылған.

   Автор өз кейіпкерінің бойындағы асыл қасиеттерін дәл әрі көркем суреттейді. Осы роман-диалог нәтижесінде біз Бауыржан Момышұлыны кішкентай баладан, атақты қолбасыға, әскери академияның профессорына дейінгі өмірлік өсу жолдарын аңғара аламыз. Жазушының суреттеуінде Б.Момышұлы талантты да қаһарман қолбасы ретінде көрінеді. Оған дәлел :  күнделікті ұрыстарды айтпағанда, 27 рет шешуші шайқастарға шығып, командир берген міндеттерді мүлтіксіз орындаған. Сонымен қатар, мысалға: Трошково қыстағын ала аламыз. Бұл соғыста Бауыржан атамыз ауыр жараланады.  Соның өзінде ол артқа шегінбей: «Енді шегінерлікке жол жоқ. Полкте адам аз қалды. Не көрсем де полкпен бірге көремін»,-деп, ұрыс даласын тастап кетуден бас тартады. Волоколамск тасжолын шығармау, Горюны қыстағы үшін қырғын соғыс болады. Сонда да Б. Момышұлы артқа шегінбей,  соңына дейін шайқасады. Осы соғыстардың нәтижесінде оған көптеген сыйлықтар беріледі. Соның бірі, осы романда кездесетін Серебряков ұсынған Совет Одағының Батыры деген наградалық парақ, сонымен қатар оның хаты да кездеседі.

Сұхбат мақсатымен басталған бұл диалогтің халық жүрегінен ерекше орын тепкен романға айналарын кім білген? Батыр атамыздың сондай байсалды да салмақты, сұсты да қатал,шыншыл да әділ бейнесі һәм отанына соншалықты берілгені, тәртіп пен тәрбиені өмірлік ұстанымы еткені мені тәнті етті.Оны өзінің мынандай сөздерінен аңғаруға болады:

«Тәрбиелі-тәртіптің құлы, Тәртіпті-елдің құлы»

Роман диалогты оқи отырып,батыр Бауыржанның сергелдеңге түспейтін салқын қанды екенін, қандай да бір оқыс оқиға, төтенше жағдай орын алса да дегбірсізденбей,байыппен шешетінін оңай аңғара аламыз. Батырдың сұсты қабағы мен рухты сөздері әрбір жауынгердің жүрегіне от жақты, жасытпады. Отанына, оның ұлағатты ұландарына риясыз берілген батыр барша қатарластарына, қол асты сарбаздарына үлкен үлгі болды. Тіпті, өмірдегі екінші әкесі тұтқан, қомандирі генерал-майор Панфиловтың қазасында да үнсіз жабығып, қабағына жасырған Бауыржан атамызды аса сабырлы, ерекше байыпты деп есептемеске болмас.


Жазушы Әзілхан Нұршайықов батыр бейнесін өз дәрежесінде аша білді. Кем кетігі, асыра сілтеуі жоқ бұл шығарма біз үшін ұлағатты қаһарман атамыз Бауыржан Момышұлымен танысу ролін атқарды. Батырдың әрбір сөзінен жігер алып, өзі

ңе үлгі етесің. Батыр болса-біздің Баукендей болсын, шіркі«Тәртіпсіз ел болмайды,тәртіпке бағынған құл болмайды» деген атамыздың сөзі күнде

22. Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі Б.Момышұлының қаһарман қолбасшы бейнесін сомдап жазыңыз.
Батыр – қайсар, ерен күш иесі. Адамның батырлығы сан қилы жағдайлар кезінде танылады. Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романын ерекше рухтанбай, әсер алмай оқып шығу мүмкін емес екен. Шығармада Бауыржан Момышұлының ерлігі мен өрлігі суреттеледі. Оны қан майдандағы батыр ретінде ғана емес, адам құндылықтары тұрғысынан да таныта білген. Роман-диалогте Б.Момышұлы ұлтжандық қасиетке тән мінезімен көрінеді. Оны автордың: «Отаншылдық - әр адамға керекті ең ұлы қасиет. Ал Отанды сүю өз үйіңнен басталады. Ата-анаңды сыйлаудан басталады», - деген ойларынан аңғарамыз. Меніңше, азғантай сөзбен ұрпаққа қандай үлкен ой айтқанын көреміз. Батырдың елі үшін қасық қаны қалғанша күрескендігін көре отырып, оның Отан алдындағы жауапкершілік қасиетін байқаймыз. Жазушы шығармасында батырдың тек белді қолбасшы ғана емес, өз жауынгерлеріне әкедей зейіл, әділ, қамқоршы екенін тамаша мысалмен суреттеген. Оны жазушы: «Бауыржанға «батялап» кіріп келе жатқан адамның артынан бүкіл полкы жамырай еріп келе жатқандай көрінді». Осы үзіндіден-ақ батырдың қаһарлы да қатал жүректі саналатын қолбасшы ғана емес, ақ жүректігі, бауырмалдығы айқын сезіледі деп ойлаймын. Сонымен бірге адам бойындағы жақсы қасиеттердің бәрі батырға да тән. Сондай қасиеттердің бірі ретінде автор туындыда Б.Момышұлының кемеңгерлігімен таныстырады. Автордың «... не бары жаудың екі-ақ танкін жойдым» деген сөзіне: «Сен сияқты солдаттың әрқайсысы 2 танктен қирата берсе, ол осал іс пе екен!?» - деген сөзі арқылы жазушы батырдың ақылдылығын, кішіпейілділігіе, кеңпейілділігін көрсетті.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам, Баукеңнің даңқы, рухы өзіне керек емес, ол бізге, ұлтымызға, келер ұрпағымызға керек. Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей болған баһадүр батыр Бауыржан ағамыздың даңқымен, рухымен, дана өсиет сөздерімен тәрбиеленген біз осал ұрпақ болмайтынымызға мен нық сенімдімін!



4. С.Торайғыровтың «Туған еліме» өлеңіндегі лирикалық қаһарманның сезімі мен өз сезіміңізді астастырып, талдап жазыңыз.

 «…Сұлтанмахмұт жас ақындардың ішіндегі бір күшті ақын еді. Өнер білім сәулесін аңсап, құлаш ұрып, кедейлік, жоқшылық зарын шегіп, жауыз тұрмыспен жанталасып, алысып, жеңе алмай, мерт болды. Тірі жүрсе, өзі айтқандай, қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болғандай, от-жалындай зулаған болат қайраттың, құрыш жігердің, кекті жүректің ақыны еді». Жүсіпбек Аймауытов

С.Торайғыров – төтенше өзгерістер мен дүрбелең сілкіністер дәуірінде тарих сахнасына көтеріліп, XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде өзіндік жол салған, шығармаларына тұтас бір дәуірдің шынды­ғын сыйғызған суреткер.Сұлтанмахмұт – елін сүйген ақын. Халқының қараңғылығын, ескілік көлеңкесінде қалып қоюының себебін оқу мен білімнің аздығынан көреді де, жастарды білім алуға, өнер үйренуге шақырады. Бұл – оның шығармашылығында басты орын алатын тақырыптардың бірі. «Туған еліме» атты 1914 жылы жазылған өлеңде де ақынның жан толғанысы сырлы сөздермен шебер берілген. Туған еліне қызмет етуді азаматтық парызым деп білген ақын елін шексіз сүйетіндігін білдіріп қана қоймай, өзіне үмітпен қарайтын елін жарыққа алып шығуды өз міндетім деп білетіндігін танытады. «Алты қырдан асса да» естен кетпес елінің жайын ойлайтындығын айтып, алдына қойған мақсатының орындалуына медет сұрайды. Мақсатын орындау үшін ақын 1914 жылы өз еліне – Баянауылға барып, ел жастарын оқуға, білім жолына тартатын мәдени ағарту ұйымын құруға талап жасайды. Өзі «Шоң серіктігі» деп атаған осы ұйым алдына оқушыларға көмектесу, оқуына қаражат беру, ел ішіне газет-журналдар алдыртып, кітапханалар ашу, ақын-жазушылар шығармаларын бастыру міндеттерін қойған. Ақынның бұл бастамасы іске аспай, біраз кедергілерге ұшырайды. «Туған еліме» атты өлеңде осы жайлар мен туған еліне деген ақын сүйіспеншілігі көрініс тапқан.

Сіздерге әкеп шашуға,

Ілім, білім жинаймын-деп оқу оқып, білім алу, сол арқылы елін өркениетке апару ақынның ізгі мақсаты, өмірлік кредосы болды.
Табиғат сыйлаған ақындық дарынға қоса, нәзік сезім һәм зор білімнің иесі С.Торайғыров қас-қағымдай ғана уақыт ғұмыр сүріп, халқымыздың көркемдік ойы тарихынан мәңгілік орын алды. Мұның төркіні, қаламгер шығармаларының жан жүйесіне әбден сіңген халықтық рух, ұлт­тық дәстүр, азаматтық биік қасиеттермен тығыз байланысты.

С.Торайғыров тумысынан сезімтал, те­біренгіш, алғыр ойлы, зор талантты ақын, өршіл, бірбеткей азамат ретінде танылды. Алаштық идея дауылы оятқан, жігерлендірген Торайғыров ақындық алғашқы қадамынан «жоқ-барды, ертегіні терген» жоқ, қазақ өмірінің реалдық қал­пын, халықтың ізгі сезім-арманын көркем туын­дыларына арқау етті.


3. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы саяси-әлеуметтік жағдайдың өмір шындығымен байланысын дәлелдеңіз.

Бақыт жолы біліммен табылады...

Ахмет Йүгінеки

Қай заманның болмасын, өз қиындығы, өз тартымдылығы бар. Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші!.. Оған дәлел, тарих айнасы – көркем әдебиет. Небір аласапыран кезеңдерді, аштық, соғыс, небір қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай өмірді көз алдымызға әкелетін әдебиет емес пе? Сондай шығармалардың бірі – Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы.

«Ақбілек» - Қазан төңкерісінен кейінгі азамат соғысы зардабының әсерінен қазақ ауылының өмір-тіршіліктері мен таптық тартыс кесірінен қорлық көрген қазақ қызының ауыр тағдырға берілмей, «көзі ашық, көңілі ояу» тұлғаға дейін көтерілгендігін баяндайтын туынды.

Ақбілек – ата-анасының бауырында еркелеп өскен, ауыл ішінде «Мамырбайдың Ақбілегі» болған, бір мезетте анасынан айрылса, сол мезетте өзін өлдіге санайтын оқиғаға ұшыраған,  сөйте тұра тағдырға қасқая қарсы тұрған қайсар қазақ қызы. Оған дәлел – орыстың мазағынан соң жалғыз қалып, жапан түзде қасқырмен алысып, ерлікпен жеңуі. «Ақбілек аллалап, қасқыр абалап, Ақбілек сабалап»  отты көзді жыртқыштармен көп алысты. Былайғы уақытта қарусыз түз жануары алпамсадай еркекке де оңай алғызбайды, ал Ақбілек еш қарусыз-ақ, «қасқыр оттан қорқады» дегенді есіне түсіріп, шоқты алаулатып жауын қуды. Осы тұста Ақбілекті қайсар, жауына оңай берілмейтін адам ретінде танимын.

Ақбілек – қиялшыл тұлға. Кеше ғана көзі жастан құрғамай, «неге ғана қара жер қақ айрылып мені жұтып кетпейді?» деп түңілсе, келесі күні төсекте жатып, өзінің үлде мен бүлдеге оранып ұзатылып, ақ отауында Бекболатына торсықтай ұл сыйлап, бақытты өмір кешіп жатқандығын қиялдайды. Бұл оның қиындыққа тез беріле салмайтын жанының тазалығын, арманға да балаша қуанатындығын көрсетеді.

Ақбілек қандай қасиеттерімен жарқын өмірге қадам басты, қандай күш өшкен өміріне шырақ жаққызды? Оған себеп – Ақбілектің өжеттілігі, өзіне бекемділігі. Орынборға барып оқып жүргенінде жан-жақтан тамсанып қызығушылар да, қала қызы ретінде желіктірушілер де болды. Олардың біріне де мән бермей, оқу үшін келгендігін мықтап назарда ұстауы, қазақ қызына тән салмақты да өжет болуы – Ақбілектің асыл қасиеттерінің бірі.


Қазақ қызының шет жерге барып оқуы да оңайға түспейді. Онысы Кәмилаға айтқан «жасынан оқымаған соң, кісінің тілі де қатып кетеді екен, жуырда икемге келмейді екен» деген сөзінен байқалады. Дегенмен орыс тілін бір адамдай-ақ меңгеріп алады. Бұл оның еңбекқорлығы деп білем.

Тағдыр тәлкегіне, қоғам әділетсіздігіне құрбан болған Ақбілек сынды қазақ қызы қаншама? Жалғыз Ақбілек жылап, басына салғанға көніп, бар өміріне нағылет айтқан жоқ, бірақ жалғыз Ақбілек сүрінген жерінен қайта тұрып, өжеттілік танытты. Автор Ақбілекті осы қырынан ұрпаққа үлгі етті. Біздің заманымызда да түрлі жағдайға байланысты тағдыры ауыр боп жүрген қыздар бар. Автор соларға «құласаң, қайта тұрып жүгіруге қақың бар, оқу оқы, білім ал» дегенді айтқысы келген деп ойлаймын. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы - қай заманның ұрпағына да берері мол өміршең шығарма.

2. М.Дулатұлының «Оян, қазақ!» өлеңіндегі автордың биік идеялық мақсатының бүгінгі күнмен байланысын талдаңыз.

XX ғасыр басындағы қазақ халқының азаттық күресінің басында тұрған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов тәрізді  айбынды Алаш азаматтарының еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек еткені баршаға мәлім. Аталған ұлт зиялылары  саяси қызметтерімен ғана емес, сондай-ақ өздерінің өлең-жырлары арқылы да қалың елді жайлаған  қараңғылық бұлтын сейілтуге бар күштерін сала білді. М.Дулатов «Оян қазақта» патша өкіметінің қазақтардың малға жайлы шұрайлы жерлерін тартып алып, ата-баба бейітін бұзып, халықты қалай болса солай тартқылап, не тіліне, не діліне, не жеріне иелік етуге мүмкіндік бермей, әбден езіп, жаншығаны ақынның жүрегіне ауыр тиеді. Осы өлеңі арқылы халықтың ауыр тұрмысын ойлап, сынға алып жазады.
Өлеңдегі негізгі айтар ой- ұйқыдағы халықты оятып, оларды жаңаша өмірге, еркіндікке, елдікке баулу .
«Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.»,-деп,  қазағының ешбір ойсыз, харекетсіз «қалғып» жүргенін, сөйтіп бәрінен құр қалғандығын  ашына жырлайды. Өмірді босқа өткізбей, өзге елдер тәрізді жарыққа ұмтылуға шақырады.
М.Дулатов  «Оян,қазақ!» өлеңінде «найзаменен түртсе де», қазақтың оянбайтынын айта келе:

«Халыққа, жастар, басшы бол!
Қараңғыда жетектеп»,- деп,  халқын осындай халден құтқарар жастарға үміт артады. Жеке бастың, әлеуметтік топтың, белгілі таптың мүддесі емес, ақынды толғандырар мәселе – халық тағдыры, елдің қайғысы мен мұңы, айналып келгенде, “тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – бір арнаға саяды. Ол – ел мұңы, ел шері, ел зары, ел кегі.