Файл: М. Е. Сухова, А. Б. Жекенов, Н. В. Рогова, В. А. Сухов.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 426

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
шегінде, үшінші сатыда 2,7-3 кгс/см2 шегінде және ақырғы тежегіш жағдайда (тұтқа тірелгенше) 3,8-4 кгс/см2 шегінде орнатылуға тиіс.
Усл. № 254 кранның тұтқасын поездық жағдайдан ақырғы тежегіш жағдайға аудару кезінде 3 кгс/см2 қысымға дейін ауамен тежегіш цилиндрді толтыру уақыты 4 с аспайтын болуға тиіс. Тежегіш цилиндрде 3,5 бастап 0,5 кгс/см2 дейін ауа қысымының азаюы кранның тұтқасын поездық жағдайға қою кезінде 13 с аспайтын уақыт ішінде орындалуға тиіс.
Тежелген автоматты тежегіш кезінде поездық жағдайдан тежегіш цилиндрде 3,5 бастап 0,4 кгс/см2 дейін қысымды жіберіп төмендетуге кранның тұтқасын аударғаннан бастап сондай-ақ 13 с аспайтын уақыт ішінде орындалуға тиіс.
Автоматты тежелумен толық тежелгеннен кейін көмекші тежегіштің краны 11 жағдайға автоматты қайтумен І жағдайға оның тұтқасын қою арқылы 0,6 кгс/см2 аспайтын шамамен жіберу сатысын жүргізу мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс. Диаметрі 2 мм саңылау арқылы тежегіш цилиндрден ауаның жасанды жылыстауы кезінде ондағы қысым 0,3 кгс/см2 артық төмендемеуге тиіс[14].

129

4.3 №367 бұғаттау құрылғысының құрылысы және жөндеу
Басқару кабинасын ауыстыру кезінде 2 кабиналық локомотивтің тежегіш жүйесін дұрыс өшіруді және қосуды қамтамасыз ету үшін тежегішті бұғаттаудың № 367М құрылғысы қолданылады. Құрылғы (4.16-сур.) кронштейннен 1, үш клапаны бар 3 ауыстырып-қосқыштан 2, құрама краннан 7, ауа шынының сигналдаушысынан 9 және локомотивті басқару контроллерінің түйіспелерін қоректендіретін сым келтірілген КЭ-42А типті электрлік түйіспенің жұдырықшалы ауыстырып -қосқышы бар корпустан 6 тұрады. Құбырлар қоректендіру және тежегіш магистральдардан, тежегіш цилиндрлерден, машинист крандарынан және көмекші тежегіштен крон-штейнге 1 келтірілген. Әрекет ететін кабинадағы кранның 7 тұтқасы 8 тігінен орналасқан, ал бұғаттау құрылғысының тұтқасы 10 төменге тірелгенше бұралған. Эксцентрикті білік 4 мәжбүрлеп клапандарды 3 ашады және піспектің 5 сағасымен осы жағдайда жабылады.



4.16-сур. Локомотивтің тежегішін бұғаттаудың № 367М құрылғысы
Ауа басты резервуардан ГР арна 14 бойынша (4.17-сур.) сигналдаушыдағы саңылау 15 ( ауаның шағын шығыны кезінде) арқылы немесе клапан 16 (үлкен шығын кезінде) арқылы ашық клапанға 5 және әрі қарай арна 1 бойынша машинист кранына түседі . Машинист кранынан арна
2 бойынша клапан 8 және кран 11 арқылы ауа арна 13 бойынша тежегіш магистральға ТМ түседі. Көмекші тежегіштің кранынан тежегіш цилиндрлерге ТЦ ауа клапан 9 арқылы арналар 3 және 12 бойынша түседі. Бұғаттау құрылғысы жағдайында ауа магистральдан арна 17 бойынша піспекке 6 келеді, ол өзекпен эксцентрикті білікті 7 тұйықтандырады. Бұл жағдайда итергіш 10 басқару тізбегінің түйіспелі механизмін тұйықтандырады. Тұтқаны 4 алу үшін машинист кранымен тежегіш магистральді толық разрядтаумен локомотивтің тежелуін жүргізу (піспекті


130

бұғаттан шығару 6), тұтқаны 4 1800 -қа бұру және оны білік 7 квадратынан алу қажет.
Клапандар 5, 8 және 9 біліктің 7 эксцентрикті жұдырықшалары әсерінен босатылады және серіппелердің күшімен қоректендіру магистралін ГР машинист кранымен, машинист кранын тежегіш магистральмен және көмекші тежегіш кранын тежегіш цилиндрлермен қатынастыратын арналарды ауып ершікке орнығады. Бір уақытта біліктің 7 жұдырықшасы итергіш 10 арқылы локомотивті іске қосу мүмкіндігін болдырмай, локомотивті басқарудың электрлік тізбегінің жұдырықшалы элементінде түйіспелерді ажыратады, Жұмыс кабинасында тұтқаны 4 біліктің 7 квадратына кигізеді және төменге 180° (тірелгенше) бұрайды, бұдан кейін машинист кранының тұтқасы локомотивтің тежегішін жіберу үшін І жағдайға аударылады. Егер жұмыс кабинасында тұтқа 4 төменге бұрылса, но бірақ тік жағдайды алмаса, онда піспектің 6 сағағы біліктің ойығына кірмейді және піспек саңылауды А жаппайды. Бұл жағдайда тежегіш магистральдан сығылған ауа шумен атмосфераға шығатын және тік жағдайға дейін тұтқаны 4 келтіру қажеттілігі туралы машинистке сигнал берілетін болады, алсигналдаушы 15 ауаның жоғары қысымы туралы дыбыстық сигнал береді. Шағын шығын кезінде сигналдаушы іске қосылмайды, өйткені қоректендіру магистралінен ауа кланады ершіктен көтермей, сигналдаушының клапанында 16 диаметрі 4мм саңылау арқылы өтеді.Тежегіш магистральді қоректендіруүшін ауаның үлкен қысымы кезінде клапан 16 көтеріңкіленеді және ауа машинистке ауаның ұлғайған шығыны туралы сигнал беріп, ысқырыққа түседі. Сигналдаушы сондай-ақ көмекші тежегіштің кранымен локомотивтің тежелуі кезінде қысқа дыбыстық сигнал береді.
Тежегіштерді бұғаттау құрылғысындағы құрама кранның 11 әрекеті № 114 әдеттегі құрама кранның әрекетіне ұқсас. Екінші локомотивтің жұмыс кабинасында қос тартқыштың жүруі кезінде тежегіштерді бұғаттау құрылғысы қосылуға тиіс, ал құрама кранның

11 тұтқасы қос тартқыштың жағдайына ауыстырылуға тиіс.
Пайдалану процесінде № 367М бұғаттау құрылғысының келесі кемшіліктері анықталды; локомотивте монтаждаудың күрделілігі және ыңғайсыздығы; қоректендіру магистралінің тежегішпен қатынастыратын арнаның тарылуы (жылдамдық өлшеуіш таспада І жағдайға кранның тұтқасын қою кезінде магистральдағы қысымның жоғарылау белгілері жоқ);


  • 254 кранмен тежелу кезінде үзілу сигналының берісі және сигналдаушының тұрақсыз жұмысы.


Бұғаттау құрылғыларымен жабдықталмаған локомотивтерде, қоректендіру магистралінде № 377 қос тартқыштың краны, ал тежегіш магистральда № 114 құрама кран қойылады.


131



4.17-сур. Локомотив тежегішін бұғаттаудың № 367М құрылғысының схемасы


  • 114 құрама краны машинист кранынан кейін магистраль құбырынаорнатылады. Ол корпустан 2 (4.18-сур.), үш жүрісті тығыннан 3 және қақпақта 5 орналастырылған серіппеден 4 тұрады. Кранның осін бойлай тұтқаның 1 жағдайында тығын 3 арнамен М машинист кранын магистральмен қатынастырады. Сағат тіліне қарсы тұтқаның бұрылуы кезінде машинист краны магистральмен ажыратылады — қос тартқыш.

132

Сағат тілі бойынша тұтқаның бұрылуы кезінде магистраль машинист кранынан оқшауландырылады, ал тығындағы бүйірлік саңылаумен Б және корпустағы саңылаумен А атмосферамен қатынастырылады: магистральдан атмосфераға ауаны жылдам шығару орындалады (жедел тежелу). Құрама кранның корпусындағы саңылау В құбырды манометрге қосу үшін қызмет етеді, оның тілі тежегіш магистральдағы қысымды көрсетеді.



4.18-сур. № 114 құрама кран


  • 377 қос тартқыш краны (4.19-сур.)басты резервуар мен машинисткраны арасындағы қоректендіру құбырына орнатылған. Электр поездарда және электр крандарда қос тартқыш крандар қоректендіру және тежегіш магистральдан келетін құбырларға қойылады; олар әрекет етпейтін кабиналарда машинист крандарын өшіру үшін қызмет етеді. Қос тартқыш краны корпустан 4, конустық тығыннан 3 және қақпақта 1 орналасқан серіппеден 2 тұрады. Кранның 5 тұтқасының екі жағдайы бар: құбырды бойлай — басты резервуар машинист кранымен қатынастырылған және көлденеңінен — басты резервуар машинист кранымен ажыратылған. Кранның корпусында тығын астында тілі қоректендіру магистраліндегі (басты резервуарда) қысымды көрсететін манометрге құбырды қосу үшін диаметрі 1/4" саңылау бар. [15].



133



4.19-сур. № 377 қос тартқыш краны
4.4 Зерделенген материалды бекіту



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

    1. Машинист крандарының реттығындарын қалай ысқылайды?

    2. Реттығынды қоректендіру клапаны үшін тығыздықтың қандай нормасы орнатылған?

    3. Магистральдағы жоғары қысымнан зарядтау қысымына өтудің қандай қарқыны усл. № 394 және 395 машинист крандары үшін қалыпты деп есептеледі?

  1. Стендте көмекші тежегштің усл. №254 кранының жұмысы қалай тексеріледі?




  1. Қандай тексеру түрлері машинист крандарын білесіз?

  2. не Үшін арналған құлыптау тежегішінің шарт.№367?

  3. Қандай ауысым тәртібі кабиналар болған жағдайда құлыптау тежегішінің шарт.№367?

  4. қандай жағдайы кран шарт.№254 сияқты жұмыс істейді повторитель?




  1. қандай жағдайда кейін тежеу қолданған жөн III ереже кран машинисінің шарт.№394, ал қандай – IV ереже?

  2. Себебі неде негізсіз қысым ІІ жағдайы кран машинисінің және қандай салдары болады? Қалай жоюға себебін көтеру?

    1. Қалай әсер етеді жұмыстары кран машинисінің бұзу, тығыздау?



Өзін-өзі бақылауға арналған тест тапсырмалары



  1. Теңдеуші резервуарда қысымды ұстау үшін қызмет етеді:


А) тұрақтандырғыш;
В) редуктор;

134

  1. компрессор;

  2. реттегіш;

Е) теңдеуші клапан.

  1. Машинист кранында теңдеуші піспекті тағайындау:

А) теңдеуші резервуарда қысымды ұстау; В) аса зарядтауды жою;
С) тежегіш және қоректендіру магистраліндегі қысымды теңестіру;
D) теңдеуші резервуардағы және тежегіш магистральдағы қысымды
теңестіру;

Е) қоректендіру магистраліндегі қысымды ұстау.

  1. Усл.№394 машинист кранының негізгі бөлшектерінің саны:

А) 2; В) 3; С) 4;
D) 5;

Е) 6.

  1. Усл.№394 машинист кранының жағдайларының саны:

А) 4;
В) 5;

С) 6;

  1. 7;

Е) 8.

5. Усл.№395 машинист кранының жағдайларының саны:

А) 4; В) 5; С) 6;


  1. 7;

Е) 8.

  1. Тежегіш цилиндр атмосферамен, ал қосалқы резервуар магистральмен қатынасатын машинист кранының жағдайы:


А) бірінші;

В) екінші; С) үшінші; D) төртінші; Е) бесінші.


  1. Тежегіш цилиндр қосалқы резервуармен, ал магистраль атмосферамен қатынасатын машинист кранының жағдайы:

А) бірінші; В) екінші; С) үшінші; D) төртінші; Е) бесінші.


135

  1. Аса зарядтауды жою үшін қызмет етеді:


А) тұрақтандырғыш;

В) редуктор; C) компрессор; D) реттегіш Е) клапан.


  1. Усл.№254 көмекші тежегіш кранының негізгі бөлшектерінің


саны:

А) 2;
В) 3;

С) 4;

D) 5;

Е) 6.

  1. Усл.№254 көмекші тежегіш кранының тежегіш жағдайларының