Файл: М. Е. Сухова, А. Б. Жекенов, Н. В. Рогова, В. А. Сухов.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 423

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




РЕКУПЕРАТИВТІК-

АВТОМАТТЫ РЕОСТАТТЫҚ ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТПЕЙТІН

АВТОМАТТЫ
ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕТІН

1.5-сур. Тежегіштердің сыныптамасы
Пневматикалық тежегіш ойлап табылған кезде ол конструкциясы бойынша жеткілікті қарапайым болды (1.6-сур.) : компрессор 1 ауаны сығып, басты резервуарды 2 толтырды, содан кейін тежелу қажеттілігі кезінде машинист тежегіш цилиндрі 6 бар резевуарды 2 жіберіп, кранды 4 ашты. Тежегіш цилиндр 6 иінтіректі беріліске әсер етті, қалып 10 дөңгелекке қысылды . Қарапайым және сенімді конструкция болып көрінсе де, бірақ таяудағы қарастыру кезінде негізгі кемшілік көріне бастайды: магистральдың үзілуі кезінде тежегіш түседі, локомотив авариялық жағдайды жасап, жеткілікті ұзақ уақыт бойы инерция бойынша жүретін болады. Сондықтан тежегіштерді жетілдіруді жалғастырды, ал тежегіштің ондай типі (тікелей әсер ететін автоматты емес )қазіргі уақытта көмекші ретінде ғанақолданылады. Автоматты емес тежегіштер құбыр жолындағы қысымның жоғарылауы кезінде әрекет етеді, ал ауаны шығару кезінде тежегішті жіберу орындалады.


9



1.6-сур. Тікелей әрекет ететін автоматты емес тежегіш

1 – сығымдағыш, 2 – ГР, 3 – ПМ, 4 – кран, 5 – ТМ, 6 – ТЦ, 7 –піспек, 8
– соташық, 9 – қозғалмайтын нүкте, 10 – тежеуіш қалып

Кран 4 ең қарапайым түрінде кептелістік үш жүрісті кранды білдіреді.
Кранның 4 тұтқасының әрбір жағдайына белгілі процесс сәйкес келеді:


  • тежелу -қоректендіру магистралі3тежегіш магистральмен5(жиіжай магистраль деп аталады) қатынасады, және оң жаққа соташықпен 8 піспекті 7 жылжытып, ауа тежегіш цилиндрлерге 6 түседі, оның салдарынан тік иінтірек қозғалмайтын нүктенің 9 айналасында айналады және төменгі ұшпен дөңгелекке тежегіш қалыпты 10 қысады;

  • жабылық -тежегіш магистраль5қоректендіру магистралімен3ажыратылады, тежегіш цилиндрлердегі 6 ауаның қысымы өзгертусіз қалады;




  • жіберу -магистраль5мен тежегіш цилиндрлер6кран4арқылыатмосферамен қатынасады.

Ондай тежегіш тікелей әрекет ететін болып табылады, өйткені тежелу кезінде тежегіш цилиндрден және резервуардан жылыстау кезінде сығылған ауа басты резервуардан 2 кран 4 мен магистраль 5 арқылы тежегіш цилиндрлерге тікелей түседі, яғни жылыстаулар толтырылады.

Қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету үшін автоматты тежегішке қажеттілік туындады, ол поездың немесе тежегіш магистральдің ажырауы кезінде немесе кез келген вагоннан стоп-кранды ашу кезінде магистральдағы ауа қысымының азаюы салдарынан автоматты түрде әрекет етеді (қысым жоғарылаған кезде тежегіштерді жіберу орындалады).
Автоматты тежегіштердің негізгі процестері:

  • зарядтау –ауа құбыры(магистраль)мен қосалқы резервуарларжылжымалы құрамның әрбір бірлігі астында сығылған ауамен толтырылады;

  • тежелу –ауа таратқыштарды іске қосу үшін вагонның немесе бүкілпоездың магистраліндегі ауа қысымының азаюы болады және қосалқы резервуарлардан ауа тежегіш цилиндрлерге түседі, олар қалыптарды дөңгелектерге қысатын иінтіректі тежегіш берілісті іске қосады;

10

  • жабылық –жүргізілген тежелуден кейін магистральдағы жәнетежегіш цилиндрдегі қысым өзгермейді;

  • жіберу –магистральдағы қысым жоғарылайды,оның салдарынан ауатаратқыштар тежегіш цилиндрлерден атмосфераға ауаны шығарады, бір уақытта тежегіш магистральмен олардың қатынасы арқылы қосалқы резервуарларды аздап зарядтау жүргізіледі.


Тікелей әсер етпейтін автоматты тежегіш.Жылжымалықұрамның әрбір бірлігінде тежегіш магистраль 5 мен тежегіш цилиндр 9 арасында ауа таратқыш деп аталатын аспап 8 пен қосалқы резервуар 7 орнатылды. Компрессор 1, басты резервуар 2 мен тұтқасы 3 бар машинист краны 4 локомотивте монтаждалады.
Поезды жіберу алдында тежегіш зарядталады (1.7-сур.), ол үшін машинист кранының 4 тұтқасы жіберу жағдайына қойылады, ол кезде ауа басты резервуардан 2 қоректендіру магистралі бойынша машинист краны 4 арқылы тежегіш магистральге 5 түседі және әрі қарай ауа таратқыш 8 арқылы қосалқы резервуарға 7 түседі. Тежегіш цилиндр 9 ауа таратқыш 8 арқылы атмосферамен Ат қатынасады.



1.7 -сур. Тежегішті зарядтау және жіберу кезінде автоматты тікелей әсер етпейтін тежегіш кестесі. 1 – сығымдағыш, 2 – ГР, 3 –КМ тұтқасы, 4 – КМ, 5

– ТМ, 6 – тұтқа, 7 – ЗР, 8 – ВР, 9 – ТЦ, 10 – иінтірек, 11 – тежеуіш қалып


Поезды тежеу үшін (1.8-сур.) машинист кранының 4 тұтқасы тежегіш жағдайға ауыстырылады, қоректендіру магистралі өшіріледі, ал тежегіш магистраль 5 кран 4 арқылы атмосферамен Ат қатынасады. Магистральдағы 5 қысым төмендеген кезде ауа таратқыш 8 әрекет етеді,тежегіш цилиндрді 9

11

атмосферамен ажыратады және оны сығылған ауамен толтырылған қосалқы резервуармен 7 қатынастырады. Сығылған ауаның әсерімен тежегіш цилиндрдің піспегі жылжиды және тартқыш пен иінтіректер жүйесі 10 арқылы тежегіш қалыптарды 11 дөңгелектерге қысады. Тежегішті жіберу үшін машинист кранының 4 тұтқасын І жағдайына қояды. Қоректендіру магистралі тежегіш магистральмен 5 қатынасады, ондағы қысым жоғарылайды және ауа таратқыш 8 тежегіш цилиндрді 9 атмосферамен қатынастырады, ал магистральді 5 қосалқы резервуармен 7 қатынастырады. Жалғастырғыш вагонаралық құбыржеңдер бойынша сығылған ауа вагондардың тежегіш аспаптарына түседі.
Тежегіш тікелей әрекет етпейтін немесе сарқылмалы деп аталады, өйткені тежелу процесінде ауа таратқыш 8 тежегіш магистральді қосалқы резервуардан 7 және тежегіш цилиндрден 9 ажыратады және қосалқы резервуардан немесе тежегіш цилиндрден ауаның жылыстауы кезінде олардағы қысым қалпына келтірілмейді.



1.8-сур. Тежелу кезінде автоматты тікелей әсер етпейтін тежегіш схемасы: 3 –КМ тұтқасы, 4 – КМ, 5 – ТМ, 6 – тұтқа, 7 – ЗР, 8 – ВР, 9 – ТЦ, 10
– иінтірек, 11 – тежеуіш қалып
Тікелей әсер ететін автоматты тежегіш (1.9-сур.)тікелей әсеретпейтін тежегіштегідей негізгі бөліктерден тұрады.
Ондай схема бойынша жазық және таулы жіберу режимдерімен № 270-005-1 және 483-000 ауа таратқышпен 6 жүк вагондары мен локомотивтердің тежегіші орындалды. Қосалқы резевуардан және тежегіш цилиндрден

12

жылыстаулар қызметтік тежелу немесе машинист кранының қоректендіруші жабылығы процесінде автоматты түрде толтырылады.
Тікелей әсер етпейтіннен тікелей әсер ететін автоматты тежегіштің принципиалды айырмашылығы ауа таратқыштың6құрылысынанегізделеді. Кранның 4 жағдайына байланысты мыналар болады:


  • зарядтау және жіберу -тежегіш магистраль қоректендірумагистралімен 3 және басты резервуармен 2, тежегіш цилиндр 7 ауа таратқыш 6 арқылы атмосферамен Ат, ал қосалқы резервуар 8 кері клапан арқылы тежегіш магистральмен қатынасады;

  • тежелу –тежегіш магистральдағы қысым(1.9,б сур.)атмосферағаАт. кранмен4ауаны шығару арқылы төмендейді.Цилиндрді7атмосферамен Ат ажырататын және оны қосалқы резервуармен 8 қатынастыратын ауа таратқыш 6 іске қосылады. Тежелу кезінде, сатылы жіберу процесінде ауа таратқыш 6 кері клапан арқылы тікелей (тура) магистральдан қосалқы резервуардағы 8 және тежегіш цилиндрдегі 7 ауаның жылыстауын толтырады, сондықтан ондай тежегіштер тікелей әрекет ететін деп аталады.




1.9-сур. Тікелей әрекет ететін автоматты тежегіш: а – қосу және босату,


  • – тежеуіш




  1. – сығымдағыш, 2 – ГР, 3 – ПМ, 4 – КМ, 5 – ТМ, 6 – ВР, 7 – ТЦ, 8 – ЗР, 9 – кран



13

Электр-пневматикалық деп электр тогы арқылы басқарылатынтежегіштер аталады, ал тежегіш күшті жасау үшін сығылған ауаның энергиясы пайдаланылады.
Тікелей әсер ететін типті электр-пневматикалы тежегіш тежегішмагистральді разрядтаумен және разрядтаусыз (1.10-сур.) жолаушылар және дизель-поездарда қолданылады. Осы тежегіште тежелу кезінде цилиндрлерді толтыру және жіберу кезінде олардан ауаны шығару магистральдағы қысымның өзгеруіне тәуелсіз, яғни тікелей әсер ететін пневматикалық тежегішке ұқсас жүзеге асырылады. Тежегіштің автоматтылығы ауа таратқыштың 9 болуымен қамтамасыз етіледі. Қосалқы резервуарды 2 зарядтау тежегіш магистральдан 10 ауа таратқыш 9 арқылы болады. Тежелу кезінде машинист кранының 1 контроллері тиісті түйіспелерді тұйықтайды және электрлік ток 4 пен 5 шұралардың электр-магнитті шарғыларға әсер етеді. Зәкір 6 атмосфералық саңылауды А жабады, ал зәкір 3 тежегіш цилиндрмен 7 клапан 8 арқылы қосалқы резервуарды 2 қатынастырады. Тежегіш магистральдағы 10 қысым машинист кранымен 1 төмендемейді, алайда оның атмосфераға магистралін разрядтау орындалуы мүмкін жағдай бар.



1.10-сур. Электр-пневматикалық тежегіш: 1- КМ, 2 – ЗР, 3 –зәкір, 4 – тежеуіш шұрасы, 5 – жабу шұрасы, 6 – зәкір, 7 – ТЦ, 8 – қақпақ, 9 - ВР
Тежегішті жіберу кезінде машинист кранының 1 контроллерінде түйіспелер ажыратылады, тежегіш шұраның 4 және жабылық шұрасының 5 шарғылары токтан ажыратылады және тежегіш цилиндрден 7 ауа атмосфераға А шығарылады.
Жабылық кезінде тежелудің сатысынан кейін шұра4токтанажыратылады, ал шұра 5 кернеумен болады, бұл ретте зәкір 3 қосалқы резервуарды 2 тежегіш цилиндрден 7 ажыратады және ондағы қысым


14

жоғарыламайды . Тежегішті электрлік басқару әрекетінің тоқтауы жағдайында ауа таратқыш 9 пневматикалық басқаруда жұмыс істейді.
Жылжымалы құрамда қолданылатын пневматитикалық тежегіштер
автоматты және автоматты емес,жолаушылар(жылдам тежегішпроцестермен) және жүк (баяулатылған процестермен) бөлінеді [7].