Файл: ШТ193 философия сессия 24. 12 Жауаптары! Дайын файл! Философия.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 564

Скачиваний: 32

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ШТ19-3 ФИЛОСОФИЯ СЕССИЯ 24.12ЖАУАПТАРЫ! ДАЙЫН ФАЙЛ!1. «Философия» сөзі гректің қандай сөздерінен құралған?Жауабы: «Филео» – «сүйемін» және «софия» – «даналық» деген сөздерден 2. «Философия» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?Жауабы: даналыққа құштарлық3. Философия не туралы ғылым?Жауабы: табиғат, қоғам және адам ақыл-ойы дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым 4. Дүниетаным дегеніміз не?Жауабы: адамның дүниеге деген қатынасын бейнелейтін және оның іс-әрекеттерін айқындайтын көзқарастар жүйесі5. Дүниетанымның тарихи типтері:Жауабы: мифология, дін, философия6. Түрлі табиғи және әлеуметтік құбылыстарды олардың желеп-жебеушілері болып табылатын жаратылыстан тыс күш иелерінің әрекеттері арқылы түсіндіретін, өзінің біртұтастығымен, синкреттілігімен сипатталатын, адамдар білімдерінің алғашқы белгілерін қамтитын дүниетанымның алғашқы тарихи түрі: Жауабы: мифология7. Дүниедегі табиғи және әлеуметтік құбылыстарды ең жоғарғы жаратылыстан тыс күш иесі - құдайдың құдіреті арқылы түсіндіретін және сенімге негізделген дүниетанымның тарихи түрі: Жауабы: дін8. Дүниені және ондағы құбылыстар мен қатынастарды дүниенің өз заңдылықтары бойынша түсіндіретін және білімге негізделген дүниетанымның түрі:Жауабы: философия 9. Болмыс туралы философиялық ілім қалай аталады?Жауабы: Онтология 10. Таным туралы философиялық ілім қалай аталады?Жауабы: Гносеология 11. Ойлаудың заңдары мен ережелерін қарастыратын философияның құрамдас бөлігі:Жауабы: Логика12. Құндылықтар туралы философиялық ілім қалай аталады?Жауабы: Аксиология 13. Табиғатты зерттеумен айналысатын философияның құрамдас бөлігі:Жауабы: Натурфилософия 14. Адам мәселесін зерттеумен айналысатын философиялық ілім:Жауабы: Антропология 15. Адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағидалар, ережелер мен нормалардың жиынтығы болып табылатын моральді зерттеумен айналысатын философияның құрамдас бөлігі:Жауабы: Этика 16. Адамды қоршаған объективтік дүниені көркем образдар арқылы бейнелейтін, өнерді және оның түрлерін зерттеумен айналысатын философияның құрамдас бөлігі: Жауабы: Эстетика 17. Адамның дүниеге деген қатынасы мен көзқарастар жүйесін қалыптастыратын философияның атқаратын қызметі:Жауабы: дүниетанымдық 18. Ғылыми білімнің әдістемелік тұрғыдан белгілі философиялық көзқарастарға, философиялық принциптер мен категорияларға негізделетінін көрсететін философияның функциясы (атқаратын қызметі) :
Жауабы: методологиялық19. Материализм дегеніміз не?Жауабы: материяны, табиғатты, заттар дүниесін алғашқы, ал сананы, ақыл-ойды, идеяны екінші деп мойындайтын философиялық бағыт20. Дуализм дегеніміз не?Жауабы: дүниенің бір-бірімен тепе-тең екі: материалдық және рухани негізін қатар мойындайтын философиялық бағыт21. Идеализм дегеніміз не?Жауабы: сананы, ақыл-ойды, идеяны алғашқы, ал материяны, табиғатты, заттар дүниесін екінші деп мойындайтын философиялық бағыт22. Объективтік идеализм дегеніміз не?Жауабы: объективті идеяны, әлемдік ақыл-ойды алғашқы деп мойындайтын идеализмнің түрі 23. Субъективтік идеализм дегеніміз не?Жауабы: жеке адамның санасын, ақыл-ойын, түйсігін алғашқы деп мойындайтын идеализмнің түрі24. Агностицизм дегеніміз не?Жауабы: дүниені танып білу мүмкіндігін теріске шығаратын философиялық көзқарас (Агностици́зм — философская концепция, согласно которой мир непознаваем и люди не могут знать ничего достоверного о действительной сущности вещей; позиция религиозного агностицизма заключается в том, что люди не могут знать ничего достоверного о Боге)25. Ежелгі Үнді философиясының канондық ілімдері бейнеленген кітаптар:А) упанишадалар (осы болуы керек)В) араньяктарС) самхиттерЕ) Дхаммапада26. Джайнизм ілімінің негізін салушы:Махавира Вардхамана27. Джайнизм іліміндегі ахимса принципінің мәні: тірі жан атаулыға қиянат жасамау28. Буддизм ілімінің негізін салған ойшыл:Сиддхартха Гаутама 29. «Төрт ізгілікті ақиқат» ежелгі Үнді философиясының қай ілімінде қарастырылған?буддизмде 30. Будда іліміндегі адамның ерекше, рухани кемелдену сатысына жеткендігін білдіретін ұғым:нирвана31. Будда ілімінде нирвана сатысына жету үшін адамның ұстануы тиіс жолы қалай аталады?азаптан құтылудың сегіздік жолы32. Будда ілімінде адам жанының өлген соң басқа денеге үздіксіз ауысып отыруы жайындағы түсінік қалай аталады?сансара 33. Будда ілімінде адамның бұл дүниеде істеген іс-әрекеті үшін берілетін ізгі баға немесе жазадан қашып құтыла алмайтындығы жайлы заң (қағида) қалай аталады?карма 34. Ежелгі Үнді философиясындағы дүниенің төрт бастамадан: жер, су, от, ауадан тұратындығы жайлы ілім:

чарвака (локаята) 35. Чарвака мектебінің өкілдері адам бақытын қалай түсіндіреді?сезімдік ләззатқа бөлену 36. Философияда адам бақытын сезімдік құштарлыққа берілу деп түсіндіретін көзқарас:гедонизм37. Ежелгі Қытайдағы философиялық мектептер:даосизм, конфуцийшылдық, легизм, моизм, инь-ян мектебі, атаулар мектебі38. Ежелгі Қытай философиясының негізгі белгілері:Практикалық және саяси мазмұнының басымдылығы39. Конфуций ілімі бойынша, жер бетінде әділеттілік болуын қадағалап отыратын дүниедегі ең жоғарғы жаратушы күш:Көк Аспан40. Ежелгі Қытай философиясындағы қай ойшылдың ілімі «Өзіңе қаламаған нәрсені басқаға жасама» деген моральдық қағидаға негізделген?Кун Фу-цзы 41. Конфуций этикасының негізгі ұғымы:жэнь (адамсүйгіштік) 42. Конфуцийдің іліміндегі сяо принципі қандай мағынаны білдіреді?баланың әдептілігі және үлкендерді құрметтеуді43. Конфуций ілімінің этикалық идеалы – әдептілік қағидаларын басшылыққа алып іс-әрекет жасайтын және елдің қамын ойлайтын, халықты басқаруға лайықты адам: текті адам 44. Конфуций философиясындағы «чжун юн» ұғымының мағынасы:А) Алтын орта45. «Адамның табиғаты тек жақсылықтан жаралған» деп тұжырым жасаған Ежелгі Қытай ойшылы:А) Мэн-цзы46. «Адамдар табиғатынан зұлым, қызғаншақ, дүниеқоңыз болып туады. Тәрбие арқылы адамдарды адамгершілікке баулып, оның табиғатын өзгертуге болады» деп пікір айтқан Ежелгі Қытай ойшылы:А) Сюн-цзы47. Ежелгі Қытай философиясындағы «жол» деген ұғымды білдіретін термин:А) Дао48. Ежелгі Қытай философиясындағы даосизм мектебінің негізін қалаған және «Кәрі дана» деген атқа ие болған ойшыл:А) Лао-цзы 49. Ежелгі Қытай философиясындағы «инь» мен «ян» ұғымдарының мағынасы: А) әйелдік (аналық) және еркектік (аталық) негіздер50. Ежелгі Қытай натурфилософтары дүниені қандай алғашқы бес элементтен тұрады деп санады?А) жер, су, от, ағаш, металл51. «Мемлекетті тек қана заңға сүйеніп басқаруға болады, ал мейірімділік пен адамгершілік – қылмысқа апаратын бірден-бір жол, шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады» деген ұстанымды басшылыққа алған Ежелгі Қытайдың философиялық мектебі: А) заңгерлер мектебі- жауабыВ) инь-ян мектебі С) конфуцийшылдық D) даосизмЕ) атаулар мектебі 52. Заңгерлер мектебінің негізгі ұғымы:А) фа (заң) - жауабыВ) ци (энергия) С) жэнь (адам сүйгіштік)
D) дао (жол) Е) ли (рәсім) 53. Ежелгі грек философиясындағы Милет мектебінің өкілдері:А) Фалес, Анаксимандр, Анаксимен-жауабыВ) Гераклит, Эмпедокл, Анаксагор С) Ксенофан, Парменид, ЗенонD) Пифагор, Мелисс, АристиппЕ) Сократ, Платон, Аристотель54. Фалестің ілімі бойынша дүниенің алғашқы бастамасы:А) су-жауабыВ) атом С) ауаD) жерЕ) апейрон55. Анаксимандрдың ілімі бойынша дүниенің алғашқы бастамасы:А) апейрон -жаубыВ) суС) атомD) ауаЕ) от 56. Анаксимен бойынша дүниенің бастамасы:А) ауа-жауабыС) апейронD) атомЕ) от 57. «Бәрі де ағады, бәрі де өзгереді. Тіпті бір өзенге екі рет кіруге болмайды» деп айтқан, дүниенің түпнегізі от деп санаған және өзінің терең ойлары үшін «Тұңғиық» деп аталған Эфес қаласынан шыққан ежелгі грек философы:А) Гераклит-жауабы В) ЗенонC) СократD) ПлатонЕ) Демокрит58. Ежелгі грек ойшылдарының қайсысы бәрінің бастамасы сандар деп санады? А) Пифагор-жауабы В) СократС) АристотельD) ГераклитЕ) Анаксагор 59. «Адамдар өз бейнесіне қарап, құдайларды жаратады» деп айтқан Элея мектебінің негізін қалаушы ежелгі грек философы:А) Ксенофан-жауабыВ) ГераклитС) ПарменидD) ДемокритЕ) Пифагор 60. Ежелгі грек философиясындағы болмыс туралы ілімнің негізін қалаған ойшыл:А) Парменид-жауабы В) ГераклитС) ДемокритD) ПлатонЕ) Аристотель61. «Дихотомия», «Ахиллес тасбақаға жете алмайды», «Жебе» атты белгілі апориялардың авторы: А) Элеялық Зенон-жауабы В) АристотельС) СократD) Китиондық ЗенонЕ) Пифагор 62. Ежелгі грек философы Эмпедоклдың іліміндегі «заттардың төрт тамыры»: жер, су, от және ауаның бір-біріне қосылып, қайта ыдырауына себеп болатын екі әрекетшіл бастама:А) сүйіспеншілік пен жек көрушілік-жауабыВ) жек көрушілік пен қызғанышС) сүйіспеншілік пен құштарлықD) құштарлық пен махаббатЕ) ұйқы мен өлім63. Ежелгі грек философиясында дүниедегі барлық заттар өте майда бөлшектер – атомдардан тұрады және олар бір-бірінен өздерінің көлемі, формасы және кеңістіктегі орнына қарай ерекшеленеді деп санаған ойшыл: А) Демокрит-жауабы В) Гераклит С) СократD) ПлатонЕ) Пифагор 64. Б.д.д. V ғасырда ежелгі грек философиясында «әркімнің өз ақиқаты бар, кімге не пайдалы, тиімді болса – соны ақиқат, дұрыс деп қабылдау керек» деген қағиданы насихаттаған «даналыққа үйретушілер»:
А) Софистер-жауабыВ) ФизиктерС) Элеаттар D) КиниктерЕ) Орфиктер65. Ежелгі грек философиясында «Адам – барлық заттардың өлшемі» деп айтқан софист:А) Протагор-жауабыВ) Горгий С) СократD) ЭмпедоклЕ) Продикт 66. Ежелгі грек философиясында софистердің «әркімнің өз ақиқаты бар» деген релятивистік көзқарасына қарсы шығып, «барлық адамға ортақ объективтік ақиқат бар» деп санаған ойшыл:А) Сократ-жауабы В) Протагор С) Гераклит D) Платон Е) Анаксагор 67. Антика заманында алғаш рет адам мәселесін философияның басты мәселесі ретінде көтерген және өзінің ойларын диалог (сұхбат, әңгімелесу) тәсілімен насихаттаған философ: А) Сократ-жауабы В) АристотельС) ПлатонD) АнахарсисЕ) Зенон 68. Сократтың философиялық қағидасы:А) Өзіңді өзің танып біл!-жауабыВ) Құдайды құрметте!С) Адамды бағалай біл! D) Табиғатты қастерле!Е) Қоғамға билік жүргіз! 69. «Идеялар дүниесі – алғашқы және мәңгілік, ал заттар дүниесі – уақытша, өткінші» деп санаған ежелгі грек философы:А) Платон-жауабы В) АристотельС) ДемокритD) Гераклит Е) Парменид70. Өзінің идеалды мемлекет туралы ілімін «Мемлекет» атты саяси-философиялық шығармасында баяндаған және «Мемлекетті философтар басқару керек» деп санаған ежелгі грек философы:А) Платон- жауабыВ) СократС) ДиогенD) ЭпикурЕ) Протагор71. Дүниені материя мен форманың арақатынасы арқылы түсіндірген ежелгі грек философы:А) Аристотель-жауабыВ) ДемокритС) ЭпикурD) АнаксагорЕ) Платон 72. Ежелгі грек философиясында «адамның ең дұрыс іс-әрекеті – шегінен шыққан екі іс-әрекеттің дәл ортасы, ол – алтын орта» деп санаған ойшыл:А) Аристотель- жаубы В) Платон С) ЭпикурD) АнаксагорЕ) Демокрит73. «Тағдырдың жазғанын қасқайып, ерлікпен қарсы ала білу керек. Өйткені тағдыр көнгенді жетектейді, ал көнбегенді сүйрелейді» деп санаған эллинизм дәуірінің философиялық мектебі:А) Стоиктер мектебі- жауабыВ) Эпикуршылдар мектебіС) Скептиктер мектебіD) Киренаиктер мектебі Е) Киниктер мектебі 74. Демокрит атомдар көлемі, формасы және кеңістіктегі орнына қарай ерекшеленеді деп санаса, ал сонымен қоса атомдар салмағымен де ерекшеленеді деп санаған эллинизм дәуірінің ойшылы:А) Эпикур- жауабыВ) ДевонС) АристотельD) ЭвклидЕ) Сипони 75. Ежелгі Рим дәуірінде Платонның ілімін жаңғырту негізінде пайда болған философиялық мектеп: