Файл: Электр ондырыларын пайдалану кезіндегі ауіпсіздік техникасы аидаларын бекіту туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 304

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2-тарау. Жұмыстарды орындау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іс-шаралар


      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      Бастапқы тізбектерге қатысты электр қауіпсіздігімен қамтамасыз ету шарттары бойынша электр қондырғыларындағы жұмыстар төрт санатқа бөлінеді:



      1) кернеуді алу арқылы (бағытталған және бағытталмаған кернеу арқылы);



      2) электр қорғаныс құралдарын пайдалану арқылы кернеуді ажыратпай;



      3) тоқ өтетін бөлік шамасында кернеуді ажыратпай;



      4) кернеудегі тоқ өтетін бөліктерден алшақ жерде.



      Кернеуді ажырату санатында жұмыс істейтіндердің электр қауіпсіздігі электр қондырғысын ажырату, жұмыс орнында тоқ өтетін бөліктерге кернеу берілетін барлық жерден қорғаныс жерге қосуды орнату, жұмыс орнын қоршау арқылы қамтамасыз етіледі.



      Бағытталған кернеу кезінде электр қауіпсіздігі осы Қағидалардың 311- 325-тармақтарында көзделген шаралармен қамтамасыз етіледі.



      32. Электр қорғау құралдарын пайдалану арқылы кернеуді ажыратпай санатында жұмыс істейтіндердің электр қауіпсіздігі кернеуде тұрған тоқ өтетін бөліктерден жұмыс істейтін оқшаулағышпен, негізгі және қосымша қорғау құралдарының көмегімен қамтамасыз етіледі.



      33. Тоқ өтетін бөлік шамасында кернеуді ажыратпай санатында жұмыс істейтіндердің электр қауіпсіздігі жұмыс істеушінің арнайы киім жинағы мен арнайы құралдарды пайдалана отырып, жерге қосылған тоқ өтетін бөліктер мен конструкциялардан осы Қағидаларға 4-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген қашықтықта оқшаулануымен қамтамасыз етіледі.



      34. Тоқ өтетін бөліктерден алшақ жерде санатында жұмыс істейтіндердің электр қауіпсіздігі жұмыс аймағында тоқ өтетін бөліктердің стационарлық қорғаныс қоршауларымен қоршалуы немесе қауіпсіз арақашықтықта орналасуы арқылы қамтамасыз етіледі.



      35. Жұмыс қауіпсіздігі бойынша ұйымдастырушылық іс-шараларға:



      1) жұмысты жүргізуге наряд немесе өкім беру;



      2) жіберуге келісім беру;



      3) жұмыс орнына жіберу;



      4) жұмысты орындау кезіндегі қадағалау;




      5) басқа жұмыс орнына ауыстыру;



      6) жұмыс үзілісін, жұмыстың аяқталуын ресімдеу жатады.



      27. Жұмыстың қауіпсіз жүргізілуіне уәкілетті адамдар:



      1) наряд, өкім беретін адам;



      2) жұмыс басшысы;



      3) жіберуге келісім беретін адам;



      4) жіберуші;



      5) жұмысты жүргізуші;



      6) бақылаушы;



      7) бригада мүшесі болып табылады.



      37. Электр қондырғыларында жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге уәкілетті адамдар, бригада мүшелерін қоспағанда, кәсіпорын басшысының бұйрығымен тағайындалады.



      38. Нарядты, өкімді беретін уәкілетті адам нарядта көрсетілген қауіпсіздік шараларының толықтығы, дұрыстығы, бригаданың сапалық және сандық құрамы үшін, сондай-ақ нарядта аталған жұмысшылардың электр қауіпсіздігі бойынша топтардың орындалатын жұмысқа сәйкестігі үшін жауаптылықта болады.



      39. Қолданыстағы электр қондырғыларындағы жұмыстар наряд бойынша жүргізіледі, оның нысаны және оны толтыру бойынша нұсқаулар осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.



      Осы Қағидаларда көзделген жағдайларда жұмыстарды нұсқау бойынша орындауға рұқсат етіледі.



      1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында нарядты, өкімді беру V электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобы бар, 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларында VІ рұқсат тобы бар әкімшілік-техникалық персоналдан шыққан жұмысшыларға ұсынылады.



      Кейінге қалдырылмайтын жұмыстар кезінде кәсіпорын бойынша бұйрықпен (өкіммен) уәкілеттік берілген әкімшілік-техникалық персоналдан шыққан адамдар болмаған жағдайда, нарядтар мен нұсқауларды осы электр қондырғысының кезекші персоналынан шыққан VІ рұқсат тобы бар жұмысшылардың беруіне жол беріледі, ол кәсіпорын бойынша нұсқаумен ресімделеді.



      40. Жұмыстарды өз еркімен жүргізуге, сондай-ақ нарядпен немесе өкіммен айқындалған жұмыс орындары мен тапсырма көлемін кеңейтуге жол берілмейді.



      41. Басқа наряд жұмыс істейтін аймақтағы электр қондырғыларында кез-келген жұмыстарды орындау, егер басшы тағайындалмаса, жұмыстардың басшысымен немесе жұмыстарды жүргізушімен келісіледі.



      Келісу екі нарядтың жиегінде жұмыс басшыларының (жүргізушілерінің) қол қоюымен ресімделеді.




      42. Басқа жұмыстар кезінде жұмыс басшыларын тағайындау қажеттілігін нарядты беретін адам анықтайды.







      43. Кернеуі 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларындағы электр қауіпсіздігі бойынша V және VІ төмен емес рұқсат тобы бар мамандар жұмыс басшылары болып тағайындалады.



      Жұмыс басшылары:



      1) нарядта көрсетілген қауіпсіздік шараларын орындауды және олардың толықтығын, олар қабылдайтын қосымша қауіпсіздік шараларын;



      2) бригаданың, оның ішінде жұмыстарға жіберуші мен жүргізуші жүргізетін нысаналы нұсқаманың толықтығы мен сапасын;



      3) басқа өндірістік факторлардан жұмыс істейтіндердің электр қауіпсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.



      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      44. Жұмыс орнына жіберу шұғыл басқаруында электр қондырғысы бар және жұмыс уақытында:



      1) ажырату мен жерге қосу көлемі бойынша кезекші және жедел-жөндеу персоналына тапсырма беруге;



      2) ажырату мен жерге қосу бойынша алдын ала орындалған операциялардың көлемі бойынша осы персоналға хабарланатын мәліметтердің анықтығына;



      3) жіберілетін бригадалардың уақыт үйлесіміне және жұмыс орнына;



      4) осы электр қондырғысында жұмысқа жіберілген барлық бригадалардың жұмысы толық аяқталғаннан кейін электр қондырғысын қосуға жауапты болып табылатын кезекші персонал жүзеге асырады.



      Жіберуге келісім осы Қағидаларға 2-қосымшаның 3-кестесіне сәйкес ресімделеді.







      45. Жіберушілерді кернеуі 1000 В–тан жоғары электр қондырғыларында электр қауіпсіздігі бойынша ІV төмен емес рұқсат тобы бар және кернеуі 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларында электр қауіпсіздігі бойынша ІІІ төмен емес рұқсат тобы бар жедел персонал арасынан тағайындайды. Жіберуші:



      1) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес, жұмыс орнын дайындау бойынша техникалық іс-шаралардың, нұсқаулардың сапалы орындалуын;



      2) техникалық іс-шаралардың жұмыс сипатына және орнына сәйкестігін;




      3) жұмысқа жіберуді;



      4) оның бригада мүшелерінің нұсқамасын жүргізу толықтығы мен сапасын қамтамасыз етеді.



      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      46. 1000 В-тан жоғары, сондай-ақ кернеуіне қарамастан ӘЖ-ның электр жабдығын күрделі жөндеу технологиялық карта немесе жұмыс жүргізу жобасы (бұдан әрі – ЖЖЖ) бойынша орындалады.



      ЖЖЖ сондай-ақ сымдарда (сым арқандарда) және сымдардан, сым арқандардан жоғары орналасқан кернеудегі оған қатысты оқшаулағыштар мен арматурада жұмыстар жүргізу үшін, сондай-ақ күш трансформаторлары мен реакторлардың белсенді бөлігін қазып алуға байланысты орындалады.



      47. Электр қондырғыларындағы жұмыстарға өтінімде жұмыстардың санаты және авариялық дайындық уақыты көрсетіледі.



      48. Наряд екі данада жазылады, оның біреуі жұмыс басшысына (жүргізушісіне) (бақылаушысына), екіншісі – жергілікті кезекші персоналға (жіберушіге) немесе егер осы учаскеде кезекші персонал болмаса, нарядты берген адамға арналады.







      49. Жұмыстарды жүргізуге наряд телефон, радио немесе электрондық құжат бойынша беріледі. Наряд үш данада – нарядты берген адам, жұмыс басшысы (жүргізушісі), жіберуші үшін жазылады.



      Бұл жағдайда нарядты беруші бір дананы жазып береді, ал мәтінді телефонхат-радиохат немесе электрондық құжат түрінде қабылдайтын адам нарядтың екі данасын толтырады және кері тексеруден кейін нарядты берушінің қолының орнында оның фамилиясы мен аты-жөнін көрсетеді, жазба дұрыстығын өз қолымен растайды.



      Жұмыс басшысының (өндірушінің) және рұқсат берушінің міндеттерін қоса атқару кезінде наряд екі данада немесе электрондық құжатпен жазылады.



      Осы Қағидалардың 10-тармағының үшінші бөлігінде келтірілген қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр қондырғыларында жұмыс істеуге арналған нарядты одан әрі басып шығара отырып және рұқсаттарды жазбаша нысанда жүзеге асыра отырып, компьютер арқылы бланкіге толтыруға жол беріледі.



      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021
№ 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      50. Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес, жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге жауапты жұмысшылардың бір міндетін қоса атқаруға рұқсат етіледі.



      51. Жіберушіде жұмыстарды жүргізуге арналған қауіпсіздік шараларына сәйкес өшірілуі және жерге қосылуы қажет жабдықты жедел басқару құқығы және жіберушінің жедел басқаруында болмайтын объектілердегі жабдыққа қажетті өшірулер мен жерге қосуларды орындайтын жұмысшылармен жедел келіссөздерді жүргізу құқығы болған кезде жұмыс орнын дайындауға және жіберуге келісім беретін адамның жіберушінің міндеттерін қоса атқаруға рұқсат етіледі.



      Жедел персонал арасынан шыққан жіберуші бригада мүшесінің міндетін атқара алады.



      52. Барлық кернеудегі ӘЖ-де жұмыс орнын дайындау үшін кернеудің болмауын тексеру және коммутациялық аппараттармен операция жүргізбей, жұмыс орнында қозғалмалы жерге қосуды орнату қажет болға жағдайда, жіберушінің міндеттерін жөндеу персоналының арасынан шыққан жұмыстардың басшысына немесе жүргізушісіне қоса атқаруға рұқсат беріледі.



      53. Жұмыстарды жүргізуші:



      1) дайындалған жұмыс орнының жұмыс орындарын дайындау кезіндегі іс-шараларға және нарядтың жекелеген нұсқауларына сәйкес келуін;



      2) бригада мүшелері нысаналы нұсқамасының анықтығын және толықтығын;



      3) қажетті қорғау құралдарының, құрал-сайманның, мүкәммалдың және аспаптың болуын, ақаусыздығын және дұрыс пайдаланылуын;



      4) жұмыс орнында қоршаулардың, плакаттардың, жерге қосулардың, бекіткіш құрылғылардың сақталуын;



      5) жұмысты қауіпсіз жүргізуді және олардың өздерінің және бригада мүшелерінің осы Қағидалардың талаптарын сақтауын;



      6) бригада мүшелерін үздіксіз бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.



      Кернеуі 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында наряд бойынша орындалатын жұмыстарды жүргізушінің ІV рұқсат тобы, ал кернеуі 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларында – ІІІ рұқсат тобы болуы тиіс. Зиянды газдың пайда болуы, кернеулі жұмыстардың, кернеуі 1000 В-тан жоғары ӘЖ тіректерінде ілінген кернеуі 1000 В-қа дейінгі ӘЖ-нің сымын қайта тарту немесе ауыстыру бойынша жұмыстардың болуы мүмкін жер асты құрылыстарында жұмыстарды орындау кезінде жұмысты жүргізушінің ІV рұқсат тобы болуы тиіс.