ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 56
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Өсімдік шаруашылығы:
Өндірілген өнім 10 174,4 млн. теңгені құрап, өткен жылдың деңгейінен 1 221,1 млн. теңгеге артты. Өсу қарқыны – 113,6 пайызды, нақты көлем индексі – 95,0 пайызды құрады. Облыстық орташа НКИ – 92,2 пайыз.
2022 жылы барлық егістік көлемі 35,6 мың гектарды құрап, 2021 жылдың деңгейінен 3,3 мың гектарға немесе 10,0 пайызға артты (2021 жылы – 32,3 мың га). Есепті кезеңге 8 734 тонна дәнді дақылдар өнімі жиналып, әр гектардан орташа түсім 9,2 центнерді құрады; майлы дақылдар өнімі – 3 754 тонна көлемінде жиналып, орташа түсім 7,2 центнерді құрады; картоп өнімі – 3 900 тонна, орташа түсім – 209,7 центнер; көкөніс өнімдері – 980 тонна, орташа түсім – 239 центнер көлемінде жиналды.
*Нақты көлем индексінің төмендеуіне дәнді дақылдардың нақты көлемінің 1 000 тоннаға төмендеуі әсер етті (2022 жылы - өнім 1 га/9,2 ц., 2021 ж. – 1 га/10,5 ц.). 2021 жылдың деңгейімен салыстырғанда Шалабай (- 1 372 тонна), Божығұр (- 418 тонна), Қаратөбе (- 251 тонна), Қалбатау (- 90 тонна), Бірлік (- 56 тонна) ауылдық округтерінде дәнді дақылдар өнімі азайған.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің техникалық паркі 132 ауыл шаруашылығы техникасына жаңартылды (оның ішінде 12 трактор, 12 тиегіш, 10 тіркемелі шөп шапқыш, 7 тырма, 1 бүріккіш (распылитель), 28 пресс жинағыш тағы басқа қосалқы техникалар).
Негізгі капиталға инвестициялар:
Есепті кезеңде негізгі капиталға инвестициялар көлемі 51 628,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың деңгейінен 23 320,8 млн. теңгеге артты. Өсу қарқыны – 182,4 пайыз, нақты көлем индексі – 170,8 пайыз (2021 жылы – 28 307,2 млн. теңге). Облыстық орташа НКИ – 108,2 пайыз.
Инвестициялардың көлеміндегі кәсіпорындар үлесі:
Тау-кен өнеркәсібі саласында - «JM Crypto» ЖШС – 19,4 пайыз, «Бақыршық тау-кен кәсіпорны» ЖШС – 19,1 пайыз;
Өңдеу өнеркәсібі саласында – «ШарЦем» ЖШС – 33,9 пайыз, «АС Горняк» ЖШС – 2,5 пайыз, «Чарск ветер» - 6,1 пайыз;
Агроөнеркәсіп кешені саласында - «Нұркелді» ӨК – 4,2 пайыз.
Құрылыс саласында
Қалбатау ауылы және Шар қаласында 2 пәтерлі 13 тұрғын үй құрылысы аяқталып, бюджетке сатып алынды, 336,8 млн. теңге игерілді.
«Бизнестің жол картасы» аясында Шалабай ауылындағы Суықбастау учаскесінде мал шаруашылығы кешеніне, Қапанбұлақ округтерінде орналасқан «Мирлан», «Аққора» мал шаруашылығы кешендеріне электр беру желісін жүргізуге 42,6 млн. теңге бағытталып, игерілді.
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру:
2022 жылдың қорытындысы бойынша 8 940 шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға беріліп, 2021 жылдың деңгейі 100,2 пайызға орындалды, оның ішінде 2 148 шаршы метр – Шар қаласы және Қалбатау ауылындағы 2 пәтерлі үйлер, 6 792 шаршы метр – жеке тұрғын-үйлер құрылысы.
Жеке тұлғалар есебінен
Қалбатау ауылында –– 4 348 шаршы метрді құрайтын 22 үй;
Жаңғызтөбе кентінде – 1 076 шаршы метрді құрайтын 5 үй;
Шар қаласында –– 670 шаршы метрді құрайтын 3 үй;
Әуезов кентінде, Қаратөбе, Жаңаөзен, Белтерек ауылдарында 1 үйден – барлығы 698 шаршы метр үйлер іске қосылды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі:
Жалпы құрылыс жұмыстар көлемі 10 184,3 млн. теңге немесе 2021 жылдың деңгейіне 106,8 пайызды құрады, нақты көлем индексі – 103,2 пайыз (2021 жылы – 9 540,0 млн. теңге). Оның ішінде 9 244,1 млн. теңге - жеке меншік жобаларға, 940,2 млн. теңге - бюджеттік жобаларға тиесілі. Облыстық орташа НКИ – 108,8 пайыз.
Таза ауыз сумен қамтамасыз ету:
Аудан бойынша тұрғындарды таза ауыз сумен қамту деңгейі 98,5 пайызды құрады. Елді мекендерді таза ауыз сумен қамту - 96 пайызды құрап, 50 елді мекеннің 2-уі таза ауыз сумен қамтылмаған (Сұлусары және Жарықтас ауылдары).
2022 жылдың шілде айында Сұлусары ауылында су құбыры желілері құрылысы басталып, жоспарға сәйкес 41,2 млн. теңгеге жұмыстар атқарылды. 2023 жылдың жоспары 370,6 млн. теңгені құрап, жұмыстардың басталуы сәуір айына жоспарланды.
Сонымен қатар Шар қаласының, Қалбатау, Салқынтөбе, Жайма ауылдарының су жүйелеріне ағымдағы жөндеулер өткізіліп, 59,3 млн. теңге жұмсалды.
Жол жөндеу жұмыстары:
Аудан бойынша ауданаралық жолдардың ұзындығы 566,5 км. құрайды, оның ішінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың ұзындығы 437 км. немесе 77,1 пайызды құрады.
2022 жылы "Шар-Әуезов" автожолының облыстық бюджет есебінен орташа жөндеу жұмыстары басталып, 648,0 млн. теңге игерілді; Қалбатау ауылының Достық көшесінің (164,0 млн. теңге), Шар қаласының Қабанбай көшесінің (65,7 млн. теңге) жолдары орташа жөндеуден өтіп, 231,7 млн.теңге игерілді. Қалбатау ауылы және Шар қаласы жолдарының ағымды жөндеулеріне 107,1 млн. теңге бөлініп, игерілді.
Абаттандыру:
Қалбатау ауылы және Шар қаласы көшелеріне бейнебақылау камералары, Шар қаласында шағын футбол алаңы, воркаут және балалар ойын алаңы, Салқынтөбе ауылында балалар ойын алаңы және воркаут, Жаңғызтөбе кентінде көше жарығы орнатылды. Шар қаласында, Жаңғызтөбе кентінде, Қалбатау ауылында саябақтарға гүлзарлар отырғызылды.
Бөлшек тауар айналымы:
Есепті кезеңде бөлшек сауда көлемі 17 887,8 млн. теңгені құрап, 1 435,1 млн. теңгеге артты. Өсу қарқыны 108,7 пайыз, нақты көлем индексі – 100,5 пайыз (2021 жылы – 16 452,7 млн. теңге). Облыстық орташа НКИ – 103,4 пайыз.
Көтерме сауда көлемі:
Көтерме сауда көлемі 3 591,9 млн. теңгені құрап, өсу қарқыны 46,4 пайызды, нақты көлем индексі – 40,8 пайызды құрады (2022 жылы – 7 737,8 млн. теңге). Облыстық орташа НКИ – 73,8 пайыз.
*2021 жылғы деңгейден ауытқудың негізгі себебі жанар-жағармайдың көтерме сатушысы «Жаңғыз-Төбе мұнай өнімдері» серіктестігінде сату көлемінің төмендеуі болып табылады.
Шағын және орта бизнес:
2022 жылы тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2 512 бірлікті құрап, 381 бірлікке немесе 17,9 пайызға артты (2021 жылы – 2 131 бірлік), оның ішінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны – 2 403 бірлікті құрап, 473 бірлікке артты, өсу қарқыны 124,5 пайыз (2021 жылы – 1 930 бірлік).
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің құрамы:
кәсіпорындар – 186 бірлік (+ 15 бірлік, 2021 жылы – 171 бірлік);жеке кәсіпкерлер – 1 373 бірлік (+ 357 бірлік, 2021 жылы – 1 016 бірлік); шаруа қожалықтары – 844 бірлік (+ 101 бірлік, 2021 жылы – 743 бірлік).
Меншікті кірістер:
Меншікті кірістер көлемі 6 002,5 млн. теңгені құрап 1 251,8 млн. теңгеге артты. Өсу қарқыны – 126,3 пайыз (2021 жылы – 4 750,7 млн. теңге). Оның ішінде 3-ші деңгейлі бюджет бойынша жоспар 5 758,3 млн. теңгені құрап, нақты 5 803,4 млн. теңге көлемінде орындалды. Жоспар 45,2 млн. теңгеге артық орындалды.
4-ші деңгейлі бюджет бойынша жоспар 128,2 млн. теңгені құрап, нақты 204,6 млн. теңге көлемінде түсіп, жоспар 76,4 млн. теңгеге аса орындалды.
Меншікті кірістердің көлеміндегі кәсіпорындар үлесі: «Бақыршық тау-кен кәсіпорны» – 37,2 пайыз (2 233,5 млн. теңге), «Казинтерэтнос» – 9,6 пайыз (578,6 млн. теңге), «АС Горняк» – 8,4 пайыз (506,2 млн. теңге), «ШарЦем» – 3,8 пайыз (228,6 млн. теңге), «Қазақстан темір жолы» филиалы - 3,1 пайыз (185,5 млн. теңге), «Васильевское тау-кен металлургиялық кәсіпорны» – 2,3 пайыз (138,7 млн. теңге).
Әлеуметтік көрсеткіштер:
652 адам жұмысқа орналастырып, өткен жылдың деңгейінен 145 адамға кеміп, өсу қарқыны 81,8 пайызды құрады (2021 жылы – 797 адам); 1 818 жаңа жұмыс орны құрылып, өсу қарқыны 115,9 пайызды құрады (2021 жылы – 1 568 адам). Тіркелген жұмыссыздар саны 512 адамды құрап, 2021 жылғы көрсеткішке 252 адамға өсті, өсу қарқыны 196,9 пайызды құрады.
Әлеуметтік салада төленген жәрдемақы көлемі, оның ішінде:
-Атаулы әлеуметтік көмек 1 526 адамға тағайындалып, 163,6 млн. теңге көлемінде төленді;
-Ақылы қоғамдық жұмыстарға 193 адамға жіберіліп, 64,4 млн. теңге игерілді;
-Материалдық көмек 743 адамға тағайындалып, 41,7 млн. теңге көлемінде төленді;
-Кәсіптік оқыту және қайта даярлауға 42 адам жіберіліп, 12,0 млн. теңге төленді;
-Жастар іс-тәжірибесіне 29 адам жіберіліп, 11,4 млн. теңге игерілді;
-Тұрғын үй көмегі 272 адамға тағайындалып, 6,0 млн. теңге көлемінде төленді;
-Қоғамдық жұмыстарға 17 адам қатысып, 1,5 млн. теңге төленді.
Аудан бойынша орташа айлық еңбекақы көлемі 301 180 теңгені құрап, 2021 жылдың деңгейінен 67 745 теңгеге немесе 29,0 пайызға артты (2021 жылы – 233 435 теңге).
Білім беру:
Салада 38 мектеп, 6 мемлекеттік балабақша, 2 жеке меншік балабақша жұмыс істейді. Оқушылар саны - 6 685 бала.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтудың өсу қарқыны – 98,9 пайыз.
Салада барлығы 48,5 млн. теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылды:
-Карелина атындағы орта мектебі ғимаратының кіру тобы, спорт залы ағымды жөндеуден өтіп, жарықтандыру орнатылды (26,1 млн. теңге);
-Георгиевка орта мектебінің шатыры ағымды жөндеуден өтті (7,0 млн. теңге);
-Абай атындағы көп салалы мектеп гимназиясының және интернаттың қазандықтары ағымды жөндеуден өтті (7,7 млн. теңге);
-Шар қаласындағы Абай мектебінің жылу трассасына ағымды жөндеу жүргізілді (7,7 млн. теңге).
Денсаулық сақтау.
Салада аудандық және Шар қалалық ауруханалар емханасы, 7 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт, 21 медпункт жұмыс істейді. Оларда 81 дәрігер, 324 орта медициналық қызметкерлер қызмет атқарады.
Туберкулезбен аурушаңдық 17 жағдайды құрап, 2021 жылдың деңгейінен 3 жағдайға немесе 15 пайызға төмендеді (2021 жылы – 20 жағдай). Онкологиядағы аурушаңдық 84 жағдайды құрап, 2021 жылдың деңгейінен 17 жағдайға немесе 29,9 пайызға артты (2021 жылы – 67 жағдай).
Қалбатау ауылындағы орталық аурухананың желдету жүйесін және шаруашылық блогын, Шар қаласындағы қалалық аурухананың ғимаратын күрделі жөндеуге жалпы сомасы 723,2 млн. теңге қаражат жұмсалды.
Саланы медициналық құрал – жабдықтармен қамтуға 62,8 млн. теңге қаражат бөлінді.
2.Абай облысы әкімдігінің «Жергілікті атқаушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» қаулысы.
2.1 2023 жылға кадр мәселесі бойынша кемшіліктерді болдырмау
мақсатында:
Қаулыға сәйкес:
- аудан әкімі аппаратының штат саны 19 бірлік, (әкім, 3 орынбасар, аппарат басшысы, 1 аудан әкімінің жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және ТЖ жөніндегі көмекшісі, 5 бөлім басшысы, 7 бас маман)
-дербес бөлімдердің штат саны 42 бірлік, (9 бөлім басшысы, 6 сектор меңгерушісі, 27 бас маман)
-ауылдық округтер әкімдері аппараттарының штат саны 97 бірлік (19әкім, 2 орынбасар, 60 бас маман, 16 жетекші маман)
Жиыны 158 бірлік болып бекітілді.
Қазіргі уақытта 146 мемлекеттік қызметші қызмет атқарады. 12 тұрақты бос мемлекеттік әкімшілік лауазым бар. (аудан әкімінің орынбасары).
2022 жылы 11 ішкі конкурс, 26 жалпы конкурс өткізіліп, 26 адам жұмысқа қабылданды. 2023 жылы 1 ішкі конкурс, 3 жалпы конкурс өткізіліп, 3 адам жұмысқа қабылданды.
Жоспарға сәйкес 2022 жылы 19 мемлекеттік қызметші қайта даярлау курсынан, 18 біліктілікті арттыру семинарынан өтті.
2023 жылдың 1 тоқсаны бойынша 9 мемлекеттік қызметші біліктілік арттыру курсынан өтті.
Мемлекеттік қызметтен босатылғандардың саны 2022 жылы – 22, 2023 жылы – 1. 3 мемлекеттік қызметші таза ауысымдылықпен жұмыстан босатылды (чистая сменяемость). Қызметшілердің таза ауысымдылықпен жұмыстан босатылу себептері:
1.жеке секторға ауысуы;
2023 жылдың 1 тоқсаны бойынша жүргізілген қызметтік тергеп-тексерулер саны, олар бойынша тәртіптік комиссияда қаралған материалдар және тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар жоқ. (2022 жылдың 12 айы бойынша 1 мемлекеттік қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды. Оның ішінде : қызметіне толық сәйкес емес түріндегі жаза-1. Тәртіптік комиссияда қаралмай тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар 8 адам, мерзімінен бұрын алынған тәртіптік жазалар саны -2.)
Әдеп комиссиясы мүшелерінің 2022 жылғы 20 қазандағы №2 шешімдерінің тармақтарына сәйкес :
Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасалуына жол бермеу және Әдеп кодексі нормаларын сақталуын Әдеп жөніндегі уәкіл – Р.Нургалиевтың үнемі бақылауында. Әдеп кодексін сақтау мәселелерін түсіндіру мақсатында жыл басынан 2 отырыс өткізіліп, хаттамалық тапсырмалар берілді, 3 семинар өткізілді. Әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан БАҚ және әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшілерге қатысты жарияланатын жағымсыз материалдарды анықтау бойынша тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі. Бүгінгі күнге жағымсыз материалдар жарияланған жоқ. Әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан әр тоқсан сайын ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды анықтау, талдау мақсатында анонимді сауалнамалар алынады. Қазіргі уақытта ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал тұрақты. Мемлекеттік қызметшілердің іс- әрекеттеріне және әрекетсіздігіне түскен шағымдар жоқ.