Файл: Есеп ндірістік практика.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 57

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


2022 жылға мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, жоспар-кестеге сәйкес жүргізілді. Бір мемлекеттік қызметші денсаулығының жұмысқа жарамсыздығына байланысты, 2023 жылдың аралығында қайта даярлау курсынан өтті. Сертификаттары «Е -қызмет» ақпараттық жүйесіне уақытында енгізілді. Тағылымдама бойынша жоспарға сәйкес 4 мемлекеттік қызметші Қалбатау ауылының халыққа қызмет орталығында, жергілікті коммуналдық мекемелерінде (Жарма-су, Горводхоз,КММ-де), дербес бөлімде (аудандық қаржы бөлімінде) өтті. 2023 жылға 11 мемлекеттік қызметші тағылымдамадан өту жоспарлануда.

«Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде электрондық жеке істер толық жасақталды. Алдағы уақытта өзгерістер толық және уақытымен енгізіліп отырылуы қатаң бақылауға алынды.

2022 жылдың «5» қыркүйегінде «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне жауапты персоналды басқару бөлімінің басшысы А.Омиргазина қатысуымен оқыту жұмыстары жүргізілді. Оқыту барысында «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіндегі барлық кадрлық іс-жүргізуді онлайн режимде жүргізілуін қамтамасыз ету, белсенділікті арттыру және жеке істерді толық қалыптастыру жөнінде айтылды.

Персоналды басқаруқызметі (кадр мәселесі) мәселесі бойынша жауапты тұлғалар - аппарат басшысы Данияр Ақзамов, персоналды басқару бөлімінің басшысы Омиргазина Асель.

Аудан әкімі аппаратының тәртіптік комиссияның алдағы уақытта заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметшілермен аудан әкімі аппараты тарапынан 2022 жылдың 7 қараша түсінік жұмыстары жүргізді.

Ауданының жер комиссиясымен жіберілетін заң бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен салдарды жою және алдағы уақытта болдырмау үшін Жарма ауданының жер комиссиясы мүшелеріне құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнде заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында жер комиссиясының отырыстарына толығымен бейнетүсірілім жүргізіліп отырады.Мемлекеттік мүлікті өз мақсатында пайдалану фактілері тіркелген жоқ.

Мекеме автокөліктері жұмыстан тыс уақытта, пайдаланбаған уақытта мекеменің қоймасына (гаражға) қойылады. Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытының сақталуы бақылауда. Демалыс және мереке күндері жұмыстарды орындау фактілері анықталған жоқ. Болған жағдайда мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесіне сәйкес демалыс күндерінің берілуі немесе өтемақы төленуі қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік сатып алу бойынша жауапты қызметкерлер мен мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына ҚР заңнамаларына сәйкес жұмыс ұйымдастыру туралы 21 сәуірі 2023 жылы аудан әкімі орынбасарының төрағалығымен түсіндіру жиналысы өткізіліп хаттама жасалды. Жиын барысында жұмыс шын мәнінде орындалған жағдайда ғана жұмысты қабылдау актілеріне қол қою, сонымен қатар бюджет қаражатын игеру мақсатында орындалмаған жұмыстар бойынша жұмысты қабылдау актілеріне қол қою тәжірибесін қолдану бойынша түсіндіру жүргізілді. Бұзушылықтар орын алған жағдайда тәртіптіқ шара қолданылуы жайында қатаң ескертілді.


Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі тарапынан жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілерге құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдардың ақпараттық жүйесі арқылы әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар туралы мәліметтерге тоқсан сайын мониторинг жүргізіліп отырады.

1.«Е-қызмет ақпараттық жүйесінде құжаттарды енгізу белсенділігін арттыру, құжаттарды онлайн енгізу, жеке істердің дұрыс толтыру мақсатында қажеттілікке байланысты (толықтырулар мен өзгерістер болған жағдайда) мамандарға (жаңадан келген мамандарға) оқыту, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

2.Тағылымдама бойынша 2023 жылға Жарма ауданынан 11 мемлекеттік қызметшінің бекітілген жоспарға сәйкес уақытында өтуі

3.«Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру семинарларының және қайта даярлау курстарының 2023 жылға жоспар-кестесі 2022 жылғы «26» желтоқсан бекітілді. Қайта даярлау курсынан - 3, біліктілікті арттыру семинарынан -13, барлығы 16 мемлекеттік қызметші оқудан өтеді. Бүгінгі күнге 2 мемлекеттік қызметші жоспар-кестеге сәйкес кайта даярлау курсынан, біліктілікті арттыру семинарынан өтті.


2.2 Жарма ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2022 жылы

қаралған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша талдау

нәтижелерінің қорытындысы
Жарма ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2022 жылы қаралған барлық өтініштер саны - 409. Оның ішінде арыздар -158, шағымдар - 5, жолданым, сұрау салу, ұсыныс - 246.

Мемлекеттік органдар, онын ішінде әкімдіктерде қаралған өтініштер- 342, дербес бөлімдерде қаралған өтініштер-67.

Мемлекеттік органдармен құзіретіне кірмеуіне байланысты басқа мемлекеттік органдарға жолданған өтініштер-31.

Өтініштерді қарау барысында қабылданған қолайлы әкімшілік актілер 98. Қабылданған ауыртпалық салатын әкімшілік актілер-14.

Жеңілдетілген әкімшілік рәсім арқылы қаралғандар - 112.

Сонымен қатар, аудан бойынша заңнамада көзделген мерзімдерді бұза отырып жолданған 1 өтініш болды. Осы көрсетілген өтінішті мерзімінде, құзіретіне кірмеуіне байланысты басқа мемлекеттік органдарға жолдамай,

Заң бұзушылықтарға жол бергені үшін 1 мемлекеттік қызметші, яғни аудан

әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы А.Асаубаева тәртіптік жауапқа тартылған.

Сонымен қатар, 2022 жылы әкімшілік жауапкершілікке 1 мемлекеттік қызметші тартылған. Ол, Шар қаласының әкімі Р.Қыдырбаева Шар қаласының тұрғыны' Д.Муликовтың өтініші бойынша түсіндірме берген. Ал есеп бойынша сұранысы қанағаттандырылды деп көрсеткен.

2.3.«Абай облысы Жарма ауданы Мәслихатының аппараты» ММ-сінің атқаратын қызметтерін жетілдіру шаралары.
Қазіргі кезеңдегі мемлекеттік органдарды жетілдірудің стратегиялық

міндеттеріне келетін болсақ:

-бүгінгі таңда нарықтық бастама мемлекеттің белсенді де жедел араласуын

қажет етеді;

-экономикалық және әлеуметтік салалардағы белсенді саясат мемлекеттің

рөлін көтеруді білдіреді. Нәтижесінде - бұл қоғамның қажеттілігіне сәйкес, тиімді заңдар мен нормативті-құқықтық актілерді дайындау және орындау;

-мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру- Қазақстанның болашағын анықтайтын негізгі фактор. Яғни, бұл - маңызды стратегиялық міндет. Сондықтан, бүгін мемлекеттік қызметшілердің және мемлекеттік органның жалпы жұмысының тиімділігін арттыру керек және тиісінше, мемлекеттік ресурстарды ұтымды қолданған жөн;


-мемлекеттік аппараттың жалпы және оның жекелеген буындарының жұмысының тиімділігін арттыру алдыңғы қатарлы ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды ендіруге жағдай жасауы керек. Мемлекеттік қызметті жетілдірудің бағыттары:

Бірінші бағыт- мемлекеттік қызметке "сырттан кіретін" жалғыз кадрлар көзі болып табылатын іріктеу рәсімі мен кадр резервінің рөлін арттыруды жетілдіру.Тестілеуді қоса алғанда, резервке іріктеуден ойдағыдай өткен үміткерге мемлекеттік орган өткізетін бос лауазымға орналасу үшін конкурсқа қатысуға құқық беретін кадр резервіне тіркелгені туралы сертификат беріледі.

Бұл жүйе мемлекеттік органдардың конкурстық рәсімдерді өткізуге кететін уақытша шығындарын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

Екінші бағыт- кадрларды ілгерілету кезінде меритократия қағидасының сақталуын қамтамасыз ету.

Төртінші бағыт - Мемлекет басшысының Жолдауымен және әкімшілік қызметшілерді басқару корпусын қалыптастыру жөніндегі басымдылықпен анықталады. Басқарушылық корпусты құру мемлекеттік органдар қызметінің сабақтастығын қамтамасыз етуге негіз болады.

Бесінші бағыт - бұл этикаға және корпоративтік мәдениетке байланысты нормаларды күшейту. Мәселен, Мемлекет басшысы Жарлығының деңгейінде бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің нормалары заң деңгейіне ауыстырылып, мемлекеттік органдардағы тәртіптік комиссиялардың мәртебесін арттыру көзделіп отыр.

Алтыншы бағыт- бұл мемлекеттік қызметшілердің, әсіресе тұрғындармен және бизнеспен тікелей байланыста қызмет атқаратындардың қызметін регламенттеу арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру.

Қорытынды

Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Мемлекеттік қызмет әрқашан да мемлекет қаражат қорынан қаржыландырылады, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мен жолсапар шығындары бюджеттен өтеледі және қажет болған жағдайда арнайы баспанаға, ғимаратқа орналастырылып, өздеріне жүктелген өкілеттілікті атқаруға қажетті арнаулы керек-жарақпен жабдықталады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің айрықша мәртебесі болады. Қызмет мерзімі ішінде мемлекеттік қызметшілерге өз өкілеттігін жүзеге асыруға керекті міндеттер мен арнайы құқықтардан бөлек әлеуметтік артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 21-бабында әрбір адамның өз елін басқаруға қатысуға құқы танылған. ҚР сол декларацияға қосылушы мемлекет ретінде өзінің әрбір азаматының Мемлекеттік қызметке кіруге деген тең құқығын Конституцияда белгіледі.


Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесі принциптермен негіз алады: заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығын; Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы және Заңның 3-ші бабында айтылған тағы басқа принциптері.

Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары болу, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т.б.

Жалпы өндірістік тәжірибені қорытындылай келе, бұл тәжірибе арқылы мемлекеттік қызмет туралы теориялық білімімді іс жүзінде байқап көрдім, және әкімшіліктегі жұмысты жан-жақты зерттеуге, соңғы жылдарда жасалған жұмыс нәтижелерін талдауға мүмкіндік алдым. Кадр бөлімінің жұмыстары мен үшін әкімшілік жұмысының жаңа қыры болды. Кадр бөлімі ғана емес сонымен қатар жалпы әкімшілік аппаратына кіретін 5 бөлімнің жұмыстарын танып біліп зерттеуге мүмкіндік алдым. Сол арқылы мемлекеттік қызметтің қыр-сырын ұға бастадым және мен білмейтін ерекшеліктерімен таныстым дей аламын. Осы алған тәжірибе жұмысым болашақтағы қызметіме азғантай болсын жақындай түсуіме ықпал етті десем де болады, алдағы уақытта осы білгендерімнің іс жүзінде пайдасы тиетініне сенімдімін.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.https://adilet.zan.kz/kaz/docs/G22FH21320M

2.Мұхамбетова З.С. М 83 Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті

дамыту: Монография. – Қарағанды: Қазақтұтынуодағы Қарағанды

экономикалық университеті, - 2020

3.Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі.

4. .«Абай облысы Жарма ауданы Мәслихатының аппараты» мұрағатынан алынған мәліметтер.

5. Қазақ энциклопедиясы, 3 том

7. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiнөзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы