Файл: Бенджамин Блум америкалы оыту дістемесіні психологі, Блум таксономиясыны авторы. Пенсильванияда Ленсфорд аласында туылан, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр жне магистр дегейлерімен бітірген,.pptx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 48

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан.

1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру.

Блум таксономиясы

Бенджамин Блум

(1913-1999 жж.)

Таксономия түсінігі

Таксономия (грекше. táxis — орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos — заң).

Таксономия – олардың иерархиясын (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.

Таксономия барлық оқу мақсаттары мен нәтижелері бірдей маңызға, құндылыққа ие бола алмайтындығына негізделген.

Блум таксономиясы

Білімді игеруге бағытталған 6 қадам

Бағалау

Жинақтау

Талдау

Қолдану

Түсіну

Білім

1. БІЛІМ

Негізгі категориялар

Бұл категория оқу материалын есте сақтау мен қайталауды білдіреді.

Оқу материалы деп әр түрлі мазмұндағы ақпаратты (нақты фактілерден бүтін теорияларға дейін) атауға болады.

Бұл категорияның негізгі сипаты – қажетті мәліметтерді есте сақтау.

Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне

негізделген сабақ жоспары

1.Білім

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Белгілі бір әдісті пайдалана отырып, жаңа

материалдың негізгі

ұғымдарын бұрынғы білімді еске түсіре отырып береді.

Тыңдайды, жазады, еске түсіреді, есте сақтайды, ойлайды.

Ғылымда білімді

қабылдау мен қолдануды

5 деңгейге бөледі.

Ақпараттық

деңгей

Жалпыламаланған табыс критерийлерінің мысалдары
  • қолданылған терминдерді

  • есте сақтайды және қайталайды;
  • нақты фактілерді келтіреді;
    • әдістер мен жұмыстың орындалу

    • ретін (процедурасын) қайталайды;
  • негізгі ұғымдарды есте

  • сақтайды және қайталайды;
  • ережелер мен қағидаларды

  • жатқа келтіреді.


Шәкірт:

Таным мен ойлау түрі

МАЗМҰНЫ

Үйренушілерге қойылатын

СҰРАҚТАР (мысалдар)

Үйренушілерге берілетін ТАПСЫРМАЛАР

Таным мен ойлау деңгейі

Б

І

Л

І

М

Мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi: тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.

«Кім ... ? Не ... ? Қалай ... ? Қашан ...? Қайда ... ? Қанша ... ?» есімдіктерінен құралатын сұрақтар.

Анықтау, қайталау, белгілеу, санап шығу, еске түсіру, атау, назар аудару, жаттау

Төменгi

Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі

2. Түсіну





Оқу материалын түсінгендіктің көрсеткіші ретінде келесідей

әрекеттерді атқаруды атауға болады:

Трансляция – яғни оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге»

ауыстыру (мәселен математикалық формуланы сөзбен айтып беру немесе,

керісінше, сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету);

Интерпретация – оқу материалын “өз сөзімен” түсіндіру, қысқаша

баяндау;

Жорамалдау - оқу материалы бойынша әңгіменің әрі қарай не

туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.

Мұндай оқу нәтижелері материалды есте сақтау деңгейіне қарағанда

анағұрлым жоғары болады.



Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне

негізделген сабақ жоспары

2. Түсіну

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Жаңа материалдағы білімді түсінгенін анықтау үшін диалогтық байланыс жасау. Оқушылардың ойларын өзгеше түрде сұрау. Болжам жасату т.б.

Ойларын айтады, түсіндіреді, ерекшелігін көрсетеді, сұрақтар береді. Жазады.

Ғылымда білімді

қабылдау мен қолдануды

5 деңгейге бөледі.

Тезаурустық

деңгей

(ғылыми тіл)

Шәкірт:
  • Фактілерді, ережелерді, қағидаларды салыстырады,

  • айырмашылығын көрсетеді, мысалдар келтіреді;
  • Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер,

  • диаграммаларды түрлендіреді, өзгертеді;

  • Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға

  • өзгертеді (немесе керісінше);
  • Берілген ақпарат бойынша болашақта туындауы ықтимал

  • салдарын сипаттайды, болжайды.

Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі

Таным мен ойлау түрі

МАЗМҰНЫ

Үйренушілерге қойылатын

СҰРАҚТАР (мысалдар)

Үйренушілерге берілетін ТАПСЫРМАЛАР

Таным мен ойлау деңгейі

Т

Ү

С

I

Н

У

Мәлiметтердi басқа таныс жүйеге ауыстыру, оларды түрлендiру; есте сақталған мағлұматты басқаларға жеткiзу жолдарын айқындау. Ұқсастықтарды анықтау, айырмашылық жасау мен салыстыру, нәтиженi суреттеу.

«Түсіну» ұғымын төрт топқа бөлуге болады:

1. Түсiндiрме (интерпретация) - негiзгi идеяларды және олардың өзара байланыстарын анықтау: ”Қалай? Нелiктен?” сұрақтарына жауап іздену, ”Салыстырыңыздар”, ”Айырмашылығын көрсетiңiздер” тапсырмаларын орындау.

2. Аударма (трансформация) - мағынасын сақтай отырып, идеяларды таныс жүйеге, формаға ауыстыру: формуланы сөзбен айтып беру, графиктi оқып беру, суреттi түсiндiру, мәліметті өз сөзiмен мазмұндау.

3. Мысалдар - мәлiметтi, ойды дұрыс түсiнгендiктi көрсетедi.

4. Анықтамалар – атау немесе түсiнiктiң мағынасын өз сөзiмен жеткiзу, таныс және түсiнiктi сөздермен анықтамаларды тұжырымдау (анықтамалар жаттанды немесе оқулықта келтірілгендерді қайталамауы керек).

1. Түсiндiрме: Х пен У арасындағы айырмашылық қандай?

- А мен Б-ны салыстырыңыздар.

2. Аударма: Түсiнгенiңiздi өз сөзiңiзбен айтып беріңіз;

- Зерттеудi кесте (диаграмма, схема, сурет) жүзiнде көрсетiп, қысқаша мазмұндап берiңiз.

3. Мысалдар: Тақырып (анықтама) бойынша мысал келтiрiңiздер (оқулықтан тыс).

4. Анықтамалар: 3-сынып оқушысына түсiнiктi болатындай етіп проблеманың анықтамасын берiңiз;

- Осы атауды өз сөзiңiзбен түсiндiрiп берiңiз.

Аудару, сөзбен қайта құрастыру, сипаттау, анықтау, түсіндіру, жеткізу, ерекшелігін анықтау, өз орнына қою, әңгімелеу, мәлімдеу, салыстыру, айырмашылығын көрсету, ұқсастықтарын келтіру, графикті оқып беру, суретті түсіндіру, мысал келтіру, өз сөзімен айту, анықтаманы тұжырымдау

Орта


3. Қолдану

Бұл категория оқу материалын нақты

жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда

қолдануды меңзейді.

Мұнда ережелерді, әдістерді,

ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды,

теорияларды практикалық тұрғыдан

қолдану кіреді.

Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне

қарағанда материалды тереңірек

игеруді талап етеді.

Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне

негізделген сабақ жоспары

3. Қолдану

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Оқушылардың алған білімін өмірде қолдануға үйрету үшін тапсырырмалар береді.

Дидактикалық құралдармен қамтамасыз етеді.

Мысалы: Қатемді тап, тақырыпқа сай сөйлем құра, проблемалық

ситуация т.б.

Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, проблеманы шешу.

Кітаппен жұмыс.

Ғылымда білімді

қабылдау мен қолдануды

5 деңгейге бөледі.

Методикалық

деңгей

Шәкірт:
  • ұғымдар мен қағидаларды

  • жаңа жағдайларда

    қолданады;


  • заңдар мен теорияларды

  • практикалық тұрғыдан нақты

    ситуацияларда қолданады;
  • әдіс немесе жұмыс ретін

  • дұрыс қолданатындығын

    көрсетеді.

Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі

Таным мен ойлау түрі

МАЗМҰНЫ

Үйренушілерге қойылатын

СҰРАҚТАР (мысалдар)

Үйренушілерге берілетін ТАПСЫРМАЛАР

Таным мен ойлау деңгейі

Қ

О

Л

Д

А

Н

У

Белгiлi бiр проблеманы шешу үшiн мәлiметтi қолдану немесе iске асыру. Шәкірт ұстаздың көмегiнсiз таныс емес проблеманы өзiнше шешуi керек.

Педагог тек шешiмге емес, шешу процесiнiң барысына да назар салуы керек, өйткенi шешу жолы шешiмнiң өзiнен де маңызды болуы мүмкiн.

- Қалай қолдануға болады?

- Жасап көрсе қалай болады?

- Не бiлгiңіз келедi?

- Егер былай/ олай жасаса (былай/ олай болса), нәтижесі қандай болар еді?

- Мына мәселені қалай шешуге болады, егер анауды қолдансақ?

Интерпретациялау, қолдану, бір нәрсеге тіркеу, пайдалану, көрсетіп беру (жұмыс ретін, қағидасын), ережесін сақтап орындау, рөлді орындау, рөлдерге бөліп ойнау, практикада қолдану, сахналау, иллюстрацииялау, идеяларға жүгіну, жазып көрсету, реттеу, нобайын салу

Орта


4. Талдау









Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны

құрамдас бөліктерге бөлу:
  • Бүтіннің бөліктерін ажырату;
  • Бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара

  • байланыстарды анықтау;
  • Бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну.

  • Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен

    қатар оның ішкі құрылысы қалайша құралатындығын

    білуді меңзейді.





Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне

негізделген сабақ жоспары.

4.Талдау (Анализ)

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Оқушыларды топтарға бөле отырып, тақырыптағы негізгі түйінді табуға бағыт беру. Ерекшеліктерді, негізгі қасиеттерді анықтату.

Топтық талқыға салады, ойланады.

Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады. Ізденеді.

Ғылымда білімді

қабылдау мен қолдануды

5 деңгейге бөледі.

Технологиялық

деңгей

Шәкірт:

жасырын (көзге көрінбейтін)

жайттарды ашады;

ойдың өрбуінен қателер

мен олқылықтарды айқындайды;

фактілер мен олардың салдарының

арасын ажыратады;

ұсынылған фактілердің

маңыздылығын айқындайды.

Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі

Таным мен ойлау түрі

МАЗМҰНЫ

Үйренушілерге қойылатын

СҰРАҚТАР (мысалдар)

Үйренушілерге берілетін ТАПСЫРМАЛАР

Таным мен ойлау деңгейі

Т

А

Л

Д

А

У



н

а

л

и

з)

Зерттеу нысанының құрылымын анықтау мақсатымен оны құрамдас бөлiктерге жiктеу. Үйренуші әртүрлi бөлiктердiң қалайша жұмыс iстейтiндiгiн және нәтижеге қалай жеткiзетiндiгiн анықтайды, түсiндiредi.

Түсiнуден талдау мәлiметтi терең өңдеумен, жан-жақты игерумен ерекшеленедi.

Талдаудың түрлерi:

1. Негiзiн тану - құрамдас бөлiктерге жiктеу (мәлiметтiң негiзгi түсiнiктерi арасындағы қатынастарды көрсету үшiн оқушылар оның шеңберiнен шығуы керек), айтылған ойды дамыту.

2. Астарлы мағынаны ажырату /Подтекст/ - екi тұжырымның қатынасын көрсетудi талап етедi (тура көрсетiлмеген шешiмдер, ассоциациялар, себеп-салдар келтiрiлуi мүмкiн).

3. Мотивация - себептердi айқындау. Оқушы тура және жасырын (астарлы) мағына мен әрекеттердi танып, өз ойларын дәлелдер арқылы қорғауы керек.

1. Негiзiн тану

- Бөлімдердің өзара айырмашылықтарын келтiрiңiз/ салыстырыңыз.

- Қалайша жіктеуге (классификациялауға) болады?

2. Астарлы мағына

-Мына мәселенің (тақырып, ақпарат, теорема, анықтама, т.б.) мәнi қандай?

- Мынаны қалай түсiнесiз?

- Егер мынандай болса, онда қалай болады?

3. Мотивация

- Мына мәселенің (тақырып, ақпарат, теорема, анықтама, т.б.) себебi мен салдары қандай?

- Мынау нелiктен дәл осындай, басқаша емес?

Бөліп шығару, талдау, бөлу, ретін дәлелдеу, санап шығару, тәжірибе жасау, тестілеу, салыстыру, қарама-қарсы қою, сынау, диаграммамен көрсету, тексеру, талқылау, анықтап сұрау, салыстыру, мәселені шешу, жіктеу, сұрыптау, категорияларға бөлу, себеп-салдарын айқындау

Ж

о

ғ

а

р

ғ

ы