Файл: Бенджамин Блум америкалы оыту дістемесіні психологі, Блум таксономиясыны авторы. Пенсильванияда Ленсфорд аласында туылан, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр жне магистр дегейлерімен бітірген,.pptx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 50
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
5. Жинақтау (синтез)
Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттағы бүтінді
(нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын
мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс
жоспары, схемаларды атауға болады.
Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды
жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап
етеді.
Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне
негізделген сабақ жоспары.
5.Жинақтау (синтез)
Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Жеке бөлшектерден немесе шашылған дүниелерден жаңа жасауға көмектесу. Жалқыдан жалпыға бағыттау. | Ойлап табады,байланыстырады, шығарады. Ойын түйіндейді. Проблеманы шешудің өзіндік үлгісін жасайды. |
Ғылымда білімді
қабылдау мен қолдануды
5 деңгейге бөледі.
Зерттеушілік
деңгей
Шәкірт:
Шығармашылық
тұрғыдан шығарма (эссе)
жазады;
Тәжірибе жасаудың
өзіндік жоспарын
ұсынады;
Қандай да болмасын
проблеманы шешу үшін
өз білімдерін
шығармашылықпен
қолданады.
Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі
Таным мен ойлау түрі | МАЗМҰНЫ | Үйренушілерге қойылатын СҰРАҚТАР (мысалдар) | Үйренушілерге берілетін ТАПСЫРМАЛАР | Таным мен ойлау деңгейі |
С И Н Т Е З (ж и н а қ т а у) | Жаңа мазмұн тудыру мақсатымен элементтердi шығармашылықпен бiрiктiру. Болжау, шарттылық, мүмкiндiк ұғымдарын қолданып, өз тәжiрибесi негiзiнде жаңа модель (құрылым) құрастыру. Жұмыс және нәтиже түрлерi: 1. Шығармашылық жанрлар: эссе, шығарма, өлең, шешендiк (ораторлық) сөз, сценарий, компьютерлiк бағдарлама жазу. 2. Жоспар құрастыру немесе тәжiрибе қою, өткiзу: мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру (тәжірибенi жоспарлап, нәтижесiн бақылау). 3. Абстрактылы ұғымдармен негiзделетiн нәтижелер: ғылыми гипотеза (болжау) құрастырып, ұсыну. | - Жаңа мазмұн құрастыру үшін мынаны қалайша өзгертуге (бейімдеуге, құрастыруға) болады? - Жақсарту (ұлғайту, көркейту, дамыту, тереңдету, т.б.) үшін не істеуге болады? - Қалайша біріктіруге болады? - Қандай критерийлер бойынша біріктіруге болады? - Мына мәселені (тақырып, ақпарат, теорема, анықтама, т.б.) дәлелдеу үшін нені біріктіруге болады? | Құрастыру, жоспарлау, ұсыну, жасау, сөзбен құрастыру, жазу, ретімен қою, жинақтау, өзгерту, шығармашылықпен орындау, ұйымдастыру, дайындау, жасап беру | Ж о ғ а р ғ ы |
6. Бағалау
Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы
өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру, таңдау жасап,
шешім қабылдау. Мұнда шәкірттің пайымдаулары
нақты дәлелдерге негізделуі керек:
- ішкі – құрылымдық, логикалық тұрғыдан;
- сыртқы – алдына қойылған мақсаттарға сәйкестігі
тұрғысынан.
Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижеле-
ріне қол жеткізуді меңзейді.
Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне
негізделген сабақ жоспары.
6. Бағалау
Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Материалдың өзі үшін керектігін,құндылығын, керекті- сін анықтау, пайымдауға бағыт беру. Идеялар алмасу, пікір айту. Өзіне керектісін таңдау. | Бағалайды,талқылайды. Өз пікірін айтады. |
Мен ойлаймын, яғни мен өмір сүріп жатырмын.
Шәкірт:
- оқу материалы
құрылымының
логикасын
жазбаша түрде
бағалайды;
- жасалған
шешімдер мен
қорытындылардың
берілген фактілерге
сәйкестігін
анықтайды.
- ішкі немесе сыртқы
критерийлерге
сүйеніп, оқу
материалының
маңыздылығын
айқындайды;
Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі
Таным мен ойлау түрі | МАЗМҰНЫ | Үйренушілерге қойылатын СҰРАҚТАР (мысалдар) | Үйренушілерге берілетін ТАПСЫРМАЛАР | Таным мен ойлау деңгейі |
Б А Ғ А Л А У | Даулы және пiкiрталас туғызатын мәселелер бойынша шешiм қабылдап, оны дәлелдеу. Оқушылар өз ойларын, идеяларын, пайымдауларын мазмұндап, оларды негiздеуi қажет. Бұл деңгейде олар өз позицияларын нақтылық, логикалық жүйелiлiк, дәйектiлiкке негіздеуі қажет. | - Сiздiң ойыңызша бұл дұрыс/бұрыс, маңызды ма/емес пе? - Мұны жақтайсыз (немесе оған қарсысыз) ба? - Былай (немесе олай) жасаса, дұрыс бола ма? -Мұның жағымды/жағымсыз, оң/сол, ұтымды/ұтымсыз жақтары қандай? | Тиянақтау, салмақтау, бағалау, рейтингілеу, салыстыру, қайта қарастыру, рет-ретімен қою, сұрыптау, таңдау, өлшеу, жазу, жақтап не жоққа шығаратын дәлелдер келтіру, шешім қабылдау | Ж о ғ а р ғ ы |
Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне негізделген сабақ жоспарының маңызы
Мұғалімнің шығармашылығын жүзеге асыруына тірек болатын төмендегі жүйелерін дамытады:
- Шығармашылық әрекет;
- Проблеманы көре білу;
- Болжай білу;
- Жаңашылдықты ендіру;
- Өз жұмысының бағдарламасын жасау;
- Рефлексиялай алу;
- Шығармашылық ойды іске асыру үшін
идеяларды тудыра алу.
Сұрақтар
Ойлау деңгейі | Сұрақтар үлгілері |
Білу және түсіну | |
Қолдану | |
Талдау | |
Жинақтау | |
Бағалау |
Сұрақтар
Ойлау деңгейі | Сұрақтар үлгілері |
Білу және түсіну | Не? Кім? Қашан? Не …. үлгісі болып табылады? …. не тұспалданады? …. басқаша қалай түсіндіруге болады? …. бұл үлгі боп табыла ма? Мен мұны өз сөзіммен сипаттай алам ба? |
Қолдану | Бұл қалай пайдаланылады? Бұл немен байланысты? … қандай жағдайларда? |
Талдау | Неге? Қалай? …. себебі не болып табылады? Қорытынды үшін не нәрсе дәлел? ...себебі қандай? …бір-бірімен қалай үйлеседі? |
Жинақтау | Егер бұл іске асатын болса, осыдан кейін не болады? Теорияның болжамы іске аса ма? Алынған ақпарат негізінде қандай қорытынды жасадым? Бұл онымен қалай байланысты? |
Бағалау | Бұл жақсы ма және неліктен? Бұл қисынды ма және не себепті? |
Тапсырмалар
Білу | 1-2 ұпай | |
Түсіну | 3-4 ұпай | |
Қолдану | 5-6 ұпай | |
Талдау | 7-8 ұпай | |
Топтау | 9-10 ұпай | |
Білімді бағалау | 11-12 ұпай |
Тапсырмалар
Білу | Қай жылы болды? Қайда болды? Қалай болды? Формуласын жазыңыз. Атап көрсетіңіз. | 1-2 ұпай |
Түсіну | Сөйлемді аяқтаңыз. Не білдіңіз? Неліктен? Сөйлемді өзгертіңіз. Өзара байланысын түсіндіріңіз. Өз сөзіңізбен айтыңыз. | 3-4 ұпай |
Қолдану | Бірнеше тәсілмен шешіңіз. Құбылыстың негізін түсіндіріңіз. Жорамалды тексеріңіз. Қорытынды жасаңыз. | 5-6 ұпай |
Талдау | Құрылымы қандай? Топтастырыңыз. Салдары не? Салыстырыңыз. Бөліктерге бөліңіз. Себебін талдаңыз. | 7-8 ұпай |
Топтау | Өз шешеміңізді көрсетіңіз. Алгоритм ұсыныңыз. Баламасын табыңыз. Бөліктерден құраңыз. Жүйелеңіз. Зерттеңіз. | 9-10 ұпай |
Білімді бағалау | Қосынды ойды бағалаңыз. Жетістіктерін атаңыз. Өлшемдерін көрсетіңіз. Сәйкестігі қандай? Қаншалықты дұрыс? Өз ойыңыз? | 11-12 ұпай |
1-2.Пәндер бойынша тапсырма түрлері
- 1.Білу
- 1. Зат есімге анықтама беріңіз.
- 2. Әрекет мәні әңгіменің қай жерінде айқындалады?
- 3. Тіршілік иелерін қандай екі категорияға жіктеуге болады?
- 4. (9-177)/21+8 өрнегінің мәнін табыңыз.
- 5. ҚР парламентінің негізгі палаталарын атаңыз.
- 2.Түсіну
- 1. Иллюстрациядағы эпизодтан кейін роман кейіпкеріне не болғанын әңгімелеңіз.
- 2. ХХ ғ.ғ басы, ортасы, аяғында Германияда болған оқиғалар туралы үш сурет салыңыз.
- 3. Параграф мазмұнын өз сөзіңізбен қысқаша айтып беріңіз.
- 4. Президент міндеттерін сипаттайтын 2-3 беттік шығарма жазыңыз.
- 5. Неліктен географиялық карталарда таңбалар қолданылады?
3-4. Пәндер бойынша тапсырма түрлері
- 3.Қолдану
- 1. Берілген сөздің әрбірін қолданып сөйлем құрастырыңыз.
- 2. Картадағы белгілерді пайдаланып, қаладағы үш ескерткішке бару маршрутын жаса.
- 3. Өздерiңiз оқитын сыныптың ауданын табыңыздар.
- 4. Әңгіменің толық оқып болған соң, оның немен аяқталатынын табыңыз.
- 5. Игерілген ылғалдылықты анықтау тәсілін қолданатын үш жағдайды
- 4.Талдау
- 1. Бұл оқиғалардың қайсысы шын мәнінде болған, қайсылары жалған?
- 2. Азамат соғысы мен ауған соғысынан кейiнгi жағдайлар ұқсастығы.
- 3. Бұл коллекциядағы минералдарды үш белгі бойынша бөліңіз.
- 4. Талқыланған мақаладан үш дерек пен үш пiкiр табыңыз.
- 5. Жәндiктердi сипаттамасы бойынша қай тұқымдасқа жататынын анықтаңыз.
көрсетіңіз.
5-6.Пәндер бойынша тапсырма түрлері
- 5.Жинақтау (синтез)
- 1.15 географиялық элемент арқылы қиялдағы елдi картаға түсiрiңiз.
- 2. И.Тургеневтiң «Му-му» әңгiмесiн иттiң тұрғысынан жазыңыз.
- 3. Эксперимент нәтижелерiн ескере отырып, себептерiне болжам жасаңыз.
- 4. Болған оқиға туралы мәлiметтердi фельетон түрiнде жазыңыз.
- 5. Мектеп ауласын көгалдандырудың әр түрлi жолдарын көрсетiңiз.
- 6.Салыстырмалы бағалау
- 1. Қала әкiмiне кандидаттардың бәрi жоғары бiлiмдi болуы тиiс пе?
- 2. Поэманың екi басты кейiпкерiн салыстырыңыз.
- 3. Қазiргi заманда оқушыларға ауызша есептеу дағдылары керек пе?
- 4. Әдiлетсiздiктi түзеу үшiн күш қолдану қажет пе? Пiкiрiңiздi дәлелдеңiз.
- 5. Зерттелгендердiң iшiнен қай орта сiз үшiн өмiр сүруге қолайлы? Нелiктен?
- http://adister.weebly.com
- http://ppt-online.org
- https://www.metod-kopilka.ru/tzhiribe-almasu-tairibi-blum-taksonomiyasi-sapali-oitudi-tiimdi-zholi-68325.html
Пайдаланған әдебиеттер:
Назарларыңызға
рахмет!!!