Файл: Мк003013 ожа ахмет ясауи атындаы халыаралы азаТрік университеті медицина факультеті.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 176
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ф-МК-003/013
«БЕКІТЕМІН»
Медицина факультетінің
деканы, м.ғ.д.,профессор
____________ Ы.С. Молдалиев
« ____» ________ 2022 ж.
«Медициналық этика және коммуникативті дағдылар» пәні бойыншаСИЛЛАБУСПән коды: MEKD 4223Мамандық: 6В10155 - «Жалпы медицина»Оқу кредитінің көлемі: 5Академиялық кредит/сағат: 5/150Тәжірибелік сабақ:2,0/60ОБӨЖ:1,5/45БӨЖ: 1,5/45Курсы: 4Оқу семестрі: VІІ-VІІІ Емтихан: VІІ-VІІІТүркістан, 2022«Медициналық этика және коммуникативті дағдылар» пәнінің силлабусы университеттің академиялық комитетінде №9 хаттама «08» 05.2019 жылы бекітілген Білім беру бағдарламасы негізінде және ҚР ДСМ «Медициналық және фармацевттік жоғары оқу орындарының және университеттердегі медицина факультеттерінің кафедраларында оқу-әдістемелік құжаттарды дайындау» бойынша №6 нұсқау хат (№11 хаттама, 14.06.2007 ж.) талаптарына сәйкес дайындалған.Силлабус медицина факультеті «Профилактикалық медицина» кафедрасының мәжілісінде талқыланған. Хаттама №____ "____" _____________ 2022 ж. Кафедра меңгерушісі_________________ м.ғ.д А.К.КуандыковаМедицина факультетінің академиялық комитет Кеңесінде қаралған және мақұлданған.Хаттама №____"____" _____________ 2022 ж. Медицина факультетінің академиялық комитет Кеңесінің төрайымы _____________ Жалпы мәліметтер:1. Оқытушылар туралы мәлімет:1. Жолдас Клара Уәлиханқызы - «Профилактикалық медицина» кафедрасының аға оқытушысы, «Медициналық этика және коммуникативті дағдылар» пәні бойынша цикл жетекшісі, ұстаздық жұмыс стажы- 20жыл.Өнертабыстық ғылыми қызуғушылығы- Дәрігердің кәсіптік қызметіндегі коммуникациялық дағдылардың маңыздылығын жетілдіру.Ғылыми және әдістемелік еңбектері:Ғылыми еңбегі-20Оқу құралы-5Тел ном:-87058975010: Электронды поштасы: k.zholdas@mail.ruБайланысу ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы, Б.Саттарханов к., Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, медицина факультеті, Профилактикалық медицина кафедрасы (2-корпус 4-этаж, ауд. 410). тел. 872533 63636 (ішкі 1313). e-mail: proph.med@mail.ru1.1 Пәннің саясаты: Университеттің «Оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің» 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 20% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.
Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 80%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді. 2 Бағдарлама2.1.Кіріспе.Коммуникативтік дағдылар дипломға дейінгі және кейінгі медициналық оқытудың ажырамайтын бөлігі болып саналады. Ол дәрігер мен пациенттің арасындағы қарым-қатынасты кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді. Оған қоса олардың бір-бірімен ақпараттар алмастырып тиімді шешім алуына ықпалын тигізеді. Дәрігердің өз әріптестерімен және басқа да мамандықтармен бірге отырып медициналық және әлеуметтік көмектерді ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.Этика — адамгершілік туралы және оның әлеуметтік мәні туралы ілім. Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің адамгершілік қасиеттерінде көрініс табуда. Ол медицина қызметкерлерінің ерекшеліктері мен қоғамда алатын орнына байланысты мінез-құлық нормаларын реттейтін қағидалар жиынтығын қамтып, дәрігердің науқастармен және олардың туыстарымен өзара қарым-қатынасын, тән және жан тазалығын қарастырады.Медициналық этиканың құрамдас бөлігі деонтология болып табылады. Бұл жаңа ғылым саласы XIX ғасырдың басында пайда болды (грекше dеоn - тиісті; lоgоs - ғылым, ілім). Деонтология термині қолданысқа енгеніне аса көп болтан жоқ: өткен ғасырдың басында ағылшын философы И. Бентам оны адамның кәсіби мінез-құлқы туралы ғылымның атауы ретінде ауызға алған.Коммуникативтік дағдылар дипломға дейінгі және кейінгі медициналық оқытудың ажырамайтын бөлігі болып саналады .Ол дәрігер мен пациенттің арасындағы қарым-қатынасты кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді. Оған қоса олардың бір-бірімен ақпараттар алмастырып тиімді шешім алуына ықпалын тигізеді. Дәрігердің өз әріптестерімен және басқа да мамандықтармен бірге отырып медициналық және әлеуметтік көмектерді ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады, «Медициналық этика және комммуникативтік дағдылар» пәнінің бағдарламасы, дәрігер мен пациенттің, оның отбасының, өз әріптестерімен тиімді қатынас жүргізуге бағытталған негізгі пациенттерге негізделген. Ол аурудың клиникалық ағымын бағалауға пациенттің өз ауруын дұрыс түсініп, дұрыс шешімін қабылдап,ойындағы қорытындыны керекті бағытта болатынына көз жеткізеді. Дәрігер мен пациенттің тиімді ара қатынасы тағайындалған тексерулер мен емнің дұрыстығына және комплайнске (пациенттің қанағаттануына) жол беріп, денсаулығының жөнделуіне әсер етеді Дәрігердің коммуникативті біліктілігіне басқа өзімен бірге жұмыс істей жүрген әріптестеріменде жақсарып, бүкіл мамандардың құрамында тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Комммуникативті біліктілік ара қатынастық дағдының үнемі және үздіксіз дамуын керек етеді. Оған ол бұрыннан білетін дағдылардың одан әрі өсуімен кәсіби қызметін жақсартады.Пәннің негізгі оқытатын объектісі, дәрігерлердің өзінің кәсіби мамандығындағы ара қатынастың түрлерін игеруді, пациенттің, олардың туысқандарымен ара қатынасының тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталады. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 6В10155 Жалпы медицина білім беру бағдарламасының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзіреттіліктердің дамуына бағытталған:
| Құзыреттер (Қ) | Білім беру бағдарламасының оқыту нәтижелері (ББ ОН): |
| Б2. Коммуникатор | Медициналық этика және деонтология принциптерін сақтай отырып, балалар мен ересектердің психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, медициналық практикада коммуникативтік дағдыларды игергендігін көрсетеді. (ОН5) |
| Пациенттермен/отбасылармен және әріптестерімен өзара іс-қимылда айқын, тиімді кәсіби байланыс пен рефлексия көрсетеді; командада жұмыс жасауға қабілетті. (ОН6) |
-
әртүрлі аурулармен тиімді коммуникативті дағдыларды жетілдіру; -
өзінің әріптестерімен бір командада және орта,кіші медицина қызметкерлерімен жұмыс істеуді дамыту мен қалыптастыру; -
емге көнбейтін науқастармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру және дамыту; -
өз біліктілігін көтеруге бағытталған ара қатынасын ынталандыруға қалыптастыру;
| Білім алу деңгейі | Рөлдермен берілген Құзіреттіліктер | Оқытудың соңғы нәтижелері (бағалау әдісі) |
| Б2. | Коммуникатор | Білім (когнитивті) домені: Есте сақтайды: медициналық этика туралы ұғымды ; Түсінеді: медициналық білім берудегі жаңа бағыттарды; Қолданады: науқаспен қатынастың вербальды және вербальды емес түрлерін; Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: «науқаспен» тиімді медициналық сұхбаттасуды құрастыру және жүргізуді дәлділікпен орындайды; Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді: коммуникациялық дағдылар принциптерінің құндылыктарын үлестіреді. |
Оқудың соңғы нәтижесін талдау:Студент білуі тиісті:
-
әріптестермен, науқастар және олардың туысқандарымен тиімді қатынас орнату принциптерін; -
дәрігердің кәсіби қызметінде қолданатын қарым-қатынастар түрлерін; -
медициналық сұхбаттасу құрудың құрылымын; -
дәрігермен науқастың тиімді қатынасына кедергі келтіретін бөгеттерді; -
қиынжағдайларда дәрігер мен науқас арасында тиімді қатынас орнату әдістерін; -
дәрігер тұлғасына қойылатын негізгі талаптарды; -
дәрігердің кәсіби қызметінде коммуникациялық дағдыларды үнемі жетілдіріп отырудың маңыздылығы. -
медициналық этика түсінігін, медициналық этиканьщ негізгі принциптерін; -
дәрігермен науқас, олардың туысқандары, әріптестерімен қарым- қатьшастың негізгі этикалық принциптерін; -
науқастардың мәдени, діни және әлеуметтік айырмашылықтары және оларға байланысты этикалық сұрақтар мен мәселелер түсінігін; -
дәрігердің кәсіби қызметінде науқастың құқықтары және оны сақтаудың маңыздылығың; өлім және реанимацияның этикалық жақтары; қайғылы жаңалыкты хабарлаудың негізгі принциптерін; -
«ятрогениялар», «ятрогенді аурулар» және дәрігерлік қателіктер туралы түсініктерді.
-
науқастармен және олардың туыстарымен тиімді қарым-қатынас орнату принциптерін қолдануды; -
науқасқа бағытталған медициналық сұхбаттасудың сәйкес үлгісін
таңдап қолдануды; -
науқаспен сөйлесуде өзара түсінушілік және сенімділік қатынасын
орнатуды; -
науқастың дәрігерге қаралу себептерін аныктауды; -
мәселелік сұрақтарды айкындауды; -
науқасты муқият тыңдау және оның сауалдарына анық жауап беруді; -
науқаспен қатынастың вербальды және вербальды емес түрлерін
қолдануды; -
медициналық сұхбаттасу кезінде ашық және жабық түрдегі
сұрақтарды қолдануды; -
науқаспен және оның туыстарымен тиімді қатынас орнатуды; -
науқасқа ақпаратты түсінікті етіп жеткізуді; -
қайғылы жаңалыктарды науқасқа қолайлы турде жеткізуді; -
дәрігер мен науқас, олардың туысқандарымен, әріптестерімен,
денсаулық сақтау саласының мамандарымен қатынасу барысында
-
науқаспен оның жанұя мүшелерімен қатынасу кезінде мейірімділік,
қамқорлық, жанашырлық көрсетуді; -
науқастың қауіпсіздігіне, комфортты жайына және жеке өміріне
сыйластық білдіріп назар аударуды; -
медициналық сұхбаттасу құпиясының принциптерін сақтауды; -
науқас куқыктарын сақтауды; -
дәрігер шешімінің науқас денсаулығына зор әсер ететіндігін ұғынуды; -
дәрігердің кәсіптік қызметіндегі коммуникациялық дағдылар сапасын
үздіксіз жетілдірудің маңыздылығын түсінуді.
-
«науқаспен» тиімді медициналық сұхбаттасуды құрастыру және
-
«дәрігер» мен «науқастың», «науқастың туысқандары» мен
-
медициналық сұхбаттасу соңында «науқас» жөніңде мәліметтерді
-
науқастар және олардың туысқандарымен, әріптестерімен, денсаулық сақтау саласының мамандарымен қатынастың этикалық принциптерін сақтау.
-
Медициналық этика: анықтамасы, ұғымы мен негізгі принциптері. -
Коммуникативті біліктілікті жетілдіру. -
Пациенттің құқығы туралы ұғым. -
Өлу, қайта тірілу мен өлімнің этикалық проблемалары. Жазылмайтын науқастар, паллиативті күтім, эвтаназия туралы ұғым, дәрігердің тактикасы. -
Дәрігердің жеке жұмысында және кәсіби мамандығына әсер ететін факторлар. -
Ятрогениялар, дәрігерлік қателіктер. -
Конфликтология туралы ұғым.
-
Тиімді қарым-қатынастың жалпы принциптері -
Дәрігер мен науқастың тиімді қарым-қатынасына кедергі келтіретін бөгеттер -
Медициналық сұхбаттасу: түсініктеме, негізгі принциптері, құрылымы. «Дәрігер мен науқас» арасындағы қарым-қатынас құрудағы негізгі үлгілер -
Науқастың психологиясы -
Дәрігер тұлғасы. Дәрігер тұлғасына психологиялық талаптар