ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 38
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану факультеті
Математика кафедрасы
БӨЖ
Пәні: Көшбасшылық теориялары
Тақырып: Білім берудегі көшбасшылық
Орындаған: Әлшері Ұ.
Тобы: ЖМК-111
Қабылдаған: Алиханова Б.
Түркістан – 2023
Жоспары:
-
Мұғалімнің көшбасшылық қасиеттері -
Мұғалімнің көшбасшылық өсуінің сатылары -
Көшбасшылық қасиеттерін дамытуға арналған жаттығулар мен метафоралар -
Көшбасшылық қасиеттерін дамытуға арналған жаттығулар мен метафоралар -
Оқытуды басқару және көшбасшылық -
Басшылық жасау және көшбасшылық -
Шығармашылық және көшбасшылық қабілеттерді тәрбиелеу -
Қазақстандағы көшбасшылық теориясы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Мұғалімнің көшбасшылық қасиеттері
Мұғалімнің көшбасшылық қасиеттері, көшбасшының қасиеттері өте көп соның ішінде негізгі қасиеттері мыналар;
Салмақтылық. Өзін ұстай алмайтын, тез ашуланатын көшбасшы басқаларды тығырыққа тіреуі мүмкін. Сондықтан ол әрдайым сабырлы, салмақты болуы тиіс.
Өзін көрсете білу. Алдына қойған мақсатына жетуге деген құштарлық. Ол алдына үлкен мақсаттар қойып, оған жете білу керек.
Дұрыс шешім қабылдау. Ол ситуацияға жылдам баға беріп, қиын мәселенің шешімін дұрыс табады, дұрыс шешім қабылдайды. Өзін де, басқаны да табысқа жеткізетін мүмкіндіктерді қалт жібермейді.
2. Мұғалімнің көшбасшылық өсуінің сатылары
Әрбір мұғалім көшбасшы бола алады. А.К. Тихонов көшбасшылықтың дамуын пирамида секілді сатыларға бөліп тізіп көрсетті. Тихоновтың тізбегі үшін көшбасшылық
Ішкі көшбасшылық. Мұғалім көшбасшының бұл сатысы көшбасшылық құзыретін дамытудың базалық кезеңі. Мұғалім ең алдымен өзін дайындау керек, өзін – өзіне мотивация беріп, өзін – өзі ынталандыру керек және жауапкершілікті өз мойнына ала білу керек жағдайды өз бақылауында ұстай алу керек. Мұғалімнің бұл сатысын оқушылармен қарым – қатынасынан байқай аламыз.
Жағдаяттық көшбасшылық. Бұл сатыдағы мұғалім көшбасшы кез – келген жағдайлық ситуатцияға дайын бола білетін болуы керек. Өзі жүрген ортада қандай жағдай, қандай да бір іс шара болар кезде көптің ішінен сытылып мен дей алу керек.
Топтық немесе тактикалық көшбасшылық. Бұл сатыда топ арасында өзін көрсетіп, топ мүшелерін өзімен қоса алып жүретін кез келген жағдайда мойымай топпен бірлесіп жоспар құрып мақсат етіп соған ұмтыла білетін көшбасшы.
Жүйелі немесе стратегиялық көшбасшылық. Жүйелік немесе стратегиялық көшбасшы бір сөзбен айтқанда көшбасшылардың көшбасшысығ, яғни ол нақты бір жоспар құрып, болашақты айқындай білетін, стратегиялық мақсаттар қоятын және дамудың болашақтағы жоспарын құра алатын көшбасшы.
Жаңалық шығарушы көшбасшылық. Нарықта және білім саласында бірінші болуға ұмтылатын, барлық жүйеге өз ережесін кіріктіретін көшбаасшы. Мұғалім үшін бұл – білім беруде бірінші болу және Қазақстандағы білім жүйесіне ықпал етуге қабілетті болу.
Пирамиданың әр бір сатысы бірін бірімен тығыз байланысты. Әр бір нағыз көшбасшы сол пирамиданың әр сатысын өз кезегімен басып өту керек. Сонда ғана нағыз көшбасшы бола алады.
3. Көшбасшылық қасиеттерін дамытуға арналған жаттығулар мен метафоралар
Бұл жаттығулар О.В.Евтиховтың «Көшбасшылық тренингтерінен» , М.Кипнистің «Өз соңынан адамдарды тартуға жаттықтыру, көшбасшы, «мотор» және құлшындырғыш болу. Басқару қабілетін дамытуға арналған 68 үздік ойындар және жаттығулар» кітабынан , О.Н.Рудякованың «Жоғары сыныптағылармен психологиялық түзету жұмысы: тренингтерінен» , Н.П. Фетискина және т.б. «Тұлға дамуының және кіші топтың әлеуметтік-психологиялық диагностикасынан» кіріктірілді. Жаттығулар мұғалімдердің көшбасшылық қасиеттерін дамытудан бөлек, олардың оқуға деген ынтасын арттырады, сабақта жағымды оқу ортасы мен жағымды психологиялық ахуалын, белсенді әрекетін туғызады.
«Газетті тарту» жаттығуы. Орындалу уақыты 10 минут, бұл жаттығуды екі адамнан бірлесіп ойнайды. Екі қарсылас адамдарға тігінен оралған газет беріп, аралары 1 метрдей арақашықтықта тұрады. Екі қарсылас екі жақтап тартып бірін – бірінің тепе – теңдіктен шығаруға тырысады. Алайда екі жақтан жұмсалатын күш газетті жыртып жібермеуі керек.
Ойын кезінде талқылауға екі сұрақ қойылады;
Талқылау: • Осы жаттығудан кейін сіз қандай сезімдер сезінесіздер? • Бақыланған қандай жағдайлармен бөліскіңіз келеді?
Осы ойынан кейін мұғалімдерді бұл газет байланыстырады деген ойға алып келеді. Байланыс үзілсе алдағы ынтымақтастықта мүмкіндігі жоғалады. Олар өзара әрекеттері конструктивті болуы үшін, көшбасшыға әріптестерімен қарымқатынасын қалыпты ұстай білуі қажеттігі туралы қорытынды жасайды. Егер қатысушылар мұндай қорытындыға келмесе, онда тренер өзі қорытынды жасаған жөн. Бұл жаттығуды сабақтың басында жүргізуге болады, қатысушылар саны шектелмейді.
Дәл осындай көшбасшылықты дамытудың көптеген түрлері бар. Олар; «Күйме», «Ассертивті мінез-құлық тәжірибесі», «Мен ... таңдаймын», «Сенің жағымды жақтарың – бұл...» және тағыда басқа осындай жаттығу түрлері бар.
4. Көшбасшылық қасиеттерін дамытуға арналған жаттығулар мен метафоралар
Ал көшбасшылық қасиеттерін дамытуға арналған метафоралар. Метафора – басқаны астарлы меңзеп, терминдер арқылы сипатталғанға жаңа кейіп берілетін хабарлама ретінде қарастырады. Метафора бір нәрсені ұғындыру, жеткізудің астарлы тәсілі болып табылады. Қиын, даулы жағдайларда қысымды төмендетеді, ал сәтті метафорада барыншы түсінікті бейне жасап, мәселені шешуге ынталандырып, болашақты айқындауға апарады. Сол көшбасшылық қасиеттерін дамытудағы метафоралар «Уақытты басқару», «Тауықтың білімі», «Кері байланыстың маңызы». Метафоралардың бірі «Уақытты басқару» метафорасы:
Әртүрлі жағынан бірнеше рет жиналатын жиналмалы сызғыш.
– Қараңыз, бұл 70 сантиметрлі сызғыш. Орта есеппен адам 70 жыл өмір сүреді. Сонымен бұл сызғыштағы – сызық сіздің өмір жолыңыз. Сізде орта есеппен айтқанда 30 жас (алғашқы 30 см қоямыз), сіз 60 жасқа дейін жұмыс істейсіз (соңғы 10 см қоямыз). Сізде 30 сантиметр ғана қалады. Сіз мұны көп деп ойлайсыз ба? Мен бұлай санамаймын...Ұйқыға, тамаққа және жолға кететін уақытты алып тастаймыз... Сізде қанша қалады? Өз уақытымызды не үшін босқа кетіреміз?
Аталған метафора белсенді іс – әрекетке мұғалімдердің ынтасын арттырып, оларды уақыттарын қалай кетіретінін ойлануына мүмкіндік береді.
Мұғалімдердің метафораны тыңдап болғаннан кейінгі талқылауы мұғалім – көшбасшы өзінің әрбір минутын бағалап, уақытты пайдалы нәрсеге жұмсауы тиіс, өзімен жұмыс жасау мен өзін ынталандыру қажет, уақытты басқаруды үйренуін керек деген қорытындыға әкеледі.
Егер мұғалімдерде жалқаулық пен ынтаның төмендеуін байқасаңыз, келтірілген метафораны біліктілігін арттыру курсындағы кез – келген сабақтың басында қолдануға болады. Сонымен бірге мұны «Уақытты тиімді жоспарлау» тренингінде қолдануды ұсынамыз.
5. Оқытуды басқару және көшбасшылық
Бұған дейін «оқудағы көшбасшылық» ұғымының мәні зияткерлік оқудың стандарттарымен салыстырылатын жоғары нәтижелерге қол жеткізу мақсатындағы көшбасшылықпен теңестірілетін (Hay-McBer, 2004). Қазіргі кезде оқу үдерісі анағұрлым терең түсініледі (West-Burnham, 2009, Harris 2009), ол зияткерлік жетістіктерге байланысты және тек қана нәтижелерді бағалау мен танымдық стандарттарды күрделендірумен шектеліп қала алмайды. Бүгінде «Оқудағы көшбасшылық» – оқушының эмоционалдық – өнегелілік сауаттылығы, эмоционалдық – қалыпты оқуы және жан – жақты дамуы; бұл жердегі ең маңызды мәселе – оқыту сапасын арттыру басымдығы.
Оқуға бағытталған көшбасшылық жоғары сапалы білім берілуіне қол жеткізу мақсатында оқу үдерісіне және оқушылардың, сондай-ақ мұғалімдердің, қызметкерлердің нәтижелеріне бағдарланған. Көшбасшы – мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісін бақылау, нәтижелерді пайдалану, мұғалімдердің мықты жақтарын анықтап, олардың қажеттіліктерін білу, оқушылар топтары мен мектептің құрылымдық бөлімшелері үшін басымдықтарды белгілеу арқылы сыныптардың және бүкіл мектептің ішінде не болып жатқанын біліп отырады. Мұндай көшбасшылық барлық деңгейлерде қажет, себебі мектептегі көшбасшылық идеясын іске асыру маңызды екенін естен шығармай, оқуға бағытталған көшбасшылықты таратып дамытуға басымдық беру қажет.
Макбеттің (2004) зерттеуінде бөлінген көшбасшылық дамып жатқан үдеріс ретінде қарастырылып, ғалым оның алты түрін атап көрсетеді:
Жай бөлініс: қызметкерлердің өздері үшін белгіленген рөлдер/лауазымдық нұсқаулар шегінде жұмыс істеуінен күтілетін нәтижені меңзейді. Жай бөлініс үдерісінің барлық қызметкерлер үшін жоғары дәрежелі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде артықшылығы мол. Мұндай ортадағылар өздерінің қайда екенін біледі. Жай бөлініс батыл, түбегейлі өзгеріс енгізу үшін қажетті талап болуы мүмкін.
Прагматикалық бөлініс: Бұл тәсіл болып жатқан оқиғаларға сәйкес әрекет етуді білдіреді және мектепке сырттан жасалатын, күн сайын күшейіп жатқан қысымға байланысты өзгеріп отыратын жұмыс жүктемесін қамтиды.
Стратегиялық бөлініс: Мектепті жетілдіруге бағытталған нақты мақсатқа бағытталу – стратегиялық бөліністің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Бұл бөліністі біз, мысалы, мұқият ойластырылған кадрлық тағайындаулардан көре аламыз, ол жағдайда олар жеке шеберлігі тұрғысынан емес, негізінен олардың мектептегі көшбасшылықты дамытуға қосқан үлесі тұрғысынан қарастырылады.
Кезеңдік бөлініс: Бұл тәсіл прагматикалық жағдаяттық сипатпен қоса, басым бөлігінде кәсіби дамуға бағдарланған стратегиялық сипатқа да ие. Себебі өздеріне көшбасшылық тән екендігін көрсете алған мұғалімдерге жауапкершілік те көп жүктеледі. Мұғалімдер өздерінің көшбасшылыққа қабілетті екендігін қаншалықты дәлелдей алса, оларға жүктелетін жауапкершіліктің мөлшері де соншалықты арта бермек.
Бастамашылық бөлініс: Мұндай бөлініс кезінде көшбасшылық мұғалімдерге бөлініп берілмейді, яғни көшбасшыны тағайындамайды, мұғалімдер өздері қабылдайды, сондықтан оны жоспарланған тәсілден гөрі, ерікті деп санауға толық негіз бар. Көшбасшылық қабілеттері бар мұғалімдер өз еріктерімен белгілі бір үдерісті жүргізу жауапкершілігін өз мойындарына алып, өздері ықпал ететін аймақ ауқымын кеңейтеді, кейде бұл үдеріс басшылықтың қатысуынсыз да жүріп жатады.
Мәдени бөлініс: Бұл жағдайда «кім» дегеннен гөрі, «не» дегенге баса назар аударылады. Көшбасшылық белгілі бір рөлді орындауда емес, нақты қызмет саласында және жекелеген адамдардың бастамасы бойынша жүргізіледі. Мұғалімдер әріптестерімен бірлесе отырып, бастама білдіреді, оларда ешқандай басшы, жетекші деген болмайды. Бұл адам рухының, қайратының көрінісі, мектептің орныққан дәстүрлері, оның жалпы мәдениетінің көрсеткіші десе де болады. Көшбасшылықты бөлудің бұл түрі өзара қарым – қатынастардың төрт түріне байланысты:
Құрметтеу (басқаның пікірін тыңдау және бағалау)
Жеке қарым-қатынас (кәсіби өзара қарым – қатынасты қолдайтын орнықты жеке қарым – қатынас)
Құзыреттілік (басқалармен өзара қарым – қатынас барысында күтілетін нәтижеге қол жеткізе білу)
Адалдық (өзара сенімді және шынайы қарым – қатынас).
Ұжымдық іс – әрекет
6. Басшылық жасау және көшбасшылық
Басқару ғылымында жетекшілік және басшылық деп айыруға болады. Басшылық әрқашан өкіметпен байланысты, басшыларды тағайындайды және олар өкілеттікті қолға алып, ресми түрде әрекет істейді.
Билік әртүрлi түрде қолданады: