ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 39
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1. билік, зорлау негізінде (басшы бағыныштысын дұрыс жұмыс icтeyге мәжбүр етеді)
2. билік, мадақтау негізінде (басшы жақсы жұмысқа ынталандырады)
3. билік, басшының ықпалы негізінде, кең білімді 4. билік, басшының жеке қасиеттінің күшімен орнаған
5. заңды билік, дәстүрлі, сатылы бағыну. Басшы осы жоғарыдағы биліктің сипаттамасының көмегімен бағыныштыралын жұмыс жасауға мәжбүр етеді, мақсатына жетуге бағыттайды.
Көшбасшы – жетекшіні айналасындағылар сайлайды және оны мойындайды. Әдетте лидер деп сол адамды есептейді, егер қаңдай да бip мәселеге шешім қабылдағанға лидердің жоғары дәрежедегі ықпалын көпшіліктің мойындауы.
Көшбасшының міндеттері:
1. ұжымның эталонға жақын тәртібін (тілектестік, жауапкершілік, өзара нәтижелі еңбек) және ұжымның келеңсіз тәртіп түрлерін орнатады және қолдайды (мысалы, агрессиялық, бөлектену, тартысу).
2. топтың әр мүшесіне бағ бере отырып, бұйрықмен емес, сөзбен немесе дене қимылымен топтың әр мүшесін ұжымның эталондық тәртібін қабылдауға мәжбүр етеді.
Көш басқарушының екі полярлық түрін бөліп қарауға болады:
1. іскер – мәселе шешуде өз қолына алатын және білімді, жан жақты хабарлы.
2. сезімтал лидер — ұжымның қөңіл-күйін реттеу функциясын қолына алады.
Ғылым басшы және лидер деген ұжымға шекара қояды, бipaқ қарама-қарсы қоймайды, себебі олардың арасында ұқсас белгілері бар:
1. басшы мен лидер ұжым қызметін үйлестіру poлiн атқарады, тек басшы әкімшілік, заңдылық өкілеттің негізінде атқарады, ал лидер жеке өзінің бастамасы арқасында
2. басшы мен лидер ұжымдағы әлеуметтік ықпалын әр түрлі жолмен жүзеге асырады.
3. басшы мен лидер арасындағы қатынас реттеленіп, субординацияны ұсталған болуы керек.
Лидердің ерекше қасиеттерінің бipi:
1. қиындыққа төзімді болу
2. ұжымның алдағы мақсатын түciнy
3. мейірбан, ізетті
4. парасатты болу.
7. Шығармашылық және көшбасшылық қабілеттерді тәрбиелеу
Көшбасшы оқушыны анықтаудың бір жолы ретінде М.И. Рожковтың әдістемелік жинағына жүгінуге болады. Ол көшбасшыны анықтаудың негізгі жолы ретінде «өзін–өзі басқару» деп санайды. Мектеп қабырғаларында өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру – көшбасшы оқушы, яғни, ұйымдастырушы негізінде орындалады. Көшбасшы – ұйымдастырушы іс-әрекет барысында көрінеді. Бұл әдістемелік жинақтың авторы балалар ұжымында көшбасшының ауысып отыратындығын жоққа шығармайды. Көшбасшы – оқушы мынадай қабілеттерге ие болады.
Көшбасшы оқушының қабілеттері:
Өзін-өзі басқару қабілеті, «Қаласам істей аламын принципі». Өзінің уақытын, күш-қуатын толыққанды, тиімді пайдалану. Қиындақтан шыға білу, туындаған мәселенің шешімін таба білу қабілеті. Көшбасшы еқашан уақытын босқа жұмсамайды.
Айқын мақсаттардың болуы, «Не қалайтынымды білемін принципі». Алға қойған мақсаттың шынайылығы, жетістікке жетудегі іс – әрекетінің мақсатқа сай болуы. Оқушы өзінің алдына мақсат қойып, сол мақсатқа жету үшін бүкіл ұжым мүшелерін іс – әрекетке жұмылдырады.
Мәселенің шешімін таба білу, «Көптеген пікірлердің арасынан дұрыс шешім қабылдау». Туындаған мәселенің маңызды бөлігін анықтап, шешімін табу үшін бүкіл мүмкіндіктерді қарастыру. Шешімді қабылдағаннан кейін, нәтижесін болжау. Қабылдаған шешімнің қандай зардаптар мен қиыншылықтар алып келуі мүмкіндігін алдын – ала ойлау.
Ұжымды ұйымдастырудағы шығармашылық жолдар, «Басқалардан өзгеше болу принципі». Мәселенің шешімін табу үшін жаңа жолдарды қарастыру. Ұжымның іс – әрекетін жаңа бағыт арқылы ұйымдастыру.
Ұжымға әсер ете білу, «Ұжым мүшелеріне билігін жүргізу принципі».
Өз-өзіне деген сенімділік, ұжымда жақсы ахуал ұйымдастыру, ұжымды сендіру және бағындыру, ұжым мүшелерінің пікірін тыңдай білу қабілеті.
Ұйымдастырушылық іс – әрекеттің ерекшеліктерін білу «Іс – әрекетті ұйымдастыру». Ұжым мүшелерінің қызметтерін тиянақты бөлу, атқаратын рольдерімен таныстыру, жоспар құру, атқаратын жұмыстарын қадағалап отыру.
Ұйымдастырушылық іс – әрекеттің жиынтығы, «Ұйымдастыра білу принципі».
Ұйымдастырушылық түйсіктің болуы, іс – шараны тиімді ұйымдастыру үшін күш – қуаттың жиынтығы, ұжым мүшелерінен талап ету, сынау, ынталандыру жұмыстарын жүргізе білу қабілеті.
Ұжымммен жұмыс істей алу қабілеті, «Ұжым мүшелерін бір іске жұмылдыру принципі».
Ұжым мүшелерін топтастыру, біріккен іс – әрекетке жұмылдыру, кедергілерден өту, ұжым аралық қарым-қатынасты дамыту жолдарын іздестіре білу қабілеті.
8. Қазақстандағы көшбасшылық теориясы
Лидерлік: «Қабілеттер» моделі және Тоқаев тұлғасы. Лидерлік тақырыбы зерттеле түскен сайын көшбасшыны харизма, тұлғалық қасиеттер тұрғысынан ғана бағалау нағыз лидердің тұтас сипатын айқындауға жеткіліксіз екені белгілі бола бастады. Себебі ел тізгінін ұстаушы – тек қана әдемі сөйлей білетін, үлкен уәделер беретін, күрделі мәселелерге қатысты моментальды шешімдер шығаратын тұлға емес, ол – өзінің білімі мен кәсіби тәжірибелері арқылы қоғамның мәселелерін терең түсінетін әрі проблеманы шешуге бағытталған тиімді стратегия құра алатын, өзгелерді тыңдай білетін, көпшілікті ортақ мақсатқа жұмылдыра отырып, халық үшін тиімді нәтижелерге қол жеткізе алатын қайраткер. Осы қабілеттер тізбегі ғалымдарды лидердің жаңа моделін жасауға итермеледі. Осылайша, лидерлік теориясында «Қабілеттер» моделі қалыптасты. Аталған модель лидердің тиімді, нәтижелі болу факторларын маңызды деп есептейді және көшбасшылық қабілеттер білім мен тәжірибенің негізінде толысып, дамып отырады деген тұжырымды алға шығарады. Дәл осы модельдің критерийлерін 2000 жылы Мэмфорд бастаған ғалымдар жүйелеп, мынадай бес өлшемді бекіткен: кәсіби қабілеттер, лидердің нәтижелілігі, тұлғалық атрибуттар, кәсіби тәжірибелері, ортаның әсері. Біз осы критерийлерге сүйеніп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың лидерлік тұлғасын бағалауға талпынып көреміз. Әлбетте, кез келген саясаткерді осы модель тұрғысынан зерделеп көруге болады.
Кәсіби қабілеттер. Кәсіби қабілеттер үш компоненттен тұрады. Олар: лидердің әлеуметтік бағалау, сараптау қабілетінің, мәселені шешу қабілетінің және білімінің болуы.
Білімді лидер – адамдарды, мәселені, құрылымдарды, шешімдерді және күрделі жүйені түсінетін, олардың байланысын жақсы сезіне білетін тұлға, сол күрделі жүйеде оң өзгерістерге бастайтын лайықты стратегия құра алатын қайраткер. Білім – лидердің өткен жағдайларды, тәжірибелерді есепке ала отырып, болашақтағы мәселелерге де төтеп бере алатын конструктивті шешім ұсынуының кепілі болмақ.
Лидердің нәтижелілігі. Көшбасшы қолға алған бастамалардың нәтижелі болуы алдыңғы факторға тікелей байланысты. Бірақ тиімді нәтиже көрсетпесе, тұлғаның лидерлік әлеуеті бірден сынға ұшырауы мүмкін. Шешім қаншалықты логикалы, уникалды, сапалы болса, жоспарлаған істің нәтижелі болу мүмкіндігі артады. Осыған байланысты лидердің де беделі орныға түседі.
Тұлғалық атрибуттар. Лидер үшін кәсіби қабілеттер тұлғалық атрибуттармен астасып жатуы керек. Мэмфорд лидердің екшелген танымдық қабілеттері мен тұлғалық қасиеттері – лидер болу потенциалын күшейтетін факторлар деп бағалайды.
Ішкі факторлар лидерді қоршаған кадрларға байланысты болады. Осы ретте Қ.Тоқаевтың елдегі ең жоғары қызметке кіріскен кезде жасаған Президент Әкімшілігіндегі тағайындаулары жылы қабылданып, оның жанына топтасып жатқан кадрларға деген сенім қалыптасқандай көрінгенін айта кеткен жөн. Ал сыртқы әсерлер дегеніміз экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелер себебінен туындайды. Бұл бір жағынан көшбасшының аталған мәселелерді қалай шешкеніне де тәуелді екенін ескеру керек. Көшбасшының сан қырлы болмысын біртұтас жүйеге тоғыстыруға күш салған осы «Қабілеттер» моделінің бес критерийі Қ.Тоқаев тұлғасының Лидер түсінігіне толық сай келетінін көрсетеді. Лидерлік – өте күрделі, сан қырлы феномен. Біржақты бағалау тәсілімен лидердің тұлғасын шынайы танып, түсіну еш мүмкін емес. Сондықтан саясаткердің тұлғалық қасиеттерінен бөлек, оның білімін, кәсіби қабілеттерін, қызметтік нәтижелерін және өмірлік тәжірибелерін, өзге де сыртқы факторларды есепке ала отырып, бір тоқтам жасау маңызды деп есептейміз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Лидерлік теориясы. Оқу құралы.Түркістан, 2019. Ә.К.Әбділлаев, Б.М.Баймуханбетов
2. Көшбасшылық теориясы. Оқу құралы. Шымкент, 2019. К.Беркімбаев, Р.Кадирбаева, М.Сұлтанмұрат, Ж.Бураева
3. Жаһандық көшбасшыларды дайындау. Оқу-әдістемелік құрал. Қарағанды, 2012. Б.Т.Бектасов
4. С.Мирсеитова «Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері». Қарағанды. 2015
5. Тұлғалық педагогика. Педагогикалық теория негіздері : Оқу құралы. . - Алматы, 2013. http://rmebrk.kz Бабаев, С.Б.
6. Болашақ мамандарды кәсіби даярлау үдерісіне Ә.Сембаевтың ғылыми педагогикалық, көшбасшылық қызметінің тәжірибесін ендірудің ғылыми педагогикалық негіздері. Оқуәдістемелік құрал. Түркістан, 2020. Г.Т.Токкулова
7. Теории лидерства. Достпуно на: http://www. grandars.ru/ college/ psihologiya/ teoriiliderstva.htm