Файл: Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны йымдастыруа жне жргізуге ойылатын санитариялыэпидемиологиялы талаптар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 238
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
152. Санатты объектілердегі дератизациялық іс-шаралардың барысын және дайындалатын қармақжем сапасын ағымдағы бақылауды санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарының мамандары жүзеге асырады.
153. Аулау құралдарын қолдана отырып, елді мекендердегі кеміргіштер санын есепке алуды сапаны бағалау мақсатында жылына 2 рет: наурыз-сәуірде (олардың көбею кезеңінде) және қазан-қарашада (кеміргіштер ашық стациялардан құрылыстарға көшкенге дейін, олардың саны барынша көп кезінде) санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары жүргізеді, объектілердің 10%-ы қамтылуға жатады. Кеміргіштерден бос алаңды есепке алу қызмет көрсетілетін объектінің барлық құрылыстарын тексеру, көзбен шолып қарау, мүжілудің, қираудың болуын, шаңдану алаңдарын анықтау, бақылау үшін аулау, персоналға сауалнама жүргізу арқылы жүргізіледі:
1) егер кеміргіштер құрылыстың бір бөлігін мекендесе, онда құрылыстың бүкіл алаңы мекендеген болып есептеледі;
2) егер кеміргіштер осы құрылыста мекендесе, ал жақын орналасқан құрылыста кеміргіштер болмаса, онда кеміргіштер бар құрылыстың ауданы ғана мекендеген болып саналады;
3) егер жою іс-шаралары жүргізілсе, бірақ айдың соңында кеміргіштер тіркелсе, құрылыс осы айда мекендеген болып саналады.
154. Профилактикалық дезинфекциялық іс-шаралар құрылыстың жалпы алаңдарында, оның ішінде жертөлелерде, шатырларда, баспалдақ алаңдарында, қосалқы үй-жайларда, қажет болған жағдайда іргелес аумақта да жүргізіледі.
7-тарау. Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау қызметтерін көрсететін жеке және заңды тұлғаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
155. Өндірістік және қойма үй-жайлары беті жеңіл тазартуды және зарарсыздандыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тиісті технологиялық жабдықпен, стеллаждармен, сөрелермен, шкафтармен жабдықталады.
156. Өндірістік үй-жайларда еден үшін химиялық заттардың әсеріне төзімді жабын пайдаланылады. Конструкциялардың қабырғалары, төбелері мен беттері үшін ылғалды жинауға жол беретін әрлеу көзделеді.
157. Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын өндірумен айналысатын немесе дезинфекциялау
, дезинсекциялау және дератизациялау қызметтерін көрсететін жеке және заңды тұлғалардың басшылары:
1) дезиинфекциялық қызметті жүзеге асыру процесінде жеке және қоғамдық қауіпсіздік шараларының сақталуын;
2) өндірістік бақылауды, оның ішінде Кодекстің 51-бабына сәйкес зертханалық зерттеулер мен сынақтар жүргізу арқылы жүзеге асыруды;
3) халыққа, мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне халықтың денсаулығына қауіп төндіретін авариялық жағдайлар немесе технологиялық процестердің бұзылуы туралы уақтылы хабарлауды қамтамасыз етеді.
158. Персоналға арналған үй-жай қол жууға арналған раковинамен, ыстық және суық су келтірілген себезгі бөлмесімен, санитариялық тораппен, арнайы және жеке киімдерді бөлек сақтауға арналған шкафтармен жабдықталады, алғашқы көмек көрсету үшін дәрі қобдишасымен және жеке қорғаныш және жеке гигиена құралдарымен жарақталады.
159. Арнайы киімді жуу, дезинфекциялау арнайы жабдықталған үй-жайда жүргізіледі. Үй жағдайында және жұмыс үй-жайларында арнайы киімді жууға жол берілмейді.
160. Объектілерде дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық іс-шаралар объекті әкімшісінің (тапсырыс берушінің) өкілі болғанда жүргізіледі. Өңдеуге жататын үй-жайдағы адамдарды жоспарланып отырған іс-шаралардың жүргізілуі және қажетті сақтық шаралары туралы хабардар етеді. Өңдеу жүргізілетін жерлерде өңдеуге қатысы жоқ адамдардың, сондай-ақ үй жануарларының болуына жол берілмейді.
| "Дезинфекциялауды, дезинсекциялауды және дератизациялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 1-қосымша |
Дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарының қауіптілігін сыныптау
1. Дезинфекциялау құралдарының қауіптілігін сыныптау
| №1 кесте | |||
Қауіптілік сыныбы | Уыттың жіті әсер ету аймағы: жіті әсер ету шегінің шығыс нормасына қатынасы | Ұсынылатын қолдану шарттары | | |
1-сынып - өте қауіпті | 1-ден кем | Экстремалды жағдайларда (эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша) арнайы костюммен және газтұтқышпен пайдаланылады | | |
2-сынып - қауіптілігі жоғары | 1-3 | Тыныс алу ағзаларын, көзді, теріні қорғайтын құралдарды қолдана отырып, адамдар болмаған кезде пайдаланылады | | |
3-сынып - қауіптілігі орташа | 3, 1-10 | Тыныс алу ағзаларын және көзді қорғайтын құралдарсыз, бірақ адамдар болмаған кезде пайдаланылады | | |
4-сынып - қауіптілігі аз | 10-нан артық | Қолдану аясы шектелмей пайдаланылады | |
2. Дезинсекциялау құралдарының қауіптілігін сыныптау
| 2-кесте | ||||||
Қауіптілік сыныбы | Биоцидті әсер ету аймағы | Дезинфекциялауда препараттарды қолдану мүмкіндігі және саласы туралы қорытынды | | ||||
күшті | күші аз | | |||||
шығыс нормасы | шығыс нормасы | | |||||
1-сынып - өте қауіпті | < 10 | < 1 | Қолдану ұсынылмайды | | |||
2-сынып - қауіптілігі жоғары | 10-30 | 1-5 | Регламенттелген қолдану шарттарын (құрал шығыны, желдету және ылғалды жинау) сақтай отырып, адамдар болмаған кезде тыныс алу ағзаларын, көзді, теріні қорғайтын құралдарымен кәсіби контингенттің ғана қолдануы үшін ұсынылады. | | |||
3-сынып - қауіптілігі орташа | 31-100 | 5,1-10 | Кез келген типтегі үй-жайларда регламенттелген қолдану шарттарын (құрал шығыны, желдету режимі, жинау) сақтай отырып, кәсіби контингент пен тұрғындардың тұрмыста пайдалануы үшін ұсынылады. | | |||
4-сынып - қауіптілігі аз | > 100 | > 10 | Қолдану аясы шектелмей пайдаланылады | |
3. Дератизациялау құралдарының қауіптілігін сыныптау
| 3-кесте | ||||||||
Лимиттеуші қасиеттері | Көрсеткіштер | Қауіптілік сыныптары | | ||||||
1-сынып - өте қауіпті | 2-сынып - қауіптілігі жоғары | 3-сынып - қауіптілігі орташа | 4-сынып - қауіптілігі аз | | |||||
"А" | "Б" | | |||||||
Күшті уыттылық (ықтимал қауіпті жолдар үшін) | ЛД50 асқазанға енгізген кезде, мг/кг | <2 | 2,1-14 | 15-150 | 151-5000 | >5000 | | ||
ТL50. d cen | <1 | >1 | >1 | >1 | >1 | | |||
Антидот | - | + | + | + | + | | |||
ЛД50 теріге енгізген кезде, мг/кг | <100 | 100-500 | 501-2500 | >2500 | | ||||
ЛС50 ингаляция кезінде, мг/кг | <500 | 500-5000 | 5001-50000 | >50000 | | ||||
С20 (ұшу дәрежесі бойынша) фумиганттар үшін | Өлім-жітім мүмкіндігі бар қатты улану | Күшті әсер ету шегінен жоғары улану | Күшті әсер ету шегінің деңгейіндегі улану | Уланудың болмауы | | ||||
Іріктемелі уыттылық (ТУ) | ЛД50 жануарлардың нысаналы емес түрі үшін (мысық, ит, шошқа, тауық) ЛД50 жануарлардың нысаналы түрі үшін (кеміргіштер) | <3 | 3,1-2 | 9,1-37 | >27 | | |||
Кумулятивті әсер | ЛД50n Ккум= ЛД501 | <1 | 1-3 | 3,5-5 | >5 | | |||
Тұрақтылық (топырақ) | Уытты емес компоненттерге ыдырау уақыты (Т1/2), ай | >12 | 6-12 | 1-6,1 | <1 | |
Ескертпе:
(+) - антидоттың болуы, (-) - антидоттың болмауы;
ЛД50 - орташа өлімге әкелетін доза;
ТL50 - жануарлардың 50 %-ы өлген уақыт ішіндегі эксперименттік әсер ету сәтінен бастап өткен уақыт;
С20 - 20 Цельсий градус температурасы кезінде ауада заттар буының шоғырлануы;
Ккум - кумуляция коэффициенті;
ЛД50n - жиынтық енгізу кезіндегі орташа өлімге әкелетін доза;
ЛД501 - бір рет енгізу кезіндегі орташа өлімге әкелетін доза;
Т1/2 - ыдыраудың жартылай кезеңі.
| "Дезинфекциялауды, дезинсекциялауды және дератизациялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 2-қосымша |
Жекелеген объектілерді зарарсыздандыру кезіндегі дезинфекциялау құралдарының шығынын жоспарлау нормалары
| № 1 кесте | ||||
Зарарсыздандыру объектісі | Өлшем бірлігі | Дезинфекциялық құралдың орташа саны | Ескертпе | | |
Тұрғын үй-жайлардағы беттер | 1 м2 | Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға) сәйкес | Күйдіргі ошағында екі рет өңдеуді есепке ала отырып, нормасы 2 литр | | |
Киім-кешек | 1 кг | Жұмыс ерітіндісінің 4 - 5 литрі | | | |
Ыдыс-аяқ және өзгелер | 1 жиынтық | Жұмыс ерітіндісінің 2 - 3 литрі | | | |
Топырақ беті, қалдықтар | 1 м2 | Жұмыс ерітіндісінің 2 литрі | Күйдіргі кезінде 8 - 10 литр | | |
Бөлінділер | 1 кг немесе л | Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға) сәйкес | Күйдіргі кезінде 0,5 литр | | |
Тамақ қалдықтары | 1 кг | 0,1 кг | | |