Файл: Лекция жинаы Пн азастан тарихы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 817

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



  1. Парламент - заң шығарушы орган

  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі

  3. Қазақстан Республикасындагы сот билігі


Қазақстандағы болып жатқан демократиялық өзгерістер республиканың 1995 жылы қабылданған Ата Заңында өзінің басты көрінісін тапты. Конституцияның 2-ші бабында көрсетілгендей Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы -халық болып табылады. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сонымен бірге өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар.

Парламент - заң шығару қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ең жоғары өкілді органы болып табылады. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен құрады. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан жөне Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстык, рсепубликалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан кұралады. Сенаттың жеті депутатын өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды.

Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат біртұтас жалпы ұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл, Мәжіліс депутаттары-ның өкілеттік мерзімі - бес жыл. Парламенттің кезекті сессиялары жылына бір рет қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен маусымның сонғы жұмыс күніне дейін өткізіледі.

Парламент өкілеттігіне жататындар:

Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер

мен толыктырулар енгізеді;

2) Конституциялық заңдар қабылдайды, оларға толықтырулар мен өзгертулер енгізеді;

3) Республикалық бюджетті бекітеді, оған толықтырулар мен өзгертулер енгізеді;

4) Премьер-министрдің Үкімет Бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап, Бағдарламаны

мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды, конституцияда көрсетілген тәртіппен


Үкіметке сенімсіздік білдіреді.

5) соғыс және бітім мәселелерін шешеді;

6) республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтереді;

7) Республикалык бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің

атқарылуы туралы есептерін бекітеді;

8) Президенттің Республика Премьер-министрін, Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын

тағайындауға келісім береді.

Парламент Сенаты:

9) Республика Президентінің ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын, Жоғарғы Сот Алқаларының төрағаларын, судьяларын сайлайды және қызметтен босатады, олардың анттарын қабылдайды, мәслихаттардың өкілеттігін тоқтатады, Жоғарғы Сот Кеңесінің кұрамына екі депутат жібереді, Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауға келісім береді. Парламент Мәжілісі:

10) заңдардың жобаларын қарауға қабылдайды және қарайды; Республика Парламенті қабылдаған заңдарға Республика Президентінің қарсылыктары бойынша ұсыныстар әзірлейді; Республика Президентінің ұсынуымен Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын, оның орынбасарын, хатшысы мен мүшелерін сайлайды және қызметтен босатады; Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлайды, әділет біліктілік алқасының құрамына екі депутат жібереді.

Парламенттің әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз:

11) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды; Палаталардың бірлескен комиссиялары мүшелерінің тең жартысын сайлайды; Палаталар депутаттарының өкілеттігін тоқтатады, Республика Бас Прокурорының ұсынуымен депутаттарға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру мәселелерін шешеді; өз құзырындағы мәселелер бой-ынша парламенттік тыңдаулар өткізеді; Үкімет мүшелерінің өз қызмет мәселелері жөніндегі есептерін тыңдайды және т.б.

2005 жылдың 4 мамырында Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы Конституциясының әлеуетін одан әрі пайдалану, Қазакстан қоғамы мен мемлекетін кезең-кезеңмен саяси жаңарту процесін жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Парламентінің рөлін арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасы Конституциясының әлеуетін одан әрі пайдалану жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол койды. Жарлыққа сәйкес әлеуметтік-экономикалық блок министрлерін олардың кандидатураларын Парламент Мәжілісі мен Сенатының бейімдік комитеттерінде алдын ала талқылаудан кейін тағайындау практикаға енгізіледі. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары олардың кандидатураларын Парламент Сенатының бейімдік комитетінде алдын ала талқылағаннан кейін тағайындалатын болады.



Аталмыш Жарлыққа сәйкес Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы және Елбасы тағайындайтын екі мүшесі олардың кандидатураларын Парламент Мәжілісінің бейімдік комитеті алдын-ала талқылағаннан кейін тағайындалатын болады. Бұған қоса Парламент Мәжілісіне Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, оның орынбасары және мүшелері лауазымдарына кандидатура-лар жөнінде шешім қабылдағанға дейін осы мәселе бойынша Парламент Сенатымен консультация жүргізу ұсынылды. Елбасы Жарлығына сәйкес Парламент палаталарының төрағаларына Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің тиісті мүшелерін олардың кандидатураларын Республика парламентінің тиісінше Мәжілісі мен Сенатының пленарлық отырысында талкыланғаннан кейін тағайындау құкығы берілді.

Көріп отырғанымыздай, Парламенттің конституциялық өкілеттігі жетерлік. Бақылаудың және өкілеттік етудің жоғарыда айтылғандай айрыіқша кұдыреттерінің барлығы Конституция бойынша Қазақстан Парламентіне бекітіліп берілген. Осылайша, Қазақстан Парламентінің конституциялық өкілеттігі қазіргі уақытта барынша ауқымды және тиімді болып отыр.

Конституцияның Үкіметтің мәртебесі мен өкілеттіктерін белгілеуге жаңа көзқарастар тағайындағаны да өте маңызды Үкімет дербес әрекет ету жағдайында болады, яғни атқарушы органдар жүйесін басқара отырып, олардын қызметіне жетекшілік жасап және басқарушылық шешімдерді дербес қабылдай отырып, экономика мен әлеуметтік саладағы істің жағдайына толық жауап береді. Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Рес-публика Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ Республика Парламентіне есеп береді, ал Үкімет мүшелері өз қызметтері бойынша Парламент палаталарына есеп береді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің,

қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және

олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

2) Парламентке республикалық бюджетгі және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады,

бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;

3) Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;

4) Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;

5) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;

6) Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті

атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;


7) Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке

тағайындайды және қызметтен босатады;

8) Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен өзіне жүктелген өзге де

қызметтерді орындайды.

Үкіметтің жоғарыда аталған қызметтерінен заң шығарушы және атқарушы биліктің бір-бірін тежемелік механизмі орныққанын көреміз. Мысалы, Үкімет енгізген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-министр Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Үкіметке сенім білдіру туралы мәселе қоя алады. Бұл мәселе бойынша дауысқа салу сенім білдіру туралы мәселе қойылған сәттен бастап қырық сегіз сағаттан кешіктірілмей жургізіледі. Егер Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірсе, Үкімет орнынан түсетіні туралы Республика Президентіне мәлімдейді. Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені Республика Президенті он күн мерзімде қарайды. Егер Парламенттің сенімсіздік білдіруіне байланысты Үкіметтің орнынан түсуі қабылданбаған жағдайда Президент Парламентті тарата алады.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі - Қазақстан Республикасы- ның бүкіл аумағында Конституцияның мәртебелігін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган. Конституцияның мәртебелілігі - билік органының немесе оның лауазымды тұлғасының қандай да болсын құқықтық актісінің, іс-әрекетінің Конституцияға сай келуі, оған қайшы келмеуі болып табылады. Конституциялық Кеңестің өкілеттіктері де Конституция нормаларының бұзылуына жол бермеуге, оның алдын алуға бағытталған. Конституцияның мәртебелігін қамтамасыз етуде Конституциялық Кеңес дербес және мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғаларға және басқаларға тәуелсіз және тек Конституцияға ғана бағынады, әрі саяси және өзге де себептерді негізге ала алмайды.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Республиканың экс-президенттері құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңеске мүше бола алады. Конституциялық Кеңестің төрағасын және тағы екі мүшесін Республика Президенті, екі мүшесін Сенат төрағасы және екі мүшесін Мәжіліс Төрағасы тағайындайды. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жаңартылып отырады.

Конституциялық Кеңестің қарауына мынадай мәселелер жатады:

1. Дау туған жағдайда Президент сайлауының;


2. Парламент депутаттары сайлауының және

3. Республикалық референдумның дұрыс өткізілгендігі туралы мәселені шешеді;

4. Парламент қабылдаған заңдарға Президент қол қойғанға дейін олардың

Конституцияға сәйкестігін қарайды;

5. Конституция нормаларына ресми түсініктеме береді;

6. Парламент республика Президентін мерзімінен бұрын қызметінен босату туралы түпкілікті шешім қабылдағанға дейін - белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталуы туралы қорытынды береді.

Жоғарыда аталған мәселелерді Конституциялық Кеңес Республика Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Терағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің және Премьер-Министрдің өтініштері бойынша қарайды.

Конституциялық Кеңес іс жүргізуге қабылданған өтінішті қарап, өтініш келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде ол жөнінде қорытынды шешім шығарады. Егер мәселені кейінге қалдыруға болмаса, Республика Президентінің жазбаша нысанда жасаған талабы бойынша бұл мерзім он күнге дейін қысқартылуы мүмкін.

Конституциялық Кеңестің шешіміне толығымен немесе бір белігіне Республика Президенті қарсылық білдіруі мүмкін. Бұл қарсылық Конституциялық Кеңес мүшелері жалпы санының үштен екісінің даусымен ескеріледі. Республика Президентінің қарсылығы ескерілмеген жағдайда Конституциялық Кеңестің шешімі қабылданбады деп есептеледі және осы мәселе бойынша конституциялық іс жүргізу тоқтатылады. Конституциялық Кеңестің шешімдері қабылданған күннен бастап күшіне енеді. Мысалы, 2005 жылдың ортасында қоғамымызда президенттік сайлаудың қашан өтетіндігі туралы дау туғанда Республика Парламентінің бір топ депутаттары Конституцияның 41-бабының 1-тармағына және 94-бабының 1-тармағына ресми түсіндірме беруді және Конституцияның аталған нормаларының қайсысы басым екенін, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті сайлау күнін белгілеу мен ол күнді Республика Парламентінің Мәжілісі жариялау кезінде қайсысын басшылыққа алу керектігін айқындап беруді өтініп Конституциялық Кеңеске жүгінген болатын. Осыған орай 19 тамызда ҚР Конституциялық Кеңесі Конституцияның 41-бабы және 3-тармағына және 94-бабының 1-тармағына ресми түсіндірме жасап еліміздегі кезекті Президент сайлауының мерзімін анықтап берді. Конституциялық Кеңестің шешімдері Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып саналады және шағымдануға жатпайды.

Конституциялық Кеңес сот қызметін атқармайды. Қазақстан Республикасындағы сот билігін тек сот қана жузеге асырады.