ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 814
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2. Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы өркендеу жылдары оның басқа елдермен сыртқы байланыстарының жаңа мағына-мазмұнда орнығуы мен және дамуымен сипатталады. Бұл, әрине, табиғи процесс. Кез келген егемендікке ие болған мемлекет қысқа мерзімде өзін басқа мемлекеттердің, халыкаралық қауымдастықтың мойындауына, тең деңгейде қарым-қатынастар жасауына қол жеткізу үшін күреседі. Бұл - тәуелсіз мемлекеттің сыртқы саясаттағы логикасы. 2000 жылға дейін Қазақстанның тәуелсіздігін 138 ел, яғни әлемдік қауымдастықтағы мемлекеттердің жартысынан астамы таныды, оның ішінде 120 елмен дипломатиялық қатынастар орнатылды, 64 халықаралық ұйымның мүшелігіне өтті. Әлемнің 32 елінде Қазақстан Республикасының елшіліктері ашылды. Бүгінде шетелде 32 елшілік, 1 тұрақты өкілдік, 2 дипломатиялық миссия, 3 бас консулдық, 10 консулдық және 1 төлқұжат-виза қызметі және Қазақстанда 44 шетел елшіліктері мен миссиялары, сондай-ақ 12 халықаралық ұйымдардың өкілдері жұмыс істейді.
Жаңа Астанамыз да халықаралық байланыстар орталығына айналуға күш салуда. Қазақстан 2000-ден астам мемлекетаралық және үкіметаралық шарттар мен келісімдер жасады, көптеген әлемдік, еуропалық, азиялық саяси және экономикалық ұйымдар мен одақтарға кірді, кысқа тарихи мерзім ішінде әлемдік қауымдастықтың толықканды мүшесі атанды. Республиканың сыртқы байланыстар жүйесі географиялық, идеологиялық, сондай-ақ этно діни ауқымда шектелмеген, ол демократия, нарықтық, экономика, адам құкықтарын сақтау негіздеріне сүйенеді, осы негізде әлемнің барлық аймақтарына таралып келеді.
Қысқа тарихи мерзім ішінде Кдзакстан мемлекеті өзінің көп ғасырлық тарихын жаңғыртуы, қазіргі дүниедегі өз орнын анықтауы, ұлттық айкындаманы белгілеуі, ішкі және сыртқы саясаттағы басым бағыттарды айқындауы тиіс болып отыр. Қазакстан тарихындағы айтулы оқиға болған мемлекеттік тәуелсіздікті алу дербес сыртқы саясат жүргізуге жол ашты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы сыртқы саясатымызды бағамдай отырып, Қазақстанның ядролық қарусыз мемлекет мәртебесін алуын, оны таратпау кепілдігіне берілгендігін атап өту ерекше маңызды. Қауіпсіздік, ізгі көршілестік және достық ахуалын қамтамасыз ету жолында ресейлік, қытайлық, орталық азиялық, американдық, еуропалық және басқа бағыттардағы Қазақстан дипломатиясының күш-жігері табысты болды. Еліміздің егемендігін нығайту, оның экономикалық мүлделерін ілгерілету үшін қажетті сыртқы жағдай жасалды.
Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болған кезден бастап-ақ оньң Бас Ассамблеясының жыл сайын қыркүйекте өтетін сессияларына, басқа да мәжілістеріне қатысып, бүкіл қоғамдастыққа ортақ мәселелерге байланысты ұсыныстарын білдіріп келеді. 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі түрлі ұсыныс жасады. Оның біріншісі - барлық ел үкіметтерінің ізгі ниет білдіру тәртібімен «бір+бір» формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастау. Бұл формула бойынша әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын оны бір пайызға ұлғайтып отыруды көздейді.
Екінші ұсынысы - Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) шақыру. Елбасы Н.Назарбаевтың бұл бастамасы көпшілік елдер тарапынан, сондай-ақ БҰҰ-дан қолдау тауып Қазақстанның сыртқы саясатын айықындауда айтарлықтай рөл атқарды.
1994 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Мәскеу мемлекеттік университетінің профессор-оқытушы құрамымен және студеттермен кездесуінде жария еткен Еуразиялық одақ туралы идеясы қазіргі уақытта өзінің өміршендігімен белгілі болып отыр. 2000 жылы 10 қазанда Астана қаласында Қазақстан, Ресей, Белорусь, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің қатысуымен құрылған Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа 2006 жылы 25 қаңтарда Өзбекстан мемлекеті қосылды. Бұл ұйымның басты мақсаты өзіне мүше елдер аумағында еркін сауда аймағын кұру, бірыңғай кедендік тарифтер қолдану, ДСҮ-ға мүшелікке кіруде келісілген ұстанымда болу, сыртқы шекаралар қауіпсіздігін сақтау, әлеуметгік-экономикалық даму үрдістері барысында келісілген бағдарламалар қабылдау, энергетика мен көлік салаларында ортақ рынок құру және т.б. мәселелерді қамтиды.
Қазақстан Республикасы сонымен бірге 2002 жылы құрылған Орталық Азия Ынтымақтастық Ұйымына (ОАЬІҰ), 2000 жылы алғашқыда «Шанхай бестігі» болып құрылған, қазіргі уакыттағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ), 2003 жылы 19 қыркүйекте Ялта қаласында құрылған Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) ұйымына мүше болып саналады.
Қысқа тарихи мерзім ішінде басшылықтың, ең алдымен, тәуелсіз Қазақ мемлекетінің тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тұрақты да байсалды саясатының нәтижесінде республика едәуір зерделі, ұйымдық және моральдық тегеурін талап еткен күрделі міндетті шеше білді. Дербес мемлекеттіліктің қалыптасу процесі күрделі ішкі саяси, терең экономикалық және әлеуметтік дағдарыс жағдайларында өтті. Барлық қиындықтарға қарамастан аз ғана уақыт ішінде Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі ретінде қалыптасты. Оның саяси ерекшелігі - сыртқы саясаттың бірқатар бағыттарының көп қырлылығы мен ұстамдылығында болды.
Қазақстан, Ресей және Орта Азия Республикаларының интеграция мәселелері
Қазақстан геосаяси жағдайының қолайлылығы, оның тарихи дамуындағы жаңа қадамдар, көрші мемлекеттер мен экономикалық және этнолингвистикалық байланыстардағы алғашқы табыстары, әлемнің жетекші елдерінің тарапынан қолдау көрсетілуіне мұқтаждығы - міне осының бәрі оның сыртқы саясатындағы басым бағыттарды бөліп керсетуге объективті алғы шарттардың бар екендігін байқата түседі.
Ресей мен және бұрынғы Кеңес Одағының басқа республикалары мен, ең алдымен, аймақтағы жақын көршілермен - Орталық Азияның жаңа тәуелсіз мемлекеттерімен жаңаша мемлекетаралық қатынастардың толыққанды жүйесін жасап, дамыту аса маңызды істердің бірі болды.
Бірінші кезектегі міндеттердің бірі республиканың бұрынғы КСРО аумағында интеграциялық процестерге қатысуы болып табылады. Осы жағдайда Қазақстан - Ресей қатынастарының маңызы өте зор. Қазақстан мен Ресейдің шекараларды қорғауды қамтамасыз етуде, ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру жөніндегі аймақта күштердің тепе-теңдігін ұстау және ядролық қауіпсіздік проблемаларын шешу жөніндегі іс-шараларды қолдануда өзара ортақ пікір бар. Сондықтан, тараптардың екеуі де осы салада және келешекте де тығыз өзара бірлескен іс-қимыл қажеттілігін жете түсінеді.
Экономикалық өсудің ізгі алғы шарттары Орталық Азия мемлекеттерінің мұнай және газ индустриясын дамыту жөніндегі бірлескен іс-әрекеттерін қалыптастырады, аймақтық тасымал мен коммуникацияның әр түрлі салаларын дамытудың зор келешегі бар. Экономиканы интеграциялау, негізінен алғанда, оның барлық қатысушыларына тек пайда әкеліп, Орталық Азия елдерінің Азия және бүкіл әлемдік рыноктарына шығуына жол ашады.
Егер аймақтағы күштердің тепе-теңдігі тұрақтылықтың пайдасына қарай бет бұрса, онда сырттан болатын ешқаңдай кедергі ықпал ете алмайды, экономиканың жағдайы жақсара бастайды. Бұл халықтың сенімін туғызып, республикалар өзінің тәуелсіздігін нығайтады. Қазақстан басшылығы нақ осыған бағыт ала отырып, қызметтің және рухани өмірдің барлық салаларында Орталық Азия республикаларының басқа халықтар мен бірге жақындаса түсудегі мақсатын жүйелі түрде жүргізуде.
Қазақстан және Қытай: ынтымақтастықтың негізгі багыттары
Қазақстанның геосаяси жағдайы, оның екі ірі әлемдік держава - Ресей мен Қытай
арасында орналасуы, ҚХР-мен шекаранын ұзақтығы, тарихи, мәдени-этникалық ортақ мүлделер, қауіпсіздікті сақтауға деген өзара ықылас - міне, мұның бәрі Қытай Халық Республикасымен достық қатынастарды жедел дамытудың объективті алғы шарттарына айналды.
Қазақстанның ҚХР-мен шектесіп жатқан аудандарында және Шыңжан Ұйғыр Автономиялық ауданында тұратын халықтардың тарихи және этникалық жақындастығы да бүл қатынаста белгілі бір рөл аткарады. Осы елдердің экономика саласындағы қарым-қатынасы өзара тиімді, ауқымды және пайдалы болатынына сенім ұялатады. Мәселен, екі ел аумақтары арасындағы тікелей транспорттық қатынастың ашылуы, Қытайға Орталық Азия аймақтарының рыноктарына, сондай-ақ Еуропаға және Закавказияға шығуға мүмкіндіктер берді. Сонымен бірге Қазақстан үшін Қытай аумағы арқылы Тынық және Үнді мұхиттарына шығу мүмкіндігі ашылды.
Екі ел үшін де сауда қатынастарын дамытудың және мұнай өндірудің, мұнай және газ құбырларын салудың, сондай-ақ өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының басқа да салаларындағы ынтымақтастықты дамытудың келешегі зор болып отыр. Екі жақты қатынастардың өте маңыздысы - Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту болмақ. Екі ел ғалымдары қарым-қатынасының бастауы тереңде жатыр, ол іргелі де қолданбалы ғылымның бағытында бірқатар маңызды мәселелерді қамтиды.
Қазақстан мен Қытайдың қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қарым-қатынастары ерекше назар аударуды қажет етеді. Маңыздылығы жағынан оның бастысы - ядролық қауіпсіздік проблемасы. Қытай бұл бағытта ядролық қарудан бас тартудың қарымтасы ретінде Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігін берді. Осы орайда Қытайдың 1996 жылы Лобнор полигонында ядролық сынақтарға қарсы жасаған моратория игі бастама болып табылады.
Қауіпсіздік саласындағы қарым-қатынастың маңызды аспектісі ҚХР, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан арасындағы шекара мәселелерін ретке келтіру жөніндегі қол жеткізген келісімдер, сондай-ак қылмысқа және наркобизнеске қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық болып табылады.
Екі ел басшылары арасындағы, тұтастай алғанда, аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде де өзара түсіністікке қол жеткізілді. Қазақстан Президентінің Азияда АӨЫСШК дипломатиясы институтын құру туралы идеясы ҚХР басшыларының тарапынан қолдау тапты. Қазақстан басшылығы өз кезегінде қандай да бір болмасын Қытайдағы, ең алдымен ШҮАА-дағы сепаратистік қозғалыстарды қолдамайтындығын мәлімдеді, өйткені көрші мемлекет ішінде ішкі дүрдараздықтар өрістеп жатқан тұста осындай кикілжің тудыратын жағдай республикаға тым қолайсыз болып табылмак, өйткені ол шекара маңындағы аудандардағы жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін.
Демек, Қазақстан - Қытай қатынастарын онан әрі дамытып, тереңдете түсу - Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды ерекшеліктерінің біріне жатады. Қазіргі кезде осы ынтымақтастықтың барлық жақтарын ұлғайтуға арналған құқықтық база жасалынды, елдер арасындағы қатынас тұрақты сипатқа ие және дамудың келешегі айқын болып отыр.
Қазақстан -Түркия карым-қатынастары
Түркиямен мемлекетаралық кең көлемді қатынастарды орнату - Қазақстанның халықаралық саясатының басты міндеттерінің бірі. Мұның бірқатар себептері бар, ол халықтардың тарихи және этнолингвистикалық жақындық, геосаяси және экономикалық алғы шарттармен айқындалады.
Қазақстан Түркиямен қысқа тарихи мерзім ішінде тең құқықты өзара сыйластық және сенім принциптеріне негізделген берік достық қарым-қатынастар орнатты. Еуразиялық ірі мемлекеттер бола отырып, Қазақстан мен Түркия осы континент елдері арасындағы интеграциялық процестердің жеделдетілуіне мүлделі. Олар әлемдік және аймақтық саяси және экономикалық құрылымдардағы қарым-қатынаста бірлесіп іс-әрекет етуде, бір-біріне халықаралық саясаттың әр түрлі мәселелерінде саяси қолдау көрсетуде.
Қазақстан - Түркия қатынастарын дамытудағы табан тірейтін түйінді мәселелердің бірі-екі елдің тарихи, этникалық, тіл және мәдени ортақтығы болмақ. Мәдениет,өнер және білім беру саласындағы ынтымақтастық халықтардың бір-біріне жақындасуына, қатынастардағы татулық пен сенім ахуалының қалыптасуына ықпал етті.
Қазақстанға және ТМД-ның басқа түркі тілдес мемлекеттеріне қарағанда, Түркияның экономикалық әлеуеті айқын, халықаралық рынокқа шығатын жолы бар, Еуропалық қоғамдастықта жеткілікті беделі бар, ол Қазақстан экономикасын реформалаудың икемді үлгісі болып табылады. Олардың мәдениет, білім, экология, медицина, бірлескен бейбітшілік бағдарламаларында өзара ықпал ету, аймақтық экономикалық одақтарды нығайтуға деген ұмтылыс - аймақта түркі мемлекеттерінің халықаралық беделінің өсуіне және гүлденуіне әсер етер еді. Екі мемлекеттің еуразиялық интеграция принциптерін жүзеге асыруға деген ұмтылысы, олардың осы бағыттағы бірлескен күш-жігері бүкіл еуразиялық континентте бейбітшіліктің сақталуына және гүлденуіне ықпал етеді.
Қазақстан - Германия қатынастарындағы ерекшеліктер
Еуропа мен Азияның тоғысында тұрған Қазакстанның геосаяси жағдайы, халқының этникалық кұрамының ерекшеліктері, оның экономикалық қуаты - мұның бәрі жас тәуелсіз мемлекеттің сыртқы