Файл: Лекция жинаы Пн азастан тарихы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 818

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүлделерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтары мен мүлделерін қорғауды жүзеге асырады, Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықгық актілердің, республиканың халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. Соттар өздеріне тиесілі билікті ешкімнің еркіне қарамастан Қазакстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырады. Қазақстан Рес-публикасындағы сот билігі еліміз Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік қүқықтық актілерінің, Қазақстанның халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады.

Сот билігі сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Соттардың шешімдері, үкімдері, өзге де қаулылары, заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары, сондай-ақ өтініштері республиканың бүкіл аумағында барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті болып саналады. Оларды орындамау және сотты құрметтемеу заң бойынша жауаптылыққа әкеліп соғады. Қазақ-стан Республикасындағы сот жүйесін заңмен құрылатын Республиканың Жоғарғы Соты мен Республиканың жергілікті соттары (облыстық және оларға теңестірілген соттар, Алматы, Астана қалалық соттары, аудандық (қалалық) соттары құрайды.

Судья Республикадағы сот билігін атқарушы болып табылады.

Сот билігінің мүлтіксіз жүзеге асырылуы көп жағдайда өзімізге де байланысты. Заңды қастерлемейінше және заңдылықтың сақталуын ең алдымен өзімізден және басқалардан (көре тұра көз жұмбалыққа салынбай) талап етпейінше әділ сот жүйесін орнықтыру қиынға соғады. Бізде әлі күнге дейін құқықтық сана, құқықтық білім беру мен оқыту бір жүйеге келтірілмеген. Орта мектепте құкықтану сабағы бір жыл ғана (9 сыныпта), онда да 34 сағат қана оқытылады. Азаматтардың көпшілігінде құқықтық енжарлық басым, өздерінің құқықтарын белсенді қорғай алмайды.

Халықтың құқықтық санасын, құқықтық белсенділігін арттыру үшін «заңды білген ұтылмайды» қағидасын әркімге және олардың күнделікті тұрмыс әрекетіне орнықтыру қажет. «Заңды білмеу мені жауапкершіліктен құтқарады» әдетінен арылу арқылы ғана кұқықтық мемлекет орнықтыра аламыз. Құкықтық мемлекет көрінісінің ең басты белгілерінің бірі де заңның үстемдігі, әркімнің заң алдындағы теңдігі, заңды кұрметтеу, заң нормаларының мүлтіксіз орындалуы, әділ сот әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғай алу құқығы және т.б.


2007 жылғы мамыр айындағы Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар оқулық мәтіні бойынша терулер аяқталып, жұмыс баспаханаға жіберіліп қойғандықтан берілген жоқ. Конституцияға қатысты мәтіндер өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейінгі Конституция нормалары бойынша беріліп отыр.


Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты.
1.Қазақстанның ішкі саясаты

2. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты
1. Қазақстан егемендік алғаннан кейін зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Мұны іске асыруда еліміздің тарихи және отарлауда болған мұрасы, оның саяси мәдениетінің өзіндік ерекшелігі, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасы жан-жақты ескерілді. Елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйелердің орнығуына, күшті заң шығарушы органның, тәуелсіз баспасөз және автономиялық жергілікті басқарудың дамуына көп көңіл белінді. Қоғамды демократияландыру барысында жаңа саяси институттар - парламент, 1993-ші және 1995 жылдардағы конститутциялар қабылданды, тәуелсіз сот билігі қалыптасты.

Тәуелсіздік алған алғашқы кезден бастап, елде болып жатқан өзгерістерді талдау арқылы Қазақстан басшысы өзінің назарын болашақтың бағытын айқындауға аударды. Атап айтқанда, Президент Н. Ә. Назарбаев 1992 жылы жарық көрген "Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы" - деген еңбегінде жаңа тарихи жағдайға байланысты еліміздің егеменді мемлекет болуының стратеғиялық міндеттерін көрсетіп берді. Онда айтылған кейбір маңызды кағидалар мен тұжырымдар Егемен Казақстанның бірінші Конституциясында өзінің көрінісін тапты.

Бұдан кейін мемлекет алдында бой көтерген жаңа тактикалык мақсаттардың іске асу шаралары белгіленді. Оны Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің 1993 жылы жазған "Қазақстанның болашағы - қоғамдық идеялық бірлігінде" -деген еңбегінде ашып берді. Мұнда Президент Тәуелсіз еліміздің одан әрі күшейіп нығаюында қоғамдық ынтымақтастык пен жарастықты іске асырудың жолдарын анықтады.

Алайда,, осы белгіленген стратегиялық міндеттерді тәжірибе жүзінде іске асыруда көптеген қиыншылықтар мен кемшіліктер кездесті. Оны орындауда дәрменсіздік көрсеткен С. Терещенко басқарған (1992 ж. бастап) Министрлер Кабинеті 1994 жылы отставкаға кетті. Оның орнына Ә. Қажыгелдин бастаған жас саясаткерлерден тұратын жана үкімет келді. Бұл үкімет таяудағы үш жыл ішінде елімізде болып жатқан реформаларды іске асырудың жаңа бағдарламасын белгіледі, осы бағытта бірқатар жұмыстар жүргізді. Бірақ өзінің бағдарламасын аяғына дейін жеткізбей Ә. Қажыгелдиннің үкіметі 1997 жылдың 10 қазан күні отставкаға шықты. Оған себеп, алдымен, жекешелендіру бағдарламасында кеткен үлкен қателіктердің салдары болды, содан соң елімізде әлеуметтік әділетсіздіктің орын алғанын айтуға болады.


Ә. Қажыгелдин Үкіметінің орнына Н. Балғымбаев басқарған төртінші үкімет келіп екі жыл (1997-1999 жж.) қызмет етті. Бұл үкіметте қиын кезеңде жұмыс істеді. Елде қордаланып қалған қарыздарды қайтару, сыртқа шығарылатын шикізат өнімдері бағасының құлдырауы, көрші елдердегі экономикалық дағдарыстың Қазақстанға әсері кезінде жұмыс істеуге тура келді.

Үкімет сыртқы факторлардың жағымсыз әсеріне қарамастан, тұтас алғанда макроэкономикалық тұрақтылықты сақтап калды. Сондай-ақ, бұрыңғы заемдарды төлеуде, мемлекеттің іші және сыртқы міндеттемелерін орындауда Н. Балғымбаев басқарған үкімет бірқатар айтуға тұрарлық қызмет атқарды.

1999 жылы қараша айында Қазақстан үкіметі басына Қ. Тоқаев басқарған бесінші үкімет тағайындалды. Жаңа үкімет Республика Парламентінде өзінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын ұсынып бекітті. Ондағы шешілуге тиісті басты проблемалар негізінен "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламадан туындағанды.

Бірінші. Еліміздегі қатаң бюджет мәселесін ескере отырып, одан тиісті қорытынды жасау, бюджетті жоспарлауда жетімсіздіктер болып жатса, оны түзету, кірісті жинақтауда резервтер болатын болса, оны іске қосу, яғни қаржы көзін, оны қолданудың әдіс-тәсілдерін жете пайдалану.

Екінші. Экономиканы, қаржы және зандылық жүйесін реформалауды одан әрі жалғастыру, әлеуметтік саладағы реформаларға баса назар аудару.

Үшінші. Елге инвестицияның қажетгілігін ескеріп, белгілі және салиқалы инвесторларды іздеп табу, олардың мемлекет экономикасына деген ынтасын арттыру.

Төртінші. Сыбайлас жемқорлықпен күресті одан әрі күшейту.

Бесінші. Өндірісті жандандыру, отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетіп, кіші және орта бизнестің мәселелерін шешу.

Алтыншы. 2000-шы жылдың басына дейін зейнетақы қарызынан құтылу.

1999 жылдың қараша айынан 2002 ж. қантар айына дейін қызмет істеген Қ. Тоқаевтың үкіметі өзінің алдына қойған іс-қимыл бағдарламасын орындауда бірқатар әлеуметтік-экономикалық бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Олардың бірсыпырасы жүзеге асты, дегенмен кейбір мәселелер аяғына дейін орындалмады.

2002 жылы қаңтар айында Қазақстан Үкіметі басына И. Тасмағамбетов басқарған алтыншы үкімет келді. Жаңа үкіметтің алдына бірқатар күрделі міндеттер қойылды:

▪біріншіден, экономикалық диверсификацияға қол жеткізу арқылы өнеркәсіптік саясатты жүзеге асыру;

▪екіншіден, қор рыногын дамыту;

▪үшіншіден, аграрлық сектордағы реформаларды одан әрі жалғастыру;


▪төртіншіден, биліктің әр деңгейіндегі өкілеттіктің ара жігін айқындау.

Алайда, 2003 жылғы 11 маусым күні И. Тасмағанбетов өз өтінішімен үкімет басынан кетті. Бір жыл бес ай уақыт ішінде жұмыс істеген бұл үкімет тұсында республикада экономикалық реформаларды дамыту барысында бірсыпыра істер атқарылды. Әлеуметтік даму мәселесіне де ерекше назар аударылып, халықтың әл-ауқат деңгейі өсті. Қазақстаңның 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтитын Стратегиялық бағдарламасына сай 2003-2005 жылдарға арналған елдің индустриялық-инновациялық даму бағдарламалары қабылданды.

2003 жылғы 13 маусым күні Президенттің жарлығымен И. Тасмағамбетовтың орнына жетінші Премьер-министр болып Д. К. Ахметов тағайындалды.

1991 және 2003 жылдар аралығында Егемен Қазақстанның жоғары заң шығарушы органы — Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1993 жылдың желтоқсан айында көптеген депутаттардың өз міндеттерінен бас тартуымен байланысты тарады.Парламентте төрт рет өзгеріске ұшырады. Бірінші рет, 1990 жылы 12-ші шақырылумен сайланған Қазақ

Одан кейін 13-ші шақырылумен сайланған Парламенттің өмірі де ұзақ болмады. Себебі Қазақстан Республикасының 1993 жылғы желтоқсанда бекіткен сайлау Кодексі негізінде 1994 жылғы наурызда сайланған Парламент 1995 жылғы
мамырда заңсыз деп табылды. Бұған сайлау барысында аталған Кодекс баптарының өрескел бұзылуы себеп болды. Міне, осымен байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар "Қазақстан Респуб-
ликасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі пәрмені бойынша сол жылдың желтоқсан айында жаңа парламент сайлауы өткізілді. Ал 1997 жылдың қазан айында Парламенттің жоғары палатасына сайланған депутаттардың
құрамынын жартысы өзгертіліп, оларға жаңа сайлау жүргізілді.

Еліміздегі жоғары басқару жүйелеріндегі өзгерістер жергілікті атқару органдарының да өзгеруіне алып келді. Бұларда егемендік алған кезден бері үш рет өзгеріске ұшырады. Алдымен жергілікті атқарушы органдар — облыстық, қалалық, аудандық атқару комитеттері болып құрылды. Кейіннен барлық атқару комитеттері мен Кенестерді қосып, оларды бір адам — Кеңес төрағасы басқаратын болды. Ақырында келіп атқару жүйесін -әкімдер, өкілдік органдарды — Мәслихат басқаратын болды.

Соңғы жылдары әкімшілік-басқару аппаратын қысқарту және құрылымдық оңтайландыру жөнінде батыл шаралар қолданылды. Орталық Үкімет қайта құрылды және сан жағынан ықшамдалды. Жергілікті жерлердегі басқару құрылымдары да едәуір қысқарды. 1997 жылы 50-ден астам министрлік пен ведомстволардың 25-і ғана қалдырылды. 19 әкімшілік облыстың бесеуі, 220 әкімшілік ауданының 30-ға жуығы таратылды, сөйтіп 5 мыңға жуық қызметкер қысқарды.