ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 812
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3. Қазақстан экономикасында, әсіресе, ауыл шаруашылығының үлес салмағы үлкен екені белгілі. Бірақ, осыған қарамастан 1992-1993 жылдардағы елеулі дағдарыс ауыл шаруашылығында басталды. Оның басты себебі — ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салалары өнімдерінің арасындағы үлкен алшақтық еді. Бұл ауыл шаруашылығын қатты күйзеліске әкеп соқтырды. Мәселен, 1993 жылы 1990 жылмен салыстырғанда К-700 маркалы трактордың бағасы 1287 есе, МТЗ-82 маркалы трактордың бағасы 1667 есе, астық жинайтын "Нива" комбайнының бағасы 2050 есе, Дон-1500 комбайнының бағасы - 1236 есе қымбаттады. Ал бұған керісінше осы жылдар ішінде астықтың сатылып алу бағасы бар болғаны 148 есе, мүйізді қараның бағасы - 65 есе, қой -62, сүт - 87, жүн - 66, құс - 127, жұмыртқа - 219, ауыл шаруашылығы барлық өнімдерінің бағасы - 116 есе өсті. Бұл деректерден өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы арасындағы алшақтықты айқын көруге болады. Ауыл шаруашылығына қажетті өнімдерге бағаның бейберекеттігінен техниканы, тыңайтқыш, өсімдікті қорғайтын химиялық құралдар қолдану қауырт төмендеді.
Ауыл шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауына республикадағы колхоздар мен кеңшарларды жаппай және тез арада жекешелендіру науқанының үлкен зардабы тиді. Бұрын 600-ден астам астық өндіретін, 700-дей қой шаруашылығымен шұғылданатын кеңшарлар мен колхоздар, 80-дей құс фабрикасы бар еді. Шошқа өсіретін, бордақылайтын өндірістік негізде дамыған бірнеше ірі-ірі кешендер жұмыс істеді. Халық жұмыртқамен, құс етімен толық қамтамасыз етілген еді. Шошқа етімен қамтамасыз етуге жететін мезгіл да алыс еместі. Тек қолбайлау болып отырған нәрсе - ол құрама жем өндіру болатын. Республика халқы жекешелендіру барысында өздерінің осы қолда барынан айырылып қалу жағдайын бастан кешірді. Бағадағы былық, бейберекеттік, жекешелендірудегі асығыстық пен науқаншылдық, қаржыландырудағы берекесіздік, басқарудың жоғарыдан төменге дейінгі жүйесін күйрету, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді алыпсатарлыққа айналдыру және тағы басқа жағдайлар, тұтас алғанда, ауыл шаруашылығын күйретуге соқтырды. 1993 жылы кеңшарлардың басым көпшілігі жұмыскерлерге 6 айға дейін жалақы бере алмады. Көптеген кеңшарлардың адамдары 1994 жылдың қаңтарына дейін теңгенің жүзінде көрмеді.
Құрама жемнің сапасының төмендігі мен бағасының қымбаттығы құс пен шошқа шаруашылығына үлкен нұқсан келтірді. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін, ұқсататын салаларда жаңа қуаттарды қосу, жаңа технологияны өндіріске енгізу, негізгі қорларды алмастыру сияқты жұмыстардың көлемі азайып кетті. Агроөнеркәсіп кешеніндегі жоғарыдағы айтылған және басқа да кемшіліктерді жоймай, салаға деген көзқарасты түбегейлі өзгертпей бүкіл реформаның жүзеге асуына күмән келтірді.
Нарық жағдайында аграрлық сектордың басты бір саласы—мал шаруашылығының халі мәз болмай, едәуір төмендеді. Малдың саны жылдан-жылға азайып отырды. Мал мен құстың кемуі негізінен осы салаға деген көзқарастың нашарлауынан болды. Малға қажетті жем-шөп аз дайындалды. Жеке шаруаларға бөлініп берілген малдар өнім берудің орнына сатылып кетті, немесе ауыл тұрғындарына керекті тауарларға ауыстырылды. Мал санының азаюының тағы бір себебі — бұрын Қазақстан бүкіл Кеңес Одағына арнап ет дайындаса, енді оны 15 миллион халыққа ғана есептеп өндіретін болды.
Мал шаруашылығын одан әрі дамыту және мал басын қайта көбейту үшін негізгі үш бағытта жұмыс істеу көзделіп отыр. Біріншіден, селекциялық — асыл тұқымдандыру жұмыстарының деңгейін көтеру арқылы қолда бар мал басының генетикалық әулетін арттыру, жоғары сапалы тұқыммен барлық аналық малды қолдан ұрықтандыруды жаппай қолға алу. Екіншіден, перспективалық мал тұқымдарын дамыту үшін жағдай туғызу. Ауыл шаруашылығы саласының ғалымдарымен бірлесе отырып, жоғары сапалы өнім беретін мал тұқымдары анықталып, оларға мемлекеттік қаржы көздерін қарастыру. Үшіншіден, жоғары сапалы өнім беретін мал тұқымдарын табиғи өсіммен арнайыландырылған орта және ірі тауарлы өндіріске қайта бейімдеуге қол жеткізу.
Қазақстан үкіметі соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайтуға, егіс көлемін көбейтуге, өнім мөлшерін өсіруге бағытталған шараларды іске асыруда. Ауыл шаруашылығы саласындағы меншік түрлеріне қарамастан үкімет оларға әрдайым қолдау көрсетіп отыр.
Ауылда шаруашылық жүргізудің жаңа формалары қалыптасты. Мемлекет ауыл шаруашылығына салықты азайтты. Салықты тек бір патент түрімен ғана төлеу енгізілді. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының бұрыңғы қарыздарының барлығы жойылды. Басқа қарыздары 5-6 жылға ары қарай создырылды.
Ауыл шаруашылығы саласындағы реформалар ондағы жалпы өнімнің өсуіне мүмкіндік берді. Мәселен, мұндағы жалпы өнімнің өсу қарқыны 1999 жылы 1998 жылмен салыстырғанда 28,9 пайызға артты, 2000 жылы өсім 8,2 пайыз, 2001 жылы — 16,9 пайыз, 2002 жылы 6,6 пайыз болды.
Ауыл шаруашылығы саласының қаржылық жағдайы да едәуір жақсарды. Егерде сала бойынша 1999 жылдың қорытындысында 2,6 миллиард теңге табыс түссе, 2000 жылы бұл көрсеткіш 4,8 миллиард теңгеге жетті. Ал 2002 жылдың қорытындысы бойынша табыс 10 миллиард теңгеге өсті.
Ауыл шаруашылығы одан әрі дамытудың жаңа кезеңі Қазақстанда өткен 2002 жылдан бастау алды. Бұл кезең /2005 жылға дейінгі уақытты қамтиды/ аграрлық өндірістегі реформаны аяқтау, ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншікті енгізу және ауылдың әлеуметтік бейнесін жаңғырту мәселелерімен сабақтастырыла қарастырылған.
2003 жылдан бастап ауыл шаруашылығын және оған байланысты салаларды бюджеттік қаржыландыру елеулі түрде арта түспек. Осыған орай салаға қатынасты 77 бюджеттік бағдарламаны қаржыландыруға 40 миллиард теңге қаржы бөлінді. Оның 30 миллиарды аграрлық секторды дамытуға, 10 миллиарды ауылдың әлеуметтік мәселесіне, оның ішінде, денсаулық сақтау, білім беру салаларына, ауылды ауыз сумен қамтамасыз етуге жұмсалады. Ал 2004 жылы ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекеттік бюджеттен - 50 миллиард, 2005 жылы — 55 миллиард теңге бөлу жоспарланған.
Қорытып айтқанда, еліміздің ауыл шаруашылығына жан-жақты көмек көрсету арқылы оның деңгейін көтеру, соның ішінде қазіргі кездегі егістік көлемін сақтау, одан алынатын өнімді өсіру, қолда бар малдың санын одан әрі кемітпей, тұрақтандыру ісін жүзеге асыру көзделген. Ол үшін Елбасының "Қазақстан-2030" Жолдауында атап көрсетілгендей, кеңшарларды жекешелендіру, мал басын тұтастай жекеменшік қолына өткізу шаралары алдағы уақытта ауыл шаруашылығының дамуына жаңа серпін береді деп күтілуде.
Тақырыбы: Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы.
-
Қазақ диаспорсы -
Қазақтардың құрылтайы
Қазақ диаспорасы – Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтар. Қазақ диаспорасы сыртқы шекараларды кесіп өтіп, әуелі Қазақстаннан Қытайға, Ортталық Азиямемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, одан әрі бүкіл дүние жүзіне тараған. Қазақстанмен іргелес шет жұртта қалың шоғыр күйінде қалған және шалғай аймақтарда шашырап жүрген Қазақ диаспорасы-ның жалпы саны 5,4 млн. деп есептеледі (1997). Шет елде болса да өз ата мекендерінде тұрып жатқан ирредент Қазақ диаспорасы-ның, яғни Қазақстанмен іргелес, шектес, түрлі тарихи кезеңдерде одан зорлық-зомбылықпен тартып алынған, қилы замандардағы түрлі саяси айла-шарғы, белден басқан қиянат салдарынан Ресейге, Қытайға,Өзбекстанға қосылып кеткен ата мекендерде тұратын қазақтардың ұзын саны 5 млн-ға жуық. Ал бөтен жерлердегі бытыраңқы диаспора 0,5 млн. адам. Қазақ диаспорасы
шоғырлы диаспораға жатпайды. Батыс Еуропаның реципиент-елдеріндегі және АҚШ-тағы этн. қазақтар топтасып тұрмайды. Бірақ Шығыс елдерін (Түркия, Иран, Ауғанстан) мекендеуші қазақтар анағұрлым шоғырланып мекендеген. Бұған олардың бірлесіп тұру тілегі ғана емес, сонымен бірге реципиент-елдің олар жөнінде жүргізген саясаты да ықпал еткен. Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-тіршілігінен қанға сіңген тамаша бейімделгіштік, жерсінгіштік, алғырлық қабілет-қасиеттерінің арқасында Қ. д. жартылай этн., мультимәдени, мультидіни құрылымды елдерде жергілікті тіршілікке бейімделіп кете алды. Өздері тұрып жатқан аймақтарда этн. азшылық болғандықтан, сол елдің саяси құрылымында Қазақ диаспорасының айтарлықтай салмағы жоқ.
Жалпы “қазақ диаспорасы” ұғымы өзінің толық мағынасында көпшілік қауымға тек 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы қарсаңында мәлім болды.
Қауымдастық қазіргі кезде дүние жүзіндегі бар қазақтың басын қосып, қазақ диаспорасы тақырыбының ғылыми зерттелуін жолға қоятын саяси және мәдени-ғылыми орынға айналды.
1993 жылы Алматыда қытайлық тарихшы Нығмет Мыңжан жазған “Қазақтың қысқаша тарихы” [5] деген кітап жарық көріп, оқырманды елең еткізді. Бұл еңбек шеттегі қазақтың арасынан шыққан тұңғыш көлемді кітап болатын. Оқырманның көпшілігі бұл кітапты “Дүниежүзі қазақтарының кітабы” деп қарсы алды. Кітаптың авторы Қазақстан ғалымдарының еңбегін пайдаланып, оған Шыңжаңдағы керейлердің тарихынан аздап мәлімет қосып, қазақ халқының тарихын жазуға ниет білдіріпті. Бірақ, бұл мақсат толық орындала қоймады. Өйткені бұл кітаптың ғылыми тұжырымдардан гөрі саяси астары басым.
Мәселен, Қытай Халық Республикасында тұратын І миллионнан астам қазақтар ала бағанның арғы жағында қалғаннан бергі кезеңде өзінше тағдыр,қызғылықты тарих кешіп келеді. Олардың өздеріне тән күрес жолдары, халық кайраткерлері, өзіндік мәдениеті мен әдебиеті қалыптасты.Ал Түркия, Германия, Америка,Норвегия, Англия, Шведция тіпті Австралияға дейін кетіп қалған қазақ жұртының тағдыр талайы өз алдына тарих. Ең тамашасы олар әлі күнге дейін ұлттық белгілерін (қазақтығын) сақтап отыр. Дүние жүзінде диаспорасының тілдік жағдайын зерттеу- қазақ халқы, қазақ тіл білімі үшін ғана емес, әлемдік лингвистика үшін де өте маңызды мәселе. Өзінің ұлттық ортасынан тыс жерде өмір сүріп жатқан этнос өзге тілдік ортада өз тілін қалай сақтап қалды, қалай өзгертті, қалай дамытты деген сауал да мәнді мәселе.Сонымен бірге сырттағы қазақтардың тілін зерттеу - қазақ тілшің дүние жүзіндегі жағрафиялық таралу өзісін белгілейді. Ал бұл тіл біліміне аса қажетті мәлімет. Жер жүзінің әр түрлі елін мекендеген қазақ өз тілімен қатар, сол елдің тілдерін де меңгерді, яғни қос тілді,не кеп тілді. Мұның өзі дүниежүзілік әлеуметтік лигвистика ғылымын қазақ көптілдігі жөніндегі мәліметтермен байытары сөзсіз.Қаймағы бұзылмаған халқымыздың ұмытыла бастаған тамаша касиеттерін тірілтуге. өткеннің өнегесінен үйренуге де баулитыны анық. Қазақ елінің өзін өзі ұлт ретінде сақтап қалуына мүмкіндік туғызатын әлемдік орта тек қана қазақ жері мен елі. Сондықтан сырттан келіп жатқан қазақтарға мемлекет тұрғысынан заңды көмек керсетілген жөн.
Бүгінгі күні әлемнің қырық елінде тұратын қазақ диаспорасы қазақ ұлтының үштен бір бөлігін құрап отыр немесе 4,5 млн адам. Олардың басым бөлігі Қазақстанмен шекаралас елдерде тұрады. Олардың белгілі бөлігі тарихи елінен кеңес кезеңіндегі Қазан революциясы, азамат соғысы және күштеп ұжымдастыру, аштық пен бұқаралық репрессияның салдарынан кетуге мәжбүр болған. Таяу шетелдегі қазақтар (ТМД елдерінде) Кеңес одағы тарағаннан кейін диаспора қатарын көбейтті.
Соңғы статистикалық мәлімет бойынша: «Өзбекстанда 1,5 миллион; •Қытайды - 1,3 миллион; • Ресейде - 900 мың; • Түркіменстанда - 100 мың; • Монғолияда - 80 мың; • Қырғызстанда - 45 мың қазақтар тұрады; • Түркия, Иран, Ауғанстанда да біршама қазақтар тұрады. |
Қазақ диаспорасы саны туралы мағлұматтар назардан тыс қалмайтынын айта кету керек. Кейбір дерек көздері бойынша шетелде тұратын қазақтар саны 5 миллионнан асатыны айтылған.Сондықтан да диаспоралар мәселесіне көп мән беріп, оның қоғамдық ғылыми негіздерін зерттеп, баға беріп, сын айтып, бүгінгі бүкіл әлемде болып жатқан құбылыстардың өзекті мәселелерінің күрделі бір бөлігі ретінде қараған жөн.
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы — Республикалық мәртебесі бар халықаралық үкіметтік емес ұйым. Қауымдастықтың негізгі міндеті — шетелдерде тұратын қазақтармен мәдени-рухани, оқу-білім және іскерлік бизнес саласында байланыс жасау.
Қауымдастық дүниеге келген уақыттан бері өз Жарғысында белгіленіп бекітілген міндеттер аясында жұмыс істейді. Ешқандай саяси мақсат көздемейді. Өзге мемлекеттердің ішкі ісіне араласпайды. Күнделікті жұмысында Қазақстан Республикасының шетелдермен мәдени-рухани, оқу-білім және экономикалық салада жасалған келісімшарттарды, басқа да халықаралық құжаттар мен актілерді басшылыққа алады.
Сыртта жүрген қандастарымыздың күнделікті тыныс-тіршілігінің барлық салаларына қатысты ірілі-ұсақты мәселелердің бәрімен тұрақты шұғылданып келеді. Қазақ диаспорасы шеңберінің ұлғаюы нәтижесінде алыс-жақын шетелдердегі ағайынмен сан-салалы байланыстарды жетілдіру жолдарын өз қызметінің негізгі өзегі деп біледі. Сондай-ақ республикадан тысқары, шетелдерде жүрген қазақ диаспорасымен жан-жақты байланыс орнату, мәдени және білім беру мәселелері жөнінен жәрдемдесу де Қауымдастық қызметінің бір саласы болып есептеледі. Тарихи отанына көшіп келген оралмандарға әлеуметтік қамқорлық жасап, қайырымдылық шараларын ұйымдастырады. Шетелдердегі қазақтардың мәдени орталықтарымен тығыз байланыс орнатып, бірлескен бағдарламаларды жүзеге асырып келеді.