ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 808
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қауымдастықтың Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында бөлімшелері бар. Ұйым қазақ диаспорасының жағдайын тиісті деңгейде зерттеп, Қазақстанның билік орындарына нақты ұсыныстар түсіреді. Сондай жұмыстар нәтижесінде 1996 жылы Қазақстанда “Шетелдік отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы” қабылданды. Атқарылып жатқан шараларды негізінен мәдени-рухани және экономикалық салаларға топтастыруға болады. Ал оларды жүзеге асыру барысында қолданылатын жұмыс әдістері әр алуан, оған көкейтесті мәселелер бойынша ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар, халықаралық симпозиумдар, «дөңгелек стол» мәжілістері тақырыптық кештер, әдеби кештер, соңғы жылдары дәстүрге енген шетелдерде жыл сайын өткізіліп келе жатқан кіші құрылтайлар, өнер, қолөнер, кітап көрмелері, мерейтойлық басқосулар, өнер және спорт фестивальдері сияқты сан-салалы шараларды жатқызуға болады.[1]
Қауымдастық өз Жарғысы бойынша Қазақстан Республикасының және шетелдердің мемлекеттік мекемелерімен, қоғамдық ұйымдарымен, мәдени-ғылыми орталықтарымен байланыс жасауға құқылы.
Қауымдастық дүниеге келгеннен бері төрт құрылтай өткізді.
1992 жыл, 29 қыркүйек – Алматыда Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы өтті.
Осы жылдың 29 қыркүйегі мен 3 қазан аралығында Алматыда қазақтардың І Дүниежүзілік құрылтайы болып өтті. Оған Министрлер Кабинетінің «Қазақтардың бүкілдүниежүзілік конгресін дайындау және өткізу туралы» Қаулысы себеп болды. Осындай конгресті өткізу туралы идея Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Түркияға сапары кезінде туған еді.
Атаулы қаулыдан кейін ұйымдастыру комитеті мен штаб құрылды. Әлеуметтік орта, қоғамдық ұйымдар, коммерциялық құрылымдар атсалысты. Әлемнің әр түкпірінен келген қонақтар үшін кеңейтілген мәдени бағдарлама даярланды. Құрылтайға Түркия, Иран, Монголия, АҚШ, Қытай, Австралия, Германия, Англиядан т.б. 30-дан астам елден барлығы 700-ден аса делегат келді.
Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды. Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының бірінші хатшысы Қалдарбек Найманбаев төрағаның бірінші орынбасары болып сайланды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшылығын құрылтайға қатысушылар мына құрамда толық қолдады:
-
Нұрсұлтан Назарбаев — Төралқа төрағасы. -
Қалдарбек Найманбаев — Төрағаның бірінші орынбасары. -
Дәлелхан Жаналтай (Түркия), Мырзатай Жолдасбеков, Алтынбек Сәрсенбаев — Төралқа мүшелері. -
Құрылтай таңбасының авторы - суретші Бейсен Серікбай
Құрылтай шеңберінде Қазақстан және шетел ғалымдары Ә. Қайдаров, М. Қозыбаев, С.Сартаев, З.Исмайлдың қатысуымен ғылыми практикалық конференция өтті. Қазақ ұлттының азаматтары Қазақстанға қайта оралған жағдайда, оның әлеуметтік қорғалуы жөнінде бірқатар құжаттар қабылданды.
Қонақтар Түрікстандағы Қожа Ахмет Яасауидың мавзолейіне, Жезқазған облысына Ұлытауға барып қайтты. Құрылтай қонақтары үшін Республика сарайында концерт қойылды. Құрылтайдың өткізілу барысы мерзімді баспасөзде, радио және теледидар бойынша кең хабарланып отырды. Құрылтайдың негізгі жаңалығы – 30 қыркүйекте Республика сарайында өткен салтанатты мәжіліс болды.
Онда Қазақстан Республикасының Президентті Н.Назарбаев сөз сөйледі. Президент өз сөзінде: «Қазіргі уақытта әлемнің 40-тан астам елдерінде 4,5 миллиондай қазақтар тұрады, сондықтан Республиканың құрметті міндеті – қай жерде тұратына қарамастан, әрбір қазақ өз ұлтының тең құқылы өкілі ретінде сезінетіндей жағдай жасау» деп атап көрсетті.
Құрылтай 1992 жыл 30 қазанында сенбі күні жабылды. Осындай конгресті өткізу Қазақ халқының өзіндік бірлігін нығайтып, мәдениеті мен дәстүрлерін қалпына келтіру және көтеруге ықпал етті.
2002 жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті.
Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты.
Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайы ІІ-ші рет, 2002 жылдың күзінде Түркістан қаласында өткен құрылтайда тарихи отанына оралуды аңсап жүрген қандастарымыздың қатарының толығуы жайында сөз болды. Түркістан көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткерген қала болғаннан кейін әдейі таңдалса керек, оның алдында Түркістан қаласының 1500 жылдығы аталған. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады. 1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды. 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді.
2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соныңішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Сингапурдан, Мысырдан, 300-ден аса өкіл, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты.
Құрылтайда шетелде тұратын қазақ шетжұрты өкілдерін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тарихи отанына инвестициялар орналастыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды.
Бизнес байланысын нығайту, қазақ шетжұрты республиканың экономикасы туралы толығырақ ақпарат алуына ықпал ету, кәсіпкерліктің даму жағдайы, мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтардың өзара қарым-қатынас секілді мәселелер қаралды.
2011 жыл. 25-27 мамырда Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайы ашылды.
Құрылтайда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасы төрағасы болып Н.Назарбаев бір ауыздан қайтадан сайланды.
Төралқа төрағасының бірінші орынбасарлығына Елбасының ұсынысымен Талғат Мамашев сайланды.
Төралқа мүшелері болып Сұлтанәлі Балғабаев (төрағаның орынбасары), Абдулқаюм Кесижи, Тоқтарбай Дүсенбаев сайланды.
Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы шетелдегі 5 млн. қазақ диаспорасы мен Қазақстанның арасын жалғастыратын еліміздегі бірден бір қоғамдық ұйым. Соған орай, Қауымдастық Қазақстанда қолға алынған маңызды жұмыстарды шетелдегі ағайындарға дер кезінде жеткізіп, насихаттап отыруға тиіс.
Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстанның рухани-мәдени өмірі.
1. Қазақстан мәдениетінің дамуындағы өзгерістер
3. Бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуы оның мәдени және спорт өмірінен де көрініс тапты. Абайдың 150 жылдығы мен Түркістан қаласының 1500 жылдығы, Тараз қаласының 2000 жылдығы және т.б. ЮНЕСКО шеңберінде халықаралық деңгейде аталып өтті. Музыка өнерінің үздік таланттары Әлібек Дінішев, Айман Мұсахожаева, Жәния Әубәкірова, Нұржамал Үсенбаева және Марат Бейсенғалиевтерді бүкіл әлем танып білді. Кино режиссерлар Т.Теменов пен С.Нарымбетовтың туындылары халықаралық фестивальдарда үздіктер қатарынан орын алды. 1996 жылы Атланта Олимпиадасына тұңғыш рет жеке мемлекет ретінде қатысқан Қазақстан спортшылары үздік табыстарға жетті. Екі жүздей мемлекет қатысқан бүкіл әлемдік спорт додасында қазақстандық спортшылар жалпы командалық есепте 24 орынға ие болды. Ғасырлар тоғысындағы Сидней Олимпиадасында одан да үздік нәтиже - 22 орынға көтеріліп, Қазақстан спортын биік сатыға кетерді. 2004 жылғы Афины олимпиадасында боксшы Б.Артаев «Боркер кубогын» иеленеді. 1994 және 1998 жылдардағы қысқы олимпиадада Қазақстан спортшылары едәуір табыстарға ие болға-нымен, 2002 және 2006 жылы олимпиадалар да жүлдегерлер қатарынан тыс қалды. Қызылордалық ауыр атлет И.Йльсин 2006 жылы әлем біріншілігінде жеңімпаз атанып, жылдың ең үздік спортшысы деп танылды.
Президент Жарлығымен 2000 жылдың Мәдениетті қолдау жылы болып жариялануы да Республика мәдениетінің дамуына оң ықпалын тигізді. Оңтайландыру жылдарында жабылған ауыл кітапханалары мен клубтары және жүздеген өнер мекемелері қайта жұмыс істеді. Астанада жаңа үлгідегі опера және балет театры салынып пайдалануға берілді. Алматыдағы опера және балет театры күрделі жөндеуден қайта өткізілді. «Абылай хан», «Томирис» спектакльдерінің қойылымдары зор табыстармен өтті.
2001 жылдың ақпан айында өткен білім және ғылым қызметкерлерінің екінші сьезінде Қазақстанды XXI ғасырда дамыған елдермен теңестіріп, өркениетті әлемнен орын алуына ықпал етер бірден-бір күш - білім, ғылым және білімді ұрпақ мәселесі күн тәртібіндегі басты тақырыпқа айналды. Білім және ғылым жүйесін реформалау және бұл саладағы түбегейлі өзгерістерге жол ашу мәселелері қаралды. Соңғы екі жылда оңтайландыру жылдарында жабылған терт жүзге жуық мектеп қайта ашылды.
Елбасының Қазақстан халқына арнаған 2003 жылғы Жолдауы бойыныша «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданып жүзеге асырылуда. Аталған бағдарлама еліміздің маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескірткіштерін қорғау және қайта жаңғырту; қазіргі заманғы ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің тұтастай жүйесін құру, көркем және ғылыми кітаптардың толық жинақтарын шығару, әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиет жетістіктерін қазақ тіліне аудару және т.б. бағыттарды қамтиды.
«Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша 100 томдық қазақ фольклоры, 100 томдық әлем әдебиетінің асыл қазынасы, 20 томдық қазақ халқының философиялық мұрасы, 20 томдық әлемдік ақыл-ой маржаны, 5 томдық қазақ музыкасының антологиясы, 10 томдықтан тұратын социологиялық, саясаттанушылық, мәдениеттанушылык, психологиялық және экономикалық ой-қазыналарының жинақтарын шығару жоспарланып, жүзеге асуда.
Бағдарламаның аса маңызды бағыттарының бірі археологиялық зерттеулер болып табылады. Атап айтқанда, Алматы облысындағы Қойлық, Талғар, Жамбылдағы Меркі, Ақыртас, Оңтүстік Қазақстандағы Сауран, Отырар, Жуантөбе, Маңғыстау облысындағы Тоқсанбай, Қызылорда облысындағы Шірік Рабат, Сығанақ, Жанкент, Жент, Ақмола облысындағы Бұзоқты, Атырау облысындағы Сарайшық, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті және т.б. Археологиялық бағыт бойынша тарих пен мәдениеттің отыздан астам маңызды ескерткіштері қайта жаңғыртылады, отыз екі ежелгі және орта ғасырлық археологиялық ескерткіштер мен қоныстарды ғылыми-зерттеу, абаттандыру және туристік мақсатта пайдалану жұмыстары жүргізіледі.
Еліміздегі 2005 жылғы мәлімет бойынша тарих, археология, сәулет және мүсін өнерінің саны 25 мыңнан асады. Сонымен бірге 11 мың кітапхана, 147 мұражай, 8 тарихи-мәдени қорық-мұражай, 215 мұрағат бар. Оларды қорғау және қолдау жөнінде «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы»; «Мәдениет туралы»; «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңдар қабылданды. Қазіргі уақытта, аталған заңдарға заман талабына орай толықтырулар мен өзгерістер енгізу жоспарлануда.