ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 806
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қатысты деректердің басым көпшілігі шетел архивтерінде, мұражайларында сақтаулы. Бұл мәселелерді де Сыртқы Істер министрлігінің қатысуымен оңтайлы шешу көзделуде. Осы жұмыстар негізінде, «Қазақстан тарихы антик дәуір авторларының шығармаларында» (2том); «Қазақстан тарихы ІХ-ХVІ ғасырлардағы араб дерек көздерінде» (З том); «Қазақстан тарихы V-ХVІІ ғасырлардағы иран-парсы дерек көздерінде» (5 том); «Қазақстан тарихы ХV-ХХ ғасырлардағы түркі тілдес дерек көздерде» (5 том); «Қазақстан тарихы моңғол дерек-көздерінде» (3 том); «Қазақстан тарихы қытай дереккөздерінде» (3 том); «Қазақстан тарихы ХІІ-ХХ ғасырлардағы батыс дереккөздерде» (10 том); «Қазакстан тарихы ХVІ-ХХ ғасырлардағы орыс дереккөздерінде» (10 том) және т.б. баспадан шығару жоспарланған.
«Мәдени мұра» бағдарламасын мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру қарастырылған. Бұндай ауқымды іске бару еліміздегі экономикалық және әлеуметтік реформалардың табысты жүруі және халықтың әлауқатының біршама жақсару нәтижесінде мүмкін болып отыр.
Тәуелсіз Қазақстанның әдебиеті мен үлттық тілінің мәртебесін көтеруде бірқатар шаралар іске асырылуда. 30-шы жылдары нәубетке, жазықсыз жазаға ұшыраған ғалымдарды, жазушыларды, мамандарды ақтау жүзеге асты. А. Байтүрсыновтық, М. Жүмабаевтың, М. Дулатовтьщ, Ш. Қүдайбердиевтін, Ә. Бөкейхановтың, X. Досмұхамедовтың, Ж. Аймауытовтың және баскалардың кітаптары жарык көрді. Бұлардың шығармалары ұмыт болып, мектептерде, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында соңғы кезге дейін оқытылмаса, енді оқу орындарының бағдарламаларына кеңінен енгізіліп, оқушы-студент жастарға олар жөнінде жан-жақты дәріс беріледі. Мемлекеттің жаңа кезеңдегі жүргізіп отырған ұлт саясатымен байланысты қазақ тілін қайта түлету мейлінше көкейкесті проблемаға айналды. 1989 ж. қыркүйектегі Тіл туралы Заң және Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша ол мемлекеттік тіл деп жарияланды. Іс жүргізуді қазақ тіліне көшіру жөнінде жан-жақты шаралар белгіленіп, олар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Қазақстанның барлық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында қазақ тілінде оқыту бөлімдері ашылды. Мұның өзі ауылдан қазақша оқып келген жастардың ана тілінде тиянақты білім алуына жағдай жасады.
1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан үкіметі тұңғыш рет идеологиялық өктемдіктен бас тартатынын, мәдени-шығармашылық бостандықты жариялап, оны қорғау, өнерге қол жеткізуге көмектесетін жағдайлар туғызу, жариялылықты қамтамасыз ету және шығармашылық қызметкерлерінің жұмысын халыққа жария ету жөнінде міндеттемелер алды. Міне, осының нәтижесінде экономикалық қиындықтарға қарамастан, республикада мәдениеттің басты ошағы болып саналатын мемлекеттік театрлардың бірде-бірі жабылған жоқ. Қайта жаңадан Көкшетауда қазақтың музыкалық драма театры, Ақтөбеде драма театры, Ақмолада музыкалық драма театры, Батыс Қазақстан облысында мәдениет институты, Мәдениет министрлігі жанынан күрделі мәдениет мәселелері бойьшша ғылыми орталық ашылды.
Өнердегі менеджменттің тиімді үлгісінің өмірге келген жайттары орын алды. Мәселен, Айман Мұсаходжаева "Солистер академиясы" оркестрін ұйымдастырып, бүкіл музыкалық білім беруді қайта құру жөнінде ұтымды жұмыс жүргізді. Соның нәтижесінде 1998 жылы Астана қаласында тұңғыш рет ұлттық музыка Академиясы құрылды. Жәния Әубәкірова музыкалық мектептің негізінде колледж, ал жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов "ПЕН-клубын" ашты. Осының бәрі өнер саласындағы дарынды адамдардың өз идеяларын жүргізу үшін сауатты нысандар тауып жатқанын көрсетеді. Соңғы жылдары Президент Н. Ә. Назарбаевтың шығармашьглық жастармен кездесуі дәстүрге айналды. Мәдениет және өнер қайраткерлеріне арналған Елбасының стипендиясы тағайындалды. Ол жыл сайын берілуде.
Еліміздің көп ұлтты мәдениетін дамытуда 40 астам ұлттық мәдени орталықтар мен Қазақстан халықтарының біріккен Ассамблеясы бірсыпыра жұмыстар жүргізуде. Нарықтық экономика талаптарына бейімделе отырып, 1996 жылы 22 жекеменшік киностудия мен 12 жеке меншік галерея мемлекеттің жәрдемінсіз жұмыс істеді. Соңғы кезде көптеген мәдени шаралар мемлекеттің қаржылай қолдауынсыз жүргізілуде. Республика мәдениет саясатын нақты жүзеге асыруда жоғары кәсіби мәдениет кадрлары мен мамандардың атқаратын рөлі зор. Осы жағдайды ескере отырып, медениет саласына қажетті кадрларды дайындау ісі республиканың 5 жоғары 39 орташа арнайы оқу орындарында жүзеге асырыльш келеді. Сонымен қатар шығармашылық жас таланттарды тәрбиелеп өсіруде жазушылар, композиторлар, суретшілер, театр және кино өнері тағы басқа шығармашылық одақтардың алатын орны ерекше. Олар тек мемлекет идеологиясын жүзеге асыру қызметімен шектелмей, шығармашылық жастардың өсіп-жетілуіне зор ықпал ететін шараларды іске асырып отыр.
Қазақстан мәдениетінің дамып-жетілуіне соңғы кездерде өткізіліп жүрген республикалық және халықаралық конкурс-фестивальдің маңызы өте зор. Атап айтқанда, "Азия дауысы", "Жас қанат", "Дәстүрлер жүлдесі", "Шығыс маусымы", "Үкілі домбыра", "Жігіттің сұлтаны", "Ермек Серкебаев шақырады" классикалық музыка фестивалі, мемлекеттік "Қазақкино" компаниясының бастауымен шетелдік кино күндерін өткізу дәстүрге айналды.
Соңғы жылдары еліміздің мәдениеті мен рухани өрлеуіне Президент Н. Ә. Назарбаевтың 2000 жылды - Мәдениетті қолдау жылы деп жариялауының үлкен маңызы болды. Бұл жылы мәдениет мекемелерін дамытуға, олардың материалдық базасын нығайтуға бағытталған едәуір жұмыстар атқарылды. 727 мәдениет мекемелері жаңадан ашылды. Оның қатарында 468 кітапхана, 239 клуб, 5 жаңа театр мен 5 мұражай бар. Театрлар Астанада, Петропавлда, Оралда, Өскеменде және Түркістан қаласында ашылды. Корей музыкалық комедия театры, республикалық неміс драма театры, Н. Сац атындағы орыс академиялық балалар және жасөспірімдер театры жеке ғимараттарға көшті. Мәдениетті қолдау жылы аясында барлығы 2368 мәдени объекті: 1449 кітапхана, 681 клуб үйі, 49 мұражай, 11 театр, 6 кинотеатр, 2 филармония және т, б. жөндеуден өтті.
Мәдениетті қолдау жылының шын мәніндегі шарықтау шегі Түркістан қаласының 1500 жылдық тойын тойлаумен сабақтас келді. Бұл үлкен тойды өткізу барысында Қазақстан мемлекеті Күлтөбе, Отырар сияқты қалалардың, Қожа Ахмет Иассауидің кесенесін, Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорығын т. б. нысандарды қайтадан жаңғыртты.
XXI ғасырдың басында ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілген Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойы, Тараз қаласының 2000 жылдығы еліміздің беделіне бедел қосты. Өйткені Түркістан қаласы қазақ және Орталық Азиядағы басқа да халықтардың өзіндік бір рухани және мәдени орталығы, екінші Мекке болып саналады. Осы орайда, біздің мемлекетіміздің мәдениет жөніндегі саясатының басты назары ұлтымыздың рухани мүмкіндігін әлемге барынша танытуға бағытталып отырғанын айтқан жөн. Мұның өзі біздің халықаралық мәдени байланысымызды нығайтуға үлкен ықпалын тигізеді.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері аз уақыттың ішінде, қазақ ұлтының және басқа халықтардың мәдениетін, оның қайнар қуатын тек өз елімізде ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемге таныта бастады. 1995-1997 жылдары ЮНЕСКО ауқымында Қазақстан Республикасының екі үлкен мерекесі атап өтілді. Олар: ұлы Абайдың 150 жылдық және Мүхтар Әуезовтын 100 жылдық мерей тойлары. 1996 жылы Желтоқсан оқиғаларының 10 жылдығын, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының 80 жылдығын, дарынды ақын, дана тәлімгер, халықтар достығын жырлаушы Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерей тойын тойлау еліміздің тарихындағы жарқын оқиға болды. Ал 1997 жыл жалпы ұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жарияланып, еліміздің барша қауымы 1932 жылы 3 миллион адамынан айырылған қазақ халқының ұлы касіретінің 65 жылдығын және сталиндік қуғын-сүргінге түскен ұлттық интеллигенция қасіретінің 60 жылдығын атап өтті.
Ұлы Абайдың 150 жылдық және Мұхтар Әуезовтің 100 жылдық мерей тойлары арқылы Қазақстан рухани тәуелсіздігін және әлемдік мәдениеттің үдерісіне тікелей қатыса алатынын көрсетті. Оған дәлел ретінде кемеңгер жазушы Мұхтардың шығармашылығының бүкіл дүние жүзінің 72 елінде жариялануын айтуға болады. Сөйтіп, Абай, Мұхтар шығармалары, оларға арналып өткізілген тойлар арқылы бұрын белгісіз болып келген қазақ халқы бүкіл әлемге танылды.
2000 жылы қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғалары Сәбит Мұқановтың, Иса Байзақовтың, Бауыржан Момышұлының, Жұбан Молдағалиевтің, Әнуар Әлімжановтың мерей тойлары кеңінен атап өтілді. Жыл аясында Қазақстан мәдениетінің дамуына айтулы үлес қосқан республиканың белгілі өнер қайраткерлері Ғ. Жұбанованың, Ө. Жәнібековтің, С. Мұхамеджановтың, К. Күмісбековтің және тағы басқалардың есімдерін мәңгі есте қалдыру шаралары жүзеге асырылды.
Еліміздің Президенті жарлығымен 1998 жыл - Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы деп атап өтілді. Тарих жылы тұтастай алғанда 23 ірі-ірі ғылыми форумдардың өткізілуімен ерекшеленді. Соның ішінде Республика ұлттық ғылым академиясы тарихында тұңғыш рет АҚШ, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Жапония ғалымдарынын қатысуымен отандық тарих проблемаларына арналған арнайы сессия өткізілді. Сондай-ақ, "Жібек жолы және Қазақстан", "А. Байтұрсынов - ғалым, ағартушы, қоғам қайраткері", "Құрманғазы және мыңжылдықтар тоғысындағы дәстүрлі музыка", "Қазақстанмен шекаралас аумақтардың тас дәуірі" сияқты халықаралық, "Шал Күлекеұлы және ақындық дәстүр", "Қоғамдық гуманитарлық ғылымдардағы қыпшақтану" және т. б. республикалық ғылыми конференциялар жоғары деңгейде ұйымдастырыдды.
XX ғ. соңғы жылы Қазақстан ғалымдары Мұхамед Хайдар Дулати, Қорқыт ата, Құрманғазы, Амангелді Иманов сияқты бірегей тұлғалардың, сондай-ақ Аңырақай шайқасының 270 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығы сияқты айтулы мерей тойларды өткізуге жан-жақты дайындық жұмыстарын жүргізді. Республиканың барлық облыстарына, сондай-ақ, көрші елдердің шекаралас аудандарына ірі-ірі 24 ғылыми экспедициялар аттандырылды. Олар кең байтақ республикамыздың 74 ауданын аралады. Қазақ деген халық ғұмыр кешкен жерлерде ең ірі, ең іргелі этномәдени зерттеулер жүргізілді. Сонымен қатар қазақ сахарасының ежелгі дәуірінен мағлұмат беретін археологиялық зерттеулер жасалды. Археологиялық экспедициялар, негізінен Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірінде, Ордабасы тарихи-мәдени аймағында, Орталық Қазақстан аумағындағы ортағасырлық отырықшылық орталықтары және т. б. жерлерде жұмыс істеді. Осының нәтижесінде Тараз қаласыңа таяу жерде тастан өріліп жасалған ғажап архитектуралық ғимарат -Ақыртас кешені ашылып зерттелді. Халықаралық деңгейде Италияның Мантуя қаласында "Алтын адам: Қазақстан далалары қола дәуірінен халықтардың ұлы қоныс аударуына дейін" - атты көрмесі зор абыроймен өтті. Көрме өз жұмысын Венецияда жалғастырып, 1998 жылғы 23 қыркүйекте Рим қаласында Н. Назарбаевтың осы елге ресми сапарына орайластыра аяқталды.
Халык бірлігі мен ұлттық тарих жылы "Ұлытау" мұражай-қорығына кіретін Алаша хан, Жошы хан кесенелері, Қызылорда облысындағы — Балтық мешіті, Қазалы қаласындағы Марал ишан кесенесі жөндеуден өткізілді. Көкшетауда - Шоқан Уалихановқа, Таразда - Мұхамед Хайдар Дулатиге, Ақтөбеде - Құдайберген Жұбановқа, Алматыда -Шәкен Аймановқа ескерткіштер орнатылды.
Еліміздің рухани кемеңгерлерін қадір тұтып, оларға тарихи ескерткіштер орнату кейінгі жылдарыда жалғасты. Атап айтқанда, Жидебайда Абайдың мемориалдық кешені, Шымкентте Ордабасы тарихи қорығы ашылды. Алматыда, Көкшетауда Абылай ханға, Астанада әл-Фараби ескерткіші, Алматыда қазақ халқының қаһарман қыздары Кеңес Одағының Батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованын, Қаныш Сәтпаев пен Жамбылдың, А. С. Пушкиннің, Т. Шевченконың ескерткіштері бой көтерді. Астанада жаппай қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориал орнатылды. Айыртауда - қазақ батырлары Қарасай мен Ағынтайға, Ресейдің Астрахан облысында - күй атасы Құрманғазыға, Ордада - Жәңгір ханға, Атырауда - Исатай мен Махамбетке, Бейбарысқа, Дина Нұрпейісоваға, Астанада - Абайға, Кенесарыға, Ақтөбеде - Әбілхайыр ханға, Қостанайда - Ахмет Байтұрсыновқа, Павлодарда Сұлтанмахмұт Торайғыровқа ескерткіштер орнатылды.
Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне Абылай хан есімі берілді, Тараз Мемлекеттік университеті Мұхамед Хайдар Дулати атымен аталды, көптен көкейде жүрген толғақты бір мәселе -Мәдениет және мәдениеттану ғылыми-зерттеу институты Алматыда құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1999 жыл - ұрпақтар бірлігі мен саабақтастығы жылы деп жарияланды. Осымен байланысты өткен ғасырлардан жеткен орасан зор мәдени-тарихи мұраны сақтап, оны жинақтап жаңа ғасырдың игілігіне айналдыру міндеті қойылды. Бұл жағдай бірінші кезекте мәдени-тарихи құндылықтарды зерттеу, сақтау, рухани игеру бағытындағы іс-шараларға ерекше назар аударуға міндеттейді. Өйткені еліміздің аумағында 25 мыңнан астам жылжымайтын тарихи-мәдени объектілер бар, олардың 8 мыңнан астамы мемлекеттің қорғауына алынып, 10-ы ЮНЕСКО-ның Бүкіл дүние жүзілік мұраларды сақтау орталығының жасалған тізіміне енгізілген.
Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары одан ірі жалғасын тапты. Нәтижесінде 19114 адам толықтай ақталса, рес-публика бойынша заңсыз жазаланған 215 мың адам өз атына жағылған қара күйеден арылды. Қазақстандық патриотизмді, отаншылдықты қалыптастыруға бағытталған кешенді әскери-патриоттық шаралар өткізілді. Республика Қарулы Күштерінің барлық бөлімдерінде "Батырларға бағышталды" атты шаралар белгіленіп, онда халық каһармандарын еске алу кештері, салтанатты шерулер, театрландырылған көріністер, мерекелік концерттер, ұлттық мәдениет күндері болып өтті. Жастарды патриоттық тәрбиелеу ісінде, әсіресе, майдангер-жазушылар Б. Момышұлының, Д. Снегиннің, Қ. Қайсеновтың, С. Бақбергеновтың және т.б. майдангер қаламгерлердің шығармашылық мұралары кеңінен пайдаланылады.