Файл: Саба жоспары 4 Кніайы Топ кип179 Курс ii мамандыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 21

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сабақ жоспары №4
Күні-айы: Топ: КИП-17-9 Курс: II

Мамандығы: 1013000 – Механикалық өндеу, өлшеу-бақылау құралдары және өнеркәсіптегі автоматика.

Біліктілігі: 101306 2 Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика бойынша слесарі

Пән атауы: Электрлік монтаждық жұмыстар

Бөлімнің тақырыбы: Электр жабдықтарды монтаждау мен пайдаланудың жалпы мәселелері

Сабақтың тақырыбы: Электр өткізгіштерді монтаждау

Сабақтың мақсаттары:

  • білімділік: Сөндіргіштерді ауыстырып қосқыштарды және штепселді розеткаларды жасырын түрде жүргізілетін электр тартымдарға орнату әдістерін үйрету.

  • дамытушылық: Студенттерге терең және берік білім беруге, еңбекке деген жоғары кәсіптік шеберлік шығармашылығын дамыту.

  • тәрбиелік: Студенттерді бір - біріне көмек көрсетуге, еңбекқорлыққа, ұжымдаса жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Еңбек тәсілдері мен әдістерін үйрету сабағы.

Сабақтың әдістері: Ауызша түсіндіру (әңгімелесу, түсіндіру, дәріс оқу, оқулықпен жұмыс жасау), көрнекілік әдістер (бақылау тәжірбиелерді көрсету), еңбек әдістері мен тәсілдерін көрсету, тәжірбиелік әдістер (жаттығулар орындау, тәжірбиелік және өндірістік жұмыстарды орындау).

Материалды-техникалық жабдықтар мен дидактикалық материалдар:
Өткізілетін орны: 234

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: (1-3 мин)

1.1. Сәлемдесу;

1.2. Студенттерді түгендеу;

1.3. Студенттердің оқу құрал-жабдықтарын тексеру.

2. Кіріспе нұсқау:

2.1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру;

2.2. Студенттердің алдынғы сабақта алған білімін тексеру:

1 Техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің атқаратын міндеті, мақсаттары және тапсырмалары?

2 Техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің түрлері?

3 Техникалық қызмет көрсетуді жоспарлау және ұйымдастыру?

4 Жөндеуді жоспарлау және ұйымдастыру?

5 Техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің нормативтері?

2.3. Студенттерге сабақта жасалатын жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру, сонымен қатар орындалған жұмыстың сапасын бақылау әдістерін үйрету.

Электр монтаждау жұмыстары–құрылыс-монтаж жұмыстарының (ҚМЖ) жаңа кәсіпорындарды салған кезде де, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта құрған, модернизациялаған, техникалық қайта жарақтандырған кезде де орындалатын соңғы сатыларының бірі. Құрылыста және ҚМЖ ұйымдастыруда кәсіпорындардың ұйымдық құрылымын құрудың негіз қалаушы принципі болып мамандану принципі көрініс табады. Кез келген өзге саладағы секілді, құрылыс индустриясында еңбекті қоғамдық бөлу өнімділіктің және жұмыс сапасының өсуінің нәтижесінде еңбек тиімділігінің артуын қамтамасыз етеді. ҚМЖ мамандандыру халық шаруашылығы деңгейінде де, сала ішіндегі деңгейде де іске асырылып отырады.


Электр өткізгіштер

Электр өткізгіштердің түрлері және қолданылу облысы

Электр қуатын электр қондырғыларына каналдандыру кәсіпорын аумағында, ғимараттар мен құрылыстардың ішінде, сыртқы қабырғалар бойынша және т.с. салынатын электр өткізгіштермен жүргізілуі мүмкін. Олар шағын қимадағы (16 мм2 дейін) оқшауланған сымдардың және күш беретін кабельдердің жиынтығы, сондай-ақ әуе желілерінен кірмелер болып келеді.

Орналасқан орны бойынша электр өткізгіштер: олар ғимараттардың және құрылыстардың ішінде орналасқан кезде ішкі және оларды сыртқы қабырғаларда, лапастардың астында, сонымен қатар ғимараттардың арасында тіректерде орналастырған кезде сыртқы болады.

Орындалу тәсілдері және конструкциялық пішіндері бойынша олар ашық және жасырын болып бөлінеді. Ашық электр өткізгіш кезінде сымдар және кабельдер тікелей қабырғалардың, төбелердің бет жағы бойынша, фермалар бойынша, тіректер, машиналар, жабдықтар және т.с. бойынша салынады.

Жасырын электр өткізгіш кезінде оларды ғимараттардың және құрылыстардың конструкциялық элементтерінің ішінде (қабырғаларда, едендерде, іргетастарда, аражабындарда, сондай-ақ құбырларда, икемді металл түтіктерде, қораптарда) тартады. Жасырын электр өткізгіш жоғары қауіпсіздікті, сенімділікті және ұзақ мерзімге жарамдылықты қамтамасыз етеді. Жоғарырақ эстетикалық және гигиеналық талаптарға сай келеді, алайда оның құны жоғарырақ, онымен қоса, оның жағдайын қадағалап отыру және қажет болған жағдайда алмастыру қиындай түседі. Сондықтан жасырын төсеуді ашық төсеу техникалық немесе экономикалық тұрғыдан мақсатқа лайықты болмаған жағдайларда ғана қолданған дұрыс болады.

Электр өткізгіштерді монтаждау

Электр өткізгіштерді монтаждау жөніндегі жұмыстарды екі сатымен орындайды. Бастапқы (бірінші) сатыда құрылыс конструкцияларына салынатын бөлшектерді орнату, электр өткізгіштердің трассаларын дайындау жөніндегі және монтаждау аймағынан тысқары монтаждау тораптарын және блоктарын жасау және ірілендіру жөніндегі жұмыстарды орындайды. Екінші сатыда сымдарды және кабельдерді электр жабдығына тартады және оларды монтаждау жүргізіледі. Электр өткізгіштерді монтаждау кезіндегі негізгі жұмыстар құрылыс конструкцияларында, технологиялық және өзге жабдықта бекіткіш, қорғаныс, таратушы және басқа элементтерді орнату орындарын белгілей отырып, трассаларды бөлуді, трассаны электр өткізгіштердің конструкцияларын орнатуға дайындауды қарастырады. Бұл сатыда ойықтарды, тесіктерді, қуыстарды тесуді; бекітуге арналған тірек конструкцияларды және заттарды орнатуды; заттарды,

монтаждау тораптарын, блоктарын, электр өткізгіштердің элементтерін жеткізуді: бекіткіш, қорғаныс, таратушы және басқа элементтерді орнатуды, төсеуді, байланыстыруды; конструкцияларда сымдарды және кабельдерді төсеуді және бекітуді жүргізеді. Құрастырмалы конструкциялар, астаулар бойынша және құбырларда бұл операцияны жүкшығырмен (жүкшығырмен) тартумен немесе кабель төсегішті пайдалана отырып орындайды.

Сымдарды және кабельдерді қосуды және байланыстыруды байланыстырғыш және таратушы қораптарда, электр қондырғы заттарының, аппараттарының және машиналарының корпустарының ішінде, құрылыс конструкцияларының арнайы қуыстарында орындайды. Сымдарды және кабельдерді қарап шығу және жөндеу үшін қол жетімді жерлерде байланыстырады және қосады. Қосылған жерлерде олар механикалық күш түсулердің әрекетіне ұшырамауға және екінші қайтара қосу мүмкіндігін қамтамасыз ететін қорға (запасқа) ие болуға тиіс.

Сымдарды және кабельдерді қосу және байланыстыру

Электр өткізгіштердің және электр қондырғыларының жұмысының сенімділігі айтарлықтай шамада сымдардың және кабельдердің тал сымдарының түйіспелі байланысуының сапасымен анықталады. Өткізгіштер байланыстырылған жерде бет жақтағы оксид қабықтар және түйісетін бет жақтардың шағын кедір-бұдырлары себепкер болған электр түйісудің өтпелі кедергісі пайда болады. Өтпелі кедергі түйісетін материалдардың физикалық қасиеттеріне, олардың күйіне (ластанғандығына, тотыққандығына), түйіскен жердегі қысылу күшіне, түйісу ауданына, қызу температурасына және т.б. байланысты болып келеді. Пайдаланған кезде түйіспелі қосылыстар агрессиялы қоршаған ортаның бұзатын әсеріне, соққы және вибрациялық жүктемелерге, ток өткізетін тал сымдардың қызуынан температуралардың әсер етуіне ұшырап отырады. Сондықтан қосылу тәсіліне, орындалу сапасына және түйіспелі кедергінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінеді.

Түйіспелі қосылыстар жиналмалы және жиналмалы емес болуы мүмкін. Жиналмалы қосылыстарда ажырату, қосу оны бұзусыз жүргізіледі, ал жиналмалы емес қосылыстарда оларды тек қосылысты бұзып барып қана ажыратуға болады. Жиналмалы қосылыстар жиналмалы емес қосылыстардан қымбатырақ, пайдалану барысында оларды мезгіл-мезгіл бақылап және тартып отыру керек. Жиналмалы емес қосылыстар өтпелі кедергінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді және пайдалану кезінде іс жүзінде қадағалауды және қызмет көрсетуді болдырмайды. Сондықтан, жиналмалы қосылыстарды пайдалану шарттары бойынша электр машиналарда және аппараттарда, шырағдандарда, бөлгіш құрылғыларда, екінші реттік тізбектерде және т.с. сымдарды және кабельдерді ажырату қажет болғанда қолданады.


Қимасы 10 мм2 дейін тал сымдарды өткізгіш сымдарға қосу ұштықсыз (наконечник), қимасы 16 мм2 асатын тал сымдарды өткізгіш сымдарға қосу ұштықпен орындалуы мүмкін. Қосу, тал сымдарды ұштықтармен түптеу тәсілдері кернеудің деңгейімен, тал сымдардың материалымен және қимасымен, сенімділікті қамтамасыз ету талаптарымен, сонымен қатар тиісті жабдықтың және материалдардың бар болуымен анықталады. Тал сымдарды кесу ұзындығы байланыстыру тәсіліне және тал сымдардың қимасына байланысты болып келеді және тиісті нұсқауларда келтіріледі. Сымдардың және кабельдердің тал сымдарын байланыстырған және түптеген кезде ГМ сериялы мыс гильзаларды және ГА, ГАО сериялы алюминий гильзаларды, Т және П сериялы мыс ұштықтарды, ТАМ және ШП сериялы мыс-алюминий ұштықтарды, ТА ЛАТ ЛАС, ШАС сериялы алюминий ұштықтарды қолданады. Сымның сенімді түйіспелі қосылуын қамтамасыз ету үшін тал сымдарды кірден және сіңдіретін құрамнан тазартады және жылтырағанша тазартады. Алюминий тал сымдарды жылдам тотығудан сақтандыру үшін тазартуды бейтарап майлағыш майдың қабатының астында орындайды.

Электр кедергінің тұрақтандырылуын қажет етпейтін қосылыстар коррозиядан тазартылған, болаттан жасалған бекіткіш заттармен орындалуы мүмкін. Электр кедергісін тұрақтандыру үшін түсті металдардан бекіткіш заттарды, тәрелкелі серіппелерді, пластиналар, ұштықтар, өлшемі ұлғайтылған шайбалар түріндегі өтпелі бөлшектерді және т.б. қолданады.

Жиналмалы емес түйіспелі қосылыстар және түптеу үшін сығымдауды, дәнекерлеуді және пісіруді қолданады.

Ток өткізгіштерді монтаждау

Қуаттылығы үлкен қуатты бір бағытта беруді икемді немесе қатты ток өткізгіштермен жүргізу ұсынылады. Олар оларға жататын оқшаулағыштары, қорғаныс қабықтары, тармақтағыш құрылғылары, ұстап тұратын және тірек конструкциялары бар оқшауланған немесе оқшауланбаған өткізгіштер болып келеді. Ток өткізгіштер сымдарды пайдаланған кезде икемді және шиналарды қолданған кезде қатты болуы мүмкін. Жинақ секцияларымен сериялы жасалатын 1 кВ дейінгі қатты ток өткізгіштер шиналы өткізгіштер атауын алған. Шиналы өткізгіштердің жинағына кез келген конструкциядағы шиналы өткізгіш сымдарды жинауға мүмкіндік беретін тік, бұрыштық, үштаған, қосылғыш, тармақтағыш және өтпелі секциялар кіреді. 660 В дейінгі кернеуі бар магистральдық электр желілерді 1600. 2500 және 4000 А токтарға ШМА шина өткізгіш сымымен орындайды. Оларға қуатты электр қабылдағыштарды, күш беретін таратқыш пункттерді және бөлгіш шиналы өткізгіш сымдарды қосады. ШРА сериялы бөлгіш шиналы өткізгіш сымдарды 250, 400 және 630 А токтарға жасайды. Соңғылары оларға салыстырмалы түрде шағын қуаттағы электр қабылдағыштарды байланыстыруға арналған. Жылжымалы электр қабылдағыштарды (крандарды, кран-балкаларды, тельферлерді) қоректендіру үшін 250-400 А токқа тиісінше мыс және алюминий троллейлері бар ШТМ немесе ШТА троллейлік шиналы өткізгіш сымдарды қолданады. Жарықтандырғыш желілер үшін 25-100 А токтарға ШОС сериялы жарықтандырғыш шиналы өткізгіштерді пайдаланады.


Шиналы өткізгіштерді монтаждау сериялы жасалатын секцияларды желіде (трассада) құрастыруға келіп тіреледі және секцияларды немесе блоктарды көтеруді, орнатуды және бекітуді, оларды байланыстыруды және байланысқан жерлерді оқшаулауды, жерге тұйықтауды орындауды, фазалаудың дұрыстығын тексеруді және оқаушаудың кедергісін өлшеуді қарастырады. Блоктардың немесе секциялардың шиналары арнайы болтты қысқыштармен немесе дәнекерлеумен байланыстырылуы мүмкін.

Электр өткізгіштерді және ток өткізгіштерді монтаждау кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

Қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы ережелерді орындаудан өзге, электр өткізгіштерді монтаждауға тән бірқатар шаралар орындалуға тиіс. Көтерген кезде және биіктікте орналастырған кезде материалдардың және заттардың құлап түсуін болдырмау мақсатында олар сенімді төселуге және бекітілуге тиіс. Өткізгіш сымдарды және кабельдерді төсеуге құбырларды, астауларды және қораптарды түпкілікті бекіткеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Олардың үстінен жүруге рұқсат берілмейді. Сымдарды төсеуге арналған түтіктердің ұштары кесілуге және қабыршақтардан тазартылуға тиіс. Сымды немесе кабельді түтіктерге беріп тұрған монтаждаушы, қолдардың түтіктерге тартылуынан сақ бола отырып, ерекше абайлықпен жұмыс істеуге тиіс, бұл үшін қол және түтік арасындағы қашықтық кемінде 0,3 м болуға тиіс.

Балқытылған дәнекерді қалыпқа құю тәсілімен дәнекерлеу брезенттен жасалған ұзартылған қолғаптарда жасалуға тиіс, балқыған дәнекер бар тигель ыдысты берген кезде оны қолдан қолға бермей, жерге орнату керек. Дәнекерлеу аяқталғаннан кейін қалыптарды бөлектеуге тек олар салқындағаннан кейін ғана рұқсат етіледі.




Тапсырма 1 Сіздің алдыңыздағы бос парақта, стендте ұсынылған (кеңістіктегі орынды сақтап) электр бұйымдардың шартты белгілеулерін сызыңыз


Тапсырма 2 Парақтың екінші жартысында бірінші графикалық тапсырмасы бар (қажет болғанда), бірақ қате жасамай, қағаз парағында ақпаратқа сілтеме жасай отырып, барлық элементтерді бір электр тізбегіне қосыңыз (өткізгіш таңбамен)