Файл: 1. Пн аты Абайтану Сыныбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 252

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1.Пән аты: Абайтану

2.Сыныбы: 9
3.Күні, айы:жылы:  05.09.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы:Кіріспе

Сабақтың мақсаты:Пәнді оқытудың мақсаты мен міндетімен таныстыру;

Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;

Сабақтың түрі:Жаңа кіріспе сабақ

Сабақтың көрнекілігі. «Абайтану » курсының бағдарламасы

Сабақтың барысы: І. 1.Кіріспе

Сәлемдесу.

Кезекші мәлімдемесі
Журнал бойынша түгелдеу.

II. Мағынаны тану

Курстың мақсаты:

ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары,білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.

Оқушы міндеті: қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану, ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын ұғу,

ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын тану;

Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білмейтін қазақ жоқ шығар. Қазақтың заңғар жазушысы М. Әуезов «Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп баға берген еді. 

Оқушыларға Абайдың мәңгі өлмес асыл мұрасы-оның шығармаларының адам өміріндегі алар орны, маңызы туралы әңгімелеу

-Абайдың ақындық тұлғасын, жан дүниесін, арман-мұратын поэзиясы арқылы танимыз. Асқақ шабыттың қуатымен жүрегін жарып шыққан өлеңдерін, сөздерін оқушы бойына сіңіру-біздің басты мақсатымыз. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.


Абайдың өмірі мен шығармалары туралы жазылған зерттеу еңбектерді, монографияларды, диссертацияларды түгелдей алғанда Абайтану сан алуан маңызды мәселелерді қамтитын, көп салалы ғылым болып қалыптасты.

Ахмет Байтұрсынұлы1913ж.«Қазақ» газетіндебасылған «Абай — қазақтың бас ақыны» атты мақаласында «Одан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» — деп Абайды аса жоғары бағалады.

Абай шығармаларын жинап, қағазға түсіріп, реттеп баспаға дайындау ісі ақын қайтыс болған соң ұзамай-ақ қолға алына бастайды. 1909жылы Санкт-Петербургтебасылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңі мен«Ескендір»,«Масғұт» поэмалары, яғни ,осы күнгі белгілі поэзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылды.

Бұл тұңғыш жинақты дайындаған, бастырып шығарғанКәкітай Ысқақұлымен Абайдың баласыТұрағұлболатын. Ал кейінгі жинақтарды айтқанда, бір топ бұрын жарық көрмеген жаңа өлеңдері1916ж.ОрынбордаСамат Әбішұлыбастырған«Абай термесі»атты кітап та жарияланды.1922ж.Ташкентте,Қазандабасылған жинақтар бұрын жарияланған шығармаларды қамтиды. Ташкентте шыққан жинаққа сын пікір ретіндеІлияс Жансүгіров1923ж. «Тілші» газетінде «Абай кітабы» атты мақала жазып, бір алуан қате басылған сөздерді қалай дұрыстап оқу керек екендігін нанымды дәлелдеді.

Ақынның көзі тірісінде1903ж.Санкт-ПетербургтеБөкейханов берген мағлұматтар бойынша басылған «Ресей. Біздің Отанымыздың географиялық баяны» атты көптомдық жинақтың 18-кітабында А. Сидельников жазған мақалада: «Абай —қазақ әдебиетіндегіжаңа бағыттың өкілі» деген баға берілгенін көреміз. Абай шығармалары жеке кітап болып басылғанға дейін-ақ халық арасына қолжазба түрінде және ауызша тараған. Байтұрсынов ақын өлеңдерімен1903ж. қолжазба арқылы танысқанын айтады.

Абай өлеңдері төңірегінде 20-жылдарда, одан кейінгі кездерде айтыс-тартыс көп болды. Осыған орай Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» атты1913ж. жарияланған мақаласындағы Абайға берген бағасы, ұлы ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орнын анықтауы, өнерпаздық өзгешелігін, асқан шеберлігін тануы шынайы ғұлама ғалымға тән айрықша көрегендіктің, білгірліктің, өлең сөздің қадірін терең бағалай алатын ақындық сезімталдықтың, талғампаздықтың үлгісі деуге лайық. Бөкейханов, Байтұрсыновтардан кейін Абай шығармашылығы жайында үлкенді-кішілі мақала жазып, ақын өлеңдерін жұртшылыққа танытуға Н. Рамазанов, Ғ. Сағди, Ы. Мұстамбайұлы және Н. Н. Белослюдов, т.б. атсалысты.



ХХ ғасырдың 40–60-жылдарында Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісі кең көлемде жүргізіліп, жаңа белеске көтерілді. Абайдың қоғамдық, эстетикалық, философиялық көзқарасын, психологиялық және педагогикалық пікірлерін, ақындық тілін, композиторлық өнерін, аудармаларын тереңдеп тексерген еңбектер жарық көрді

1970ж. Абайдың туғанына 125 жыл толуына орай шығармаларының жинағын шет тілдерде кітап етіп бастыру ісі жандана түсті. Орыс тілінде Абай шығармалары1940жылдан бастап он бес рет жеке кітап болып басылды. 1945–60 жылдардың басында Абай шығармалары жеке жинақ болыпөзбек(Ташкент),татар(Қазан),түрікмен(Ашғабад),қырғыз(Бішкек),моңғол(Ұланбатыр),қытай(Пекин),чех(Прага) тілдерінде басылып шықты.

1970ж.украин(Киев),армян(Ереван),беларусь(Минск),молдаван(Кишинев) жәнелатыш(Рига) тілінде жарық көрді. Сол жылыМәскеуде«Прогресс» баспасындаараб,ағылшын тілдерінде шығармаларының жинағы басылды.

Қолдану .Абай шығармаларының зерттелу тарихынан коеспект жаздыру

Сабақты қорытындылау

 

Пәні: Абайтану Сыныбы: 9Күні, айы:жылы: 12.09.2014 ж.

Сабақтың тақырыбы:Абайдың өмірі

Сабақтың мақсаты: 1.Ақын өмір сүрген заман, ата-тегі, туып-өскен ортасы,алған тәлім-тәрбиесі; әлеумет ісіне араласуы, Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері туралы түсінік беру

 2.оқушыларға эстетикалық, этнопедагогикалық, экологиялық тәрбие беру, олардың поэзия, саз, бейнелеу өнері дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру.
3. дамытушылық: шығармашылық жұмыс жасауына ықпал ету, ойлау, сөйлеу шеберлігі мен мәдениетін жетілдіру, таным көкжиегін кеңейту.

Сабақтың барысы: І. 1.Кіріспе

Сәлемдесу.

Кезекші мәлімдемесі
Журнал бойынша түгелдеу.
ІІ. Сабақ барысы:

Үйге берілген тапсырманы тексеру –Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы реферат дайындау

Жаңа сабақты түсіндіру

Мағынаны тану Оқушыларға рефераттарын оқыту, талдау

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамыз күні Семей өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абайдың шын аты Ибраһим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Абайдың ата-тегі, тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шынжыр балақ, шұбар төс, ауқатты отбасы болған. Әкесі Құнанбай аға сұлтан, болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты, әйгілі билер болған. Болашақ ақын жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, әжесі Зере мен анасы Ұлжан аңыз- әңгімелерін барлық ынтасымен тыңдайтын. Ауыл молдасынан арабша сауат ашқан Абайды әкесі он екі жасында Семейге оқуға жібереді. Абай Ахмет-Ризаның медресесінде оқыды. Медреседе араб, парсы тілдерін жақсы меңгереді. Шығыс ақындары Низами, Сағди, Фзули, Хафиз шығармаларымен танысады. Медреседе оқып жүріп, үш ай «Приходская школада» орысша оқиды.
 
Абай алғаш өлеңдерін досы Көкпай ақынның атымен жарялап жүрген, 1886 жыл дан ғана бастап өз атынан шығара бастаған. Абайдың ғылымға, өлең жазуға белсене кірісуі 40 жасынан. Өз айналасындағы рулықтан, ескіліктен, надандықтан жирене бастаған дана ақын өз елін ел етуді ойлайта соның жолын іздейді. 
«Әрбір ғалым хакім есем, әрбір хәкім ғалым» дейді Абай. Абайдың хакімдігі оның әр сөзінен, әр өлеңінен білінеді. 
Абай мұрасын шартты түрде 3 топқа бөліп қарастыруға болады. 1 өз жанынан шығарған төл өлеңдері, 2- шісі қара сөздері, 3-і өзге тілдерден әсіресе орысшадан аударған шығармалары. Абай шығармашылығынан орын алатын тақырыптарының бірі – оқу білім іздеу, өнер үйрену мәселесі. Ақын ғылымды қазақ жұртшылығын мешеуліктен құтқару, тығырықтан жол табу мақсатында уағыздады. Абай ғылымды рухани дамудың баспалдығы деп те қараған, қараңғылыққа жаны күйген Абай жұртты надандықтан, сауаттсыздықтан құтқарудың жолы ғылым, өнер деп біледі. 
Бірақ ұлы ақын осы жолда қолдау таппай «атымды адам қойған сой қайтып надан болайын, халқым надан болған соң қайда барым оңайын» деп күйінішін білдіреді. Абай қазақтағы еріншіектік, дарақылық, өсекшілдік, мақтаншақтық жағымпаздық сияқты жаман қылықтарды сынап «Біріңді қазақ, бірің дос. Көрмесең істің бәрі бос» деген сөздермен түйіндеп отырады. 

Мұғалімнің қосымша түсінік толықтыруы

Абай әкесі Құнанбайдың 41 жасында туған. Ақынның өз шешесі - Ұлжан. Тегі Құнанбай көп қатынды болған. Үлкен қатыны қыздай алған — Күңке. Бұдан туған баласы Құдайберді. Екінші әйелі Ұлжан — ол Құнанбайдың інісі Құттымұхамбетке айттырылған қалындық екен. Інісі өлген соң келінін алған. Бұдан туған балалары: Тәңірберді, Ыбырай (Абай), Ысқақ, Оспан. Үшінші әйелі — Айғыз. Одан Қалиолла, Ысмағұл деген балалары болған. "Атадан алтау, анадан төртеу" дейтін Абай өлеңінің мәнісі осы. Төртінші әйелі — Нұрғаным. Бұдан бала болмаған.

 Күнкенің жасы Құнанбайдан үлкен екен. Берірек келгенде жасы ұлғайып, күйеуін күте алмайтын болған соң, Құнанбай Ұлжанның қолына шыққан. Бірақ Ұлжаннан туған балаларының бәрі бірдей өз шешесінің қолында тәрбиеленбеген. Үлкен баласы Тәңірбердіні жас күнінде Өскембай қолына алып өсіріпті. Ысқақты Құдайбердімен бірге Күнкенің қолында өсірген. Күнке ерте уақыттан бөлек ауыл болып кеткен.

 

Ұлжан мен Айғыз бір ауыл болып, Құнанбай осылармен тұрған уақытта, екі шешесінің ортасындағы тел баласы кішкене Ыбырай болады. Бұл екі шешесінен кейінірек Оспан, Ысмағұл деген екі бала туған. Бірақ бұлардың жасы Абайдан едәуір кіші. Айғыздың үлкен баласы Қалиолла болса, оқуда жүрген. Сондықтан Абай алғашқы балалық шағын екі шешесінің ортасындағы жалғыз баланың қалпында өткізген. Екі шешеге бірдей бала болып жүргендіктен, сол кездегі үлкендері Абайға "Телқара" деп ат қойыпты. Кейін Абай ер жеткен уақытта бірталай жеңгелері ертеден қойылған атпен "Телқара" дейді екен.

Баласы Тұрағұлдың әңгімесінен

 Мен бала шағымда әкемді танығанда: жүзі жарқын, ажары сыртында, көзі өткір; ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ жанды адам еді. Мәжілісі қызықты. Ойын, сауықшыл, дастарқаны аса мол еді. Бір істі қызықтап отырғанды іздейді. Жай шаруасын ғана істеп отырмайды. Маған десе бала болсын, я үйіндегі қызметкер қатынның да болсын бір тәуір мінезін тауып отырар еді. Сүймеген адамымен ешуақытта жылы ұштаса алмайды. Ондай адамдармен бас қоспақ уақыт еріксіз кез келсе, сол мезгілін абақтыдай көруші еді. Сыпайылық, сыйлық қылып, әдептіленіп, аяғының басынан, аузынан шыққан сөзін санап отыратын адамды жақсы көрмейді. Жарқын жүзбен, ашық көңілмен қытықсыз келетін адамды аңсап, сағынып, ондай адамды көргенде не баласы, немесе туысқаны, бауыры келген кісідей қуанып қалар еді.

 

Менің бала кезімде әкем қандайлық жылы шыраймен ойнап, қалжыңдап отырса да қытығына тисе, ашуы тез келгіш болатын. Сондай мінезінен ауылдағылар да, бәйбішелері де айғырмен ойнаған ат секілденіп, қорғаныштары кеуделерінен кетпей, қымсынып жүруші еді.

 

Өзім білген мезгілден бастап үйде отырғанда бірталай уақыттарын тоғыз құмалақ, дойбы сияқты ойындар алатын. Сонда таңертеңгі шайды ішкен соң бауырына жастығын алып, алдына құмалағын құрғызып, ойынға кіріп кетеді. Күндізгі келген ел арасының бас адамдары да ойынға кіріп кетеді. Құмалақтан кезек тимеген, я құмалақтың ойынына жаттықпаған іні, балалары секілділері өз алдына дойбы, карта сықылды ойынның дүкенін құрады. Сонымен бір шет елдің қабілетті адамы келіп қалмаса, я бір үлкен жұмыс кездесіп қалмаса, ертелі-кешкі тамақтарынан басқаға бұрылмай, ойнап жатысады.

 

Бері келіп кітапты көп оқитын болған соң, уақытының көбін кітап алатын болды. Бірақ кейбір күндерде я кітапқа, құмарлыққа түсіп кетпесе, біреуге ертек айтқызып, я өзі айтып отыратын еді. Біреуге айтқызғанда: есітпеген ертегісіндей ынтасын сала тыңдап, бір сөзін қақпай, әбден айтып болған соң, айтушының адасқан жері болса қайтадан өзі айтып, түзеп беруші еді. Қазақтың ертегілерінде есітпеген, білмеген ертегісі кем шығар. Сонда: "қазақтың ескі ертегісінен, бұрын қай жерлерде жүргені; көршілес, күндес елдері қай жұрттар екені; діні, білімі қандайлық кезде шығарғаны, елдің ескі салты, арманы, кәсіп-қаракеті не екені көрінеді" деуші еді.

Үйге тапсырма.