ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 256
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
V. Музыка тыңдау.(үнтаспадан)
«Сегіз аяқ» орындайтын. Қ.Байбосынов.
VІ. Қорытынды.Көрнекіліктерімен таныстыру. Сонымен қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаев композитор және орындаушы. Бүгінгі тәрбие сағатында Абайдың ән мұрасымен және әндерінің тәрбиелік мәні туралы мағлұматтар алдық. Абайдың музыкалық шығармашылығының қалыптасуы, әндерінің сипаты, тақырыбы және әндерінің тәрбиелік мәнін ашуда оқушылар құнды пікірлер айтты.
Абай әндері бұл күндері қазақтың музыка мәдениетінің алтын қорына енді. Оның әндері Қазақстан композиторының күрделі шығармаларына арқау болды.
Мысал ретінде А.Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсын Г.Жұбанованың «Татьяна әндері» ораториясын айтуға болады. Жүрекке жақын көкірекке жылы ұялаған Абайдың әсем әндері үй-іші, семья ортасында, үлкен мерекелер мен концерттерде жиі орындалып жүр. Мұның өзі Абай творчествосына деген халқымыздың өлшеусіз махабатының дәлелі.
Абайдың әндері өлмейтін өміршең әндер. Ол өмірді жырлаған. Өмір дегеніміз айнала қоршаған табиғат, жанымыздағы адамдар, көңіл-күйіміз, сезімісіз, қарым- қатынасымыз. Яғни Абай әндері өзімізді қоршаған ортадағы әсемдікті қасиеттерден аулақ болып, ізгі қасиеттерді бойға сіңіре білумен қатар өмір сүруге тәрбиелейді.
Пән аты: Абайтану Сыныбы: 9Күні, айы,жылы: 24.04.2017 ж.
Сабақтың тақырыбы: Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас…» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Ұлы сазгер Абайдың қазақ музыкасы өмірінде алатын орны, әндерінің ерекшелігі туралы білім беру. 2.Дамытушылық: Музыканы тыңдай және түсіне білу, ән айту қабілеттерін жетілдіру. Абай әндерін оқушының санасына сіңіру.
3.Тәрбиелік: Абай әндері арқылы эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру. Абайдың қалдырған мұрасын жалғастыратын, саналы, өнерлі, білімді азаматтарды тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: таным сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау,әңгімелеу,
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада слайд, , суреттер, Абайдың портреті
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Бүгінгі сабақтың мақсаты мен ерекшелігін хабарлау. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару
2.Психологиялық дайындық
Сабақты оқушылар бір–біріне Абайдың нақыл сөздерін қолдану арқылы тілек айтумен бастайды.
Мысалы: Абай атамыз «…сенде бір кірпіш дүниеге
кетігін тауып бар қалан» – демекші сенде өмірден өз жолыңды табуға тілектеспін.
Мұғалім: Менің де сендерге айтар тілегім:
«Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек.
Еңбекті сат, ар сатып неге керек?
Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.» – ендеше мен де бастысы сендерде де осы үш адамдық қасиеттің болғанын тілеймін!
III. Жаңа сабақ
Абайдың музыкалық мұрасы жайында айтар болсақ Ұлы ақын , ағартушы музыка саласында да айтарлықтай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыка жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені Абай өмір сүрген кездерде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа ән – күйлері сияқты, ауыздан – ауызға , заманнан – заманға ауыса отырып жеткен 20-ға жуық әндері бар. Абай әндері жайында айтылған зерттеушілердің сөздеріне көз жібейік.
1.«Абай қазақ өлеңінің құрылысына жаңа форма енгізді» Г.Шомбалова.
2.«Абай әндері қазақ халқының дәстүрлі музыкалық шығармашылығы негізінде қалыптасты, халық композиторларының өнерінен нәр алды»
Б.Г.Ерзакович.
3. «Абай әндері өзінің табиғатымен, рухымен, нағыз ұлттық ән үлгісі болды, олар қазақтың халық музыкасы дәстүріне негізделген, орыс әуендері мен романстарының элементтерін енгізу, арқылы ұлттық музыка өнерін байытты, кеңейтті, толықтырды » А.Қ.Жұбанов
1. Бүгінгі сабақта Абайдың « Айттым сәлем, Қаламқас» әні ,оның шығу тарихы туралы білеміз Алдарыңдағы мәтінді оқып танысайық.
«Айттым сәлем, Қаламқас…»
Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты, 10 шумақтан тұрады. Өлеңде ақын жастықты, сұлулықты, ғашықтықты жырға қосып, бірін-бірі сүйген екі жастың сүйіспеншілігін, ішкі сезімдерін ашып көрсетеді. Кейіпкер монологы арқылы оның жан-жүрегін, кіршіксіз ақ махаббатын сөйлетеді. Туындыдағы сүйген қызына сәлем жолдаушы жігіт – Абай тұсындағы оқыған, өмірден тоқығаны көп жаңа тұрпатты азамат.
Өлең 7-8 буынды қара өлең ұйқасымен өрнектелген. Алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Ақын бұл өлеңіне ән шығарған.
Әннің шығу тарихы: 1993 жылы республикалық «Парасат», «Қазақстан әйелдері» журналдарында бұл әнге қатысты бірқатар ғалым, әдебиетшілеріміз пікірталас өрбітіп, олардың дені мұны «Абай жолынан» есімі елге таныс Сүйіндіктің қызы Тоғжанға арналды деген байламға токтаған-ды. Және әлі күнге дейін бұл болжамды мақұлдаушылар катары көп. Алайда, Абайды ғашық еткен Қаламқасқа қатысты басқа да деректер жоқ емес. Мұндай деректі өз тарапынан көнекөздердің айтқандарына сүйене отырып зерттеу жұмыстарын жүргізген жармалық айтыскер ақын Қалихан Алтынбаев анықтаған. Өзінің зерттеу еңбектерінде ақын ағамыз әйгілі әннің кейіпкері Найманның Қаракерей руының ішінде Мұрын тармағынан өрбитін Тана мырзаның немере інісі Жәнібектің қызы Тұржан сұлу деген пікірді құп санайды.
«Тоғжан қыз Абайдың қолы жеткен арманы. Ал адам баласы қолы жеткен арманына өліп-өшіп есі кете ынтықпаса керек-ті. Логика солай. Бізді бұған сендірмейтін тағы бір мықты жайт бар: кемеңгер Мұхтардың тарихи эпопеяны жазу жолында өмірінің жиырма жылын сарп еткені белгілі. Егер Тоғжан өз айналасына жанама түрде «Қаламқас» деген атқа ие болса, Абай оған ән мен өлең арнаса бұл оқиға заңғар жазушының назарынан неге сырт қалған? Эпопея түгілі жай мақалаларының ешқайсысында мұндай пікірдің ұшығын шығармайды ғой? Егер бұл жағдай Тобықты ішіне бұрыннан белгілі болса осы кезге дейін құлаққа неғып шалынбаған?» деп зерттеу еңбегінде орынды сауалдарды алға тарта отырып Қалихан Алтынбаев ақиқи деректерді басқа жақтан іздеуге тырысады.
Дәл осы еңбегінде автор әр жылдар орайында айтқан жармалық Қалиасқар Еңсебайұльның, Күндебай Қалиұлының, Сағила Смакқызыньң, Жүзім Өтепбергенқызьның, Мұса, Мұхаметжан Өтеұлдарының, аягөздік Уақап Торғайұлы мен көкпектілік Ахметжан Әбубәкіровтың әңгімелеріне сүйеніп ән кейіпкері Қаламқастың өмірдегі шынайы бейнесі Жәнібек қызы Тұржан деген байламға тоқтайды. Енді осы байламды қуаттайтын нақты айғақтарга көңіл салайық.
Тұржанның жанама есімі Жарма өңіріне жақсы таныс
«Найман ішіндегі Қаракерейден тарайтын Тілемісұлы Тана мырзаның есімі бүкіл сол кездегі Семей, Өскемен уәлаяттарына айпарадай анық болған» деп жазады айтыскер ақын. Автордың айтуынша, өз кіндігінен перзент сүймеген Тана мырза немере інісі Жәнібектің Тұржан есімді қызын бауырына алыпты. Тұржан тал шыбықтай бұралып өскен сондай көркем қыз, Тұла бойының нәзік, қасының қиыла біткен жіңішкелігіне қарап алғашында жеңгелері, одан соң бүкіл ауыл-аймақ оны «Қаламқас» атандырады. Оның мұндай жанама аты Жарма ауданын мекендейтін Бура-Матай елдеріне мәлім болған екен.
Қалихан Алтынбаевтың келтірген зерттеу деректеріне ден қойсақ, Тұржан мен Абайдың алғаш кездесуі 1861-62 жылдар шамасында көрінеді. Бұл Абайдың он бес-он алты жастағы кезі. Құда түскенімен Ділдаға әлі үйленбеген еді.
Осы тұста әкесі Құнанбаймен бірге алыстағы Найман еліне, Тана мырзаның ауылына сапар шегеді, Тана мырзаның ауылы бұрынғы Самар (қазіргі Көкпекті) ауданының «Тана мешіті» деген ауылдың маңайындағы Қалба тауларын жайлап жүрсе керек.
Бұлардың барған шаруалары, біріншіден, соның алдында ғана Көкпекті округінің аға сұлтандығына өткізілген сайлауда жеңіліс тапқандығына ағайындық демеу сөз айтып, ізгі ниет білдіру, екіншіден, үш өзеннің Ертіске кұятын сағасындағы түбекке мешіт салдырып жатқан Танаға қошемет білдіріп, жаңа құрылысты көріп қайту еді. Осы сапарда екі балғын жас – Тұржан мен Абай бір-бірін қатты ұнатысқан. Мұны байқаған Құнанбай да екеуінің жақынырақ танысуына, тіпті, құда түсіп қайтуға карсы емес-тін. Алайда, құрметті қонақтар отырған орданың сыртында соқыр түйесін «көзіңді, қу соқыр» деген біреудің балағат сөзі байласқалы келе жатқан құдалықтың шырқын бұзады. Тананың жік-жапар болып, әлгі жігітке кешірім сұратып, ат-шапан айып бергізгеніне карамастан, алған бетінен қайтпайтын, мінезі қатал Құнанбай Танаға «әдейі істетіп отырсың» деп аттанып кетеді. Қазақтың «Түйені соқыр десең, Құнанбайға тиеді» деген тәмсілі осыдан қалса керек.
Алыстан ат арытып келген меймандар көп кідірмей кері кайтуы енді ғана лаулай бастаған қос ғашықтың махаббатына кесірін тигізеді. Бұдан соң екеуінің бірер мәрте хат алмасқаны болмаса, жүздесуге жер арасы шалғай. Сөйтіп, байланыс үзіледі.
Абайдың мұнан кейінгі жәйі белгілі. Ділдаға үйленіп, перзент сүйеді. Тұржан оң жақта біраз отырыңқырап барып Сыбан ішіндегі Быжы-Тоқтар дейтін сарт ауылына тұрмысқа шығады. Ескі құлақтардың сөзіне сенсек, соңында ұрпақ қалмапты.
VI.Әннің сөзімен танысайық
Айттым сәлем, Қаламқас
Айттым сәлем Қаламқас
Саған құрбан мал мен бас
Сағынғанда сені ойлап
Келер көзге ыстық жас.
Сенен артық жан тумас
Туса туар – артылмас
Бір өзіңнен басқаға
Ынтықтығым айтылмас.
Асыл адам айнымас
Бір бетінен қайырылмас
Көрмесем де, көрсем де,
Көңілім сенен айырылмас.
Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау
Сабақты қорытындылау
Пәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы: 9 Күні: 15.05.2017 ж. | ||
Сабақ тақырыбы | Абай Құнанбаев.«Ескендір» поэмасы . Эпикалық дастандағы Ескендір мен Аристотель образдары | |
Жалпы мақсаты | Көркем туындыны түсініп, мәнерлеп оқуға және идеялық-тақырыптық негізін, ой астарын түсінуге үйрету, поэманың тереңіне бойлату, ақынның образ жасау шеберлігін ұғындыру. Поэманы талдай білуге төселдіру, сын тұрғысынан ойландыру арқылы түйіндік ойларын айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, өз ойын тұжырымдауға, топтастарының ой- пікірлерін тыңдауға, тиянақты, жүйелі сөйлеуге үйрету. | |
Сілтеме | Газет-журнал материалдары.Оқулықтар.Интернет желісі | |
Күтілетін нәтиже | Оқушылар Абайдың «Ескендір» поэмасын оқып, поэмадағы кейіпкерлер туралы талдау жұмысын жүргізе біледі.Өз ойларын еркін айтуға, әдеби көркем тілмен сөйлеуге дағдыланады. | |
Негізгі идеялар | Оқушыларды имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу. | |
Тапсырмалар | Жеке жұмыс: Абайдың «Ескендір» поэмасын оқып, мазмұнын білу.Топтық жұмыс: Сұрақтар беріп, жауаптар алу. | |
Сабақтың көрнекілігі | Интерактивті тақта. Тарих. Абай портреті,стикер, постер. | |
Сабақтың барысы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі | Сәлемдесу. Оқу құралдарының дайындығын тексеру. Балалардың назарын сабаққа аудару. | Оқушылар бір-бірімен амандасады. |
Сергіту сәті | Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері. Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен. Бізге келсін қуаныш нұр іздеген. Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз Үлгі алсын көрген жан мына бізден. | Оқушылар берілген тапсырманы орындап, бір-біріне тілек айтып, топқа бөлінеді. |
Жаңа сабақ Дәптермен жұмыс Бекіту кезеңі | Мағынаны тану Аудиотаспадан «Ескендір» поэмасын тыңдату Абай «Ескендір» поэмасы «Ескендір» поэмасы – Абай поэмасының ішіндегі ең елеулісі, ақынның гуманистік ой-пікірлерін тереңірек танытатын шығармасы. Поэманың басты кейіпкері Ескендір – Шығыс елдеріне Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараса, Еуропаға Александр Македонский деген атпен тараған, белгілі қолбасшы жайлы аңыздар негізіне, жырларға кейіпкер болған патша. Ескендір жайында Шығыс ақындарының көбі жырлаған. Ә.Фирдауси «Шахнамасында», Низами – «Ескедір-нама» дастанында, Жәми – «Ескендірдің даналық кітабында» жазып, Ескендір образын ақылды, батыр деп ардақтап көрсеткен. Ал, Абай «Ескендір» дастанына ұстазы Аристотельді, Ескендірдің әкесі мен тұрған жерін, патшалығын қосып, өзінше жырлайды. Абайдың бұл шығармасы неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ақыны болған Альберт Фон Шамиссодан 1844 жылы аударған В.А. Жуковский түпнұсқасына ұқсас болып келеді Топпен жұмыс: 1.Ескендірдің іс-әрекеті: әскер жиып қарулану, жауға аттану,қырып жою,қаласын тартып алу. 2. Поэмаға жоспар құру. Поэмадағы Ескендірдің жорығы,шөлде адасуы,бұлаққа кездесу, Ескендірдің бұйрығы, қақпаға кездесуі, күзетшінің сөзі мен сыйы, өсиет ақыл сөз. 3.Адамдық парыз бен міндетті, ерлікті-елдікті тұжырымдап айту. 2. Топтастыру Қос диаграмма Ескендір кім? Аристотель кім? «Ескендір» поэмасына талдау жасау. 1. Авторы: А.Құнанбайұлы 2. Тақырыбы: Идеясы: Қанағат пен жауыздықты әшкерелеу, әділет пен даналықты дәріптеу. Жанры: эпикалық (поэма) Ұйқас: қара өлең (ааба) Шумақ: 42 Тармақ: 4 Буын: 11, 12 Бунақ: 3 | Жаңа сабақ бойынша түсінеді. Ойларын жинақтап, өз ойларын білдіре алады. |
Қорытынды | Абай “Ескендір” поэмасы арқылы әлемдік әдебиетке үлес қосса, біз осы поэмамен танысып, талдау барысында бойымызға қандай асыл қасиеттерді жинадық? - Пендешіліктен арылуға, - Иманды болуға, - Арлы болуға, - Қанағат етуге, - Ашкөзділіктен сақтануға, - Ойланып іс жасауға, - Күлкіге қалмауға. | |
Бағалау | Формативті бағалау | |
Кері байланыс | Стикерлер таратамын. Оқушыларға сабақта Не ұнады? Не ұнамады? Өз ойларын жазады, ұсыныс білдіреді. |