Файл: 1. Пн аты Абайтану Сыныбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 257

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Абайдың ел ісіне араласу кезі туралы деректер жинау


Пәні: Абайтану Сыныбы: 9Күні, айы:жылы: 19.09.2014 ж.

Сабақтың тақырыбы:Абайдың рухани дүниетанымының

өсу және қалыптасу кезеңдері

Сабақтың мақсаты: Замана шамшырақтарының бірегейі, ақыл мен ойдың телегейі, ұлтымыздың данагөйі, бір бойына барлық қасиетті жинақтаған, қалың ұйқыда жатқан қазақ елін өнер-білімге, ғылымға жетелеуді мақсат тұтқан ұлы Абайдың дүниетанымен көзқарастарын оқушыларға таныту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: талдау, салыстыру, ой шақыру, кубизм әдісі, мағынаны тану, деңгейлеп оқыту, брейн-ринг, синквейн, инсерт картасы.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, ақынның портреті, ақын туралы ұлылар ой-пікірлері, көрме.
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, орыс әдебиеті, қазақ тілі.  Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру. Амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Абай туралы даналық ой пікірлер
1. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы — соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ». 
А.Байтұрсынов
2. «Абай деген – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек,сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым»
М.Әуезов 
3. «Абайдың әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағаны белгілі. «Адамға адамның баласының бәрін дос санады. «Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деген сөздері- шын мәнінде ұлт болып ұюмыздың негізі шарты. …..Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті». 
Н.Ә.Назарбаев
4. «Өз Отанының сом алтыны»
Ә.Бөкейханов
5. «Қараңғы заманда шырақ жаққан» шамшырақ» 
М.Дулатов
6. «Әлемнің құлағынан әні кетпес» кемеңгер» 
М.Жұмабаев
7. «Ол халық тарихының биік шыңына жалғыз – дара шыққан тау ағашы сияқты»
М.О.Әуезов
Абай-шешен. Ұлттық өнеріміздің ішінде алмастай асыл, найзағайдың отындай жарқ-жұрқ еткен өткірлікке, тапқырлыққа суарылған дүниетаным тереңдігіне негізделген өнер-шешендік. «Шешендік дегеніміз» — кесімді билік айту, қажет нәрсені ортаға ,көптің талқысына салу яки айтатын нәрсе мен айтпайтын нәрсенің ара-жігін жіті айыра білу, өлшемнен асырмау, ой-пікірлерді айқындау және көмейі суырылған шешенде табиғилық, ұғымдылық, шыншылдық, сыршылдық, ақжарқындық, жаздың әсем таңындай сұлу көңілі болуы қажет. 
Абайдың ел билеу өнеріндегі айтулы құбылыстың бірі – 1885 жылы мамыр айында Шар бойында Қарамола сиезінде (сьезінде) бес дуан елге арналып жазылған 74 баптан құрылған Ережесі. Тарихи мәні терең бұл құжат жүйелеп тексерудің, қазақ өмірінің әлеуметтік- ұлттық болмысын нақтылы шаншыла зерттеудің ең жоғары түріне жатады. 
Бұл Ережеде: жер дауы, құн дауы, жесір дауы, қалың мал, құдалық жоралары, әйелдің бас бостандығы, ата-ана мен баланың арасындағы сыйластық, ерлі-зайыптылар қарым-қатынасы, әмеңгерлік мәселесі терең талданып, әділ билік – кесімдер, шара қолдану айтылады.
Ұрлыққа барымтаға Шара қолдану: суға батқанға көмек арық, көпір, құдық бұзғандарға өрт, боран, аяз кезінде араша болмағандарға (35 бап)
Алты алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейханов: «20 жасқа жеткенше Абай от тілді шешен, халық өмірі мен әдет-салтын, қазақ даласындағы атақты билердің әр істі шешкендігі төреліктерін жақсы білетін ділмар атанды. Абай өзінің қабілеті мен білімінің арқасында қазақтардың билік тартысында басты тізгін ұстаушы болды» -деп жазады.
Ахмет Байтұрсынов:«Ел ішіндегі сақталған қазақтың бұрынғы өткен билерінің билігі, шешендерінің сөйлеген сөзі, көсемдерінің істеген ісі, үлгілі сөздер, ұнасымды тілдер, мақал-мәтелдер сияқты нәрселерді Абай көп біледі екен. Заман бұрынғыдай болса, Абай алаштың атақты билерінің бірі болуы шүбәсіз. Біліммен би болып, жұрт білмейтін заман өтіп, таспен би болатын заманға қарсы туған» — деп бағалаған.
Дүниенің тылсым сырын надандық, танып білу талапсыздық,жалқаулық мінездерді сынады. Ар-ұят, адамгершілік мәселелерін қамтыды. Абай терең зейінді адам болғандықтан өзі өмір сүрген ортасын, оның қоғамдық жағдайларын терең түсініп, ақиқаттықпен көрсете білді.
Ақын өмір сүрген кездегі қазақ қоғамы:
• Феодалдық – патриархалдық құрылыстың шырмауында болатын;
• Рулық құрылыс ыдырамады;
• Патшалық әкімшіліктің ру басшыларының тартыстарын қоздыруы;
• Қоғамдық ахуал шиеленсті;
• Халықтың күйі нашарлап кетті;
• Халықтың мұң-мұқтажын жоқтаған ақын болыс, төбе би болып әлеуметтік мәселелерді шешті;1868 жылы 100-бап ереже жасаған
• Топтық қоғамда әлеуметтік әділдіктің болмайтынын да көре білді;
«Күшті жықпақ, бай жеңбек әуел бастан, 
Қолға түсер, сілесі әбден қатып 
Жаны аяулы жақсыға қосамын деп,
Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып» — деп теңдік алу үшін қанша арызданып ізденгенімен, байларға «ырылдатып ит қосып» күрескенімен, кедейдің қалжырап, сілесі қатқаннан басқаға әлі жете алмайтынын көрсетті.
ІҮ. Қорытынды. Ұлы Абай?
• Жазба әдебиеттің негізін қалаған, ұлттық поэзия тілін көркейткен көсем.
• Ғажайыпты болжаған айыр тілді аруақты шешен
• Қазақ поэзиясына ұшан теңіз өзгерістер енгізген реформатор
• Ұлттық музыка өнерін асқар биікке көтерген біртуар композитор (сазгер)
• Аударма өнерінің үздік шебері
• Ана тілінің негізгі сөздік қорын сарқа пайдаланған ерен дарын
• Абай мұрасы, Абай жолы кейінгі ұрпақ үшін сарқылмас қазына


Үйге тапсырма: «Мен таныған Абай» тақырыбында эссе жазу.


1.Пән аты: Абайтану

2.Сыныбы: 9
3.Күні, айы:жылы:  26.09.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы:Ақынның халық даналығын тануы

Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға Абай ақындығының бастаулары, қайнар бұлағы неден басталғаны туралы түсінік беру;

2.Абай шығармашылығына деген қызығушылықтарын ояту.

3.Оқушылардың таным көкжиегін кеңейту.

Сабақтың барысы: І. 1.Кіріспе

Сәлемдесу.

Кезекші мәлімдемесі
Журнал бойынша түгелдеу.
ІІ. Сабақ барысы:

Үйге берілген тапсырманы тексеру –Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы реферат дайындау,

Жаңа сабақты түсіндіру

Мағынаны тану

Біз бүгінгі сабақта Абай ақындығының неден бастау алғандығы туралы ой бөліспекпіз.

Ой тастау Тақырып туралы оқушылардың пікірлерін тыңдау

Мұғалімнің қосымша түсінік беруі

Ақынның білім алған мектептері және білімін кеңейту арналары, ауыз әдебиеті Абайдың үлгі алған қайнар бұлағы, қазақтың халықтық өлең-жырларын, ертегі, қисса, аңыз әңгімелерін әжесі Зереден, халық ақындары Дулат, Шөже, Байкөкше, Балталардан есітіп, жадына тоқуы;

Ақын шығармалары 19 ғ-да Қазақстанда демокр. қоғамдық ойдың қалыптасып, дамуына негіз болған басты-басты идеялық үш қайнардан нәр алды: 1) қазақтың ауыз әдебиеті мен өткен замандардағы жазба ескерткіштерінен сусындаған алдыңғы қатарлы халықтық дәстүр;

2) ежелгі және орта ғасырдағы Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары;

3) орыстың материалистік философиясы мен демокр. мәдениеті, сол арқылы дүниежүзілік философиялық ойдың жетістіктері.

Абайдың әдеби ортасы дегенде белгілі бір тұлғаның ақындық жолына өз әсерін тигізген, рухани жетілуіне темірқазық бағдар бола білген ақын-жырауларды, би-шешендерді, кейіннен нағыз ақындық кемеліне жеткен сөз зергерінің әдебиеттегі дәстүрін жалғастырған ақын шәкірттерін, оның мұрасын халыққа насихаттаған өнерпаз буынды айтамыз.

Ақынға тікелей ықпал еткен, үлгі көрсеткен замандас аға буын ақындар, би-шешендер мен сол Абайдан үлгі алған ішінде ақыны бар, әншісі мен күйшісі бар өнерлі жастардан тұратын әдеби қауымды негізге ала отырып, М.Әуезов Абайдың айналасын, ақындық ортасын ақынның өзі алған нәрі және өзгеге берген нәрі деп екі салаға жіктейді Өзі алған нәрі дегенде, сөз иелерінің ішінде ақындардың орны айрықша. Атап айтқанда, Абай жасынан Бұхар жырау, Шортанбай жырларына қанып өссе, өзі жүзбе-жүз кездескен Дулат, Сабырбай, Жанақ, Шөже, Балта, Байкөкше, Қуандық қыз, Бодау жырау, Мұрынбай жырау, Біржан сал сынды әдебиет өкілдерінің қай-қайсысынан да оның ақындық өсу жолын бөліп қарауға болмайды. Осы орайда академик С.Қирабаевтың пікірі орынды айтылған: «Абайдың ақындық жолы, ортасы күрделі болғаны белгілі, оның ақындылығы да сол ортада, өз дәуірінің шындығына орай қалыптасты. Сондықтан, ақынның өзі туып өскен ортаның әдебиеттік үлгілерінен, қазақтың шешендік өнерінен (атақты би болғанын еске алыңыз!), аты белгілі (өзі атайтын Бұқар, Дулат, Шортанбай) ақындар өнегесінен тыс тууы мүмкін емес. Қайта Абай осылардың бәрін жақсы білді, жанына азық етті.Мұның өзі қазақ әдебиетінің Абай арқылы адамзат мәдениетінің көркемдік биігіне шығуын дәлелдейді»



Үйге тапсырма :Ақынның білім алған мектептері туралы оқып келу
Пән аты: Абайтану Сыныбы: 9 Күні:  03.10.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы:Абай және орыс әдебиеті

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға ақын өлеңдерінің орыс әдебиетімен рухани үндестігін түсіндіру;

оқушыларға Абайдың аудармаларын оқыту арқылы тіл байлығын дамыту;

ұлы ақындардың мұраларын құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ақындардың суреті, слайд

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Оқушыларды сабаққа дайындау

Жаңа сабақАбай және орыс әдебиеті

Мағынаны тану

Абай - қазақ әдебиетінің орыс әдебиетімен байланысын күшейтуге аса зор үлес қосқан қайраткер.

Өз заманының ғұламасы болған Абай көптеген орыс жазушылары мен философтарының, әсіресе, А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, И.А.Крыловтың, В.Г.Белинскийдің, А.И.Герценнің, Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Добролюбовтың шығармаларын оқып, зерттеді, орыс революционер-демократтарының озық ойы оның дүниетанымының қалыптасуына үлкен ықпал етті. 
Қазақ халқының қалың бұқарасы орыс халқының қалың бұқарасымен достық көзқараста болғаны, орыс халқын аға санағаны сияқты озық пікірлі орыс әдебиетін Абай да өзіне үлгі, мектеп деп білді. Сондықтан Абай ақындық еңбегінің бірсыпырасын тек орыстың классик поэзиясын қазақ тіліне аударуға жұмсайды. Байрон, Гете сияқты өзге европалық елдер классиктерінен бірер өлеңді аударса, оны да Абай Лермонтовтың аудармаларынан алып қазақшалайды. Анық орыс классиктерінен Абайдың аударғандары — Крыловтың бір топ мысалдары, Пушкиннің «Евгений Онегинінен» үзінділері және Лермонтовтан жасаған көп аудармалар. Тағы бір, жалғыз өлеңді Букиннен аударған.

Абай жинағында, бөлек аттармен әр жылдарға бөлініп бастырылған аудармалардың барлық саны — қырық шақты. Сол қатарда Крыловтың төрт-бес мысалы және Лермонтовтың өз шығармалары мен аудармаларынан алғанын қосқанда, одан жиырма жеті өлең аударған.

Бұл жөнінде екі түрлі пікірді ерекше көрсету жөн. Оның біріншісі — Абайдың осы аудармаларға берген бейіл, бағасы турасында, екіншісі — сол аудармалардың Абайдың өз шығармаларына еткен әсері және Абайдан кейінгі қазақтың барлық жазба әдебиетіне тараған үлкен тарихтық, мәдениеттік, ұстаздық дәстүр әсері туралы.

Біріншіден, Абай өзі сүйген орыс классиктерін кейде дәл, кейде еркін аударып отырса да, әр кезде барынша көркем, шебер өлеңнің үлгісін берген. Бұл жөнінде ақынның ізденуі кезіндегі тіл байлығы мен ірі талант, ерекше ынта, зер салуы өзгеше көрінеді. Өз өлендерін туғызуда қолданған ақындық шабыт, сыншыл ұқыптылық, тіл орамға өткір жүйріктік — барлығы да аудармалық еңбекке келгенде барынша күшімен түгел жұмсалған деуге болады. Тіпті, кейде Абайдың өзі тудырмаған тамаша нәзік, терең сырлы өлеңдер, көрікті ойлар, немесе аса өткір шанышпа мысқыл, ажуа, ащы сөздер осы аудармаларда үнемі көрініп отырады.

Рас, қоғамдық өмірдегі мін — мінездерді, қалып — құрылыстарды шенеуде Абай Пушкин мен Лермонтовтан гөрі Салтыков-Щедрин, Некрасовтардан молырақ үлгі-өнеге көрді. Бірақ сол әлеуметтік тақырыптардың өзінде де жиі кездесе беретін мұңды — сырлы жалғыздық ойларға соққанда Пушкин, Лермонтов саз — сарыны Абайдан байқалып отырады.


Ал осыдан соңғы ақындық жайындағы тақырыптарды, эстетикалық принциптерді алсақ, табиғат көркін, махаббат жайын, жеке бастың көңіл сырын, лирикасын алсақ, Абайдың ақындық шеберлігі асқан сайын оның теңеулері, көркем түрлері — бәрі де Пушкин, Лермонтовқа еліктеуден гөрі де, қайта солармен бастасып, табыса туысып бара жатқанын анық тануға болады.

Абайдың Пушкин шығармаларын өз оқушыларына жеткізуі қазақ сахарасына орыстың ұлы мәдениетінің жарығын әкеп төккендей болды. Бұл жөндегі Абай еңбегі тек әдебиеттік қана еңбек емес, ол зор кең мағынадағы ағартушылық, тарихтық, қоғамдық еңбек еді.

Пушкиннің атақты романы — «Евгений Онегинді» Абай бөлек-бөлек үзінділер түрінде аударады: «Онегиннің сипаты», «Татьянаның хаты», «Онегиннің ойы», «Онегиннің сөзі», «Онегиннің хаты», «Татьянаның сөзі», «Ленскийдің сөзі».

Әрине, мұнда Пушкин романының ерекше көп жайлары аударылмай сырт қалады. Абай ол романның ішінен тек Онегин — Татьяна арасында кезек ауысқан күшті махаббат күйлерін ғана сөз қылады. Көбінше, Абайдың

аударуына хаттармен баян етілген роман қалыптанған тәрізді. Өз аудармасының соңында, Абай өз жанынан Онегинге ақырғы сөз береді. Бұл — Пушкинде жоқ еркін өзгерістің, Абайдың сөзінше дәлелденген ерекше бір түр.

Абай Татьяна мен Онегиннің ішкі сезім сырларын ашқанда, өз қолынан келген ақындық, шеберлік, ізденушілік өнерінің бәрін жұмсайды.

Абай Татьянаның тілімен қазақ қызының жүрегіне қоса тіл бітіреді, Онегиннің ойлы-қырлы өкінішімен қазақтың саналы жігіт, жас буынын үлгілі сезімдерге тәрбиелейді. Бұл жерде Абайдың аударған Татьяна, Онегині Пушкин шығармасында болған үлкен бір қасиетті ашады. Татьяна — Пушкиннің өзінде «орыс жанды» орыс қызы болумен бірге, адам баласының үлкен қасиет, зор сипаттарына ие болған жан еді.

Абай еңбегінде сол орыс топырағындағы адам қасиеттерін ашып, жер жүзілік географиялық ортаның бәрінде, бар адам баласының жас буындарының ортасында, өзінің мұңдасын, сырласын, үндес жандарын тапқанын көресің. Бұған Абай аудармасындағы ерекше ірі көркемдік пен ақындық шеберліктің өзгеше боп құрылған күйлі келісімдері себепші боп отыр.

Пушкинді дәл аударушылар бола берер, бірақ жаңағы айтылғандай, оның романының ішіндегі үлкен ой, сирек сезімдерді Абайша жеткізіп, көріктеп беру көп табыла бермес.

Ұлы орыс халқының мәдениетін қасиеттеген, ұлы Пушкинді құрмет тұтқан Абай оның әдебиеттегі асыл мұраларының бірі — «Евгений Онегинді» де қасиеттеп, артықша сүйіспеншілікпен аударды. Пушкин мен Абай творчествосының, олардың ой-пікірінің үндестігінен орыс халқы мен қазақ халқы арасындағы өткен заманнан келе жатқан жақындықтың, достықтың желі ескендей болады.