Файл: 1. Пн аты Абайтану Сыныбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 255

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
эстетикалықойшылдық баға беріліп, қозғалған тақырып емес. Абай бұл жайға өзінің ірі суретші, ойшылдық тұрғысынан қараумен, өз ақындығының қаншалық кең құлашты екенін көрсетеді. Анығында, өз тұсы мен өзіне шейінгі замандағы қазақтың қоғамдық, шаруашылық, үй -ішілік, ой-саналық, тіл-өнертудырғыштық, тірлік - барлық - барша тақырыптарын Абай түгел шолады. Мынау өлеңдерде Абайдың еске алып отырғаны - жалпы ән емес, қазақ халқының өзінің әні. Солай екенін

 «...Көбінесе ән басы келеді ащы,
«Кел, тыңда» деп өзгеге болар басшы,
Керім толғап, тауысар қоңыр-күңгір,
Сол жеріне ойыңмен араласшы»


дегенінен байқаймыз. Бұл анық қазақ әнінің әуелі зор шырқаудан басталатын ерекше түрін еске алады. Ақын сол өз халқының әнін өзгеше ыстық көңілмен сүйеді. Көп уайымнан, ұлы дертті ойларынан қазақ әні мұны айықтырып, сергіткендей болады. Кейде шабытсыз, қанағатсыз, толықсыған жүрек сезіміне де ән қуат беріп, қайта оңалтқандай болады.

 «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар,
Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы уатар...
Міне, осы айтылған
әнменкүйгекезектеп берген бағалар, Абайдың өз өлеңіндегі музыка қазынасына, тіпті барлық басқа өнер мұраның бәрінен де артықша, биік орын бергенін байқатады. Халқының әнін Абай өзінің мұңдасы етеді. Ойына, азаматтық еңбегіне қанат бітіретін сенімді серігі есепті санайды. Ақын жарқын жүзді, жақсы шырай мен жалынды шабыттабады, жабырқаған көңіліне ем етеді. Бірақ онда да сынсыз шұлғымайды. Тағы да шыншыл, ойшыл ақын әннен әнді қатты талғап айырады: «... Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар,

Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,

Тыңдағанда көңілдің әсері бар», - деуменен бар дүниеге ойлана, сынап қарайтын ақын ән мен күйге де шарттар қояды.
Өлең 11 буынды
қара өлеңүлгісінде жазылған. Алғаш рет 1909ж.Санкт-Петербургтежарық көрген«Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі»атты жинақта жарияланды.

Абай ҚұнанбайұлыКөңіл құсы құйқылжыр шартарапқа

Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа,
Адам ойы түрленіп ауған шақта.
Салған ән — көлеңкесі сол көңілдің,
Тактысына
[1]билесін ол құлаққа.

Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды,
Жүрек тербеп, оятар баста миды.
Бұл дүниенің ләззәті бәрі сонда,
Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды.

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы уатар.

Адам аз мұны біліп ән саларлық,
Тыңдаушы да аз ол әннен баһра аларлық.
Мұңмен шыққан, оралған тәтті күйге
Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық?

Көбінесе ән басы келеді ащы,
"Кел тыңда!" деп өзгеге болар басшы.
Керім толғап, тауысар қаңғыр-күңгір
Сол жеріне ойыңмен араласшы.

Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда, көңілдің өсері бар.

Білімдіден аяман сөздің майын,
Алты өлеңмен білдірдім әннің жайын.
Ездің басы қаңғырсын, ердің көңілі
Жаңғырсын деп ойладым айтқан сайын.
Көкірегінде оты бар ойлы адамға
Бұл сөзімнің суреті тұрар дайын.




Құлақтан кіріп, бойды алар


Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.

Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып,
Көңілім әнді үғады,
Жүрегім бойды жылытып.

Аңсаған шөлде су тапса,
Бас қоймай ма бастауға?
Біреу түртсе, я қақса,
Бой тоқтамас жасқауға.

Бір күйгізіп, сүйгізіп,
Ескі өмірді тіргізер.
Өмір тонын кигізіп,
Жоқты бар қып жүргізер.

Есіткендей болады
Құлағы ескі сыбырды.
Ескі ойға көңілім толады,
Тірілтіп өткен құрғырды.

Ішіп, терең бойлаймын,
Өткен күннің уларын.
Және шын деп ойлаймын
Жұрттың жалған шуларын.

Тағы сене бастаймын
Күнде алдағыш қуларға.
Есім шығып қашпаймын,
Мен ішпеген у бар ма?

Пән аты: Абайтану Сыныбы: 9Күні, айы,жылы:  17.04.2017 ж.

Тақырыбы:Ұйықтап жатқан жүректі кім оятар? Абай әндерінің тәрбиелік мәні
Мақсаты:Абай әндерінің тәрбиелік мәнін ашу.
Тәрбиелілігі:Абай әндері арқылы көркем сөз бен тілдің халық шешендігін, тілдің құдіреттілігін ұғынуға, оқушыларды адамгешілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеу, әсемдікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы:Оқушылардың ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: 
1. Абай суреті.
2. Абайдың ән- өлең туралы сөздері. 

а) Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
ә) Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.


б) Жақсы әнді тыңдасаң ой-көзіңмен
Өмір сәуле көрсетер судай тұнық.


в) Әннің де естісі бар есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.



г) Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Оның тәтті оралған мәні оятар.


1. «Абай қазақ өлеңінің құрылысына жаңа формалар енгізді».Г.Шомбалова.

2. «Абай қазақ халқының дәстүрлі музыкалық шығармашылығы негізінде қалыптасты, халық композиторының өнерінен нәр алды».Б.Г.Ерзакович.

3. «Абай әндері өзінің  табиғатымен, рухымен, нағыз ұлттық ән үлгісі болды, олар қазақтың халық музыкасы дәстүріне негізделген, орыс әуендері мен романстарының элементтерін енгізу, арқылы ұлттық музыка өнерін байытты,  кеңейтті толықтырды».А.Қ.Жұбанов.

 

І. Сабақтың барысы:Сабақ сынып оқушыларының «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындаумен басталады.

 

Кіріспе:Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев қазақ халқының мәдени тарихында ерекше орын алады. Соңында тамаша өлеңдер мен қара сөздер қалдырған Абай тек қана ақын емес, композитор және өз өлеңдерін орындаушы.

 

Бүгінгі тәрбие сағатымыз Абайдың бір ғана қыры — әндерінің тәрбиелік мәнін ашуға ғана арналады.

 

Ғасырлар бойы дамыған қазақ ән өнері ХІХ ғасырдың екінші  жартысында көркемдік пен кемелдіктің шыңына өрледі. Абай өмір сүрген осы кезеңде қазақта музыканың жазба  мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік  қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері ауыздан – ауызға, заманнан – заманға ауызша ауыса отырып жетті.

 

Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі, халықтың жүрегінде сақталуға, сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында.

 

Композитор Абай  дарынына  қанат бітірген, ән нәрімен сусындатқан орта қандай еді? Оның композиторлық өнерінің бұлақ бастауы қайда? Әндерінің сипаты мен тақырыбы қандай? Кезекті оқушыларға берейік.

 

ІІ.Абай әндерінің сипаты туралы– Дастан. Абайдың ән мұрасы, композиторлық шығармашылығы қазақ музыкасына енген баға жетпес тың жаңалық болып табылады. Академик А.Жұбанов «Замана бұлбұлдары еңбегінде Абай әндерінің әуені, өлшем ырғақ, құрылым – пішіні жағынан өзіне дейінгі бірде – бір халық композиторының шығармашылығына ұқсамай, айрықша дара тұрғандығын ашып керсетті.

  

Абай әндерінің тақырыбы—Абайдың вокальдық шығармаларының тақырыбы сан қилы. Зерттеушілер Абай әндерін азаматтық тағылымдық, сатиралық, философиялық тақырыптарға топтаса келе сезімдік, психологиялық толғаныстар басым махаббат лирикасын ерекше атайды. Лирикалық әндерге «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Татьянаның хаты» жатады. Абай әндері өсиетке, ұлағатқа, ақыл – парасатқа өте бай. «Ата –анаға көз қуаныш», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім».


 

ІІІ. Абай туралы жалпы мәлімет.  (Компьютер арқылы).   

ІV. Абай әндерінің тәрбиелік мәнін ашу.

 1 топ. «Бойы бұлғаң» әні.

 2 топ. «Өзгеге көңілім тоярсың».

 3 топ. «Сегіз аяқ».

 4 топ. «Қараңғы түнде тау қалғып».

 1 топ. «Бойы бұлғаң» әнінде байлығы мен дәулетіне мастанған байды өткір сықақпен шенейді.       

Бойы бұлғаң

 Сөзі жылмаң

 Кімді көрсем, мен сонан

 Бетті бастым

 Қатты састым

 Тұра қаштым, жалма – жан.

  Ақын топас екі жүзі адамдардың әрекет – қылықтарына ашу- ызасын білдіреді. Ақын өткір сыншы, сатирик ретінде көрінеді. Адам  бойында кездесетін жағымсыз мінез әдеттерден (екіжүзділік, жағымпаздық) қасиеттерден аулақ болуға, жақсы, жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелейді.

 2 топ. «Өзгеге көңілім тоярсың» адам өміріндегі әннің  мән- маңызы туралы тұжырым жасайды. Ән-дертке дауа. Ән құдіретін тек көкірегі ояу түсінігі мол, саналы адам ғана ұғына алады. Ән халық шешендігін, тілді құрметтеуге, адамгершілік және эстетикалық қасиеттерді ұғына білуге тәрбиелейді.

 3топ. «Сегіз аяқ» өлең мәні әуені жымдасқан жаңа ұйқас үлгісімен құрылған ән.

 Өткірдің жүзі

 Кестенің бізі

 Өрнегін сендей сала алмас

 Білген маржан

 Білмеске арзан

 Надандар бәһра ала алмас

 Қиналма бекер тіл мен жақ.

 Көңілсіз  құлақ ойға олақ. Бұл шумақтарда қызыл тілдің құдіреттілін айтса,

 Басында ми жоқ,

 Өзіңе ой жоқ.

 Күлкішіл кердең наданның

 Көп айтса көңді

 Жұрт айтса болды

 Әдеті надан адамның–  деп адам бойындағы жігерсіздік, жасықтық сияқты жағымсыз қасиеттердің мінеп шенейді. Ән көркем сөз бен тілді құрметтеуге, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға, адамгершілікке, тәрбиелейді. Қызыл тілдің құдіреттілігін  мақтап, еңбек етуге шақырыды.

 4 топ.«Қарыңғы түнде тау қалғып»

 Аударма болғанмен ұлттық нақышқа толы. Әуенде орыс романсының элементтері бар. әннің ерекшелігі мәтін мен әуен ажырамастай тұтас.

 Қараңғы түнде тау қалғып

 Ұйқыға кетер балбырап

 Даланы жым-жырт, дел-салғып

 Түн басады салбырап.

 

Түнгі табиғат көрінісі,  қараңғылық кезіндегі адамның сезімі суреттеледі. Табиғатпен бірге адам да ұйқыға кетердей, әннің әуені мен мәтіне керемет жымдасқан.