Файл: 1. Пн аты Абайтану Сыныбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 254

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Лертонтовтан аударған «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін алатын болсақ, шығарма орыс ақынында да, қазақ ақынында да 20 жол. Өмірге ой көзімен қарай білудің, терең сезімталдық, сыршылдықтың үлгісі боларлықтай лирикалық туынды. Ақын жарық түнде жалғыз жолға шыққанын айта отырып, аспан мен жердің, жоғарыда жылт-жылт етіп көрінген жұлдыздардың ғажайып әдемілігін тамашалап, ғарыштық кеңістікті бар жанымен сезінгендей болады. Сондықтан оның өз көңіл-күйін қозғайтын әр сөзі ерекше салмақты, мәнді болып шыққан. Өлеңдегі мұңды сарын да, тыныштық, азаттық іздеу де адамды жадырататындай  әсер береді. Осы өлеңнің идеялық өзегі, тірегі болған -өмірге деген құштарлық:

«Қараңғы түнде тау қалғып, Даланы жым-жырт дел-сал ғып,

Ұйқыға кетер балбырап, Түн басады салбырап.
Шаңдай алмас жол-дағы,

Сыбдырламас жапырақ.

Тыншығарсың сен-дағы…

Сабыр қылсаң азырақ…»

Горные вершины

Спят во тьме ночной,

Тихие долины

Полны свежей мглой.

Не пылит дорога,

Не дрожат листы;

Подожди немного -

Отдохнешь и ты
Жалау (М. Ю. Лермонтовтан)

Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз (М. Ю. Лермонтовтан)

Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы (Я. Полонскийден)

Күнді уақыт итеріп (М. Ю. Лермонтовтан)

Көңілдің күйі тағы да (М. Ю. Лермонтовтан)

Піл мен қанден (И. А. Крыловтан)

Теректің сыйы (М. Ю. Лермонтовтан)

Шегіртке мен құмырсқа (И. А. Крыловтан)

Қарға мен бүркіт (И. А. Крыловтан)

Қарға мен түлкі (И. А. Крыловтан)

Әншілер (И. А. Крыловтан)

Абайдың ой-өрісін, дүние-танымын кеңейтіп, шырқау биікке кетерген, әрине, орыстың

А.С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, И. А. Крылов, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский,

Л. Н. Толстой,Н. А. Некрасов, И. С. Тургенев, М. Е. Салтыков-Щедрин секілді ең

көрнекті жазушы, қоғам қайраткерлерінің шығармаларын оқып, олардың озық ой-

пікірлерімен тікелей танысуы екенін атап айтқан жөн. Абай сол замандағы орыстың қоғамдық ойының, әдебиетінің ең құнды жетістіктерін қадағалап, зерлеп білуге көп күш жұмсаған.

Тұтастай алып қарағанда, Абайдың орыс әдебиетінен оқығаны, түйгені көп екені анық.

Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма: Абай және Пушкин шығармаларының үндестігі, тақырыбы

(ізденіс)





А.С.Пушкин



М.Ю.Лермонтов



И.А.Крылов

Пән аты: Абайтану Сыныбы: 9 Күні, айы:жылы: 10.10.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы:Абай және А.С.Пушкин

Сабақ мақсаты:Білімділік: оқушыларға екі ақынның рухани үндестігін түсіндіру.

Дамытушылық: оқушыларға Абайдың аудармаларын оқыту арқылы тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік: ұлы ақындардың мұраларын құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ақындардың суреті, слайд

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу Оқушыларды сабаққа дайындау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Абай және Пушкин шығармаларының үндестігі, тақырыбы

(ізденіс)

ІІІ: Жаңа сабақ

  Отанымыздың өткен замандағы екі ұлы ақыны - Пушкин мен Абайдың бір-бірімен творчестволық жақындығы, поэзиядағы екеуінің ақындық өнер үйлестігі ұлы орыс халқы мен қазақ халқының терең достығынан, бұл екі халықтың да алдында тұрған озат арманынан, игі нысанынан туды. Қазақ халқының қалың бұқарасы орыс халқының қалың бұқарасымен достық көзқараста болғаны, орыс халқын аға санағаны сияқты озық пікірлі орыс әдебиетін, оның Пушкин сынды данышпан өкілін Абай да өзіне үлгі, мектеп деп білді. Сондықтан Абай ақындық еңбегінің бірсыпырасын тек орыстың классик поэзиясын қазақ тіліне аударуға жұмсайды. Байрон, Гете сияқты өзге европалық елдер классиктерінен бірер өлеңді аударса, оны да Абай Лермонтовтың аудармаларынан алып қазақшалайды. Анық орыс классиктерінен Абайдың аударғандары - Крыловтың бір топ мысалдары, Пушкиннің "Евгений Онегинінен" үзінділері және Лермонтовтан жасаған көп аудармалар. Тағы бір, жалғыз өлеңді Букиннен аударған.

Абай жинағында, бөлек аттармен әр жылдарға бөлініп бастырылған аудармалардың барлық саны - қырықтың ішінде. Сол қатарда Крыловтың төрт-бес мысалы және Лермонтовтың өз шығармалары мен аудармаларынан алғанын қосқанда, одан жиырма жеті өлең аударған.



Бұл жөнінде екі түрлі пікірді ерекше көрсету жөн. Оның біріншісі - Абайдың осы аудармаларға берген бейіл, бағасы турасында, екіншісі - сол аудармалардың Абайдың өз шығармаларына еткен әсері және Абайдан кейінгі қазақтың барлық жазба әдебиетіне тараған үлкен тарихтық, мәдениеттік, ұстаздық дәстүр әсері туралы.

Біріншіден, Абай өзі сүйген орыс классиктерін кейде дәл, кейде еркін аударып отырса да, әр кезде барынша көркем, шебер өлеңнің үлгісін берген. Бұл жөнінде ақынның ізденуі кезіндегі тіл байлығы мен ірі талант, ерекше ынта, зер салуы өзгеше көрінеді. Өз өлендерін туғызуда қолданған ақындық шабыт, сыншыл ұқыптылық, тіл орамға өткір жүйріктік - барлығы да аудармалық еңбекке келгенде барынша күшімен түгел жұмсалған деуге болады. Тіпті, кейде Абайдың өзі тудырмаған тамаша нәзік, терең сырлы өлеңдер, көрікті ойлар, немесе аса өткір шанышпа мысқыл, ажуа, ащы сөздер осы аудармаларда үнемі көрініп отырады.

Рас, қоғамдық өмірдегі мін - мінездерді, қалып - құрылыстарды шенеуде Абай Пушкин мен Лермонтовтан гөрі Салтыков-Щедрин, Некрасовтардан молырақ үлгі-өнеге көрді. Бірақ сол әлеуметтік тақырыптардың өзінде де жиі кездесе беретін мұңды - сырлы жалғыздық ойларға соққанда Пушкин, Лермонтов саз - сарыны Абайдан байқалып отырады.

Ал осыдан соңғы ақындық жайындағы тақырыптарды, эстетикалық принциптерді алсақ, табиғат көркін, махаббат жайын, жеке бастың көңіл сырын, лирикасын алсақ, Абайдың ақындық шеберлігі асқан сайын оның теңеулері, көркем түрлері - бәрі де Пушкин, Лермонтовқа еліктеуден гөрі де, қайта солармен бастасып, табыса туысып бара жатқанын анық тануға болады.

Абайдың Пушкин шығармаларын өз оқушыларына жеткізуі қазақ сахарасына орыстың ұлы мәдениетінің жарығын әкеп төккендей болды. Бұл жөндегі Абай еңбегі тек әдебиеттік қана еңбек емес, ол зор кең мағынадағы ағартушылық, тарихтық, қоғамдық еңбек еді.

Пушкиннің атақты романы - "Евгений Онегинді" Абай бөлек-бөлек үзінділер түрінде аударады: "Онегиннің сипаты", "Татьянаның хаты", "Онегиннің ойы", "Онегиннің сөзі", "Онегиннің хаты", "Татьянаның сөзі", "Ленскийдің сөзі".

Әрине, мұнда Пушкин романының ерекше көп жайлары аударылмай сырт қалады. Абай ол романның ішінен тек Онегин - Татьяна арасында кезек ауысқан күшті махаббат күйлерін ғана сөз қылады. Көбінше, Абайдың аударуына хаттармен баян етілген роман қалыптанған тәрізді. Өз аудармасының соңында, Абай өз жанынан Онегинге ақырғы сөз береді. Бұл - Пушкинде жоқ еркін өзгерістің, Абайдың сөзінше дәлелденген ерекше бір түр.


Абай Онегиннің өкінішін үлкен трагедиялық ауыр ойға жеткізіп, оған өлім тілетеді. Бұл Абайдың мүлде өз жанынан қосқан хәлдері мен өзгерістері дедік.

Осылайша Пушкиннің үлкен шығармасына қазақ ақыны Абай бірталай еркіндік жасайды.

Абай Татьяна мен Онегиннің ішкі сезім сырларын ашқанда, өз қолынан келген ақындық, шеберлік, ізденушілік өнерінің бәрін жұмсайды. Абай Татьянаның тілімен қазақ қызының жүрегіне қоса тіл бітіреді, Онегиннің ойлы-қырлы өкінішімен қазақтың саналы жігіт, жас буынын үлгілі сезімдерге тәрбиелейді. Бұл жерде Абайдың аударған Татьяна, Онегині Пушкин шығармасында болған үлкен бір қасиетті ашады. Татьяна - Пушкиннің өзінде "орыс жанды" орыс қызы болумен бірге, адам баласының үлкен қасиет, зор сипаттарына ие болған жан еді.

Татьяна мен Онегин сөздерін танытқан Абай шеберлікке жету үшін неше алуан теңеуді, сирек шешендікті және өзінің оқушысы білген неше алуан керекке жарарлық түсініктерді түгел қолданады. Кейде қазақтың халықтық, тірлік теңеулерінен де мысал келтіреді

Ұлы орыс халқының мәдениетін қасиеттеген, ұлы Пушкинді құрмет тұтқан Абай оның әдебиеттегі асыл мұраларының бірі - "Евгений Онегинді" де қасиеттеп, артықша сүйіспеншілікпен аударды. Пушкин мен Абай творчествосының, олардың ой-пікірінің үндестігінен орыс халқы мен қазақ халқы арасындағы өткен заманнан келе жатқан жақындықтың, достықтың желі ескендей болады.

IV.Мәтінмен жұмыс

«Онегинге хат», «Татьянаның хаты» өлеңдерін оқыту, талдау

V.Сабақты қорытындылау

VI. Үйге тапсырма

Абайдың табиғат лирикасы тақырыбына жазылған кез-келген өлеңін жаттау


Пән аты: Абайтану Сыныбы: 9 Күні, айы:жылы: 17.10.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы:Абайдың Пушкиннен аударған аудармалары

Сабақ мақсаты:Білімділік: оқушыларға екі ақынның рухани үндестігін түсіндіру.

Дамытушылық: оқушыларға Абайдың аудармаларын оқыту арқылы тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік: ұлы ақындардың мұраларын құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ақындардың суреті, слайд

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу Оқушыларды сабаққа дайындау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау


Абай өлеңдерінен үзінді жаттау

ІІІ: Жаңа сабақ Абайдың И.А.Крыловтан аудармалары

 

 Абайдың Крыловтаналған үлгісі Абай поэзиясын мазмұн, идея, түр жағынан онан сайын тереңдетіп, байытып, сатиралық сарынды күшейтіп, қазақ әдебиетінің реалистік даму жолын кеңейте түседі.     Крыловты қазақ жұршылығына өз заманында кеңірек танытқан Абай болды. Крыловтың ”Қарға мен түлкі”, ”Піл мен қанден”, ”Есек пен бұлбұл”, тағы басқа мысалдарын аударды. Абай Крылов мысалдарындағы реализмді өзіне үлгі етіп ала отырып, оның сатира жағы басым мысалдарын таңдап алды. Қазақ өміріндегі ескі салт-сананы, әдет-ғұрыпты, жалқаулық, надандық, қулық-сұмдық сияқты жаман әдеттерді шенеп, әшкерелеуге лайықты Крылов мысалдарын Абай қазақ тұрмысына бейімдеп аударды. Крылов мысалдарын аударғанда Абай оның өлеңдеріндегі орыс тілінің өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, мазмұны мен мағынасын терең түсініп аударды. Қазақ тіліне жатық етіп, қазақ тұрмысына бейімдеп, ұғымына жеңіл етіп аударды. Сөйтіп, мысалдың көздеген нысанасына дәл тиюін қатты ескерген. Бұл жөнінде Абай аудармалары ақынның мақсаты мен негізгі идеясын жеткізе білуге зер салғандықты көрсетеді. Мысалы, «Есек пен бұлбұл» мысалында Крылов әңгімені бірден есек пен бұлбұлдың кездесуінен бастаса, Абай түпнұсқада жоқ:

Тойған есек шөпті оттап маңайдағы,
Сонырқап шатқа кетті қай-қайдағы.
Қаңғырып өлкені өрлеп келе жатып,
Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы…» -деген жаңа шумақпен бастайды. Алдымен есектің тойып, көңілі тасып, өзіне-өзі риза болып, ерекше бір мамыржай күйде ерігіп келе жатқанын білдіру арқылы оның сұлу ән, ғажайып әсем үн тыңдау үшін емес, әшейін ермек үшін сөз бастағанына көз жеткізіп алады. «Қарға мен түлкі» – Абайдың 1898 жылы И.А. Крыловтан аударған мысал өлеңі. Мысал көлемі түпнұсқада 26, аудармада 47 жол. Ақын мысал мазмұнын толық сақтап, буын санын азайтып, жыр үлгісімен тәржімалаған. Мысалдың алғашқы жолдарындағы айтылар ойдың түп қазығын қазақ оқырмандарына ұғымды етіп, оп-оңай жеткізеді.


Аудармаларынан үзінді оқыту

Сабақты қорытындылау