Файл: 1. Пн аты Абайтану Сыныбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 260

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
А. МағауияӘ. Әбубәкір Б. Шоқан В. Ыбырай Г.Тұрар

6.Мына үзінді «Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнын құран оқысын дейді...» Абайдың нешінші қара сөзінен алынған?» а. оныншы сөзі ә. Үшінші б. Он екіншіг. бірінші

7..Абайдың он жетінші қара сөзінде  қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп … жүгініпті. А Болысқа Ә.Адамға Б. Биге Г. Данышпанға.

8. Абайдың жиырма бірінші қарасөзінде мақтаншақтыққа неше түрлі себеп береді?А. Екі түрлі Б. Ешқандай себеп бермеген Д. Бес түрліГ. Төрт түрлі

9. Нешінші қарасөз диологқа құрылған? А. жиырма жетінші Ә.жиырмасыншы Б. Бірінші В. алтыншы

10. «Ата-Анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» деген мақалда не жайлы айтылған? А. Арсыздық ә. Көрсеқызарлықб. Дуаналықв.зұлымдық

11. Абайдың қарасөздерінде көбінесе қай тіл басымырақ?А.арабшаӘ. Парсы тіліБ. Орыс тіліВ. барлығы қазақ тілде Г. өзбек тілі

12. Нешінші қарасөзінде жүректің . бес парызды орындау керек жайында шер таратқан? А. 14-шіӘ. 19-шыВ. 9-шыБ. 16-шыГ. 40-шы

13. Онбесінші қарсөзде не жайлы айтылған?А. ақылдылық пен ақылсыздықжайлы Ә. мешітке бару, ораза тұтуВ. Айлакершілік жайлыБ. Құмарлық пен қанағатсыздық жайлыГ. білімділік жайлы

14 Он жетінші қарасөзінде не туралы айтылған?А. Қайрат, ақыл, жүрек Ә. Ақыл, ғылым, білім Б. Парасат, ғылымВ. білімділік жайлы Г. білімділік жайлы

15. «Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімінбылғап, былжыратып кимей , таза кимек- дұрыс іс. »… қай қарасөзден алынған?А. 18-ші Ә. 17-ші Б.6-шы В. 4-ші Г. 1-ші

16.Он тоғызыншы сөзде не жайлы айтылған? А. ата-анадан туған бала жайындаӘ. Ақыл мен қайраттық жайындаБ. Тағдырдың жарлығы жайындаВ. достық пен дұшпандық жайындаГ. жамандық жайында

17Ұлы Абай ақындығымен қатар қандай философиялық нақыл сөздерін жазды? А. «Ғақлия» Ә. 45-ші қарасөз В. «Көзімнің қарасы Д. «Татьяна хаттары  Г. «Сегіз аяқ

18. «Шегіртке мен құмырсқа » мысалын ұлы ақын кімнен аударды?А. КрыловтанБ. ЛермонтовтанВ. ПушкинненД. ГогольданГ. Потаниннен

19.А.Құнанбаевты әлем деңгейіне дейін танытқан тұлға?
А. М.ӘуезовБ. М.ШахановВ. Ы.АлтынсаринГ. М.ДулатовД. Ә.Нүрпейісов

20. 1904 жылы Абайды ұлы өмірден озғаннан соң , ақын ауыр қайғыны көтере алмай …. не болды?А. өзі де көз жұмадыБ. Жер ұйық іздеп кетіп қаладыВ. елден безедіГ. ақындықтан бас тартады Д. Еш нәрсе болмайды

21. Абайдың мына сөзі қаншасыншы қарасөзінде жазылған: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды» ?

А. 9-шы Ә. 10-шы Б. 11-шы В. 12-ші Г. 4-ші

22. Ақынның әнімен тараған өлеңі қайсы? А. Көзімнің қарасы Ә. Вадим Б. Жаз В.КүзГ. Сегіз аяқ

23. Абайдың «Жазғытұры»өлеңі қай жылы жарық көредіА. 1890 Ә. 1891 В. 1893 Г. 1895 Д. 1895

24. «Мың бір түн» ертегісінен алынған бір уақиғаның өлеңмен жазылған түрі. Ақынның қай поэмасы?

А. Әзім әңгімес іӘ. Масғұт Б. Ескенедір В. кім жазықты Г. Бородино

25.«Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімінбылғап, былжыратып кимей , таза кимек- дұрыс іс. »… қай қарасөзден алынған?

А. 18-ш і Ә. 17-ші Б.6-шы В. 4-ші Г. 1-ші

4.тапсырманы орындау барысында тыныштық сақталуын, оқушылардың тест жауаптарына ойланып, дұрыс жауап берулерін қадағалау

5.Жекелеген оқушылармен жұмыс жасау

6.Тест тапсырмадарын жинап алу

Тест жауаптарын тексеру, бағалау


Пән аты: Абайтану Сыныбы: 9Күні, айы,жылы:  03.04.2017 ж.

Сабақтың тақырыбы:Абай әндерінің таралуы

Сабақтың мақсаты:   Абай әндерінің тәрбиелік мәнін ашу;
Абай әндері арқылы көркем сөз бен тілдің халық шешендігін, тілдің құдіреттілігін ұғынуға, оқушыларды адамгешілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеу, әсемдікке, әдептілікке тәрбиелеу.


Көрнекілігі: 
1. Абай суреті.
2. Абайдың ән- өлең туралы сөздері. 

І. Сабақтың барысы:Сабақ сынып оқушыларының «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындаумен басталады.

 Кіріспе:Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев қазақ халқының мәдени тарихында ерекше орын алады. Соңында тамаша өлеңдер мен қара сөздер қалдырған Абай тек қана ақын емес, композитор және өз өлеңдерін орындаушы.

Бүгінгі сағатымыз Абайдың бір ғана қыры — әндерінің тәрбиелік мәнін ашуға ғана арналады.



 Ғасырлар бойы дамыған қазақ ән өнері ХІХ ғасырдың екінші  жартысында көркемдік пен кемелдіктің шыңына өрледі. Абай өмір сүрген осы кезеңде қазақта музыканың жазба  мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік  қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері ауыздан – ауызға, заманнан – заманға ауызша ауыса отырып жетті.

  Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі, халықтың жүрегінде сақталуға, сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында.

  Композитор Абай  дарынына  қанат бітірген, ән нәрімен сусындатқан орта қандай еді? Оның композиторлық өнерінің бұлақ бастауы қайда? Әндерінің сипаты мен тақырыбы қандай? Кезекті оқушыларға берейік.

  ІІ.Абай әндерінің сипаты туралы–Абайдың ән мұрасы, композиторлық шығармашылығы қазақ музыкасына енген баға жетпес тың жаңалық болып табылады. Академик А.Жұбанов «Замана бұлбұлдары еңбегінде Абай әндерінің әуені, өлшем ырғақ, құрылым – пішіні жағынан өзіне дейінгі бірде – бір халық композиторының шығармашылығына ұқсамай, айрықша дара тұрғандығын ашып керсетті.

 Абайдың композиторлық шығармашылығының қалыптасуы және «Үш ұлы бастау»1. Қазақ халқының жазба әдебиеті.2. Шығыс елдердегі классик поэзиясы.3. Батыс Еуропа мәдениеті. Осы үш бастау Абайдың музыкалық шығармашылығының қалыптасуына тікелей әсер етті. Абай өз заманында өнердің дамуына аса ден қойып отырған халық шығармашылығына жай еліктеп қана қоймай, зердесіне тоқып өскен. Абай аулында әрқашан ән-күй үзілмеген.

  Абай және орыс музыкасы–Абай орыс әндерін, музыкасын алғаш естуі, әлеуметтік жағдайға байланысты болды. Орыс тілін жетік меңгерген Абай А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.А.Крылов шығармаларын қазақшаға аударып, аударма әндерге ән шығаруы қазақтың музыка өнеріне қосқан үлесі. «Евгении Онегин» поэмасын аударып шығарған әндері қазақ даламсына  кең тарады.

  Абай әндерінің тақырыбы—Абайдың вокальдық шығармаларының тақырыбы сан қилы. Зерттеушілер Абай әндерін азаматтық тағылымдық, сатиралық, философиялық тақырыптарға топтаса келе сезімдік, психологиялық толғаныстар басым махаббат лирикасын ерекше атайды. Лирикалық әндерге «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Татьянаның хаты» жатады. Абай әндері өсиетке, ұлағатқа, ақыл – парасатқа өте бай. «Ата –анаға көз қуаныш», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім».


 ІV. Абай әндерінің тәрбиелік мәнін ашу.

 1 топ. «Бойы бұлғаң» әні.

 2 топ. «Өзгеге көңілім тоярсың».

 3 топ. «Қараңғы түнде тау қалғып».

 1 топ. «Бойы бұлғаң» әнінде байлығы мен дәулетіне мастанған байды өткір сықақпен шенейді.          

 Бойы бұлғаң Сөзі жылмаң

Кімді көрсем, мен сонан

 Бетті бастым,Қатты састым

 Тұра қаштым, жалма – жан.

 Ақын топас екі жүзі адамдардың әрекет – қылықтарына ашу- ызасын білдіреді. Ақын өткір сыншы, сатирик ретінде көрінеді. Адам  бойында кездесетін жағымсыз мінез әдеттерден (екіжүзділік, жағымпаздық) қасиеттерден аулақ болуға, жақсы, жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелейді.

 2 топ. «Өзгеге көңілім тоярсың» адам өміріндегі әннің  мән- маңызы туралы тұжырым жасайды. Ән-дертке дауа. Ән құдіретін тек көкірегі ояу түсінігі мол, саналы адам ғана ұғына алады. Ән халық шешендігін, тілді құрметтеуге, адамгершілік және эстетикалық қасиеттерді ұғына білуге тәрбиелейді.

 3 топ.«Қарыңғы түнде тау қалғып»

 Аударма болғанмен ұлттық нақышқа толы. Әуенде орыс романсының элементтері бар. әннің ерекшелігі мәтін мен әуен ажырамастай тұтас.

 Қараңғы түнде тау қалғып Ұйқыға кетер балбырап

 Даланы жым-жырт, дел-салғып,Түн басады салбырап.

  Түнгі табиғат көрінісі,  қараңғылық кезіндегі адамның сезімі суреттеледі. Табиғатпен бірге адам да ұйқыға кетердей, әннің әуені мен мәтіне керемет жымдасқан. V. Музыка тыңдау.

 VІ. Қорытынды.

 Абай әндері бұл күндері қазақтың музыка мәдениетінің алтын қорына енді. Оның әндері Қазақстан композиторының күрделі шығармаларына арқау болды.

 Абайдың әндері өлмейтін өміршең әндер. Ол өмірді жырлаған. Өмір дегеніміз  айнала қоршаған табиғат, жанымыздағы адамдар, көңіл-күйіміз, сезімісіз, қарым- қатынасымыз. Яғни Абай әндері өзімізді қоршаған ортадағы әсемдікті қасиеттерден аулақ болып, ізгі қасиеттерді бойға сіңіре білумен қатар өмір сүруге тәрбиелейді.
Пән аты: Абайтану Сыныбы: 9Күні, айы,жылы:  10.04.201 ж.

Сабақтың тақырыбы: «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»,

«Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңдері

Сабақтың мақсаты: 1.Ән мен күйдің халық өмірінде алатын орны туралы ұғымдарды қалыптастыру;


 2.Абайдың халық музыка өнеріне енгізген жаңалығы туралы мағлұмат беру;

3.Музыканы түсіне білуге баулу.

Көрнекілігі: Слайд,аудиожазба

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Абай әндері, олардың сипаты туралы түсінік сұрау

«Бойы бұлғаң» әні, «Өзгеге көңілім тоярсың», «Қараңғы түнде тау қалғып» әндерін жатқа сұрау

Жаңа сабақ Абайдың «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңдері

Қызығушылықты ояту Әндерді аудиожазбадан тыңдату

Ой қозғау Әндердің мазмұнын талдау

«Құлақтан кіріп, бойды алар...»-  Абайдың 1897ж.М. Ю. Лермонтов- тың«Звуки»атты шығармасының сарынымен жазған өлеңі.

«Құлақтан кіріп, бойды алар...» – Абайдың өлең, ән-күй туралы жазылған идеялық жағынан өте күшті, көркемдік қасиеті де соған әбден сай келген тамаша шығармасының бірі. Тақырыбы, идеясы жағынан ол ақынның«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...»,«Біреудің кісісі өлсе, қарапы ол...»,«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...»,«Адамның кейбір көздері...»сияқты шығармаларымен тығыз байланысты. Бұл өлең Абайдың көркем шығарманы, ән-күйді жоғары бағалағандығының анық айғағы.

Өлең7, 8, 9 буынды шалыс ұйқаспен (а, -б, -а, -б) жазылған. Алғаш рет1909ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны ИбраҺим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланған. Өлең басылымдарында ешқандай текстологиялық өзгерістер кездеспейді. Тек1957жылғы жинақта жазылу мерзімі1896ж. деп көрсетілген. Абайдың бұл өлеңіне компoзиторлар С. Мұхамеджанов, А. Гурьев ән-романстар жазған.[1]

Әрқайсысы 4тармақты7шумақтантұрады. Орыс ақынының шығармасы 20 жол. Өлеңнің бірталай жері Лермонтовтың туындысынан жолма-жол тәржімәләніп алынғанымен, алайда жаппы алғанда Абайдың өз шығармасы.

«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа...»-Абайдың1896 ж. жазған өлеңі. Көлемі 38 жол. 1897 жөне 1898 жылдарда Абайдың өзге өлеңдерімен қатар тапқан тағы бір тың тақырыбы бар. Ол - қазақтың әніне арналған өлеңдері. Біреуі - «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», екіншісі -«Құлақтан кіріп бойды алар». Осы аталған әрі терең толғаулы, әрі әсем және бар сапасы бөлек соны шығармалар қазақтың әні мен күйіне арналған. Бұл да қазақпоэзиясындабұрын жекеше баға беріп, әсіресе Абайша үлкен