ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 119
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Денелердің өзара әрекеттесуі»
2- тоқсан Бөлім бойынша жиынтық бағалау №5
20
«Денелердің өзара әрекеттесуі» бөлімі бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийі | Оқу жетістігінің деңгейі | ||
Төмен | Орташа | Жоғары | |
«Инерция», «масса», «салмақ», «ауырлық күші», «пластикалық деформация» ұғымдарын түсіндіреді | Инерция құбылысын анықтау, салмақты есептеу, массаның өзгерісін анықтау, салмақтың өзгерісін анықтау қиындық туғызады | Инерция құбылысын анықтау/ салмақты есептеу/ массаның өзгерісін анықтау/салмақтың өзгерісін анықтау кезінде қателіктер жібереді | Инерция құбылысын дұрыс анықтайды, заттың салмағын есептейді, масса мен салмақтың өзгерісін дұрыс анықтайды |
«Серпімді деформация» түсініктеріне мысалдар келтіреді және оларды ажыратады | Деформация түрін анықтау қиындық туғызады | Деформация түрлерін анықтайды, бірақ ажырату кезінде қателіктер жібереді | Деформация түрін дұрыс анықтайды |
Гук заңын пайдаланып есептер шығарады | Гук заңын пайдаланып есептер шығару қиындық туғызады | Серіппенің созылуына анықтама береді, Гук заңын түрлендіреді, серіппенің бастапқы ұзындығын есептеу кезінде қателіктер жібереді | Гук заңын пайдаланып, есептер дұрыс шығарады |
Үйкеліс түрлерін сипаттайды | Үйкеліс түрлерін сипаттау қиындық туғызады | Тыныштық/домалау/сырғанау үйкелісін ажырату кезінде қателіктер жібереді | Тыныштық, домалау және сырғанау үйкелісін дұрыс ажыратады |
21
Күштерді график арқылы көрсетіп, тең әрекетті күштің модулі мен бағытын анықтайды | Тең әрекетті күштің модулін анықтау, бағытын анықтау, күштерді график арқылы көрсету қиындық туғызады | Тең әрекетті күштің модулін және бағытын анықтайды, күштерді график арқылы көрсету кезінде қателіктер жібереді | Тең әрекетті күштің модулі мен бағытын дұрыс анықтайды, күштерді график арқылы көрсетеді |
22
3-тоқсан
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
«Қысым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Сынып: 7 « »
Оқушы аты – жөні:_____________________________________
Тапсырма
1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
a) Қысым деген не? (Қатты дене үшін)
-
Қатты дене үшін қысым қалай анықталады? Қысымды қалай азайтуға болады?
с) Столда сіріңке қорабы жатыр.Оны аударып қырынан қойды.Осы кезде қораптың беттескен ауданы 2,2 есе кемиді.Оның столға түсіретін қысымы өзгерді ме? Өзгерсе,қалай?
2. Биіктігі 0,003 км керосин қабаты ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді? (керосин тығыздығы 800 кг/м3 , еркін түсу үдеуі 10 Н/кг)
3. Ардақ алқаның күмістен жасалғанын тексеру үшін оның салмағын ауада және суда өлшеді. Өлшеу нәтижелері:
рауа= 36,4 Н; рсу= 32,6 Н;
а) Неліктен ауадағыға қарағанда алқаның судағы салмағы аз?
b) Алқаның күмістен жасалғанын тексеру үшін келесі шамаларды анықтау керек.
1) алқаның массасы _____________________________________________________
2) алқаға әсер ететін кері итеруші күш _____________________________________
3) алқаның көлемі ______________________________________________________
4) алқаның тығыздығы _________________________________________________
c) Кесте бойынша ρкүміс=10500 кг/м3. Ардақ қандай нәтижеге келді?
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Қысымның физикалық шамаларға тәуелділігін анықтайды | 1 | қысымға анықтама береді | 1 |
қысымды анықтау формуласын көрсетеді | 1 | ||
қысымды азайту жолын ұсынады | 1 | ||
| | Қысымның өзгерісін анықтайды | |
Сұйықтар мен газдардағы қысымды пайдаланады. | 2 | ХБЖ келтіреді | 1 |
Газ қысымының формуласын қолдану пайдаланып | 1 | ||
Есептер шығаруда Архимед заңын қолданады | 3 | судағы алқаның салмағының жеңіл болуын түсіндіреді | 1 |
алқаның массасын анықтайды | 1 | ||
алқаға әсер ететін кері итеруші күшті анықтайды | 1 | ||
алқаның көлемін есептейді | 1 | ||
алқаның тығыздығын есептейді және кестедегі мәнімен салыстырады | 1 | ||
Жалпы балл | 11 |
24
«Қысым» бөлімі бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийі | Оқу жетістігінің деңгейі | ||
Төмен | Орташа | Жоғары | |
Қысымның физикалық шамаларға тәуелділігін анықтайды | Қысымға анықтама беру, қысымды анықтау формуласын көрсету кезінде қателіктер жібереді, қысымды азайту жолын ұсыну, қысым жоғары болу жағдайын түсіндіру қиындық туғызады. | Қысымға анықтама береді, қысымды анықтау формуласын дұрыс көрсетеді, қысымды азайту жолын ұсыну/ қысым жоғары болу жағдайын түсіндіру кезінде қателіктер жібереді | Қысымға анықтама береді, қысымды анықтау формуласын жазады, қысымды азайту жолын ұсынады, қысым жоғары болу жағдайын түсіндіреді |
Атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіреді | Атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру қиындық туғызады | Барометрдегі сұйықтың деңгейлерінің өзгерісін анықтау/сынап деңгейінің өзгерісін сипаттау кезінде қателіктер жібереді | Атмосфералық қысымның табиғатын дұрыс түсіндіреді |
Есептер шығаруда Архимед заңын қолданады | Есептер шығаруда Архимед заңын қолдану қиындық туғызады | Судағы алқаның салмағының жеңіл болу себебін түсіндіреді, алқаның массасын /алқаға әсер ететін кері итеруші күшті / алқаның көлемі мен тығыздығын анықтау кезінде қателіктер жібереді | Есептер шығаруда Архимед заңын дұрыс қолданады |
25
«Жұмыс және қуат» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейлері Орындау уақыты
7.2.3.1 Механикалық жұмыс ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру
7.2.3.8 Механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдану
Білім алушы
Жұмыстың мөлшерін анықтайды
Есептерді шешуде қуат және жұмыс формулаларын қолданады
Қуатты анықтау үшін жылдамдық пен күшті байланыстыратын формуланы қолданады
Білу және түсіну Қолдану
15 минут
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11