ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 32
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Байтұрсынов Ахмет (1872-1938)
Ахмет Байтұрсынов (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) – Алаш қозғалысының көсемі, ұлттық ғылымның негізін салушы, ақын, аудармашы. Ахмет Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі – Байтұрсынов болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылады. Оған тағылған айыпта: халық арасына іріткі салып, «өзін-өзі автономиялық басқару идеясын таратты, орыс пен қазақ арасында өшпенділік қоздыру ісімен айналысты» деп көрсетілген. ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсыновты қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Байтұрсынұлы Орынборда 1910 -1917 жылдары тұрды. Орынбор кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Осы қалада 1913-1918 жылдары өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Газет қазақ халқын өнер-білімді игеруге шақырды.
А.Байтұрсынов Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Байтұрсынов пен Дулатов қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру-жүз аралық алауыздыққа байланысты Алаш Орда үкіметінің құрамына саналы түрде енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын замандастары мойындады. Алаш Орда құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсыновты бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды. Байтұрсынов 1919 жылы наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-революциялық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Байтұрсыновтың ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. Байтұрсынұлы бұл тарихи кезеңде «патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық» деген пікірде болды (ҚР ҰҚК архиві, 78754-іс, 6-т., 44-п). 1920 жылы В.И.Ленинге Кеңес үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты
Бүкілресейлік ОАК-нің 1919 жылы 27 тамызда Қостанай уезін Челябинск облысына қосу туралы шешіміне қарсы Байтұрсыновтың жазған саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан құрамына қайтаруға негіз болды. Ол 1920 жылы тамызда құрылған Қазақ АКСР-і үкіметінің құрамына еніп, 1920-1921 жылдары Қазақ АКСР-і халық ағарту комиссары қызметінде болды.
1921-1925 жылдары Орынбордағы, 1926-1928 жылдары Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ береді. 1928 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына профессор қызметіне ауысады.
Ф.И.Голощекиннің нұсқауымен Алаш қозғалысы қайраткерлеріне қарсы жасалған қуғын-сүргін кезінде, 1929 жылы 2 маусымда 43 Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып, осы жылдың соңында тергеу үшін Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді. КСРО Халық комиссарлар кеңесі жанындағы ОГПУ «үштігінің» 1930 жылы 4 сәуірдегі шешіміне сәйкес Байтұрсынов ату жазасына кесілді. Бұл шешім бірнеше рет өзгерістерге ұшырады: 1931 жылы қаңтарда 10 жылға концлагерьге ауыстырылса, 1932 жылы қарашада 3 жылға Архангельскіге жер аударылсын деп ұйғарылды. 1937 жылы 8 желтоқсанда ату жазасына кесілді. Абақтыда отырған кезінде тергеушілердің қойған сауалына: «Менің идеалым – қазақ халқының тұрмыс жағдайын, мәдениетін мүмкін болғанша көтеру, ал мұның өзі оның игілікті дамуының алғышарты болғандықтан мен осы мұратты қандай билік қамтамасыз ете алса, соған риза болмақпын» деп жауап қайтарған еді. Байтұрсыновтың алғашқы шыққан «Қырық мысал» (1909) кітабында Ресей отаршыларының зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған халін жеткізсе, «Маса» (1911 ж.) кітабында ақынның азаматтық арман-мақсаты кестеленген. Ел тағдырының келешегіне алаңдаған ақын көп қырлы ісімен, даналық саясатымен қазақ жастарының көсемі болды.
«АЛАШ ОРДА» және АЛАШ ОРДАЛЫҚТАР – АЗАТТЫҚТЫҢ ҰЗАҚ ЖОЛЫ (А. БАЙТҰРСЫНОВ, А. БӨКЕЙХАНОВ, М. ДУЛАТОВ)
09.07.2015
youtube.com
реклама
Подробнее
РЕКЛАМА
Біздің егеменді дамуымыздың құндылығы мен мәнін ойластыру өз Отанының тарихын терең білуге сүйенуі тиіс. Егер өткен ғасыр тарихына көз жүгіртсек, онда қазақ халқының өз бетіндік ұлттық мемлекет құруда үздіксіз күресін көреміз.
ХХ ғасырдың басында, ежелгі бастауы болатын және этникалық бірліктің негізгі ұғымы, жалпы қазақ девизі мен әскери ұраны болып табылатын «Алаш» ұғымы ұлттық зиялылардың күшінің арқасында біріктіргіш азаттық идеясына айналды.
«Алаш» — түрлі ұсыныстар бойынша, қазақтардың мифтік ата-бабаларының және басқа ежелгі түрік руларының атынан шығатын тарихи термин (Алаша хан) [1, 72-б.].
Ресейдегі бірінші буржуазиялық революция Қазақстан еңбекшілерінің саяси түрде оянуына, өлкеде отарлық, әлеуметтік және басқа қанау түрлеріне қарсы ұлт-азаттық, жұмысшы, аграрлық және басқа қозғалыс түрлерінің дамуына түрткі салды. Өлке тұрғындарының түрлі топтарының Ресейдегі 1905-1907 жж. оқиғаларға көзқарасы бір мәнді болған жоқ. Оған өнеркәсіптік және қала жұмысшылары белсенді араласты. Аграрлық қозғалысты көбінесе қазақ ауылдарының еңбекші топтары, көшпелі деревнялары мен казак станциялары жасады.
Ұлттық ғылыми және шығармашылық зиялы топтардың қалыптасуына «Алаш» көшбасшыларының үлестері баға жетпес, олардың бірінші және жарқын өкілдері өздері болған. Алаш үкіметі мүшесінің әрқайсысы айрықша тұлға болып табылады. Олардың әрқайсысы қазақ ұлттық сана-сезімін дамытуға, оның білім беру мәдениетін арттыруға үлкен үлес қосты. Осы мақсатта олар қарқынды белсенділік танытты: ғылыми және публицистикалық басылымдардың қазақ тіліне аудармасын жасады, кең бұқара арасында қазақтардың тарихы мен мәдениетін терең зерделеді және әйгілі етті, публицистика мен поэзияның жарқын өкілдері бола тұра, саяси және құқықтық мәдениетін көтерді [2, 46-б].
Қазақтың алғашқы саяси партиясы «Алаш» пен Алаш орда үкіметінің пайда болуы кездейсоқ құбылыс болған жоқ. Бұл қазақ халқының тәуелсіздігі үшін көп ғасырлық күресінің заңды кезеңі болды. «Алаштың» бұрынғы қайраткерлері және ғылыми және шығармалық интеллигенциясы қазақтың басқарушы таңдаулы тобының өкілдері қазақ мемлекеттілігінің іргетасын қалады. Олар шекараларды анықтау және қазақ жерлерін қосу процесіне белсенді араласты. А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, А. Ермеков, М. Тынышпаев, С. Мендешев, Х. Досмұхамедов және т.б. қазақ аумағының тұтастығын қамтамасыз ету үшін барлық күштерін салды [1, 73-б.].
Сол кезеңдегі Қазақстан тарихында көрнекті саясаткер, ғалым, публицист А.Н. Бөкейхановтың (1866-1937 жж.) қызметі ерекше орын алады. 1870 ж. наурыздың 5 бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ші ауылында туған.
1905 жылдан бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған.
1905 жылы Әлихан Бөкейханов Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Ә.Н. Бөкейханов өз жұмысын бастаған кезде Дала өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды. Ал абақтыдан шығып Санкт-Петерборға жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кездегі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә.Н. Бөкейханов да солардың артынан аттанып Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербор сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды [3, 544-б.].
1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады.
1937 жылы Ә.Бөкейхановты қайтадан тұтқындайды және баптыр түрмесіне қамайды. Оған: «кеңес үкіметіне қарсы контрреволюциялық күресті басқарды, Қазақстанда және Мәскеуде террористтік орталық басшыларымен байланыс орнатты» деген айып тағылды.
1937 жылы 27 қыркүйекте оған ең жоғары жазалау шарасы қолданылды. Үкім сол күні орындауға келтірілді.
Ахмет Байтұрсынов – ақын, ғалым, түркітанушы, аудармашы, педагог, публицист, қоғамдық қайраткер. Өз уақытында ол сталиндік жазалау әділетсіздігінің құрбаны болды, жарты ғасырдан астам есімі ұмыт болды, еске алуға лайықтанбады. А. Байтұрсыновтың бүкіл өмірі қазақтардың өзін-өзі анықтауына, мәдениетін, білімін және ғылымын дамытуға, ғасырлар бойы ұлттың өзінің рухын өзіндік халық шығармашылығын сақтауға деген қамқорлыққа толы болды. М.Әуезов 1923 жылы, Байтұрсыновтың баға жетпес еңбектерін ескере отырып, оны «қазақ зиялы қауымының көсемі» деп текке атаған жоқ [4, 384-б.].
Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды.
1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады.
1895-1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде, екі сыныптық училищелерде сабақ береді. Мұғалім бола жүріп ол қоғамдағы болып жатқан құбылыстарға, әлеуметтік өмірге үңіледі. Халыққа білім берудің жолдарын, қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелерін зерттеу мүмкіндіктерін қарастырады. Көп кітаптар оқиды, өз бетімен ізденеді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырларын жазады, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді. Өзінің білімімен, ақыл-парасатымен ел аузына іліге бастайды. Бостандық аңсаған, күреске үндеген өлеңдер жазады. Соның салдарынан 1910 жылы Қазақстанда тұру құқығынан айырылып, Орынбор қаласына келеді.
1913-1918 жылдары өзі ұйымдастырған «Қазақ» газетінің редакторы бола жүріп, кең ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халық өмірінің аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға шақырады. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық өмірге белсене араласқан Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жұртының тәуелсіз мемлекетін құруды мақсат еткен Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі болады. Кейінірек Қазақстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады.
1913-1918 жылдары өзі ұйымдастырған «Қазақ» газетінің редакторы бола жүріп, кең ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халық өмірінің аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға шақырады.
1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық өмірге белсене араласқан Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жұртының тәуелсіз мемлекетін құруды мақсат еткен Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі болады. Кейінірек Қазақстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады.
1907 жылы жолдастарымен бiрге А. Байтұрсынұлы тұтқынға алынады. Содан екi жыл бойына Қарқаралының абақтысында отырып, 1909 жылы уақытша босатылады. 1909 жылы шiлдеде қайта тұтқындалып, 1910 жылға дейiн Семей түрмесiнде отырады. Одан соң оған қазақ даласынан сыртқа жер аударуға жарлық етедi. 1910 жылдан бастап 1917 жылға дейiн қазақ жерiне келуге құқықсыз А. Байтұрсынұлы Орынборға тұрақтайды. Кеңес өкiметi орнағаннан кейiн, жас республиканың халық ағарту комиссары болып тұрған кезiнде сауатсыздықты жою мәселесiнде көп iстер тындырды. Оның басшылығымен жаңа мектептер, жоғары оқу орындары, орта кәсiби бiлiм беретiн училищелер ашылды. Ең бiрiншi ашылған педагогикалық институтта Ахметтiң өзi сабақ бердi.