Файл: Байтрсынов Ахмет (18721938).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 34

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


А. Байтұрсынұлы 1913 жылы қолында ешқандай қаражаты болмаса да қалың көпшiлiкке тез тараған және бұқараның ықыласына ие болған «Қазақ» газетiн шығарды. Оның өзi сол кезде қазақ өмiрiнiң мәдени және қоғамдық талаптарына iс жүзiнде жауап берiп отырған бiрден бiр мерзiмдiк басылым болды. Бұл газет үкiметке қарсы тiкелей көтерiлiске шығуды уағыздаудан бас тартып, революциялық байыпты көзқарастарды жақтап отырды. Бiрақ, осы саяси сақтықтың өзi де «Қазақты» қуғындаудан құтқара алмады. 1913–1914 жылдар аралығында газет 26 рет тұтқындалды. Соған қарамастан «Қазақ» газетi бұқаралық қоғамдық пiкiрге төрт жыл бойына билiк айтып отырды. Сондықтан да қазақ баспасөзiнiң тарихында бұқаралық тұңғыш басылым деген құрметке ие болды.

Кеңес өкіметі тұсындағы коммунистік идеология аласапыранының салдарынан 1929 жылы жазықсыз ұсталып, ұзақ уақыт түрме мен лагерь азабын тартқан Ахмет, 1936 жылы елге қайтып оралғанымен, 1937 жылы қайта тұтқындалып, 1938 жылы атылады.

Алаш қозғалысының көсемі ретінде «халық жауы» деп атылған А.Байтұрсыновтың есімі де, шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық болды.

ХХ ғасырдың 80-жылдарының аяғында А.Байтұрсынұлы есімі қайтып оралды. Тамаша адамның біздің жерлесіміздің А. Байтұрсыновтың естелігі Қостанай қаласында мәңгі сақталған. Оның есімі Қостанай мемлекеттік университетіне берілді. Қала паркінде ескерткіш орнатылған, қаланың орталық көшелерінің біріне оның есімі берілген. А.Байтұрсыновтың сегіз қырлы таланты поэзияда, публицистикада, ғылымда және мәдениеттің басқа салаларында қаламының күшін байқатуға мүмкіндік берді. Ахмет Ұлы Ұстаз – бас әріппен жазылатын мұғалім болды. Ол халықтың жадында қазақ ғылым мен мәдениетінің жарқын сәулесі ретінде қалды. Тек тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық көрді, мұралары зерттеле бастады. 1988 жылы ақталғаннан кейін А.Байтұрсынұлы шығармаларының жинағы (1989), «Ақ жол» кітабы (1991) жарық көрді.

Тамаша ақын, жазушы, аудармашы, журналист, педагог Міржақып Дулатұлының өмірі мен қызметі де ХХ ғасырдың басына сай келеді. Осы уақыт әлеуметтік, саяси және рухани сипаттағы қарама-қайшылықтардың асқынған кезі еді. Қоғамдық аренаға шыққан зиялы қауымның белсенді бөлігінің ішінде к
өзге түскен А. Байтұрсынов, М. Дулатов халықтың ұлттық сана-сезіміне әсер етті және оны азаттыққа шақырды.

Міржақып Дулатұлы 1885 жылғы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы, Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысының үшінші ауылында, қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданындағы Қызбел елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі Дулат ескіше сауатты, өз дәулеті өзіне жетерлік, атақты шебер болған адам. Ал Міржақыптың анасы Дәмеш қарапайым да мейірімді жан еді. Ол екі жасында шешесінен, он екі жасында әкесінен айрылды. Сегіз жасында Міржақыпты ауыл молдасына оқуға береді. Мұнан кейін оның білімін жетілдірген оқу орны – 1880 жылдары Торғай дуанында бой көтерген Ыбырай Алтынсариннің уездік орыс-қазақ мектебі. Міржақып осы орыс-қазақ мектебіне 1897 жылы оқуға түсіп, оны 1902 жылы ойдағыдай бітіріп шығады.

Ыбырай мектебін оқып-бітіргеннен кейін Міржақып өзінің ұстаздық қызметін Торғайдағы Терісбұтақ деген жерде ауыл балаларын оқытудан бастайды. Жасы жиырмаға да толмаса да Міржақып мектептен алған білімін, өзінің дүниетанымын одан әрі дамытып, оны еліне арнауды ойлап, соғансәйкес іс-қимыл жасау үшін қазақ зиялылары шоғырланған Омбы қаласына қоныс аударады. Бұл – 1904 жыл еді. Мұнда ол Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейхановтармен танысады. Омбы, Қарқаралы, Орал, Санкт-Петербург қалаларын аралап, көрнекті қоғам қайраткерлерімен пікірлеседі, мәдени – саяси шараларға қатысып ой-өрісін кеңейтеді. Мұның бәрі Міржақыптың саяси-әлеуметтік көзқарасының қалыптасуына үлкен ықпал етеді. Бұл – Ресейдегі буржуазиялық – демократиялық бірінші революцияның қарсаңы, елдің дүрлігіп, қоғамдық қозғалыстардың өз қазанында қайнап, тасып жатқан тұсы болатын. Және де бұл кезде Ахмет Байтұрсынов қазақ даласына әлеуметтік қозғалыстың беделді басшысы ретінде танылып қалғанды. Олар бірін-бірі іштей тез ұғысып, бұдан былайғы өмірлерін бір мақсаттың жолына арнайды, ақтық демдері біткенше, жұп жазбайды, Міржақып Ахмет ағасына еріп, Омбыдан Қарқаралыға келеді. Осында астыртын жұмыстарға қатысады.



1909 жылы Қазан қаласында жарық көрген және қысқа мерзімде екі рет қайта басып шығарылған «Оян қазақ» өлеңдер жинағы тәркіленді, автор түрмеге қамалды. «Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты, өткізбей қараңғыда бекер жасты», — Дулатовтың өлең жолдары осылай болды.

1928 жылдың аяғына қарай Қазақстанда революцияға дейінгі зиялы қауымды қуғындау басталды. М. Дулатовқа буржуазиялық-ұлттық қозғалысты жаңғыртуы бойынша заңсыз қызметіне айып тағылды. Ол тұтқындалып ату жазасына жіберілді, оны соңында 10 жыл тұтқындаумен алмастырды. Алаш ордашылардың барлық өмірі мен қызметі – халыққа және республикаға табанды қызмет етудің көрнекті үлгісі. «Алаш» буынының ұлы тұлғалары өзінің ұлты үшін шырақ, адамгершілік бағдары, жоғары адамзат рухының және Отанға қызмет етудің өшпес өнегесі болды. Өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алаш Орда еңбектерін былай сипаттады: «ХХ ғасырдың басында қазақ ұлттық идеясын қалыптастыру міндетін ұлттық ықпалдастыру идеясын алға жылжытқан рухани-интеллектуалды элита өзіне алды. Біздің отандық тарихымызда ұлттық саяси ұйымды құру фактісінің өзі аяғына дейін мойындалмайды. Оның үстіне, өз уақытында «Алаш» партиясының басшылары алға жылжытқан көптеген ережелер өзінің мағынасын қазірге дейін сақтап келеді. Бұл ұлттық емес, патриоттық ұйым болды, ол өзінің мақсаты ретінде қазақ қоғамының біртіндеп өзгеріуін және жаңа заманғы реалийге бейімделуін мақсат етті» [7, 174-б.].

Тарих бізді сабақ алуға, даналық пен төзімділікке үйретеді, тағдырлары тоғысқан халық күшіне деген сенім ұялатады [8].

Өзінің концептуалды деңгейі және саяси маңызы бойынша Алаш партиясының қызметі өз заманының рухына жауап беріп қана қоймай, сондай-қ белгілі бір шамада Қазақстанның дүркіреген тәуелсіздігінің идеялық көзі болып табылды.

Ахмет Байтұрсынұлы – Алаш көсемі


7 октября 2014 Баяндамалар Пікір қосу 2,450 рет қаралды



Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор поселкесі

Байтубетова Қарлығаш Каримжанқызы

Тарих пәнінің ІІ санатты мұғалімі

Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі

Ахмет Байтұрсынұлы – Алаш көсемі.

    Қазір біз Отанымыздың тарихын  жалтақсыз зерттеп, тіліміздің, діліміздің, рухани мұраларымыздың тамырын терең тануға кірістік. Осы тұрғыдан алғанда, халқымыздың ғылымын өркендетуге, білімі мен әдебиетін дамытуға өлшеусіз үлес қосқан, аласапыран жылдарда қазақ елінің болашағын ойлаған, алыптардың қатарында Ахмет Байтұрсынұлы ойып орын алады.


Сейчас мы приступили к глубокому исследованию истории, языка, духовной культуры Родины. Среди выдающихся личностей, думающем о будущем казахского народа, большой неоценимый вклад в развитие науки, литературы и знания, оказал Ахмет Байтурсынулы.

Тарихтың ойлы-қырлы беттерінде халық жүрегінде сақталып, жадында жатталып қалатын есімдер болады. Ал менің осы жұмысты жазуыма және рухани сана-сезімімнің қалыптасуына айрықша әсер еткен тұлға-Ахмет Байтұрсынұлы. Мен осы Ахмет Байтұрсынұлын пір тұтамын. «Қайтсем халқыма пайдамды тигіземін, қалай ғана ұйқысынан оятамын, қайтсем қара халықтың көзін ашамын» — деген мақсатты ойларын үнемі жадымда сақтаймын. Абай атамыз «Болмасаң да, ұқсап бақ»-дегендей, мен де туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған қоғам қайраткері-Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерімен, шығармаларымен қаруланып, жігерленіп, оның ізін жалғастырып, қазақ халқының дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру үшін және руханиятын кеңейту мақсатында осы тақырыпты таңдап алдым. Ол бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған, қазақ халқының саяси, әлеуметтік, мәдени, рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.

Осы еңбегімде Ахмет Байтұрсынұлының Қазақ елінің тарихындағы мәдениетін, өркениетін дамытуға қосқан үлесін ашып көрсетуге, қазақ халқы, ұлты үшін еткен еңбектеріне шолу жасауға тырыстым. Ахмет Байтұрсынұлы туралы өздерінің еңбектерінде К.Нұрпейісов, М.Қозыбаев, К.Көшербаев, Ө.Айтбайұлы, Т.Омарбеков. Ә.Нысанбаев т.б жазады. Осы жұмысты жазу барысында Ахмет Байтұрсыновтың өзінің еңбектерін негізге ала отырып, «Ақжол», «Тіл тағылымы» т.б. еңбектері мен шығармаларын пайдаландым.

Ахмет Байтұрсынұлы — қазақ халкының XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі, ақын, аудармашы, педагог-ағартушы, публицист, қоғам  қайраткері, лингвист, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.

ХХ ғасыр табалдырығын қазақ халқы жерінен айырылып, шаруашылығы күйзеліп, білім нәріне қанбай, санасын ұйқы  басып, елдігінен айырылып, мемлекеттік қалпын жоғалтып, дауыл алдындағы тымырсықтай түнеріп аттады. Сол тұстағы қазақ қоғамында өткенді аңдап, алдын болжаған озық ойлы азаматтарды, жалпы «халқым, ұлтым» деген адамды ойландырған басты ой арнасы үш мәселеден бастау алады. Жер-ата-қоныс ғасырлар бойы сыртқы даудан қорғауда сан ұрпақтың қаны тамған, бүкіл тіршіліктің тірегі, одан айырылу ел ретіндегі тарихтың сахынасынан кетумен тең еді. Оқу – ұлттық сананың ояну негізі болса, одан ана тілі нәр алмау халық ретіндегі сан ғасырлық салт-сананың жиынтық болмысынан айырылу, сөйтіп, ұлттық алтын тамырдан қол үзіп, оянудың жолын қараңғы түнекке апарып тіреу еді. Ал патшалық отаршылдық саясаттың қыспағынан бірліктен айырылған, өзін-өзі билеуден қалған ел ұлы дамудың өркениетті жолына ығысып, құлдықтың құрдымына қарай жол тартқан болатын. Міне, осынау жойылудың осынау құрбандықтың үш үлкен мәселесі қазақ азаматтарын бірігуге, күш біріктіруге, сөйтіп, саяси күрес жолына шығуға жұмылдырды.[1]


Дана өз заманасынан озық туады, тозық елді озық етемін деп халқының алдына шығып, өрге сүйрейді, жолында тұрған кесапаттарды өңменінен түйрейді. Ол отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы халықты ояту үшін халықты оқыту керек екенін түсінді. Осы жолда газет шығарып, мақала жазып, ұйқыдағы ұлтын оятып, замана аңғарын түсіндірді, өлең жазып, мақсат-мүддесін танытты.

1911 жылы Орынборда жарық көрген «Маса» — Ахмет Байтұрсынұлының төл өлеңдерінің топтамасы…Халық тағдырына жаны күйіп, оны ұйқысынан оятуға, серпілтіп, жігерлендіріп, алға жетелеуге күш салған азаматтың үні естіледі.[2]

Ол күрескен кесапаттар – надандық, қараңғылық, кертартпалық, отаршылдық, қазақ халқының тілі, діні, ділі. Осы надан, қараңғы, ұйқыда жатқан халықты маса болып ызыңдап шағып оятуға бар күш-жігерін жұмсайды.

«Ата-бабаларымыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық. Ендігі мәселе – соны ертеңге жеткізу, келесі ұрпаққа, болашаққа Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау» деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қазіргі біздің осындай бейбітшілікте өмір сүріп, өзіміздің тілімізде сөйлеп, дінімізді ұстануымыз, басқа елге тәуелді болмай, еркін өмір сүруіміз, «ұлтым-арым, халқым-жаным» деп өткен осындай арыстарымыздың арқасында. Сондықтан әрқашан да ұлы тұлғаларымыздың аруағына тағзым етуіміз керек.

Қазақ интеллигенциясының  Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т.б. дара тұлғаларының саяси өмір сахнасына шығуы Қазақстанда қоғамдық-саяси, мәдени ойдың дамып, нығаюына елеулі үлес қосты. Олар қазақ даласында тұңғыш дербес саяси партия «Алаш» партиясын құрды. Бұл партия халықтың алдыңғы қатарлы бөлігінің  көзқарасын білдірді. Негізінен ағартушылық, саяси оқиғаларды және олардың халық өміріне әсерін түсіндіру жұмыстарына баса көңіл бөлді.

“Алаш” туының астында

Куә болсын Арымыз!

Көркейтуге Алашты

Құрбандық біздің жанымыз!

Жасасын, Алаш, жасасын! – деп С.Торайғыров өткен ғасырдың басында “Алаш” қозғалысы жайлы тебірене жырлап, тек жеке басының пікірін ғана емес, сол кездегі қазақ қоғамының көңіл-күйін білдірді. Тарих бетін парақтасақ, ұлт  тағдырын, халық қамын жете ойлаған Алаш арыстары қызыл империяға қарсы қаймықпай күресіп, тәуелсіздік үшін жандарын құрбан еткен болатын. А. Байтұрсынұлы осы «Алаш» партиясы басшыларының әрі көсемінің бірі болды, Қазақ АКСР-ін құруға елеулі үлес қосты. Қазақ АКСР-і қүрылған соң үкімет құрамына кіріп, оқу-ағарту халық комиссары болып жұмыс істеді. А. Байтұрсынұлы тілтану мен әдебиет зерттеу жөнінде бірқатар еңбектер жазды. Қазақ жазуына реформа жүргізудің қағидаларын белгілеп, бірінші қазақ әліппесінің авторы атанды. Қазақ жазуына реформа жасаудың ол ұсынған жобасы прогресшіл зиялылардың арасында қолдау тауып, 1924 жылы ресми түрде қабылданды. 1929 жылы ешбір негізсіз тұтқындалып, түрмеде отырды, соңынан Архангельскіге жер аударылды. 1934 жылы М. Горький мен оның әйелі