ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 33
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Е. П. Пешковалардың араласуымен, Халықаралық Қызыл Крест ұйымының көмегімен босатылды. Алаш қозғалысының көсемі ретінде «халық жауы» деп атылған А.Байтұрсынұлының есімі де, шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық болды. Тек тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық көрді, мұралары зерттеле бастады. 1937 жылы тұткындалып, ату жазасына бұйырылды. 1988 жылы ақталды.
Қостанайда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Мемлекеттік университеттің бастамасы бойынша (сол кездегі ректоры марқұм Зұлқайнар Алдамжаров) Ахаң күндері өтті. Қостанайдың ең мәртебелі көшелерінің біріндегі «Советская» деген сөз алынып тасталып, «Ахмет Байтұрсынұлы көшесі» деген сөз салтанатты түрде шегеленді. Бұрынғы облыстық атқару комитеті ғимараты алдындағы алаңда тұрған бір ғасырдай сананы билеп, өзіне жарты әлемді бас идіріп келген Лениннің мүсіні тұғырынан алынып, орнына Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш орнатылатындығы жазылған белгі тас қойылды (кейін ескерткіші орнатылды).[3]
Осындай ел игілігі үшін күрескен ірі тұлғаны тарих та, халқы да ешқашан ұмытпайды.
Қорытынды
«Алаш арыстары бізге мемлекеттік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті. 1991 жылы құрылған Қазақстан Республикасы атты мемлекет – сол арыстардың асыл арманының жүзеге асуы. Біз осы мемлекетті көздің қарашығындай сақтауымыз керек» деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтып кеткендей, Ахмет Байтұрсынұлы абақтыға жабылып, атылғанымен, оның артына қалдырған асыл сөздері мен арман арқалаған ойлары ел жадында, халық жүрегінде мәңгі сақталады. Кейінгі ұрпақ оның істерін жалғастыруда, оның армандаған тілектері жүзеге асырылуда. Себебі, Қазақ елі қазірде өркениетті елдер қатарына қосылып, мәдениеті жоғары дәрежеде дамуда.