Файл: азастан Республикасы ылым жне жоары білім министрлігі лкей Марлан атындаы Павлодар педагогикалы университеті.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 134

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі - бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12 жылдық мерзімге өтуімен астасып жатыр.

Еліміз 12 жылдық орта білім беруге көшу мәселесін шешуде алыс-жақын шетелдердің іс-тәжірибелеріне және соңғы кездегі педагогика мен психология ғылымдарының алдыңғы қатарлы зерттеу нәтижелеріне сүйенуде. 12 жылдық орта білімге көшу аз уақыт ішінде, жеңіл түрде іске аса қоятын мәселе емес. Бұл білім беру орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір мүғалімнің өз ісін қайта қарауды, білімінің теориялық және әдістемелік тұстарынан жетілдіруді талап ететін мәселе. Сонымен қатар, 12 жылдық орта білімге көшу осыған байланысты жарық көретін әрбір мемлекеттік құжаттар талаптарының өз кезінде орындалуын және мүғалімдер мен оқушылар қауымына ұсынылатын оқулықтардың, оқу құралдарының педагогикалық, әдістемелік, психологиялық тұрғыдан негізделуін керек етеді.

Осылардың негізінде ғана 12 жылдық орта білім бағдарламаларын, сапалы оқулықтарды, оқушылар белсенділігін ту-дыратын жаңа технологияларды, әдістемелерді, көмекші құралдарды яғни, оқу-әдістемелік кешендерді өз дәрежесінде дайындау мүмкіндігі тумақ.

Орта білім жүйесін жаңарту мәселесі баланы алты жасынан бастап мектеп жағдайында оқытып, тәрбиелеуді жүзеге асырғалы отыр. Бұл 12 жылдық орта білімге көшудің ең басты мәселелерінің бірі және бірегейі. Себебі, бұрын балабақша жағдайында мектепалды дайындығынан өтетін не отбасы жағдайында үйде дайындалатын ойын баласы енді мектепке келіп, партаға отырып, оқушылар қатарына өтпек. Әрине алты жастағы баланың мектепте оқуға физиологиялық, психологиялық тұрғыдан дайын екенін көптеген ғалымдар зерттеулер негізінде дәлелдеп отыр.

Орыстың алдыңғы қатарлы бала тәрбиесімен және оны дамыту жолдарымен айналысқан ғалымдары Л.С.Выготский, В.В.Давыдов. Л.В.Занков. Д.Б.Элькониндармен қатар қазақстандық педагог психологтар: В.К.Павленко. Қ.Т.Шериязданова, Б.Баймұратова зерттеулері бойынша баланың ең дамуға ыңғайлы да, қолайлы да кезеңі бес пен алты жастағы шақтары екендігі айқындалған. Мәселен, психолог А.А.Люблинскаяның пікірінше алты жасар бала мектеп жағдайында оқуға дайын, себебі, ол қимыл-тірек қозғалысы жағынан саналы әрекет етеді. Ол үлкендер ұсынған тілек-талаптарды өздігінен орындай алады. Ойын барысында да ойлы әрекет ету арқылы өзінің не істегісі келетінін біліп, соны дұрыс атқаруға тырысады, өз әрекетінен белгілі дәрежеде қорытынды шығарады, ойлай, қиялдай біледі деп түйіндейді. Ал, Д.Б.Эльконин алты жастағы баланың ана тілінін, дыбыстау жүйесін білетіндігін, есту, көру қабілетінің жақсы дамығандығын, сөз қорының жеткіліктілігін, олармен әңгімелесуге, сұрақтарға жауап алуға толық мүмкіндік болатынын айтады. Сонымен қатар алты жастағы бала маңайындағы адамдардын, көңіл-күйіне ортақтаса алады. Белгілі дәрежеде өздерінің мінез-құлқын да басқара алады. Жақсы-жаман қылықтарды ажыратып, нені істеуге болатынын, нені істемеу керектігін де біледі. Міне, мұғалім сабақ берген кезде олардың осы сапаларына сүйенеді.


Физиологтар болса, алтыдағы баланың ми жасушаларының, құрылысының үлкен адамдарға үқсас қалыптасқандығынан, олардың психологиялық және физиологиялық тұрғыдан мектепте оқуына мол мүмкіндігі барлығын дәлелдейді.

Сонымен қатар он екі жылдық мерзімді орта білімге көшуде алты жастан бастап оқытудың тағы да айта кетерліктей саяси да, әлеуметтік те мәні бар. Ол ең бірінші, соңғы кезде мектепке дейінгі мекемелердің жабылып, Республика бойынша санаулы ғана балабақшалардың қалуынан туындап отырған жағдай. Әсіресе, ауылдық жерлерде мектепке дейінгі мекемелердің азаюына, тіпті кей жерлерде болмауына байланысты көптеген мектеп алды балаларының үжымдық тәрбиеден сыртта қалып отырғандығынан, бұл жағдай олардың өз кезеңінде дамуына біраз кедергі тудыратындығы мәлім. Себебі, отбасы тәрбиесінің алатын орыны ерекше болғанымен, балаға ұйымдасқан түрде, арнаулы бағытталған оқыту мен тәрбие берудің жөні мүлде басқа. Екінші жағынан, егемендік алған жылдардың алғашқы кезеңдерінде шаруашылықты нарықтық тұрғыда ұйымдастырудың әдіс-тәсілін меңгере қоймаған халықтың біраз тығырыққа тірелгені өтірік емес. Осы тұста ата-аналар күнкөрістің қамымен жүргенде бала тәрбиесімен айналысу тұстарының төмендеп кеткендігінің де кепілі болдық. Соның салдарынан мектепке көптеген балалар мүлде дайындықсыз келіп, оқу үлгірімінің төмендеп кетуіне де әкеліп соққандығы белгілі.

Сонымен қатар, қазіргі таңда баланы алты жастан бастап мектеп жағдайында оқыту ата-анаға әлеуметтік жағынан да, моральдық тұрғыдан да біраз көмек қажет екені белгілі.

Міне, осы жоғарыда айтылған жағдайлардың бәрі ескеріліп, орта білімді он екі жылдық мерзімге көтере отырып, енді оның мазмұны мен құрылысын анықтау мәселесі Республиканың алдыңғы қатарлы педагог ғалымдары мен әдіскерлерінің және тәжірибелі мүғалімдерінің үлесіне тиіп отыр.

Бұл мәселе әдіскер педагогтардың бірігіп, ақыл қосып, баланы оқыту мен дамытудағы осы кезге дейінгі іс-тәжірибенің сынақтан өткен тұстарын саралауға мәжбүр етті. Осыған орай, 2001 жылдан бастап сол кездегі 12 жылдық білім беру проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығының басшылығымен оның ішінде профессор А.Әбілқасымованың жетекшілігімен бұл жауапты мәселеге кірісу үшін бұрын-соңды оқулық жазумен айналысып келген авторлар өкілдері, жаңаша сабақ беріп, оқушыларды дамытудың тиімді тұстарына баса көңіл бөліп келген тәжірибелі мұғалімдер және белгілі әдіскерлер қауымы бірігіп іске кірісті. Осының нәтижесінде қазіргі таңда 1-4 сыныптардың барлық пәндері бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің байқауға арналған нұсқалары жарық көріп, олар Республикамыздың 100-ден астам сыныптарында мектеп жағдайында эксперименттік байқаудан өтуде.



12 жылдық орта білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш буында жүзеге асатыны белгілі. Себебі бастауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар білім алуға талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдық белсенділік, жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады. Сонымен қатар осы кезеңде баланың белсенділігі, оның рухани және дене күші де дами бастайды. Осы жасқа лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес.

Осыны ескере отырып, 12 жылдық мектептің бастауыш буын бағдарламасында әр пән бойынша дайындық кезеңі жеке қарастырылып, оған арнаулы сағат бөлініп, ерекше көрсетілді. Мұндағы мақсат - психологиялық тұрғыдан мектепке жаңа келген алты жасар баланың ойын әрекетін жалғастыра отырып, біртіндеп оқу әрекетіне көшуін қамтамасыз ететін әдістерді қарастыру. Алты жасар бала үшін жаңа рөл- оқушы, жаңа әрекет - оқу болса, осы мә-селелерге олардың шаршамай, жалықпай, қызығушылықпен араласып кетуіне, маңайымен қарым-қатысының күшеюіне жағдай жасау мұғалімнің шеберлігін және осы жастағы оқушының психологиялық ерекшелігін жете білуін керек етеді.

Бастауыш мектепті бітіргенде 9 (тоғыз ) жастағы бала XX ғасырдағы өзінің замандастарымен салыстырғанда оқу, ойлау, қарым-қатынас сияқты іс-әрекетінің жоғары деңгейімен, білімді өздігінен ізденуге ұмтылушылығымен, өзін-өзі дамытуға икемдігімен, адамгершілік және отанжандылық құндылық тарының жоғарылығымен, яғни тұлғаның барынша жан-жақты даму үрдісін сезіну біліктілігімен ерекшеленуге тиіс.

Сондықтан бағдарлама талаптары тек жеке пәндерден білім беріп қана қою емес, оқушылардың жалпы дамуына жол ашуға бағытталған.

Олардың қатарына:

- баланың жас ерекшеліктері менжеке мүмкіндіктеріне сәйкес оны тұлға ретінде біртұтас үйлесімді (білім беру мен тәрбиелеу) түрде дамыту;

- оқу іс-әрекеттерінің негізгі компоненттерін меңгерту (оқу міндетін түсіну, оқу операцияларын орындау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі басқару, маңайымен дұрыс қарым-қатынаста болу т.б.);

- адам тұлғасына тән азаматтыққа, рухани және адамгершшілік құндылықтарға, танымдық іс-әрекетке, өздігінен іс-әрекет жасауға, оқуға және өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылу;

- баланың ойын, тілін, дыбыстық есіту, көру кеңістігін, математикалық аңғарымын, интелекті мен қарым-қатынас дағдыларын, яғни пәнді оқып үйренуге тілдік дайындығын дамыту;


- ақыл-ой іс-әрекеті тәсілдерін бақылау, салыстыру, талдау, жалпылау классификациялау) жадының. зейіннің, қабылдауының, ойлауының, қиялының дамуына байланысты танымдық процестерді меңгерту;

- интеллектуалдық, рухани адамгершілік, еңбек, эстетикалық және дене тәрбиесі және шығармашылық дағдыларын дамыту енеді.

Дайындық кезеңдегі материалдар алты жасар баланың жас ерекшелігіне, өмір тәжірибесінің көлеміне лайықты, олардың ой дүниесіне қызығушылық тудыратын мазмұнда және пәнаралық байланысты жүзеге асыра отырып, ойын әрекеттері барысында беріледі.

Мұнан әрі пәндердің негізгі бөлімі, яғни білім, білік, дағдыларын жетілдіретін, оқушылардың дамуын іс жүзінде қамтамасыз ететін мазмұнға көшеді.

Оқыту мазмұнын жетілдірудің философиялық әдіснамалық негізін қажеттік пен мүмкіндік, жүйелілік пен құрылымдық, тұрақтылық пен тұтастық, ықпалдастық және саралау сияқты қарамақайшылықтарды алдын ала анықтайтын таным теориясының обьективті заңдылықтары құрайды.

Оқыту мазмұнын жетілдірудің психологиялық негізіне психолог ғалымдардың "Дамудың жақын аймағы", "Ақыл ой әрекеттерін кезең бойынша қалыптастыру", " Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларды дамыта оқыту" сияқты ғылыми теориялық қағидалары жатады.

Оқыту мазмұнын жетілдірудің дидактикалық негізіне оқытуды ұйымдастыруға тұлғалық-бағдарлылық және шығармашылық іс-әрекет тұрғысынан балаға іс-әрекет субьектісі ретінде (әрекетінің себептерін, қызығушылығын, мақсаттарын т.б.) қарап, оны қалыптастыру туралы теориялық қағидалар жатады.

Осы жоғарыда көрсетілген ғылыми тұжырымдарға сүйене отырып, бастауыш сынып бағдарламаларының мазмұны бойынша бірнеше дидактикалық принциптер жүзеге асады.

Ғылымилық және жас ерекшелік принципі. Берілетін білімді мұхият іріктеу, қазіргі таңда ғылыми тұрғыдан айқындалған қағидалар , ғылымда нақты қолданылатын терминдердің енгізілуі. Сол берілген материалдың оқушылардың оқуға дайындық деңгейіне, олардың дене дамуы мен психикалық процестерінің (зейіннің, қабылдаудың, ойлауы, жадының, еркінің т.б.) даму деңгейіне сәйкес келуі.

Ықпалдастыру принципі Сауат ашу, математика, қоршаған дүние технология, бейнелеу өнері пәндерінің сабақтары мазмұнына қарай бір-бірімен ықпалдасып келеді. Ықпалдасу бұл бірнеше жақын мазмұнды, оқу пәндерінің біреуінен берілетін білімді ірі толықтыруға ыңғайлы болып, олардың мазмұндық жүйесінің кірігуі.

Ықпалдасқан мазмұнды меңгеру кезінде балалардың іс-әрекетінің алмасып отыруы (ойын, оқу), қызығушылықтың туу-ына және шаршамауға себеп болады. Ықпалдастыру приципі арқылы дүниенің біртұтастығы, оның құбылыстарының өзара байланыстылығы туралы түсініктер қалыптастыру мүмкіндігі туады.


Пәнаралық байланыстар принципі. Бұл әр пәннен алған білімді кез келген сабақ барысында кешенді түрде пайдалануды көздейді. Бұл оқу пәндерінің мазмұнын сәйкестендіруге, пәндердің өзара байланысын іздестіруге сол арқылы оқушылардын, логикалық ойын дамытуға жағдай жасайды.