Файл: Білім беру ызметіне ойылатын біліктілік талаптарын жне олара сйкестікті растайтын жаттарды тізбесін бекіту туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 55

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



"Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2022 жылғы 24 қарашадағы № 152 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 қарашада № 30720 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11716 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жоғары және (немесе) жоғары білімнен кейінгі білім беру білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы";

      бұйрықтың 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған жоғары және (немесе) жоғары білімнен кейінгі білім беретін білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

      Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.


      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Исполняющий обязанности министра

науки и высшего образование

Республики Казахстан

Т. Ешенкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және қоғамдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жоғарғы соты

 

Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2022 жылғы 24 қарашадағы
№ 152
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 17 маусымдағы
№ 391 бұйрығымен
бекітілген


Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

Р/с №

Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары

Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар

Ескертпе

1. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін

1.

Білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының мазмұны "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) (бұдан әрі - №2 бұйрық) сәйкестігі. "Педагогикалық ғылымдар" кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрықпен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) (бұдан әрі - №348 бұйрық) Орта білім берудің (бастауыш, негізгі, орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын ескере отырып және білім беру саласындағы салалық біліктілік шеңберін, "Педагог" кәсіптік стандартын ескере отырып әзірленген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі.

"Құқық" кадрларын даярлау бағыты бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген кемінде үш білім беру бағдарламасының болуы және олардың № 2 бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын сәйкестігі. "Денсаулық сақтау" кадрлар даярлау бағыты бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № ҚР ДСМ-63 бұйрығына сәйкестігі (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-63 бұйрық) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28716 болып тіркелген).

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында (бұдан әрі - ЖЖОКББҰ) медициналық мамандықтар бойынша іске асырылатын медициналық білім беру бағдарламалары үшін интеграцияланған және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру бағдарламаларын (резидентура, докторантура) іске асыру.

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін білім беру бағдарламасының № 2 бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын сәйкестігі.

№ 2 және (немесе) № ҚР ДСМ-63 бұйрықтарға сәйкес бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелері.




2.

"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17565 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 569 бұйрық) бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары жіктеуішінің кемінде 7 бағыты бойынша "Педагогикалық ғылымдар" бакалавриат кадрларын даярлау бағыты бойынша лицензияның болуы (мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарын, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын қоспағанда) немесе бітірушілердің Ұлттық біліктілік тестін "Педагогикалық ғылымдар" даярлау бағыттарының білім беру бағдарламаларын бітірген жылы орташа республикалық көрсеткіштен төмен емес нәтижелермен.







3.

Білім беру бағдарламаларының пәндеріне сәйкес оқытушылардың болуы, оқытушылар білімінің оқытатын пәндер бейініне және/немесе "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесіне немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесіне немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесіне және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағының (бар болған жағдайда) оқытатын пәндер бейініне сәйкестігі. Кадрлар даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын оқытушылардың үлесі – кемінде 60 %; "Өнер және гуманитарлық ғылымдар" кадрларды даярлау бағыты бойынша – кемінде 50 %; азаматтық авиация саласында білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін – кемінде 40 %.

"Бизнес және басқару" (есеп және аудит, қаржы саласындағы білім беру бағдарламалары үшін), "Қызмет көрсету саласы", "Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)", "Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар", "Журналистика және ақпарат" кадрларды даярлау бағыттары үшін, сондай – ақ азаматтық авиация саласында білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін – кемінде 40 %;

"Құқық" кадрларды даярлау бағыты бойынша - кемінде 70 %-ын құруы.

Негізгі жұмыс орны бойынша оқытылатын пәндер бейіні бойынша практикалық кәсіптік қызметпен айналысатын, кадрларды даярлау бағыты бойынша кемінде соңғы 10 жылда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар қоса атқаратын оқытушылардың үлесі кадрларды даярлау бағыты бойынша оқытушылардың үлесі жалпы санынан кемінде – 20 %.

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).




4.

"Сәулет және құрылыс" кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламалары бойынша бейінді пәндер оқытушыларының жалпы санынан оқытылатын пәндер бойынша өндірісте кемінде 5 жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар бейіндік пәндер оқытушыларының үлесі -кемінде 50 %;

"Денсаулық сақтау" кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламалары бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында клиникалық жұмыс және(немесе) санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарында, фармацевтикалық ұйымдарда практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл болатын бейінді пәндер оқытушыларының кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламалары бойынша бейінді пәндер оқытушыларының жалпы санынан – кемінде 50 % үлесін құру.

"Құқық" кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламалары бойынша оқытылатын пәндер бойынша әділет, және(немесе) ішкі істер (полиция) органдарында, және(немесе) прокуратурада, және (немесе) адвокаттар алқасында, және(немесе) нотариалдық палаталарда, және(немесе) заң кеңесшілері палаталарында кемінде 5 жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар бейінді пәндер оқытушыларының кадрларды даярлау бағыты бойынша бейінді пәндер оқытушыларының жалпы санынан үлесі кемінде – 60 %.

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).




5.

Кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламалары бойынша негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі және/немесе кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санынан "Еңбек сіңірген жаттықтырушы" спорттық атағына ие оқытушылар – кемінде 40 %; кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, "магистр" дәрежесі бар оқытушылардың үлесі – кемінде 60 %; "Педагогикалық ғылымдар" кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санының кемінде – 50 %; "Құқық" кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санынан – кемінде 50 %;

"Өнер және гуманитарлық ғылымдар" кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламалары бойынша негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі және/немесе кадрлар даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санынан Қазақстан Республикасының құрметті атақтарымен және мемлекеттік наградаларымен марапатталған оқытушылар – кемінде 40 %, кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, "магистр" дәрежесі бар оқытушылардың үлесі – кемінде 60 %; "Денсаулық сақтау" кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі кемінде - 40 %; кадрлар даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санынан "магистр" дәрежесі бар оқытушылардың және/немесе резидентураны бітірген, базалық және бейінді пәндер және(немесе) лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын дәрігердің жоғары/бірінші біліктілік санаты бар және (немесе) соңғы 10 жылда кемінде 5 жыл клиникалық жұмыс тәжірибесі бар оқытушылардың кадрларды даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санынан үлесі 60 %-дан аспауы;

"Бизнес және басқару" (есеп және аудит, қаржы саласындағы білім беру бағдарламалары үшін), "Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)", "Көлік қызметтері" кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламалары бойынша лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын, "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша дәрежесі және/немесе қауымдастырылған профессор (доцент)", немесе "профессор" ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі кадрларды даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санынан – кемінде 40 %;

"Қызмет көрсету саласы", "Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар", "Журналистика және ақпарат" кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламалары бойынша лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын, "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежелері немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі кадрларды даярлау бағытының жалпы білім беретін пәндері бойынша оқытушылардың жалпы санынан кемінде – 30 %;

азаматтық авиация саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін – кемінде 40 %.

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін: оқытушылардың жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы бар және/немесе әскери (арнайы) атағы подполковниктен төмен емес кемінде 3 жыл педагогикалық өтілі бар оқытушылардың үлесі кемінде – 40 %.

Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "педагогикалық ғылымдар" кадрларын даярлау бағыты бойынша орта және мектепке дейін білім беру ұйымдарының базасында ғылыми зерттеулер жүргізетін оқытушылардың үлесі – кемінде 10%.

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).




6.

Оқу және ғылыми әдебиет кітапхана қорының болуы: соңғы он жыл ішінде кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламасы пәндерінің 100 %-ын қамтамасыз ететін, оның ішінде оқыту тілі бойынша басып шығарылған баспа және электрондық басылымдар форматында болуы;

"Денсаулық сақтау" бағыты бойынша дәлелді медицина бойынша халықаралық дерекқорларға институционалдық жазылудың болуы.

Оның ішінде "Өнер" бығыты бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін "Мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 77 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10921 болып тіркелген) шығару мерзімі шектеусіз ноталық әдебиеттің болуы.

Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" бағыты бойынша оқу және ғылыми әдебиеттердің кітапхана қоры бейіндеуші компонент пәндерін қоспағанда, соңғы 10 жылдағы білім беру бағдарламасының 100% пәндерін қамтамасыз ететін оның ішінде оқыту тілі бойынша басып шығарылған баспа және электрондық басылымдар форматында болуы

Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

7.

ЖЖОКББҰ оқу корпустарының жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі. Медициналық қызметке лицензияның болуы. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында - білім алушылар үшін медициналық қызмет көрсетудің болуы.

Медициналық пункттермен қамтамасыз етілгені және медициналық қызметке лицензияның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуге денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарттың көшірмесі.

Оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір медициналық пунктінің болуына рұқсат етіледі.

8.

ЖЖОКББҰ оқу корпустарында білім алушылардың тамақтануына жағдай жасау. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары білім алушылары үшін тамақтандыру объектісінің болуы.

Санитариялық ережелерге сәйкес тамақтандыру объектісінің, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның тамақтану объектісіне қорытындысы болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір тамақтану объектісінің болуына рұқсат етіледі.