Файл: Байыту фабрикасы туралы негізгі мліметтер кен байыту .docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 97

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Кен байытуда пневматикалық машиналардың қазір негізінде үш түрі қолданылады: аэролифті патрубалық машиналар, колонналы машиналар және көбікте бөлу машиналары.

15 - сурет. Терең аэролифті флотомашина

1-ванна (науа); 2-қалқан; 3-ауа түтігі; 4-ұштық; 5-орталық ауа құбыры; 

6-қалпақ; 7-ернеу; 8-науа.


16 - сурет. Колонналы пневматикалық флотомашина

  1. рессивер; 2 - патрубок; 3,5,7 - түтіктер; 4 - колонна; 6 - резеңкелі ұштық.



Көбікте бөлу машиналары. Көбікте бөлу машиналарының корпусы ұзын пирамидальді ваннадан тұрады. Бастапқы пульпадағы мииерал түйіршіктері тікелей көбік қабатына түсіріледі. Соның нәтижесінде сулануы төмендетілген түйіршіктер, әсіресе ірі түйіршіктер бірден көпіршіктерге жабысып, көбік қабатында қалып қояды. Суланғыш минерал туйіршіктері пульпамен бірге төмен жылжып камералық өнімге (қалдық) шығады. Машинаның конструкциялық ерекшелігі – онд а ірілігі 2-3 мм-ге жететін түйіршіктерді флотаңиялауға мүмкіншілік береді.



17- сурет. Көбікте бөлу флотомашинасының схемалық көрінісі

1- ванна; 2 - ауа түтіктері; 3 - көбікті қабат; 4 - көлбеу науалар; 5 - су сепкіш түтіктер; 6 - ернеу; 7 - науа; 8 - шығару тесігі
Пневмомеханикалық флотациялау машиналары. Пневмомеханикалық флотация машинасында пульпаны көпіршіктендіру ауаны ауа айдағыштарымен қысыммен де қысымсызда бере алады.Бұл жерде механикалық және пневматикалық машиналардың артықшылықтары жинақталған.



18 - сурет. Пневмомеханикалық флотомашинаның схемалық көрінісі

1–камера; 2 – вал; 3 – ауа түтігі; 4 – импеллер; 5 – қалқаншалар; 6 – қалқан; 7 – рессивер

Минералданған көбікті қабат механикалық және пневмомеханикалық машиналарда арнаулы көбік түсіргіштерімен түсіріледі, ал пневматикалық машиналарда көбік шеткі ернеуден өздігінен асып төгіледі.
1.2.3. Көмекші процесс
Көмекші процестер – байыту өнімдірін сусыздандыру, яғни олардағы ылғал мөлшерін белгілі нормаға келтіру процестері. Оған мына әдістер кіреді: қойылту, сүзу, кептіру.

Пайдалы казбалардың көбі сулы ортада байытылады. Олардың қасиеттерімен байланысты қолданылатын байыту процестерінің түріне қарай байыту фабрикаларында кеннің әр тоннасына 3-15 м 3 су шығындалады.


Заттың ірілігіне қарай қолданылатын сусыздандыру процестерінің түрлері: дренаж, центрифугалау, қойылдыру, сүзу және құрғату түрлері бар. Көпшілік жағдайда сусыздандыру бірнеше процестерді қолданумен ғана жүзеге асырылады. Мысалы, түйіршікті не кесекті заттарға дренеж ғана қолданылса, флотациялық концентраттарға кезектесе қоюландыру, сүзу және кептіру (құрғату) процестері қолданылады.

Дренаждау әдісінде су қатты зат түйіршіктерінің арасымен өз салмағымен ағып бөлінеді. Процесс сусыздандыру бункерлерінде, елеуіштерде, шөмішті элеваторларда, спиральді классификаторларда және центрафугаларда жүргізіледі.

Центрифугалауда су ортадан тепкіш күш әсерімен бөлінеді.Бұл аппараттар негізінде ұсақ класты көмір концентраттарын сусыздандыруға қолданылады. Олар сүзуші және шөктіруші центрифугаларға белінеді.



19–сурет. Сүзгіш ценрифугагың схемалық көрінісі:

1–диск; 2–корпус; 3–ротор.

Қоюландыру
Ірілігі 0,5 мм-ден артпайтын ұнтақты зат судан қоюландыру процесімен бөлінеді. Бұл процесс суда қатты зат түйіршіктері өз салмағымен шөгуіне негізделген. Қолданылатын аппараттар қойылдырғыштар деп аталады.
Сүзу
Сүзу деп қатты заттан суды ұсақ саңлаулы (кеуікті) қалқадан өткізу арқылы бөлуді атайды. Бөлініп альнған су фильтрат деп, қалқа бетіне жабысып қалған зат кек деп аталады. Судың қалқадан өтуін жылдамдату үшін қалқаның екі жағында қысым айырмашылығы тудырылады. Бірінші әдіс: қалқаның бір жағында ауа қысымы төмендетіледі (вакуум), екінші жағында атмосфералық қысым сақталады. Екінші әдіс: қалқаның бір жағында атмосфералық қысымнан артық қысым тудырылады.

Сүзуге қолданылатын аппараттарды сүзгіштер деп атайды. Байыту фабрикаларында барабанды, дискалы және сирек ленталывакуум-сүзгіштер колданылады.. Артық қысыммен істейтін сүзгіштер пресс-сүзгіштер деп аталады.
Құрғату
Құрғату процесінде сусыздандыру жылу энергиясымен суды буға айналдыру арқылы жүргізіледі. Қойылдыру және сүзу процестерімен салыстырғанда құрғату процесі жетпегенде ғана қолданылады. Құрғатуға тек концентраттар ғана түседі. Жылу энергиясының көзі ретінде табиғи газ, мазут не көмір шаңы қолданылады. Жалпы құрғатқыш түрлері көп.


    1. Байытудың технологиялық схемалары. Байытудың технологиялық көрсеткіштері


Технологиялық операциялар

- пайдалы қазбаларды механикалық өңдеу, оның сапасын өзгерту немесе әртүрлі сападағы өнімдерге бөлу үшін жасалатын операциялар.

Байытудың технологиялық схемесы - байыту процестерінің графикалық бейнесі. Схемада келтірілген ақпараттың сипатына байланысты оның келесі түрлері бар:

  • Сапалық – сандық схема (качественно-количественная схема)

  • Сулық - шламдық схема (водно-шламовая схема)

  • Аппараттар тізбегі схемасы (схема цепи аппаратов).

Сапалық схема дегеніміз - минералды өңдеу процесінде оның сапалық өзгерістері (мысалы, мөлшердің өзгеруі) және жеке технологиялық операциялар режимі туралы ақпараттан тұратын схема.

Сандық (сапалық-сандық) схема - минералдың және оның жеке компоненттерінің жеке технологиялық операцияларға бөлінуі туралы сандық мәліметтерді масса бірлігінде (т/тәу., т/сағ) және мөлшері 100%-ға тең болатын, бастапқы кеннен қанша пайыздық мөлшерде бөлінгенін көрсететін схема.

Сулық - шламдық схема дегеніміз - әр операциядағы және байыту өнімдеріндегі судың мөлшері (м3/тәу., м3/сағ.) мен қатты зат мөлшері (т/тәу, т/сағ) жөніндегі мәліметтерді қамтитын сызба.

 Аппараттар тізбегі схемасы – кенді фабрикаға қабылдаудан бастап, тауарлық концентраттар мен қалдықтарды шығарумен аяқталатын процестердің, яғни бастапқы кен мен байыту өнімдерінің қозғалысы жолын аппараттар арқылы бейнелейтін схема.



20-сурет. Жезқазған байыту фабрикасының үш сатылы ұсату схемасы (КД-1)



21-сурет.Жезқазған байыту фабрикасының үш сатылы ұсату схемасы  (КД-2)



22-сурет. Жезқазған байыту фабрикасында сульфидті мыс кенін байытудың технологиялық схемасы ( БҒ-2 1– 6 секция)

2.БАЙЫТУ ФАБРИКАЛАРЫНДАҒЫ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
Ұсақтағыштардың жұмыс кеңістігінде кеннің ірі бөлшектері кептеліп қалғанда оларды ұсатқыштардан алуды көтергіш құралдармен немесе жара отырып жүзеге асыру қажет. Кеннің ұсақтағышта кептеліп қалған бөлшектерін қолмен алуға жол берілмейді. Ұсақтағыштың жұмыс кеңістігінде кептеліп тұрған кеннің ірі бөлшектерін балғамен немесе ауыр балғамен бұзуға болмайды.


Ұсақтағыштың жұмыс кеңістігіне адамдарды түсіру кезінде жұмыстарды ұйымдастыру жобасына сәйкес кездейсоқ құлап кететін бөгде заттардан адамдарды қорғайтын ұсақтағыштың тиегіш үстіндегі саңылауында орналасқан сақтандыру белбеулері мен уақытша тіректердің міндетті түрде қолданылуы қарастырылады, жұмыстар жүктелім-рұқсатнама бойынша жүргізіледі.

Дірілді електер орналасатын тіреулер мен алаңдар дірілді және тез жүрісті електердің жұмысы кезінде туындайтын дірілдерді қабылдай және сіңіре алатындай етіп орындалады.
      Електерді тиеу және түсіру түтіктерінің барлық енін бойлай қызмет көрсететін қызметкерлер құрамын кен бөлшектерінің кездейсоқ түсіп кетуінен сақтайтын қорғаныс тетіктері қарастырылады.


Електерді жұмысқа қосу алдында барлық бекітулер, әсіресе тең баланста тұрмаған бекітулерді мұқият қарау қажет.

Ұсақтағыштан кен бөлшектері шығуының алдын алу мақсатында тиеу саңылауларында мыналар орнатылады:

конус тәрізді ұсақтағыштар үшін – «опырылым» астында жұмыс істейтін І кезеңді ірі ұсақтау ұсақтағышынан басқа саңылаусыз алмалы-салмалы қоршаулар;

жақты ұсақтағыштар үшін – кен бөлшектерінің ұсақтағыштың жұмыс кеңістігінен үй-жайға шығарылуынаа кедергі келтіретін биіктігі 1 м кем емес маңдайшасы бар саңылаусыз бүйірлі қоршаулар.

Жұмыс істеп тұрған қоректендіргіштер мен електер кезінде тиеу және түсіру воронкаларында кенді елекке беретін қоректендіргіштердің шығару тесіктерін көсеуге арнайы көсеу тесіктерінің бар болуы кезінде ғана жол беріледі.

Електің түсіру түтіктерін қолмен тазалау және адамдарды түсіру түтігіне босату осы қағидаларды сақтай отырып жүзеге асырылады. Електердің электрқозғалтқыштары бирка жүйесіне сәйкес сөндіріледі, іске қосу құрылғыларында «Қосуға болмайды!», «Адамдар жұмыс істеп жатыр!» атты ескерту плакаттары ілінеді.

Электрдірілді қоректендіргішінің науашаларын жұмыс істеп тұрған уақытында тазалауға, қорек бортына тұруға, жақындауға дірілді жетектердің саңылауларына тазалау жүргізуге жол берілмейді.

Жұдырықты, көлденең және тік балғалы ұсақтағыштар корпусының қақпағы ашық тұрған кезде ұсақтағыштарды іске қосу мүмкіндігіне жол бермейтін бұғаттау салынуы қажет. Салмағы 50 кг артық қақпағы бар жұдырықты, көлденең және тік балға тәрізді ұсақтағыш корпусының ашылуы және жабылуы механикаландырылған тәсілмен жүзеге асыру қажет.

Ұнтақтау кезінде жарылысқауіпті шаңды қалыптастыратын кенді ұсақтауды шаңның жарылуына жол бермейтін іс-шараларды орындай отырып, жүргізу қажет.


Жергілікті басқару кезінде диірмендер мен жіктегіштердің іске қосу құрылғылары жабдықты қосатын адам олардың жұмысын бақылай алатындай етіп орналасады.
Диірмен ішіндегі жұмысты жүктелім–рұқсатнама бойынша бақылаушы адамның қадағалауымен жүргізу қажет.


Диірменнің люкпен төмен жағдайында люк қақпағының тегірін бұрауға немесе босатуға, диірменнің жұмысы барысында ұлулы қоректендірігіш қаптамасының бұрандамаларын бекітуге жол берілмейді.

Контейнерлерге шарларды түсіру кезінде жүктеме орнын қоршап және «Қауіпті!» сөзі жазылған плакатты ілу керек. Контейнерлерді көтеру кезінде адамдар одан қауіпсіз арақашықтықта болады. Контейнерлер борттан 100 м төмен деңгейге дейін шарлармен тиеледі.
      Шарлы қоректендіргіштерді, өзектерді тиеу бойынша тетіктерді пайдалануды технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асыру қажет.
      Жіктегіштерге қызмет көрсету үшін жұмыс алаңын жіктегіш астауының бортынан кемінде 600 мм төмен деңгейде орналастыру қажет. Жіктегіш астауына қарама-қарсы жақтағы жұмыс алаңдары биіктігі 1000 мм металл қанаттарымен жабдықталады.
      Жіктегіште серіппелер мен білте тақтайшаларды көтеру және айналдыру механизмдеріне қауіпсіз қызмет көрсету үшін қанаттары бар көпіршелерді (алаңдарды) жабдықтау қажет, жетек элементтері қоршалады.


Металдың орта және ұсақ ұсақтау ұсақтағыштарына түсуінің алдын алу үшін оларды кенмен қоректендіретін таспалы конвейерлер металіздегіштермен, алғыштармен, магнитті шайбалармен және арнайы құрылғылармен жабдықталады.
      Жұмыс аймағынан шығарылмаған конвейер таспасынан және магнитті алғыштан металды алу конвейер тоқтатылғаннан және магнитті жүйе өшірілгеннен кейін ғана жүргізіледі.


Машиналар мен тетіктердің барлық қозғалмалы және айналмалы бөліктері, жетек пен жеткізу элементтері оларға жұмыс істеу уақытында қолжетімділікті шектейтін мықты бекітілген қоршаулардан тұруы қажет.

Жер деңгейінен 2,5 м дейін (қоса алғанда) биіктікте орналасқан жабдықтардың барлық ашық қалған қозғалғыш бөліктері немесе жұмыс алаңында кездейсоқ беттесіп кетуден қол жетімділікті оның функционалдық мақсатта қолданылатын қоршауларынан басқа бөліктері қоршалуы қажет. Қоршаулар тұтас және өлшемі 20х20 мм болатын тор тәрізді ұяшықтан тұрады.

Егер машинаның орындаушы органдары адамдарға қауіп төндіріп, қоршалмаған жағдайда болса, машинаның жұмысқа қосылғаны туралы ескертетін белгі беру және де энергия көздерінен тоқтату және сөндіру үшін құралдар көзделеді.