Файл: 9. 3 а саталу задары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 216

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Оқу мен оқытуды бағалау «Менің шыққан шыңым»




Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут



Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Тербелмелі жүйелерге мысал келтіріңдер



Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады.

Оқушылар тербелмелі жүйелерге мысалдар айтады, мысалы әткеншек, маятникті сағат,

Серіппеге ілініп тербеліп тұрған жүк

Оқулық

Слайд



Сабақтың ортасы
20 минут


Жаңа тақырып

Маятник түрлерін демонстрациялау және олардың жұмыс істеу принципімен таныстыру.

  • 1-жұп:математикалық маятник

  • 2-жұп:Фуко маятнигі

  • 3-жұп:физикалық маятник

  • 4-жұп:сфералық маятник.

  • 5-жұп: серіппелі маятник




Математикалық және серіппелі маятникке есептер шығару (жай деңгей, орта деңгей есептерін шығару).

1) Егер математикалық маятниктің тербеліс периоды 12,56 с болса, оның ұзындығы қандай? (g=10 м/с2; π=3,14)

2) Қатаңдығы 2500 Н/м серіппеге асылған 16 кг дене қандай периодпен тербеліс жасайды?

3) Қатаңдығы 100 Н/м серіппеге асылған 4 кг дене қандай периодпен тербеліс жасайды?


Оқушылар жұп болып, маятник түрлерін зерделеп, олардың жұмыс істеу принциптерін сыныптағы басқа оқушыларға түсіндіреді

Дескриптор

-период теңдеуін біледі

-серіппелі маятник үшін период формуласын қолданады



Маятниктің түрлері: http://www.ehow.com/list_6967711_different-types-pendulums.html#ixzz2AyRRCwUH

Үлестірмелі тапсырмалар

Сабақтың соңы.

10мин


Рефлекция

Бағалау

Үй тапсырмасы

Рeфлексия пирамидаcы:Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап, пирамиданы толықтыр:



Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау

-Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу.

Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады.


Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 10 балл


Үлестірме стикерлер

Дескриптор


Оқулық




Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: №6 практикалық жұмыс-Есептер шығару

Әр түрлі маятниктер тербелісінің периодын есептеу

Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

9.3 В Тербелістер мен толқындар

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

6 практикалық жұмыс-Есептер шығару

Әр түрлі маятниктер тербелісінің периодын есептеу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

9.2.5.7-маятниктер тербелісі периодының әр түрлі параметрлерге тәуелділігін зерттеу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар білуі тиіс: маятник түрлерін ажыратып, формулаларын біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: формулаларды түрлендіріп,есептерді шығара алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: тәжірибелерді қорытындылай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы

10 минут
Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім

10 минут


Бекіту

10 минут
Кері байланыс

Сабақтың соңы

10 минут


Ұйымдастыру

Ынтымақтастықты қалыптастыру: бір-біріне жақсы тілек айту, уәж тудыру.

Топқа бөлу: амплитуда, тербеліс және энергия сөздерін айтып топтарға бөліну.

Өткен тақырыпты бекіту, қайталау

Үй тапсырмасын тексеру: «Ойлар ағыны»

Тапсырма (I):

- Қандай қозғалыстарды тербелмелі қозғалыстар деп атайды?

- Тербелмелі қозғалысқа мысалдар келтіріңдер

- Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар.

- Гармоникалық тербелістер, мысалдар келтіру

- Гармоникалық тербелістің тендеуі.

- Энергия, энергия түрлері қандай?
Жаңа тақырып

«Зерттеушілік әңгіме» әдісі

Тапсырма (W): Интерактивті тақтадан тақырып бойынша бейне ролик көрсетіледі. «Өмірдегі тербелістер»

2 топқа бөлу

Математикалық маятниктер тобы

Серіппелі маятниктер тобы

Әр түрлі маятник тербелісінің периодын есептеу

Оқулықпен дұмыс

1-тапсырма- 1 топқа беріледі.

Математикалық маятниктің тербеліс периолын теориялық жолмен есептеп және эксперимент арқылы анықтап,нәтижелерді салыстыру.Оқулық бойынша кестені пайдалану.
2тапсырма -2 топқа беріледі.Серіппелі маятниктің тербеліс периодын теориялық жолмен есептеп және эксперимент арқылы анықтап,нәтижелерді салыстыру,қорытындылау.
Екі тапта тапсырманы орындап болған соң қорытынды жасайды
АВС әдісі-жеке жұмыс

Есептер шығару

25-жаттығу

1.Ұзындығы 1 метр болатын математикалық маятниктің тербеліс периодын есептеңдер.

2.Периоды 1 с болатын математикалық маятниктің ұзындығы қандай?

3.Серіппелі маятниктің тербеліс периодын 2 есе азайту үшін оның ұзындығын неше есе қысқарту керек?

4.Ай бетіндегі ұзындығы 1 м математикалық маятниктің тербеліс периоды қандай?.Айдағы еркін түсу үдеуі 1,62 м/с2

5.Серіппеге ілінген массасы 1 кг дене периоды 1 с болатын тербелістер жасайды.Осы серіппеге ілінген массасы 4 кг дененің тербеліс периоды қандай?

Үйге тапсырма беру

Практикалық тапсырманың нәтижесіне қорытынды жазу

25-жаттығу 5-есепті шешу

Рефлексия, қорытындылау

"Білім ағашы"

Қызыл алма - тақырып түсінікті болды.

Жасыл алма - әлі де оқуды қажет етемін.

Сары алма - сабақтан мүлдем ештеңе түсінбедім.


Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады.

Бейнебаянды тамашалап тақырыптың маңызын түсінеді және маятниктерді практикада зерттеуге көшеді
Әр түрлі маятниктер бойынша практикалық тапсырманы орындайды ,нітижесін қорытып бағалайды

Оқулыұта берілген есептерді жеке –жеке оқушылар орындайды.

Стиккерлер бойынша кері дайланыс береді


Бағалау критерийлері маятник түрлерін ажыратып, формулаларын білу. формулаларды түрлендіріп,есептерді шығара алу. тәжірибелерді қорытындылау
Дескриптор

Өткен тақырып бойынша сұраққа жауап беру 1 балл
Дескриптор

1 тапсырманы орындайды

Кестелерді пайдаланып есепті практикалық жолмен шешеді

Қортыныды нәтижелерді салыстырады

5 балл
Дескриптор

Есептің шартын жазады

Формуласын түрлендіре біледі

Есептің шешімін табады

4 балл

Жалпы балл 10 балл




Оқулық

Бейнебаян

152-бет практикалық тапсырма



Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: № 3-зертханалық жұмыс. "Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау"


Бөлімі:




Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

№ 3-зертханалық жұмыс. "Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау"

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.5.8 математикалық маятник периодының формуласынан еркін түсу үдеуін анықтау;

9.2.5.9 период квадратының маятник ұзындығына тәуелділік графигін тұрғызу және талдау;

9.1.3.1 алған нәтижені түсіндіру және қорытынды жасау

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы:Тербелмелі қозғалысты біледі және түсінеді;

Көптеген оқушылар: математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін тәжірибе жүзінде анықтайды. Барлық есептеулерді жүргізіп, қателіктердде анықтайды және қорытынды жасайды.

Кейбіреуі: Зертханалық жұмысты жақсарту жолдарын ұсынады



Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут



Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сұрақтар:

- Математикалық маятниктің формуласы қалай жазылады?

-Математикалық маятникті қайда қолданады?

-Математикалық маятниктің периоды қандай шамаларға тәуелді?

- Математикалық маятниктің тербеліс периодының формуласынан еркін түсу үдеуінің формуласын қорытып шығарыңыздар

Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады.

Бағалау критерийлері

Зертханалық жұмысты қалай орындау керектігін біледі және түсінеді.

-Математикалық маятниктің тербеліс периодының формуласынан еркін түсу үдеуінің формуласын қорытады. Есептеулерді дұрыс жүргізеді.

- Зерттеу тәжірибелерін жүргізе алады, зертханалық жұмыста алынған/есептелген мәндер мен еркін түсу үдеуінің нақты мәнін салыстырады, егер алған мәндері өте жуық болып шықса, немесе нақты мән мен есептелген мәннің арасында алшақтық бар болса, неліктен олай болғандығына талдау жасайды.

- Тәжірибе жасау арқылы мәліметтер алады: қозғалыс және уақыт мәндері

Жауаптары
(Геологияда, кен іздеуде. Еркін түсу үдеуінің мәні кестелік мәнінен үлкен болған жерлердде ферромагниттік қазбалы байлықтар немесе темір рудасының кені болуы мүмкін)

(маятниктің ұзындығы / жіптің ұзындығы мен еркін түсу үдеуіне)

Оқулық

Слайд
Техника қауіпсіздігінің ережелерінен осы жұмысқа қажетті үзінді

Сабақтың ортасы
30 минут


Зертханалық жұмыс: «Математикалық маятниктің көмегімен дененің еркін түсу үдеуін анықтау»

Мақсаты: Математикалық маятниктің қасиеттерін зерттей отырып дененің еркін түсу үдеуін тәжірибе жүзінде анықтау.

Теориялық бөлім



Математикалық маятник тербеліс периодының формуласын қорытып шығарайық.

Есепті жеңілдету үшін маятникті бір жазықтықта тербелтпей, жүк шеңбер бойымен қозғалатындай етіп, оны конус сызуға мәжбүр етеміз (конустық маятник).

Маятниктің айналу периоды оның тербеліс периодына тең болады. Тайн.=Ттер=Т.

Конустық маятниктің айналу периоды шеңбер бойымен қозғалыстың жылдамдығының формуласынан алынады:



Ал маятник вертикаль күйінен шамалы ғана (аз бұрышқа) ауытқитын болса, амплитуда аз болғанда, қорытқы күш шеңбердің ВС радиусы бойымен бағытталады деп есептеуге болады. Бұл жағдайда қорытқы күш центрге тартқыш күшке тең ():

ОВС және ВDE үшбұрыштарының ұқсастығынан: ВЕ:ВD = СВ:ОС немесе Ғ:mg = R:l, бұдан



Ғ күшінің осы екі өрнегін теңестіре отырып алатынымыз:



Осыны Т периодтың өрнегіне қойып, мынаны аламыз:



Математикалық маятниктің периоды түбір астындағы еркін түсу үдеуіне кері пропорционал. Осы жерден еркін түсу үдеуін есептейтін формуланы қорытып шығарамыз:



Гипотеза/ болжам: (бұл пункт міндетті емес) Егер жіптің үйкеліс күшін және ауаның кедергі күштерін ескермесек, математикалық маятниктің көмегімен анықталатын еркін түсу үдеуінің мәні 9.8м/с2 -қа тең немесе жуық болуы мүмкін.

Жұмыс барысы:

1.Тұрғыны парта шетіне орнатып, оған металл шар ілінген жіпті еденнен 3-5см жоғары тұратындай ілу

2.Маятникті тепе-теңдік күйінен 5-8см-ге ауытқытып, тербелтіп жіберу

3. Жіптің ұзындығын алдын-ала өлшеу. Маятниктің толық 40 тербеліс жасауға кеткен уақытты өлшеу.

4.Тәжірибені қайталап, уақыттың орташа мәнін алу. Сол уақыттың орташа мәні бойынша орташа периодты есептеу: Торт=tорт/N

5. формуласы бойынша еркін түсу үдеуінің орташа мәнін есептеу.

6.Барлық өлшеулерді кестеге енгізіп, қателікті анықтап, қорытындылау.



N

t,с

tорт

Tорт, с

gорт, м/с2

1
















2
















3
















4
















5
















Қателіктерді анықтау:

Абсолютті қателік:



Салыстырмалы қателік:





Қорытынды жазу.



Зертханалық жұмысты орындауға қажетті құрал-жабдықтар: қысқышы мен сақинасы бар тұрғы, жіп, сызғыш немесе өлшеуіш лента, секунд өлшегіш, металл шар, магнит.

Сабақтың соңы.

5 мин


Рефлекция

Бағалау


Рефлексия. Бағалау.

Төмендегі сөздермен бастап, 1-2 сөйлеммен өз іс-әрекеттеріңді бағалаңдар.

Кестеде 1 ғана бағанды толтырыңдар (таңдау бойынша)

1

2

3

Мен бүгін үйрендім….

Маған қызықты болды (немесе жоқ), себебі …

Жұмыс уақытында қиындықтар болды, себебі…




Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады.


Оқушылар зертханалық жұмысты орындап болып, қорытындыларын жасайды. Әр жұптан 1 сөйлемнен тыңдап, барлық қорытындылардан жалпы бір қорытынды жасау.



Презентациямен мұғалім ұсынған қорытындыны көрсетуге де болады.