ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 217
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық
Бөлімі: | 9.3 В Тербелістер мен толқындар |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 9.2.5.15 дыбыстың пайда болу және таралу шарттарын атау; 9.2.5.16 дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестендіру; 9.2.5.17 резонанстың пайда болу шарттарын атау және оның қолданылуына мысалдар келтіру; 9.2.5.18 жаңғырықтың пайда болу табиғатын және оны қолдану әдістерін сипаттау; 9.2.5.19 табиғатта және техникада ультрадыбыс пен инфрадыбыстықолдануға мысалдар келтіру |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар істей алады: дыбыс толқындарының пайда болу процесін сипаттай алады; Көптеген оқушылар істей алады: әртүрлі ортадағы дыбыс толқындарының таралу ерекшеліктерін түсіндіре алады; Кейбір оқушылар істей алады: дыбыс сипаттамаларымен (қаттылығы,жоғарылығы және тембрі) таныстыру және оларды ажырата біледі |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 10 минут | Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Дыбыс көздеріне не жатады ? Адам дыбысы қалай шағады ? Тербеліс көздерінен дыбыстың пайда болу процесі. Оқушылардан түрлі аспаптар дыбыс толқындарын қалай шығаратынын сұрау. Ауада молекулалар жоғары жылдамдықта ретсіз қозғалады. Дыбысты ауа молекулалары вибрациясы тудырады. Сығылу және ортаны сирету процестері тұрғысынан бойлық дыбыс толқындар табиғатын сипаттау. «Сығылған» кезде молекулалар бір біріне жақын болады және қысым атмосфералық қысымнан барынша жоғары болады. | Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады. | Бағалау критерийлері Дыбыс толқындарының пайда болу процесін сипаттай алады Есептер шығару кезінде қашықтықты анықтау үшін шағылу толқынында қолданылады. әртүрлі ортадағы дыбыс жылдамдығын анықтауға берілген есептерді шығара алады Дескриптор: -дыбыс анықтамасын біледі -дыбыс сипаттамасын біледі -Амплитуда, жиілік, резонанс ұғымдарын біледі | Оқулық Слайд Р. Башарұлы т.б. Физика: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, Алматы, «Мектеп» Дыбыстың таралуы туралы қарапайым бейнебаян: http://www.youtube.com/watch?v=CzG0ioYIIFs |
Сабақтың ортасы 25 минут | Жаңа тақырып Графикке түсінік беріңіз, камертонның дыбысы бойынша сипаттама беріңіз: Дыбыстық толқынның адам құлағының жарғағына әсер күші дыбыс қысымына тәуелді. Дыбыс қысымы деп дыбыстық толқын өткендегі газда немесе сұйықта пайда болатын қосымша қысымды атайды. Дыбыс қысымының жоғарғы шегінде құлақта ауырсыну байқалады.Дыбыс қысымы үлкен амплитудамен өзгеретін дыбыстық толқындар қатты дыбыстар, ал дыбыстық қысымы кіші амплитудамен өзгеретін дыбыстық толқындар әлсіз дыбыстар ретінде қабылданады. Есту мүшесінің дыбысты қабылдауы дыбыс толқынының құрамына қандай жиіліктердің енетініне байланысты. Дыбыс тоны тербеліс жиілігімен анықталады, яғни тербеліс жиілігі үлкен болса, тон да биігірек болады. (Т/D) Дыбыс толқынды таралуына ортаның қажет екендігін және толқын жылдамдығының әртүрлі ортада әртүрлі екендігін түсіндіру. Дыбыстың қатты ортада жылдамырақ таралуының себебі - қатты ортада молекулалар сұйық немесе газ тектес ортадағы молекулаларға қарағанда бір- біріне жақын орналасады. «Ауа қалпағы астындағы қоңырау» тәжірибесінің көмегімен (бейнефрагмент арқылы) дыбыстың материалдық ортаны талап ететінін көрсету. (G) Бірқатар материалдар үшін дыбыс жылдамдығының мәнін зерттеу (ғаламторды пайдаланып) және олардың тығыздығымен және ортаның қатты, сұйық немесе газ тектес болуын салыстыру. Тест тапсырмасы (дидактикалық материалды қараңыз) | Оқушылар көрсетілген графиктерге және анимацияларға қарап дыбысқа сипаттама береді. Дыбыс қаттылығын, дыбыс тонын және дыбыс тембірінің қандай физикалық шамаларға тәуелді екендігін ажыратады Жауабы: 1-А 2-В 3-D 4-С 5-А 6-С 7-С 8- D 9-С 10-В | Дыбысқа орта қажеттігін көрсететін моделдеу – «өзгермелі ауа қысымымен тыңдау»: http://phet.colorado.edu/en/simulation/sound бейнетаспа: http://www.youtube.com/watch?v=b8VNs5vIbPA Қатты денеде, сұйықтықта және газдарда дыбысты көрсететін бейнетаспа: http://www.youtube.com/watch?v=HOIf3jHPIXE&safe=active Дыбыс жылдамдығын тікелей өлшеу әдісі: http://www.youtube.com/watch?v=vPqDZH5law4 | |
Сабақтың соңы. 5мин Рефлекция Бағалау | Рефлексия – «кері байланыс», оқушылардың өз іс- әрекеттерін бағалауы Оқушылар сабақтан алған әсерлерін дыбыстау арқылы жеткізеді Сабақ (қызық,түсінікті) болды қол шапалақтайды Мен басқаларды тыңдадым…….. үнсіз қалады Мен ешнәрсе түсінбедім……… аяғымен жер соғады ӨЗІҢДІ-ӨЗІҢ БАҒАЛА «+», «+» - өз қалауым бойынша жауап бердім, жауабым дұрыс болды; «-», «-» - өз қалауым бойынша жауап бердім, жауабым қате болды; «+» - мұғалімнің қалауымен жауап бердім, жауабым дұрыс болды; «-» мұғалімнің қалауы бойынша жауап бердім, жауабым қате болды; «0» -сабақта жауап берген жоқпын -Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу. | Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады. | Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 20 балл | Үлестірме стикерлер Дескриптор Оқулық |
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Электромагниттік толқындар. Электромагниттік толқындар шкаласы
Бөлімі: | 9.3 В Тербелістер мен толқындар |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Электромагниттік толқындар. Электромагниттік толқындар шкаласы |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 9.4.4.2 механикалық толқындар мен электромагниттік толқындардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру; 9.4.4.3 электромагниттік толқындар шкаласын сипаттау және әртүрлі диапазондағы толқындардың қолданылуына мысалдар келтіру; 9.4.4.4- шыны призма арқылы өткен жарықтың дисперсиясына сапалы сипаттама беру |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар істей алады: Электромагниттік толқындарды сипаттады Көптеген оқушылар істей алады: Әр түрлі диапазондағы электромагниттік толқындар қолданылуына мысалдар келтіреді Кейбір оқушылар істей алады: Электромагниттік сәулелердің адам өміріндегі ролін, сәулелердің әсерін біледі |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 10 минут | Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. «Электромагниттік толқындар шкаласына саяхат» - перезентация арқылы жаңа материалды меңгеру. Сәулеленуді меңгеру жоспары: 1. Диапазонның аталуы 2. Жиілік 3. Шығу көзі 4. Қасиеттері 5. Қолданылуы 6. Адамға әсері Электромагниттік толқындар шкаласындағы әрбір сәуленің қасиеттері мен қолданылуын таныстыру. Электромагниттік сәулелердің толқын ұзындығы мен жиілігіне байланысты өтімділік қасиеттері туралы түсініктер беру. | Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады. Оқушы әр электромагниттік толқын шкаласынның диапазонын анықтап, дәптерлеріне жазып отырады | Бағалау критерийлері Көлденең және бойлық толқындар мысалдары арқылы толқындық қозғалысты сипаттайды. Электромагниттік толқындарды сипаттайды; Әр түрлі диапазондағы электромагниттік толқындар қолданылуына мысалдар келтіреді. Электромагниттік сәулелердің адам өміріндегі ролін, сәулелердің әсерін көрсетеді. Оқушылар өзін-өзі бағалайды және мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі | Оқулық Слайд PPТ презентация | ||||
Сабақтың ортасы 25 минут | Жаңа тақырып Электромагниттік толқындар шкаласында сәулелердің сәуле шығаруына және жиілігіне байланысты диапазонға бөлінуін қарастыру: Төменгі жиілікті толқындар (от 3-10 3 до 3-103 Гц) электрлік генераторлар арқылы өндіріледі; радиотолқындар (от 3-104 до 3-1012 Гц) Герц вибраторы арқылы өндіріледі, антенналарда. Инфракрақызыл сәулелер (от 3-1011 до 4-1014 Гц) қызған денелер шығарады; Жарық толқындары (от 4-1014 до 8-1014 Гц) жеткілікті жоғары температураға дейін қызған денелер шығарады, қызған шамның қыл сымы. Ультракүлгін сәулелер (от 8-1014 до 3-1016 Гц) 3000 °С температураға дейін, не одан жоғары температураға дейін қызған денелер шығарады; бұл- Күн сәулесі, жерде- доғалық разряд. Рентген сәулелер (от 3,7-1015 до 3-1020 Гц) электр өрісінде тежелген электрондар шығарады. гамма-сәулелену (от 3- 1019 Гц одан жоғары) атомдар ыдырағанда шығарады. Электромагниттік толқындар шкаласында барлық сәулелердің ортақ қасиеттері мен айырмашылықтары болады:
Сапалық есептерді ауызша орындау:
(Қорғасын және қорғасын тұзы рентген сәулесін жақсы жұтады)
(Барийдің сұр қышқыл тұзы ретген сулесін жақсы жұтады, адамның жұмсақ тіндерінің (асқазан, ішек) көрінуін жүзеге асырады) (I,f) Сөйлемдерді толықтырыңдар: a) Өтімдігі өте жоғары сәулелену __________________________________________. b) Ғарыш аппаратттарымен байланысты жүзеге асыру үшін ________________________________________қолданады . c)Адамның көзіне көрінетін сәуле _________________________________________. d)Жеміс- жидектерді кептіру кезінде _____________________________ қолданады. Жауаптары: а) Гамма b) Радиотолқындар с) Көрінетін жарық d) Инфрақызыл сәулелер | Презентация: http://physicslocker.com/physicslocker/igcse/pp/KS4%20Boardworks%20PowerPoints/gcse%20physics/10.%20Electromagnetic%20Waves%20v2.1.ppt Дисперсия және жарық спектрі https://www.youtube.com/watch?v=4E1AxUMUz-g | ||||||
Сабақтың соңы. 5 мин Рефлекция Бағалау | Рeфлексия пирамидаcы:Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап, пирамиданы толықтыр: Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау -Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу. | Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады. | Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 10 балл | Үлестірме стикерлер Дескриптор Оқулық |
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс
Білім беру ұйымының атауы | | |||||||||||
Пәні: | | |||||||||||
Бөлім: | 9.3 В Тербелістер мен толқындар | |||||||||||
Педагогтің аты-жөні: | | |||||||||||
Күні: | | |||||||||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Практикалық жұмыс | |||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 9.2.5.12- толқын жылдамдығы жиілігі және толқын ұзындығы формулаларын есептер шығаруда қолдану. | |||||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар істей алады: Электромагниттік толқындарды сипаттады Көптеген оқушылар істей алады: Әр түрлі диапазондағы электромагниттік толқындар қолданылуына мысалдар келтіреді Кейбір оқушылар істей алады: Электромагниттік сәулелердің адам өміріндегі ролін, сәулелердің әсерін біледі | |||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||
Сабақтың кезеңі//уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||
Ұйымдастыру Өзін-өзі тексеру Сабақтың басы 10 минут Өткен білімді еске түсіру Жаңа білім 10 минут Бекіту 10 минут Кері байланыс Сабақтың соңы 10 минут | Сәлемдесу. Сыныпты ұйымдастыру ( топқа бөлу «біздің сынып керемет») Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
Оқушылардың үйге берілген есептерді қалай орындап келгенін тексеру . Формулаларды білесің бе? Толқын ұзындығы υ Гц T=1/ ν Толқын жиілігі λ м/с ν=υ/λ Толқын жылдамдығы ν м υ=λ·ν Толын периоды Т с λ= υ·Т Жаңа сабақ ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС Оқулықпен жұмыс 185-бет Жұптық жұмыс . 1 тапсырма .Электромагниттік шкаланы пайланып кестені толтыру
2 тапсырма .Ұялы телефонның пайдасы мен зияны зеттеу жұмысын жүргізу .Жұптар бір-бірімен сұхбаттасып оқулықта берілген сұрақтарға жауап беру арқылы сұрақтың жауабын тауып,ой қорытады Топтық тапсырмалар .Деңгейлік есептер шығару. I топ 1. Ұзындығы 5 см электрмагниттік толқынның түрі қандай болады? 2. Судан өткен күлгін сәуленің толқын ұзындығын анықтаңдар. 3. Радиотолқынның ұзындығы 30 м, оның ауадағы таралу жылдамдығы 3× м/с. Толқын көзінің жиілігі неге тең? II топ 1. Ақ жарық сәулесінің ұзындығы 1 м болуы мүмкін ба? 2. Ауыр шыныдан өткен жасыл түсті суленің ұзындығын анықтаңдар. 3. Тербеліс жиілігі 1 МГц электрмагниттік толқынның ұзындығы қандай болады? Толқынның таралу жылдамдығы 3× м/с. III топ 1. Ұзындығы 5 нм электромагниттік толқын қандай толқындарға жатады? 2.Ас тұздан өткізген көк түсті сәуленің ұзындығы қандай болады? 3. Ұзындығы 5 мкм инфрақызыл толқынның таралу жылдамдығы 3× м/с. Толқын көзінің жиілігін анықтаңдар.. Кері байланыс. Жетістік критерийлері бойынша топқа кері байланыс беріңіз. Ой-толғау «Синквейн» 1- синквейн атауы болып табылатын зат есім 2– тақырыпты ашатын екі сөз (көбіне сын есім немесе есімдік), 3 – объектінің сипатты әрекеттерін көрсетін үш етістіктен тұрады 4 – құбылысқа синквейннің оқушының жеке көзқарасын білдіретін төрт сөзден тұратын сөз орамы. 5 – құбылыстың мәнін ашатын бір сөз - синоним Рефлексия. Үйге тапсырма: Ұялы телефонның пайдасы мен зияны тақырыбында реферат жазу Тарауды қайталау. | өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады. Оқушы өткен тақырып бойынша формулаларды атайды Оұулықпен жұмыс жасайды Тапсырмаларды орындайды Топтасып есептер шығарады Кері байланыс береді оқушылар | Бағалау критерилері Электромагниттік толқындарды сипаттау Әр түрлі диапазондағы электромагниттік толқындар қолданылуына мысалдар келтіру Электромагниттік сәулелердің адам өміріндегі ролін, сәулелердің әсерін білу Дескриптор Электромагниттік толқын шкаласын пайданып кестені толтырады Ұялы телефонның адам өміріндегі маңызы мен зиянын зерттейді 5 балл Декскриптор Есептің шартын түзеді Формуланы қорытады Есептің шешімн табады 5 балл Формативті баға 10 балл | Оқулық Слайд Таратпа материалдар |
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару
Білім беру ұйымының атауы | | |||||
Пәні: | | |||||
Бөлім: | 9.3 В Тербелістер мен толқындар | |||||
Педагогтің аты-жөні: | | |||||
Күні: | | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Есептер шығару | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 9.2.5.12- толқын жылдамдығы жиілігі және толқын ұзындығы формулаларын есептер шығаруда қолдану. | |||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар істей алады: Электромагниттік толқындарды сипаттады Көптеген оқушылар істей алады: Әр түрлі диапазондағы электромагниттік толқындар қолданылуына мысалдар келтіреді Кейбір оқушылар істей алады: Электромагниттік сәулелердің адам өміріндегі ролін, сәулелердің әсерін біледі | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі//уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Ұйымдастыру Өзін-өзі тексеру Сабақтың басы 10 минут Өткен білімді еске түсіру Жаңа білім 10 минут Бекіту 10 минут Кері байланыс Сабақтың соңы 10 минут | Сыныппен сәлемдесу, сынып оқушыларын түгендеу. «Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау Қайталау сұрақтары 1. Үй тапсырмасын тексеруге сұрақтар беріледі. 1.Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралуын... (механикалық толқын) 2.Механикалық толқындар таралатын орта ... (қатты,сұйық,газ) 3.Толқын тербелістегі бөлшектерді тасымалдамайды, тек ... (энергияны тасымалдайды) 4.Толқын жылдамдығы анықталады ... (v=l/T) 5.Жиілігі 20000 Гц –тен жоғары толқындар ... (ультрадыбыс),16 Гц –тен төмен толқындар(инфрадыбыс) 6.Ток күшінің,зарядтың,кернеудің периодты өзергіп отыруын ... (электромагниттік тербелістер) 7.Электромагниттік тербелістерді алатын құрылғы (тербелмелі контур) 8.Тербелмелі контур неден тұрады (катушка мен конденсатордан) Ыстық орындық әдісі арқылы оқушылар өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді. Есептер шығару PISA тапсырмалары: 1 – есеп Көл суының бетінде толқын 6 м/с жылдамдықпен тарайды. Егер толқынның ұзындығы 3 м болса, онда су бетіндегі қалқыма тербелісінің периоды менжиілігі қандай? 2 – есеп Балықшы қалтқы 10 с ішінде толқында 20 тербеліс жасағанын, ал көршілес толқын өркештерінің арақашықтығы 1,2 м екендігін байқаған. Толқындардың таралу жылдамдығы қандай? 1 – есеп Ер адамның ең төмен дауысы үшін ауадағы дыбыс толқынының ұзындығы 4,3 м-ге, ал әйел адамның ең жоғарғы дауысы үшін 25 см-ге жетеді. Осы дауыстардың тербеліс жиілігін табыңдар. 2 – есеп Рояльдың жиілік диапазоны 90 Гц пен 9000 Гц аралығында. Ауадағы дыбыс толқындары ұзындықтарының диапазондарын табыңдар. Акустикалық резонанс дегеніміз не? Акустикалық резонанс қандай құбылыстарда көрініс береді? Музыкалық аспаптардың ойықтарының көлемін салыстыр? Домбыраның дыбыс шығаруының мәні неде түсіндір? Акустикалық резонансты, дыбыстың шағылуын білу біз үшін маңызы қаншама? «Екі жақты күнделік», «Нені білдім» бағанды толтыру. Кері байланыс: «Константинополь» Бүгінгі негізгі сөзден барынша көп қысқа сөздерді құрастыру қажет. Рефлексия «Аралдар» Үйге тапсырма Тарауды қайталау | Оқушылар өткен тақырыпты қайталау үшін сұрақтарға жауап береді Ыстық орындыққа сұраққа жауап берген оқушылар отырады ПИЗА тапсырмаларын орындайды Есептерді жеке жеке орындайды Оқушылар кері байланыс береді | Бағалау критерилері Электромагниттік толқындарды сипаттау Әр түрлі диапазондағы электромагниттік толқындар қолданылуына мысалдар келтіру Электромагниттік сәулелердің адам өміріндегі ролін, сәулелердің әсерін білу Дескриптор Есептің шартын түзеді Формуласын анықтап,қорытын қолдана алады Есептің шешімін жазады 5 балл Сұрақтарға жауап беру арқылы 1 балл алады | Оқулық Слайд |