Файл: Ашы саба Таырыбы Адам ан топтарыны тымуалау задылытары. Резусфактор.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 21
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қ. Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Адам қан топтарының тұқымқуалау заңдылықтары. Резус-фактор»
9 «Ғ» сынып
Студент - практикант: Анар Арай
2022-2023 оқу жылы
Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: «Адам қан топтарының тұқымқуалау заңдылықтары. Резус-фактор.»
9.3D Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары | Мектеп: №7 Қ.Сыпатаев атындағы IT мектеп-лицейі | ||
Күні: | Студент-практикант:Анар Арай | ||
Сынып: 9«Ғ» | Қатысқан оқушы саны | Қатыспаған оқушы саны: | |
Сабақтың тақырыбы | Адам қан топтарының тұқымқуалау заңдылықтары. Резус-фактор. | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 9.2.4.8 - адамның қан тобының тұқымқуалауын және қан топтарын анықтау механизмін түсіндіру | ||
Сабақтың мақсаты | Адамның қан тобының тұқымқуалау механизмінің ерекшеліктерін атайды. Адамның қан топтарының механизмін сипаттайды. Оң және теріс резус фактордың айырмашылығын салыстырады |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 7 мин. | Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру. Геометриялық фигура арқылы топқа бөлінеді | |||||
Жаңа сабаққа кіріспе | (Ұ) «Миға шабуыл» арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі. Өзгенің пікірін толықтырады.. | «Ой қозғау» 1.Адамда қанша қан тобы бар? 2. Неге әмбебап донор және әмбебап рецепиент деп аталады? 3.Агглютинация, резус-фактор, резус-конфликт, гемолитикалық сары ауру дегеніміз не? | Сұрақтарға қышқаша жауап береді | | ||
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 26 мин. | Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді | Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады | Дескриптор: Жалпы - 3 балл 1. Кодомирлеуді түсіндіреді. | Тақырып бойынша интернет көздерін пайдаланып видеоролик көру. | ||
| Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. | 1-тапсырма Ақылды оқулық» 1 - тапсырма 1 Донор – реципиент 2 Аглютинация 3 Резус фактор 4 Резус – конфликт | Дескриптор: 1. Адамның қан тобының тұқымқуалау механизмінің ерекшеліктерін атайды. | 9-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. | ||
| Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. | 2-тапсырма «Танып біл» әдісі 1.Әртүрлі қан топтарының тұқымқуалауының 6 үдерісінің біреуін сызба түрінде бейнелейді. 1) Р-І×ІІІ гетерозиготалы; 2) Р-ІV×II гомозиготалы; 3) P-IV×III гомозиготалы; 4) P-I×II гетерозиготалы; 5) P-IV×III гетерозиготалы; 6) P-I III гомозиготалы; 2) Қан топтары жасалған жүйені түсіндіреді. | Дескриптор: 1. Адамның қан топтарының механизмін сипаттайды. | ДК экраны 9-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. | ||
| ||||||
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | | 3-тапсырма АЛТЫН КІЛТ» Әдісі Сұрақтарға жауап беру 1.Адамда қанша қан тобы бар? 2.Қандай қан топтары бар? 3.Неге әмбебап донор және әмбебап реципиент деп аталады? 4.Агглютинация, резус-фактор, резус-конфликт дегеніміз не? Кері байланыс: «Керемет, жақсы, талпын» әдісі арқылы бағалайды. Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. | Дескриптор: Оң және теріс резус фактордың айырмашылығын салыстырады . | |