Файл: Жасспірімдерді нашаорлыа атынасы сауалнамасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 38

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Жасөспірімдердің нашақорлыққа қатынасы»

сауалнамасы

Ұсынылған сауалнама «тест» емес, онда «жақсы» және «жаман» деген жауаптар жоқ. Сіздің жеке пікіріңізді білдіру маңызды. Сізге бірқатар сұрақтар ұсынылады. Өзіңіз үшін ең дұрыс деп санайтын жауапты белгілеу керек. Қатысқаныңыз үшін Сізге алдын ала алғысымызды айтамыз.

САУАЛНАМА
1. Сіз өзіңіз үшін салауатты өмір салтын ұстануды қажет деп санайсыз ба?

а) иә,

б) бұл мәселе маған әлі маңызды емес

в) жоқ
2. Сіздің таныстарыңыздың арасында есірткі заттарын ("медеферон", "экстази", "скорость", "героин" т.б., -есірткі заттарды) қолданатын адамдар бар ма?

а) иә

б ) жоқ
3. Егер сіз досыңыздың есірткі қолданатынын білсеңіз.Сіз:

а) қарым-қатынасымды тоқтатамын

б) назар аудармай, достығымды жалғастырамын -

в) емделуге көмектесуге тырысамын

г) өзім де сынап көруді сұраймын
4. Сіз есірткі қолданып көрдіңіз бе?

а) иә

б) жоқ

__________________________________________________
5. Сіз есірткі затын қолданып көргіңіз келе ме? Қайсысын?

а) иә

б) жоқ

__________________________________________________
6. Есірткіні келесі қолданудан әрқашан бас тартуға болады.

а) иә

б) жоқ

в) иә, егер ерік күші болса
7. Есірткі мен психобелсенді заттарды заңсыз жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын білесіз бе?

а) иә

б) жоқ
8. Сіздің ойыңызша есірткі туралы хабарландырулар қай жерлерде жиі кездеседі?

а) үйлердің қабырғаларында

б) құрылыстардың қабырғаларында

в) әлеуметтік желіде

г) Сіздің жауабыңыз: __________________________________
9. Құқық қорғау органдарының нашақорлық пен есірткі саудасының алдын алу саласындағы жұмысын қалай бағалайсыз?

а) қанағаттанарлықсыз

б) қанағаттанарлық

в) жақсы

г) Сіздің жауабыңыз: _______________________________________________________

10. Қалада есірткіні қай жерде сатып алуға болады деп ойлайсыз? (бір жауап)

а) белгілі орындарда

б) интернет ресурстарда (телеграм, инстаграм, және т.б)

в) курьерлік қызметтер арқылы

г) ойын-сауық орындарында
11. Соңғы уақытта нашақорлықтың таралауының себебі неде деп ойлайсыз?

а) құқық қорғау органдарының нашар жұмысы

б) шамадан тыс еркіндік, бос уақыттың тиімді ұйымдастырылмауы

в) есірткі бизнесінің әсері, есірткінің қол жетімділігі

г) профилактикалық жұмыстың әлсіздігі


12. Нашақорлықтың алдын алу және шешу үшін қандай іс -шаралар тиімдірек деп ойлайсыз? (бірнеше жауап нұсқаларын белгілеуге болады)

а) арнайы концерттер, фестивальдар

б) дене шынықтыру және спорттық іс-шаралар

в) оқу орындарындағы дәрістер мен әңгімелер, видеороликтер көрсетілімі

г) психологтардың, психотеропевтердің көмегінің қолжетімділігін арттыру

д) Сіздің жауабыңыз: ___________________________________________
13. Қазір есірткі алу қиын деп ойлайсыз ба? (бір жауап)

а) өте қиын

б) қиын

в) салыстырмалы түрде оңай

г) өте оңай

д) білмеймін
14. Есірткі заттарын пайдаланғаны, сақтағаны және өткізгені үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық жауапкершілігі Сізге белгілі ме? (бір жауап)

а) иә, өте белгілі

б) иә, жалпылама белгілі

в) белгісіздеу

г) мүлдем белгісіз

Өзіңіз туралы мәліметтерді белгілесеңіз:
Жынысыңыз: (Ұл/қыз) _______________
Жасыңыз: __________________________

ҚАТЫСҚАНЫҢЫЗ ҮШІН РАХМЕТ!