ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 49
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
БІЛІМЛЕНД ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫНЫҢ ТАЛДАУЫ
№61 Ғ.Мұратбаев атындағы жом Білімленд жүйесінің жұмыс жоспары білім беру ұйымы қызметінің құқықтық-нормативтік базасына негізделе отырып әзірленді.
2022-2023 оқу жылының 2-тоқсанында білім беру процесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету:
Электронды журнал білім беру процесі мына негізде жүзеге асырылды:
«Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» жобасын пилоттық енгізу туралы (2016ж.29 тамыз №536).
Жүйеде білім беру ұйымдарының жұмыстары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 29.08.2018 жылдан бастап, №536 бұйрығымен Kundelik.kz жүйесі жүргізіліп келді. Электрондық күнделік жүйесінде 2022-2023 оқу жылында мектебімізде 32 сыныппен бастадық. Оқушылар 2022-2023 оқу жылына көшірілді. Сабақ кестесі электронды журналға ендірілді. Сынып жетекшілер оқушылардың жеке мәліметтерін (оқушының аты-жөні, туған жылы, күні, айы, электрондық поштасы, мекен-жайы, ұялы телефоны, алфавиттік нөмірі, туысқаны тіркелді, ата-анасының ұялы нөмірі, медициналық көрсетілім беті толық толтырылды). Ата-аналарға, оқушыларға логин, п
арольдары толығымен таратылды. Мұғалімдерге күнделіктің жүргізілуі туралы нұсқаулықпен таныстырып, қол қойдырылды. Күнделікте өзгеріс болған сайын мұғалімдерге дер кезінде хабардар етіп отырдым. Сабақ барысы бойынша, ата-аналар, оқушылар мен мұғалімдер арасында кері байланыс жүргізіліп отырылды. БЖБ, ТЖБ жүргізу барысында, күнделік жүйесінде алдын ала хабарландыру жасалынып отырды. Пән мұғалімдері КТЖ күнделік жүйесіне ендірді. Мұғалімдер формативті бағалау жүргізіп, БЖБ, ТЖБ жұмыстарын уақытына алып, оқушыларға кері байланыс жүргізіліп отырды. Электронды сынып жуpналының жүpгiзiлуi, қалыптастырушы және жиынтық бағаның дұpыс қойылуы, түзетiлмеуi, тоқсан бойынша оқушылардың баға қоры, электронды журналдың жоспарға сай толтырылуы, оқушылардың сабаққа қатысуы (ауырғаны, кешіккені, себепсіз келмегені туралы мәліметтің дер кезінде толтырылуы), үй тапсырмасының, жалпы оқуға тарту бетінің дұрыс толтырылуы, журналдың мекен-жайы атын толтыру, эстетикалық талапқа сай толтырылуы қадағаланып отырылды. Әр тоқсан сайын стандарттың орындалуы қаралды. Мерекелік күндер кіріктіріліп жазылуына байланысты бұйрық шығарылды және екі тақырыпты бір күнге дроб арқылы жазылатындығы түсіндірілді. Пән мұғалімдерінің күнделік жүйесін талапқа сай орындауы үнемі қадағалануда болды. Пән мұғалімдері сабақ кезінде сабақ өткізілді белгісі, формативті бағалау, үй тапсырмасын қосу арқылы үйге тапсырма беру жұмыстары үнемі тексеріліп, уақытында түзетіліп отырылды. Күнделік жүйесі бойынша, пән мұғалімдерін уақытында тексеріп, толтырылмаған жерлерін сол күні орындауы қадағаланды. 9, 11 сыныпты бітірген оқушылардың аттестаттары күнделік жүйесіне енгізілді. Кейбір түсінбеген сұрақтары болып жатқан кезде, видео арқылы мұғалімдерге жіберіліп толықтырулар жасалынды. Сонымен қатар апта және ай сайын күнделіктің жүргізілуі бойынша мониторинг жасалынып отырылды.
НОБД (ҰҰБДҚ) –ның ТОЛТЫРЫЛУЫ
Тіркеу мәліметтері
Білім беру ұйымдарының түрлері - білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы ҚР БҒМ 2013 жылғы 22 ақпандағы №50 Бұйрығына сәйкес толтырылған. Білім беру ұйымының БСН - Бизнес-сәйкестендіру нөмірін (12 сан). Ұйымның территориялық тиістілігі - қалалық жер немесе ауылдық жер деп таңдау. Ұйымдастыру-құқықтық түрі - білім беру ұйымының Жарғысына сәйкес таңдау, пошта индексі, елді мекеннің құрамдас бөлігінің түрі, елді мекеннің құрамдас бөлігінің атауы - көшенің/шағын ауданның толық атауын толтыру. Үй № - ғимарат нөмірін көрсету.
«Материалдық-техникалық қор»
Бөлімше «Ғимарат туралы мәлімет» Ғимараттар саны, бірлік - ұйымдағы барлық ғимараттар санын көрсету. Ғимараттар туралы мәліметтер - техникалық паспортқа сәйкес таңдау және көрсету. Оқушы орнының тапшылығы - есеп айырысу мәліметтерін көрсету. Инклюзивтік білім беруге арналған шарттардың бар болу - шарттардың бар болған жағдайда «иә», болмаған жағдайда «жоқ» көрсету. Турникеттің болуы туралы көрсету.
«Кітапхана/Оқулықтар»
Кітапхана, бірлік - кітапханалар санын көрсету. Кітапхана ауданы, ш.м. - білім беру ұйымының техникалық паспортына сәйкес кітапхана ауданын көрсету. Оқу залдарының саны, бірлік - оқу залдарының санын көрсету. Оқу залдарында отыратын орындар саны - оқу залдарыныдағы отыратын орындар санын көрсету. ОӘӘ қажеттілігі - қажетті оқыту әдістемелік әдебиеттің толық атауын толтыру. Оқырмандар саны - есепті жылдағы оқырмандар санын көрсету. Кітап беру саны, бірлік - есепті жылдағы кітап беру санын көрсету. Келіп кетушілер саны, адам - есепті жылдағы келіп кетушілер санын көрсету. Кітаптар саны, дана - кітаптардың барлық санын көрсету, оның ішінде оқулықтар, көркем әдебиеттер, брошюралар және журналдар. Жеке оның ішінде оқулықтар және кітаптар (көркем әдебиеттер, брошюралар және журналдар). Электрондық оқулықтардың саны, дана - электрондық оқулықтардың санын көрсету. Қазақ тіліндегі кітаптар саны, дана - қазақ тіліндегі кітаптар санын көрсету. Ағымдағы жылда келіп түскен оқулықтарды ескере отырып оқушылардың қаматамасыздандырылуы - лайықтысын таңдау және толтыру.
«Компьютерлеу»
Компьютерлердің бар болуы - болған жағдайда-«иә», болмаған жағдайда- «жоқ» таңдау. Компьютерлердің саны - компьютерлер санын көрсету (барлығы, оқу үдерісінде қолданылады, оқытушыларға арналған, оқытушылар/ мұғалімдер қолданатын, ғаламторға шығу мүмкіндігі бар). Түсу көздері бойынша компьютерлердің саны, бірлік - есепті жылда қаржыландыру түрі бойынша сатып алынған компьютерлер санын көрсету.
Кабинеттер/Сыныптар/Дәрісханалар»
Сынып бөлмелері, оқу кабинеттері мен зертханаларды қоса алғанда, бірлік - сынып бөлмелерінің санын, оқу кабинеттері мен зертханаларды қоса алғанда, білім беру ұйымының техникалық паспортына сәйкес көрсету. Сынып бөлмелерінің ауданы, оқу кабинеттері мен зертханаларды қоса алғанда, ш.м. - сынып бөлмелерінің ауданын, оқу кабинеттері мен зертханаларды қоса алғанда,білім беру ұйымының техникалық паспортына сәйкес көрсету. 5-6-жастағы балаларға арналған ойын бөлмесі, бірлік - бар болған жағдайда, 5-6-жастағы балаларға арналған ойын бөлмесінің санын көрсету. Оқу кабинеттерінің болуы, бірлік - бар кабинеттердің санын көрсету. Лингафондық құрылыммен жабдықталған оқу кабинеттері, бірлік - лингафондық құрылыммен жабдықталған оқу кабинеттерінің санын көрсету. Кабинеттердің бар болуы - бар болған кабинеттерді белгілеу. Оқу шеберханаларының бар болуы - оқу шеберханаларының түрін және ондағы орындар санын көрсету.
«Қосымша мәліметтер»
Бөлімше «Кадрлар туралы қосымша мәліметтер» Инженерлік- педагогикалық жұмыскерлер саны, адам – инженерлік педагогикалық жұмыскерлердің санын штат және кадрларының қажеттілігі бойынша көрсету. Техникалық жұмыскерлердің саны, адам - техникалық жұмыскерлердің санын штат және кадрларының қажеттілігі бойынша көрсету.
«Қызметкерлер»
Апталық жұмыс мөлшері - таңдау (тұтас жұмыс күнде, толымсыз жұмыс күнде). ТжКББҰ 5 жылдан аса өтілі бар - «ия» немесе «жоқ» таңдау. Әкімшілік бастамасы бойынша босатылды - «иә» немесе «жоқ» таңдау.
Бөлім «Контингент»
Топтың коды - топтың атауын толтыру (бір топта оқитын әрбір студенттің топтың атауын бірдей толтыру). Оқу мерзімі - анықтамадан студенттің қанша жыл (курс) оқу керектігін таңдау. Студент (оқу курсы) - студенттің оқу курсын таңдау. Біліктілік берілген сертификатты алды - «иә» немесе «жоқ» таңдау. Құқық қорғау органдарының есебінде тұрады - бұзылыстардың түрін белгілеу (әкімшілік құқық бұзушылық, өлтірушілік, ұрлық, бұзықшылық, есірткіні сақтау, өзге де). Ағымдағы жылда бітіргендерден, қайта қабылданғандар саны - сәйкесті таңдау (негізгі мектепті, орта мектепті, басқа). Негізде қабылданды - сәйкесті таңдау (9 класс, 11 класс. Аттестат түрі - таңдау (үздік аттестат, Алтын белгі, аттестат). Жұмыс берушiлердiң тәуелсiз бағалау қоғамдастығынан өтті - «ия» немесе «жоқ» таңдау. Оқу бітіргеннен кейін сол жылы жұмысқа орналастырылды - «ия» немесе «жоқ» таңдау.
Қорытынды
Білім беру ұйымдарының төлқұжаттарын толтыруға статистикалық есептерді жүргізу және тізбелер құрастырушысымен және ҰББДҚ есептерімен жұмыс істеу, әрбір пайдаланушы білім беру ұйымдарындағы статистикалық көрсеткіштерді республика және аумақ бойынша білуге мүмкіндік туғызады. Бұл аналитикалық зерттеулер, білім берудің әр деңгейі бойынша мониторинг. Жоспарлар және болжамдар жасауға білім мүмкіндік береді. ҰББДҚ – білім беру статистикасын жинау, мәліметтерді бірнеше жылға сақтау, уақыты белгіленбеген есептер құрастыруға арналған бірегей жүйе. Бұдан басқа, ҰББДҚ мәліметтерді айқын көру, күмәнді ақпаратты жоюға мүмкіндік береді. Білім беру ұйымдарының көрсеткіштерді бір уақытта енгізу, білім беру жүйесі статистикасын уақытылы қолдануға мүмкіндік береді.
НОБД (ҰҰБДҚ) –ның толтырылуы бойынша, жоғарыда аталған мәліметтердің барлығы жүзеге асырылды. Өзгерістер дер кезінде толықтырылып отырылды.
БІЛІМЛЕНД ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҮРГІЗІЛУІ
Bilimland сайты - Білім беру жүйесінің жаңа технологиялары, әлемдік білім беру
нарығындағы ең озық компаниясының жетістіктері негізінде жасалған.
1. сынып жетекшілер бекітілді. Барлық мұғалімге жүйемен қалай жұмыс жасау керектігі туралы зум арқылы түсіндірілді. Сонымен қатар, әрбір сұраққа жауап ретінде, жүйенің өзінде бейне нұсқаулықтар көрсетілді. Пән мұғалімдері КТЖ білімленд жүйесіне ендірді. Өз сабақ кестесіне қарай тақырыптарды ауыстырып қоюға болатындығын дұрыс білмегендіктен, қателіктер жіберіп, уақытында түзетіп отырды. Сынып жетекшілер қалай оқушыларды тіркеу керектігін, логин, порольдарын қалай әперу керектігін үйренді.
Қорыта келе айтарым, Bilimland жүйесінің рөлі қазіргі таңда білім саласы үшін өте жоғары. Себебі, бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен оқушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуға білімдерін онлайн жалғастыруға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін ақпараттармен байланысуға зор мүмкіндік алады. Бірақ әлі де жетілдіру қажет етеді. Bilimland жүйесін алдағы уақытта бұдан жоғарғы дәрежеге жетеміз деген ойдамын.
• Мұғалімдер өздерін есептік кезеңнен қарап, неше пайызға жететіндігін көре алатындығы.
• Bilimland, zoom, гугл формамен жұмыс жасап үйренуі.
• НОБД-ға, күнделікке 9,11 сынып аттестарттарын толтыруы.
• Кітапхана меңгерушісі уақтылы кітаптар тізімін енгізуі.
• Оқушылар мен мұғалімдердің онлайн вебинарлар мен сайыстарға қатысуы.
• Мұғалімдер мен оқушылар өткізілген іс-шараларына байланысты видеороликтер жасап үйренуі.
• Мұғалімдер мен оқушылардың компьютерлік желілері мен ұялы сымтетіктерімен жұмыс жасап, пайдалануды үйренді. Әлсіз жақтары (Weaknesses):
• «Kundelik.kz» платформасын пайдаланған кезде, құс белгісінің уақтылы қойылмауы.
• Интернет желісінің жұмыс жасаMay қалуы.
• Сынып жетекшілердің уақытында сабақ кестесін берген кезде пән мұғалімдерін шатастыруы.
• НОБД-ға әлеуметтік көмек алатын оқушыларды дұрыс көрсетпеуі.
• Ата- аналар мен оқушыларға уақытында пікір қалдырмауы.
• Әлі де болса, пән мұғалімдері мен оқушылардың Bilimland платфорасына дұрыс кірмеуі.
• «Kundelik.kz» платформасына кейбір оқушылар үй жұмыстарын ендіре алмауы.
• Сынып жетекшілер, НОБД платформасына компьютерлердің болуы мен интернет желісінің бар болуын уақытында енгізбеуі