ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 93
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№ 1сабақ. А бөлімі.
Бөлімі: | 1-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат») |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Өз денсаулығымызды сақтаймыз. |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.1.3.1 информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау. |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушы үшін: Информатика кабинетінде тәртіп және қауіпсіздік техника ережелерін сақтауды үйренеді. Оқушылардың көбі үшін: Информатика кабинетіндегі техникалық құралдарды пайдалануды біледі. Кейбір оқушылар үшін: ***.Информатика кабинетіндегі құралдардың қызметін біледі. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 1-7 мин. | 1. Сәлемдесу. 2.Оқушыларды түгендеу. | Ширату тапсырмасы. «Айна» ойыны. Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды солға, солды оңға қарай жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды ахуал орнатады/. | Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Сандықша, қағаз қиындылары. | ||
4. Топтастыру | | «Құпия сандық» әдісі Оқушыларға құпия сандықтан бір қағаз қиындысынан алуға нұсқау беріледі. Қағаз қиындысында берілген сөздер бойынша топқа жинақталып, бірігеді. 1-топ: «Информатика» 2-топ: «Компьютер» Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, ол туралы өз ойларын айтады. 5. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. | Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | | ||
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі | Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді. Интерактивті тақтадан төмендегі сурет көрсетіліп, суреттегі қалаға саяхат жасау тапсырмасы беріледі. | Балалар суретке саяхат жасап біткен соң, келесі сұрақтарға жауап береді.
| Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | | ||
Жұмыс дәптеріндегі №1тапсырманы орында. | Төмендегі суреттерден информатика кабинетін тауып, оны белгіле. Қысқаша сипаттап жаз. | «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Жұмыс дәптері. 4-бет | |||
Жаңа сабаққа дайындық. | Мұғалімнің кіріспе сөзі Оқушыларға жаңа білім бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі. Мұғалімнің сөзі: Балалар, бұл суретте информатика кабинеті бейнеленген. Ол жерде АКТ сабағы өтеді. Кабинетте компьютерлер бар. Кабинетті пайдаланудың өз ережесі бар. Мұғалім балаларды өздері оқып жатқан информатика кабинетімен таныстырады. | |||||
Сабақтың ортасы (26 мин) | Қабырғаларға алдын ала оқулықта берілген кабинеттің суреттері ілінеді. Сол суреттерді оқушылар аралап, тамашалап, өз ойларымен бөліседі. | 1- тапсырма: Суреттерге назар аудар! Информатика кабинетінде не істеуге болмайды? Себебін түсіндіріп көр. | ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!». | Интерактивті тақта | ||
| (МК, Т). Интерактивті тақтадан компьютер алдында отырған оқушыларды бейнелейтін 4 сурет көрсетіледі. 1-тапсырма: Компьютердің алдында отырудың ережесі бар. Кім компьютер алдында дұрыс отыр? | Дескриптор:
| ҚБ: Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Интерактивтітақта | ||
| (Ж) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интерактивті тәсіл. Интерактивті тақтада 3 сурет көрсетілгеннен кейін әрбір оқушы жеке өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (1-2 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 2-3 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады. | 2- тапсырма: Суретке назар аудар. Компьютер алдында дұрыс отырмаудың қандай зияны бар? Ойыңмен бөліс. Дескриптор:
| ҚБ: Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Интерактивтітақта | ||
| (Д). Интерактивті тақтадан компьютер алдындағы балақайдың әртүрлі іс-әрекеті бейнеленген 3 сурет көрсетіледі. ***3- тапсырма: Информатика кабинетінде бала қандай ережені бұзды? Балаға қандай кеңес бересің? | Дескриптор:
| ҚБ: Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Интерактивтітақта | ||
Сабақтың соңы 7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия. | (Ж) «Ұялы телефон» әдісі Оқушылар бір-біріне СМС (хабарлама) жазу арқылытөмендегі сұрақтарға жауап жазады. | - Бүгінгі тақырып не туралы болды? - Бүгінгі тақырыпта не ұнамады? - Бүгінгі тақырып несімен ұнады? - Мені қызықтырғаны ... -Сабақта қандай сезімде болдың? - Тақырыпқа не қосар едің? -Тақырыптан қандай үлгі алдың? Менің қолымнан ... келеді. | ҚБ: Мұғалімнің қорытынды бағалауы «Мадақтау сөз» әдісіарқылы жүргізіледі: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Жұмыс дәптерлері | ||
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. | ||||
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. | «Мадақтау сөзі» әдісі | Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. | ||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді?Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |
№ 2-сабақ.А бөлімі.
Бөлімі: | 1-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат») |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Компьютермен танысу |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.1.3.1 информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау. |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушы үшін: информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау. Көпшілік оқушылар үшін: Компьютер құрылғыларымен танысады. Кейбір оқушылар үшін: ***.Компьютер құрылғыларының атқаратын қызметін біледі. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 1-7 мин. | 1. Сәлемдесу. 2. Оқушылар-ды түгендеу. | Ширату тапсырмасы. «Боди-арт» ойыны. Барлық қатысушылар бірінің артына бірі тұрады. Соңғы ойыншы алдыңғының арқасына өзі қалаған суретті салады, ол ойыншы ненің суретін сезінгенін өзінің алдындағы оқушыға салады. Осылайша алдыңғы қатысушыға дейін сурет салу жалғасады. Соңғы және бірінші баланың суреттері салыстырылып, кімнің тұсынан ағаттық кеткені анықталады. /Бұл ойын арқылы сыныпта психологиялық жағымды ахуал туады/. | | |
4. Топтастыру | «Мозаика» әдісі Оқушылар мұғалім үстелінен сурет қиындысы бейнеленген бір дана қағаз қиындысын таңдап алады. Алынған қағаз қиындысында бейнеленген суретті жинақталып құрастыру арқылы екі топқа бірігеді. | 1-топ: «Монитор» 2-топ: «Пернетақта» Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, сурет туралы өз ойларын айтады. 5.Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. | | |
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі | Миға шабуыл «Ой қозғау»әдісі. Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді. Интерактивті тақтадан төмендегі 1-сурет көрсетіліп, оқушыларға сұрақтар қойылады және жауап беріп, ұжыммен талқыланады. |
| Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісіарқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!». | Интерактивті тақта |
Жұмыс дәптеріндегі №2тапсырманы орында. | Құрылғылар қалай аталады? Жаз. | «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Жұмыс дәптері. 6-бет | |
Жаңа сабаққа дайындық. | Мұғалімнің кіріспе сөзі Оқушыларға жаңа білім бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі. Мұғалімнің түсіндірмесі:
Жүйелік блок – ішкі құрылғылар орналасқан корпус. | |||
Сабақтың ортасы (26 мин) | (Т) «Галерея» әдісі. Қабырғаларға алдын ала оқулықта берілген құрылғылар бейнеленген суреттер ілінеді. Сол суреттерді оқушылар аралап, тамашалап, өз ойларымен бөліседі. | 1- тапсырма: Тәжірибеңе сүйеніп компьютерге қатысты құрылғыларды анықта (2-сурет). Бұл құрылғылардың қызметін білесің бе? Дескриптор:
| ҚБ: Мұғалім топта белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша –«Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш –«Талпын!». | |
| (Ж) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Интерактивті тақтадан әртүрлі құрылғылар бейнеленген 4 сурет көрсетіледі. | ***. 2-тапсырма: Көрсетілген құрығылардың бәрінің қызметін қосса, қандай құрылғы шығады (7-сурет). Түсіндір. Дескриптор:
| ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісіарқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!». | Интерактивті тақта |
Сабақтың соңы 7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия. | (Ұ). Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді. |
| ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!». | Интерактивті тақта |
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілеттірек оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. | ||
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. | «Фигуралар» әдісі | Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. | ||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді?Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |
№ 3-сабақ. А бөлімі.
Бөлімі: | 1-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат») |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Интернет -ақпарат көзі |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.3.1.1 желідегі ақпараттың барлығы сенімді, пайдалы емес екенін түсіну. |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушы үшін: Интернет және желідегі ақпаратпен танысады. Көпшілік оқушылар үшін: Интернет және желідегі ақпаратпен танысып, пайдалы емес екенін түсінеді. Кейбір оқушылар үшін: ***.Интернет және желідегі пайдалы және пайдасыз ақпаратпен танысады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 1-7 мин. | 1. Сәлемдесу. 2. Оқушылар-ды түгендеу. | Ширату тапсырмасы. «Бұлт үстіндегі саяхат» ойыны Нұсқау: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең дем алыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Мұнда. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып және таңғаларлық оқиға орын алуы мүмкін....(30 секунд). Енді сендер тағы да бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне әкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар...Бұлт ақырындап ауада ери бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл-күй сыйлайды/. | ||
Топтастыру | «Мозаика» әдісі. Оқушылар мұғалім үстелінен сурет бөлігі бейнеленген бір дана қағаз қиындысын таңдап алады. Алынған қағаз қиындысында бейнеленген суретті жинақталып құрастыру арқылы екі топқа бірігеді. | 1-топ: «Интернет» 2-топ: «Браузер» Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, сурет туралы өз ойларын айтады. 5.Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. | | |
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. | Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді. |
Сен қажетті ақпаратты қайдан іздейсің? Оқулықта берілген 3-суретке қарап әңгімеле. | ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісіарқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!». | |
Жаңа сабаққа дайындық. | Жаңа сабақ. «Броундық қозғалыс» әдісі Сынып ішіне тақырыпқа қатысты мәліметтер мен ақпараттар орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды. Ары қарай оқушыларға жаңа білім бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі. Желі – біркомпьютерді екіншісімен жалғайтын сым. Интернет – әлемдегі барлық компьютерді қосатын желі. Браузер – компьютерден интернетті ашатын программа. | |||
Сабақтың ортасы (26 мин) | (Т) «Суреттер сөйлейді» әдісі. Интерактивті тақтадан екі түрлі бейнедегі сурет көрсетіледі. Оқушылар топта ақылдасып, өз ойларымен бөлісіп, суреттерді бейнелейді.
| Дескриптор:
| ҚБ: Мұғалім топтық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісіарқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!». | Интерактивті тақта |
| (Ж) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Қандай дереккөзден көбірек ақпарат алуға болады? (6-сурет)? | Дескриптор:
Ең көп ақпарат алуға болатын ақпараттық көзді анықтайды. | ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісіарқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!». | |
| ***.(Ө) Оқулықта берілген 7-сурет бойынша талдау жасайды. Қай суреттегі ақпарат сен үшін пайдалы (7-сурет)? Себебін түсіндір. | Дескриптор:
| ҚБ: Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісіарқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!». | |
| Жұмыс дәптеріндегі №3-тапсырманы орында. | Нұрлан қай таңбаның көмегімен интернетке кіріп, мультфильм көре алады? Сол таңбаға бару жолын тап. | «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Жұмыс дәптері. 9-бет |
Сабақтың соңы 7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия. | (Ұ). Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді. |
| ҚБ: Мұғалім сабақта белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!». | Интерактивті тақта |
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілеттірек оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. | «Фигуралар» әдісі | Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. | ||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді?Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |