ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 94

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.

1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

Ширату тапсырмасы: «Комплименттердің бұрқасыны» ойыны.

Оқушылар берілген уақыт ішінде (1-1,5 минут) бір парақ қағазға өздерінің сүйікті адамдарынан естігісі келген комплиментті жазады. Комплименттердің жеке сөздер түрінде болмай, толық сөйлемдер түрінде болғаны дұрыс. Жазып болған соң оқушылар бұл парақтарды домалақтап, домалақ қармен атқыласқандай оларды бір-біріне лақтыруы керек. Содан кейін мұғалім оқушыларға бір-бірден «қар домалағын» ашып, оларды оқуды тапсырады. Комплименттерді барлық оқушылардың кезектесіп оқуына да болады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық тұрғыдан көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды/.

4. Топтастыру:

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.

Топтастыру. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, үштікке саналу арқылы үш топқа бірігеді.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

«Ой қозғау» әдісі.

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдар, нұсқауымен) жауап іздейді. Өз ойларымен бөліседі.

  • Ұнататын компьютер ойындары, мультфильмдер жайлы әңгімеле (1-сурет).

  • Сен ойын, мультфильмдер қалай жасалатынын білесің бе?

ҚБ: Мұғалім сабаққа қатысып, белсенділік көрсеткен оқушыларды «Қошемет-теу» әдісіарқылы бағалайды.

Интерактив-ті тақта

Жаңа сабаққа дайындық.

Жаңа сабаққа кіріспе

(МК, Д) Оқулықпен жұмыс істеу

Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқиды. Мәтіннен өзінің түсінгендері бойынша пікір алмасады. Мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, толықтырып отырады.

Оқулық.

Сабақтың ортасы

(26 мин)

(МК, Ж) Оқулықта берілген тапсырманы орындап үйренеді.

1-тапсырма

Мұғалімнің көмегімен сахнаға жаңа спрайт қоямыз. Баланың аты – Тимур. Сахнадағы оқиға: Тимур алға қозғалды, сәлем берді, күтті, қозғалды, қоштасты, сахнадан шықты. Тапсырманың скрипті 4-сурет, орындалуы 5-суретте берілген.

Жұмыс дәптеріндегі №2тапсырманы орында.

Жасырылған сөздердің дұрыс нұсқасын тауып жаз.

«Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптері.

18-бет

***.(Т) Берілген скрипт бойынша топпен бірлесіп, тапсырманы орындайды.

2- тапсырма

Программадағы кейіпкердің әрекеті қандай?

1. Мысықтың оқиғасын ауызша сипаттаңдар.

2. Мысықтың оқиғасын блок-сызбамен сипаттаңдар.

Дескриптор:

  • Топтық жұмыста бір-бірімен пікір алмасады.

  • Программадағы кейіпкердің әрекетін анықтайды.

  • Оқиғаны ауызша және блок-сызбамен сипаттайды.

ҚБ: Мұғалім топтық жұмыста белсенділік көрсеткен оқушыларды «Қошеметтеу» әдісіарқылы бағалайды.

Жұмыс дәптері.

(МК, Д) Дәптермен жұмыс.

Сабақта мәтінді оқып, практикалық тапсырмаларды орындау барысында кездестірген батырмалардың атқаратын қызметін жұмыс дәптерлеріне ретімен жазады.

3- тапсырма

Оқулықтағы 7-суретте берілгенбатырмалар қандай қызмет атқарады?

ҚБ: Мұғалім оқушының белсенділік көрсеткенін«Қошемет-теу» әдісіарқылы бағалайды.

Жұмыс дәптері.

Сабақтың соңы

7 мин.
Сабақты бекіту. Рефлексия.

(Ж). «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі.

Бұл әдіс оқушылар сабақты қорытындылау бойынша өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады.

· Сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз;

· одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз;

·оқушыларға өткен тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білген барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.

ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Қошеметтеу» әдісіарқылы бағалайды.

Интерактив-ті тақта

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Қошеметтеу» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді?Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:

8-сабақ. А бөлім.

Бөлімі:

2-бөлім. Программалау (ортақ тақырып: «Дәстүр және фольклор»)

Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Менің алғашқы программам

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.4.2.1. программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу (Scratch).

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Жобаны құру, сақтау және ашуды біледі.

Көпшілік оқушылар үшін:

Жобаның скриптіне қарап кейіпкердің іс-әрекетін сипаттайды.

Кейбір оқушылар үшін:

***. Блоктар тізімін атқаратын қызметімен сәйкестендіреді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.

1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

Ширату тапсырмасы: «Күн! Тас! Қоршау!» ойыны.

Ойын оқушылардың зейіні мен қозғалыс жылдамдығын дамытуға бағытталған.

Ойын шарты: оқушылар бірнеше топтарға бөлініп отырады. Кезек-кезек балаларға «Күн!», «Тас!», «Қоршау!» атты бұйрықтар беріледі. Сөздердің айтылу ретін үнемі өзгерту қажет. Оқушылар әрбір сөзге қимылмен жауап берулері шарт. Егер «Күн!» деген сөз айтылса, олар алақандарын ашып, саусақтарын тарбитып, қолдарын жоғары көтереді. «Тас!» сөзінде қолдарын түюлі жұдырықтарымен көтереді. «Қоршау!» сөзінде алақандарын ашып, қолдарын көтереді, бірақ саусақтары бір-біріне тығыз жанасып тұруы керек. Ойын жылдамдығы біртіндеп жоғарылауы қажет. Ешбір қате жібермеген топ жеңімпаз атанады.

4. Топтастыру:

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.

«Шаттық шеңбері» әдісі.

Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, үштікке саналып, үш топқа бірігеді.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

«Ой қозғау» әдісі.

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді. Өз ойларымен бөліседі

  • Компьютерде ақпаратты қалай ашуға және сақтауға болатындығын білесің бе?

  • Ақпаратты компьютерге не үшін сақтау керек?

ҚБ: Мұғалім сабаққа қатысып, белсенділік көрсеткен оқушыларды «Смайликтер» әдісіарқылы бағалайды.

Интерактивті тақта

Жаңа сабаққа дайындық.

(МК, Д) Оқулықпен жұмыс істеу

Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқиды. Мәтіннен өзінің түсінгендері бойынша пікір алмасады. Мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, толықтырып отырады.

Оқулық

(Ө). Дәптермен жұмыс.

«Түртіп алу» әдісі

жобаны алғаш рет сақтау: Файл - Ретінде сақтау

жобаны ашу: Файл - Ашу

Жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы

(26 мин)

(МК, Д) Оқулықта берілген практикалық жұмыстың орындалу үлгісіне қарап, тапсырманы жасап үйренеді.

Тапсырма: Мысық сахнада оңға, солға жүреді.Блок-сызбасы 5-суретте берілген.

Жобаны іске асыру үшін:

1.Scratch-ті іске қос.

2. Файл – Жаңа командаларымен жаңа бет аш.

3. 5-суреттегі командаларды орналастыр.

4. Жобаны Менің жобам атымен сақта (4-сурет).

5. Орындау командасын бас.

Жұмыс дәптері

Жұмыс дәптеріндегі №4-тапсырманы орында.

Суретте қай ертегінің кейіпкерлері бейнеленген? Артық кейіпкерлерді сыз.

«Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптері.

21-бет

(Ж) Берілген жобаның скриптіне қарап кейіпкердің іс-әрекетін сипаттайды.

1-тапсырма

Жобадағы мысық қандай іс-әрекет жасайды (6-сурет)?

  1. Мысықтың оқиғасын ауызша сипаттаңдар.

  2. Мысықтың оқиғасын блок-сұлбамен көрсетіңдер.

Дескриптор:

  • Жоба скрипті бойынша жұптасып кейіпкердің іс-әрекетін анықтайды.

  • Кейіпкердің оқиғасын ауызша сипаттайды.

  • Блок-сұлбасын құрастырып, көрсетеді.

ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік көрсеткен оқушыларды «Смайликтер» әдісіарқылы бағалайды.

Жұмыс дәптерлері

***. (Ө) Берілген блоктар тізімін атқаратын қызметімен сәйкестендіріп жазады.

2- тапсырма

Блоктардың қызметін толықтыр (7-сурет).

  1. _ _ _ _ _ _ бастайды.

  2. Спрайтты _ _ _ _ _ _.

  3. _ _ _ _ _ _ жылжытады.

  4. Спрайттың __ _ _ _ _ _.

  5. Спрайтқа _ _ _ _ _ _ береді.

ҚБ: Оқушы тапсырма орындау деңгейіне, дұрыс-бұрыстығына қарай өзін-өзі «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.

А3, А4 қағазы, маркер

(Т) «Постер қорғау» әдісі

Оқушылар төмендегі сұрақ бойынша өз пікірін айтып, шағын постер жасайды.

3-тапсырма

Жобаны сақтау мен ашуды білудің қандай маңызы бар?

Дескриптор:

  • Топта пікірлері-мен бөлісіп, ақылдасады.

  • Өз ойларын постерге түсіреді.

  • Постерді қорғайды.

ҚБ: Топтық жұмыстабелсенділік көрсеткен оқушыларды топ басшысы «Смайликтер» әдісіарқылы бағалайды

Сабақтың соңы

7 мин.
Сабақты бекіту. Рефлексия.

(Ө) Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді.

  • Бүгін мен не білдім?

  • Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім?

  • Сабақ маған ұнадыма? Неліктен?

  • Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Смайликтер» әдісіарқылы бағалайды.

Интерактивті тақта

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Смайликтер» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді?Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:

9-сабақ. А бөлім.

Бөлімі:

2-бөлім. Программалау (ортақ тақырып: «Дәстүр және фольклор»)

Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Өзіңді тексер (бөлім бойынша қорытынды сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.4.2.1. программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу (Scratch).

1.4.1.1. сызықтық алгоритмді іске асыру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Сызықтық алгоритм құрады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Жоба скриптерімен жұмыс жасайды.

Кейбір оқушылар үшін:

Алгоритмді Scratch жобасына айналдырады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.

1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

3. Психологиялық жағымды ахуал орнату.

4. Топтастыру:

Оқушылар конвертті ашып, ішінен геометриялық фигуралардан қалағанын алады. Бірдей фигуралар топтасып, бір топқа бірігеді.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.

1-топ: «Төртбұрыштар»

2-топ: «Үшбұрыштар»

3- топ: «Жұлдызшатер»

Фигуралар салынған конверт

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

«Ой қозғау» әдісі.

2 тапсырма.

Алдыңғы білім мен практикалық тапсырмаларды байланыстыру мақсатында төменде берілген кроссвордты шешеді.

Көлденеңінен:

  1. Алгоритм түрі

  2. Командалар жиыны

  3. Іс-әрекеттер реті

  4. Алгоритмнің әр қадамы

Тігінен:

  1. Сахна кейіпкері

  2. Іс-әрекеттер тізбегі

ҚБ: Мұғалім тапсырманы орындауда белсенділік көрсетіп, дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

Интерактивті тақта

Жұмыс дәптеріндегі №1 тапсырманы орында.

Анықтамаларды сәйкестендір.

«Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптері.

22-бет

Жаңа сабаққа дайындық.

(Ұ). «Қане, қайтала!» ойыны

Ойын шарты: мәтінді оқып шыққаннан кейін қолдарына қалам мен қағаз алып, сұрақтар құрастырады. Сұрақтарын өз іштерінен сайланған жүргізушіге өткізеді. Барлықтары сұрақ құрастырып болған соң, жүргізушіден кез келген парақты алып, жауабын ойластырады. Жауаптарын талдағаннан кейін, мәтін тәртібі бойынша орналастырады. Содан кейін өздерінің жауаптары бойынша құрастырылған мәтінді мазмұндап береді. Ойын соңында өз мәтіндерін берілген үзіндімен салыстырады. Ойын қорытындысы бойынша ең белсенді оқушы анықталады.

Сабақтың ортасы

(26 мин)

(Ж) 3- тапсырма

Ғабитте қазына жасырылған картабар. Карта бойынша жүру командалары: алға, артқа, оңға, солға. Мысалы, солға, алға қарай 4 м (2-сурет).

1. Қазынаны іздеу оқиғасын сөз арқылы сипаттайды.

2. Ғабиттің іс-әрекетінің блок-сұлбасын құрады.

Жұптық жұмыста белсенділік көрсетіп, тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

Оқулық

(Ө) 4- тапсырма

1) 2-суреттегі жобаға атау бер. Себебін түсіндір.
2) Қолданған командаларға тиесілі блоктарды анықта.

ҚБ: Мұғалім тапсырманы орындауда белсенділік көрсетіп, дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

***.(Т) 5- тапсырма

Әлия табиғат аясында серуендеуді ұнатады (4-сурет). Оның сөзбен сипатталған қозғалыс алгоритмі берілген. Осы алгоритмді Scratch жобасына айналдыр.

ҚБ: Топтық жұмыста белсенділік көрсетіп, тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

*(Т). №6-тапсырма.

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын білесің бе? Оларды ішек санының кемуіне қарай орналастыр.

Дескриптор:

- Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын атайды.

- Оларды ішек санының кемуіне қарай орналастырады.

ҚБ: Топтық жұмыста белсенділік көрсетіп, тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптеріндегі №4тапсырманы орында.

4. Суреттеқай ертегінің кейіпкерлері бейнеленген?

1)Іс-әрекеттердің ретін дұрыс қой.

2) Суретке қарап, оқиғасын құрастыр.

«Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптері.

21-бет

Сабақтың соңы

7 мин.
Сабақты бекіту. Рефлексия.

(Ө) Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді.

  • Бүгін мен не білдім?

  • Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім?

  • Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

  • Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?

ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

Интерактивті тақта

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілеттірек оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?