Файл: Мектепке дейінгі трбие мен оытуды лгілік оу бадарламаларын бекіту туралы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 413
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2) аулаға ұшып келетін құстарды (торғайлар, көгершіндер,қарғалар);
3) үй құстарын (тауық, қораз,үйрек);
4) маусымға тән табиғат құбылыстарын бақылау;
5) өсімдіктер мен жануарларға сүйіспеншілік пен қамқорлық көрсету.
Күтілетін нәтижелер:
суреттен жануарларды тауып, атайды, олардың сипаттық ерекшеліктерін атайды;
көкөністер мен жемістердің бірнеше түрлерін сыртқы түрі және дәмі бойынша дұрыс атайды және ажыратады;
үй құстарының өздеріне тән ерекшеліктерін атайды;
ағаш, шөп, гүл сөздерін дұрыс қолданады;
табиғи материалдардың қасиеттері туралы түсініктерге ие;
өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасайды.
10-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы
67. "Шығармашылық" білім беру саласының базалық мазмұны сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
68 Мақсаты балалардың эстетикалық қабылдауын қалыптастыру, дербес тәжірибелік және шығармашылық әрекетті дамыту болып табылады.
69. Міндеттері:
– бейнелеу өнеріне, музыкаға, ән айтуға, қарапайым аспаптарда ойнауға шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру;
– қағазбен, қарындашпен, қылқаламмен, бояулармен, сазбалшықпен таныстыру;
– желімсіз жапсыру техникасын жетілдіру;
– бейнелерді қағаз парағына толық орналастыруды, дөңгелек, ұзын пішіндерге ұқсас заттарды бейнелеуге үйрету;
– суретшілердің суреттерімен таныстыру;
– материалға ұқыпты қарап, дұрыс қолдана білуге үйрету;
– балаларды музыкалық шығармашылыққа, әсемдікті сезінуге тәрбиелеу.
11-параграф. І жартыжылдық
70. Сурет салу:
1) балалардың бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту. Балалардың көркемдік қабылдауларын дамыту;
2) сурет салу техникасын жетілдіру;
3) түзу, көлденең, тік, толқын тәрізді және тұйықталған дөңгелек сызықтарды жүргізуді, осы әрекеттерді ырғақты қайталауды үйрету (жаңбыр, қар, жол, түтін), парақ бетінде бейнені орналастыру;
4) балалардың ашық түсті бояуларға деген эмоционалды - эстетикалық қатынасын тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
дөңгелек, ұзын пішіндерге ұқсас заттарды бейнелей алады;
қағаздың қасиеттерін біледі; қарындашты дұрыс ұстай алады (үш саусақпен);
түстерді ажыратады және дұрыс атайды;
өзінің салған суретіне қуанады, онда не бейнеленгенін айтады.
71. Мүсіндеу:
1) балалардың сазбалшық, ермексаз және оның қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру;
2) сазбалшықты дұрыс қолдану біліктерін жетілдіру;
3) техникалық дағдыларды қалыптастыру: заттардың қарапайым және одан да күрделі пішіндерін мүсіндеу.
Күтілетін нәтижелер:
сазбалшықтың, ермексаздың қасиеттерін біледі;
сазбалшықпен, ермексазбен жұмыстың бастапқы дағдыларына ие;
жапсырудың қарапайым тәсілдерін меңгерген (бөліктерді бөліп алады, оларды біртұтас етіп біріктіреді, сазбалшықты өздігінен илей алады);
бірдей және түрлі көлемді шарларды біріктіру жолдарымен заттарды мүсіндейді.
72. Жапсыру.
Фланелеграфта бейнелеуді (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қоюға және құрастыруға үйрету.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) фланелеграфпен жұмыс: қарапайым композиция құру және орналастыру;
2) фланелеграфтің кенебін қолдану арқылы геометриялық пішіндерді, машиналарды, үйлерді, доптарды, шарларды, гүлдерді, қазақтың ұлттық бас киімдерін, тағы басқа орналастыру.
Күтілетін нәтижелер:
қағаз бетіне геометриялық пішіндерден қарапайым пішіндер (машина, үй, қар адамы) құрастырады және орналастырады;
фланелеграфта қарапайым композицияларды орналастырады және құрастырады;
орындалған жұмысқа қуанады.
73. Музыка.
Музыка тыңдау:
1) музыка тыңдауға қызығушылықты және түрлі жанрлы музыкалық шығармаларды: ән, полька, марш, вальс, баяу және көңілді әндер тыңдау ережесін сақтауды қалыптастыру;
2) әннің мағынасын түсіну, қоңыраулардың жоғары және төмен дыбысталуын, фортепианоның дыбысталуын, түрлі ырғақты, түрлі музыкалық аспаптарда орындалған таныс әуендерді тыңдау, бұл әуендерді тани білу дағдыларын қалыптастыру;
3) жаңа әндерді музыкалық-қимылдық көрсетусіз тыңдау.
Ән айту:
1) ән айтуға қызығушылықты, тәрбиешінің дауыс ырғағына еліктеу, әннің сөздері мен жеке буындарды айту, созылыңқы дыбысталуға еліктей отырып ересекпен қосылып ән айту, аспаптардың шығаратын және ересектің ән айтуына келтіріп, әнді күш түсірмей, табиғи дауыспен, дауысты жылдамдатпай
, жеке сөздерді айқайламай айтуды қалыптастыру;
2) әнді жеке және топпен айту, әуеннің жеке екпінін және ырғақты дұрыс жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) музыканың ашық берілген сипатына сай қимылдар жасау;
2) пьесаның екі бөлімді формасының қимылдарын ауыстыру, басталуы мен аяқталуындағы дыбысталу күшін өзгерту (қатты-баяу);
3) музыканың сүйемелдеуімен жүру және жүгіру, қол ұстасып, жұптасып, шеңбермен жүру;
4) қарапайым би қимылдары: шапалақтау және бір уақытта аяқпен тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу;
5) әнді сахналауда қимылдардың жеке элементтерін қолдану, күрделі емес қимылдар бірізділігін есте сақтау;
6) бубенмен, сылдырмақпен, бірқалыпты ырғақты, түрлі бейнелік - ойын қимылдарын бере отырып заттармен қимылдар жасау;
7) жаттығулар мен билерде сүйемелдейтін музыканың қарама- қарсылығына сәйкес (ақырын-қатты, жоғары-төмен, баяу – жылдам) бір қимылдардан басқаларына ауысу;
8) мазмұнды музыкалық ойындарда қимылдардың сипатын беру және оның кейіпкерлері мен қимылдарының музыкалық сипатын беруге сәйкес ойынның бір кезеңінен келесісіне өту.
Күтілетін нәтижелер:
музыкалық шығармалардың сипатын (баяу және көңілді әндер мен пьесаларды) ажыратады;
музыкалық шығарманың мазмұнын түсініп, (кім, не туралы айтылатыны) көңіл-күйін білдіреді;
әннің бөліктерін айта алады (ересекпен бірге), ересектердің көрсеткен қимылдарын қайталайды (шапалақтайды, аяқтарымен топылдатады, қол білектерімен айналдыруды орындайды);
қимылдарды музыканың басталу сәтінен аяқталғанға дейін орындайды (қоян секіреді, көбелектер ұшады);
музыка және әннің мазмұнына қарай би қимылдарын шеңберде тұрып орындайды;
кейбір музыкалық аспаптарды атайды (барабан, бубен, сылдырмақ және басқалары).
12-параграф. ІI жартыжылдық
74. Сурет салу.
Келесі біліктерді қалыптастыру:
1) парақ бетіне бояу жағу арқылы қарама-қайшы түстегі дақтарды үйлестіріп бейнелей білу;
2) қағаз бетіне тура, көлденеңінен, тік және толқын тәрізді сызықтарды бейнелеу, дәстүрден тыс тәсілмен сурет салу (шарлар, күннің көзі, балықтар және тағы басқа);
3) бояулармен жұмыс жасау;
4) қағазға, құмға саусақпен сурет салу;
5) балаларды ересектермен бірге әрекет етуге (ересектердің салған суреттерін толықтыру) қызығушылықтарын тудыру;
6) бейнелеу өнері әрекетінің нәтижесіне қызығушылық танытуын қалыптастыру: балалардың жұмысын қарау және талдау, таныс заттар мен кейіпкерлерді табу;
7) қағаз бетін бағдарлай білуге үйрету.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) белгілі бір ережелерді орындау дағдыларын қалыптастыру: түзу отыру, тек қағаз бетіне сурет салу, қағазды жұмарламау, қарындашты тықылдатпау;
2) жұмысты ұқыпты орындау.
Күтілетін нәтижелер:
қағазға және құмға сурет салудың (үздіксіз айналмалы сызықтар жүргізеді) бастапқы техникасын меңгерген;
түрлі-түсті қарындаштармен, фломастердің, гуашьтің төрт түсімен сурет салу біледі;
қағаз бетіне бояулармен штрихтар, жақпалар, сызықтар салады;
қағаз бетін бағдарлай алады.
75. Мүсіндеу.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) шыны аяқ, табақты илеп жасауда саз кесегін саусақпен басып, тереңдету;
2) заттардың ұқсастықтарын табу;
3) кесектерді біріктіруге үйрету;
4) қуыршаққа арналған әшекейлерді мүсіндеу: білезік, жүзік, қол сағаттар;
5) мүсіндеуге арналған материалдарды қолдану;
6) арнайы тақтайша үстінде илеу;
7) қолды дымқыл шүберекпен сүрту;
8) дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру, жұмыстан кейін материалдарды жинастыру.
Күтілетін нәтижелер:
сазбалшықтың кесегін алақан арасына салып илей алады (шар), жоғарғы бөлігін саусақпен басып тереңдетеді (қуыршақтарға арналған печенье);
түрлі пішіндерді біріктіру әдісімен заттарды мүсіндейді (саңырауқұлақ);
мүсінделген пішіндерді өзіне таныс заттармен салыстырады;
мүсіндеу кезінде техникалық дағдыларды біледі және қолданады;
халық ойыншықтарын қарастыру барысында қуаныш білдіреді, орындалған жұмыс туралы әсерлерімен бөліседі.
76. Жапсыру.
Симметриялық пішіндерді орналастыра білуді және жапсыру мен сурет салуды кіріктіруді қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
түрлі пішіндерді біріктіру арқылы заттарды фланелеграфта орналастырады (жіпке байланған шар, үйшік);
дайын сұлбаға элементтерін салып аяқтайды (марғаудың құйрығын салады);
бастапқы техникалық дағдылары қалыптасқан және қолданады, қағаз бетіне симметриялық пішіндерді орналастырады .
77. Музыка.
Музыка тыңдау.
Музыканы тыңдай білуді, таныс әндерді және оларға тән ерекшеліктерін тани білуді қалыптастыру. Музыкалық иллюстрациялармен сүйемелденген әңгімелерді қызығушылықпен тыңдауға баулу. Музыканы есте сақтау, кейіпкерлерді иллюстрация және әңгіме бойынша тану дағдыларын қалыптастыру.
Ән айту:
1) әнді уақытында бастау және аяқтау, озып кетпеу немесе қалып қоймау, кідірісті сақтау;
2) әндегі қайталанатын тіркестерді ересектердің дауыс интонациясына салып, айту дағдыларын қалыптастыру.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) қол қимылдарын: "шапалақ – шапалақ", аяқ қимылдарын: "топ-топ" орындау, денені оңға, солға бұру, басты оңға, солға ию, қолдарды сермеу, шеңбер бойымен жүру;
2) музыкалық-ырғақты қимылдарды: кезекпен аяқтың ұшымен, өкшемен қою, орнында тұрып топылдату, шеңбер бойымен бір орында, шашыраңқы топылдатып жүру;
3) таныс қимылдарды жаңа музыкамен сәйкес есте сақтау, қайталау;
4) ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде үйренген әнді айта отырып, сәйкес қимылдарды қайталау;
5) дербес ойындар мен әрекеттер кезінде ойнаған аспаптардан дыбыстар шығаруға талпыну (ересектердің қатысуымен);
6) әндерді үйреніп айту және ересектердің қимылдарына еліктеп, қиялдағы аспапта сүйемелдеу;
7) түрлі аспаптарда педагогтың орындауындағы және үнтаспадағы әндер мен пьесаларды тыңдау, таныс әндерді қосылып айту, күрделі емес қойылымдарға, ойындарға және билерге қатысу.
Күтілетін нәтижелер:
таныс әндерді таниды және дыбыстардың жоғарылығын ажыратады;
әннің мағынасын түсінеді;
ересекпен бірге ән айтуға ынта білдіреді;
музыкалық аспаптарды атайды (сылдырмақ, барабан, домбыра);
музыкалық фразалардың жоғары және төмен дыбысталуын ажыратады, ырғақты және әуеннің жеке екпінін дұрыс жеткізіп, әннің сөзін есінде сақтайды;
музыка сипатына сәйкес қозғалады.
13-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
78. Мақсаты: балаларды позитивті әлеуметтендіру және оларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дәстүрлеріне баулу, оларда әлеуметтік дағдылары мен өзін-өзі үйрету дағдыларын дамыту.
79. Міндеттері:
– бір-бірінің атын атап, қарым-қатынас жасай алуы, жолдастарының есімдерін есте сақтау;
– аты мен жынысын сәйкестендірумен байланысты өзіндік сананы қалыптастыру;
– баланың жеке тұлғасын ашу: өзінің қадір-қасиетін сезінуге, басқаларға құрметпен қарауға және өз отбасына қатыстылығын тәрбиелеу;
– құрдастарымен және ересектермен өзара іс-қимыл жасауға, бірлескен ойындарға қатысу үшін жағдай жасау;