Файл: Отстік азастан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы алыпты жне патологиялы физиология кафедрасы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 79

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


3. Жаутикова С.Б. «Патологиялық физиологияның жалпы курсы». Оқу құралы.-Қарағанды, 2000.-105.

Тесттік тапсырмалар

1. Iсiну – бұл:

А) тiндер мен тiнаралық кеңiстiктерде сұйықтық жиналуы

В) серозды қуыстарда сұйықтың жиналуы

С) лимфа түзiлуi артуы

Д) тамыр iшiлiк сұйықтың артуы

Е) жасуша iшiлiк сұйықтың артуы

2. Iсiну – бұл:

А) патологиялық процесс

В) патологиялық реакция

С) патологиялық жағдай

Д) аурудың нозологиялық түрi

Е) ауру алды

3. Iсiнудiң жергiлiктi патогенездiк факторы

А) ұлпалық қысымның жоғарылауы

В) қанның гидростатикалық қысымының жоғарылауы

С) тамыр қабырғасының өткiзгiштiгiнiң төмендеуi

Д) қанның онкотикалық қысымының жоғарылауы

Е) қанның гидростатикалық қысымының төмендеуi

4. Iсiнулер дамуында жағдай жасайды

А) альдестеронның түзiлуiнiң жоғарылауы

В) қанда альбуминдердiң құрамының жоғарылауы

С) лимфа тамырлармен интерстицияның дренажы күшеюi

Д) антидиурездiк гормонның өндiрiлуiнiң төмендеуi

Е) тамыр кемерлерi өткiзгiштiгiнiң төмендеуi

5. Iсiнудiң нейро-эндокриндiк факторы – бұл:

А) АДГ мен альдестерон түзiлуiнiң екiншiлiк артуы

В) АДГ жеткiлiксiздiгi

С) альдестерон екiншiлiк тапшылығы

Д) гиперинсулинизм

Е) симпатоадреналдық жүйенiң әсерленуi

6. Iсiнудiң тiндiк факторы – бұл:

А) тiннiң гиперосмиясы және гиперонкиясы

В) плазманың осмыстық қысымының төмендеуi

С) онкотикалық қысымының төмендеуi

Д) тiннiң гидростатикалық қысымының артуы

Е) тiннiң осмостық қысымының төмендеуi

7. Аллергиялық iсiнулердiң патогенезiнде маңыздысы:

А) тамырлық фактор

В) тiндiк фактор

С) гемодинамикалық

Д) нейроэндокриндiк фактор

Е) онкотикалық

8. Онкотикалық фактор басты роль атқарады

А) кахексиялық iсiнуде

В) жүректiк iсiнуде

С) аллергиялық iсiнуде

Д) токсикалық iсiнуде

Е) нефриттiк iсiнуде

9. Iркiлулiк iсiнудiң дамуында маңызы зор

А) гемодинамикалық факторды

В) қан тамырлық фактордың

С) тiндiк фактордың

Д) онкотикалық фактордың

Е) нейро-эндокриндiк фактордың

10. Жүректiк iсiнудiң негiзгi патогенездiк факторы

А) қанның веноздық қысымының жоғарылауы

В) тiннiң колоидты осмостық қысымының жоғарылауы

С) тамыр қабырғасы өткiзгiштiгiнiң жоғарылауы

Д) қанның онкотикалық қысымының төмендеуi

Е) лимфа ағымының төмендеуi

Лабораториялық жұмыс

Мақсаты: Лабораторлық егеуқұйрық гемодинамикасына катехоламиндер әр түрлі дозасының фармакологиялық әсерін үйрету.


Егеуқұйрықтың 1 г массасына шаққанда 0,004 мл 0,1 % адреналин ерітіндісін т/і енгізеді. Тері астына адреналинді жіберген сәтте тері жамылғысы және кілегей қабаты бозарып, АҚ 120-70 тен 210/175 мм с.б. көтерілді, экстрасистолиямен қабаттасып тахикардия пайда болды, тынысы жиілеп, Ра О2 өзгеріссіз, ал Рv CO2 күрт төмендеді. Бірақ 12 мин кейін гипервентиляция фонында тері жамылғысы сұр түске айналып, артериялық қанның газдық құрамы өзгерген жоқ, Рv O2-нің біртіндеп төмендеуі байқалады. 3-4 мин ішінде сыртқы тыныс бұзылыстарының белгісі дамыды, соңынан тыныс алуы ырғақсыз, ауыр, ылғалды сырылдар пайда болуымен өзгерді. АҚ төмендеді, пульстік қысымы азайды, аритмия дамыды. Бұл кезде Ра О2 төмендейбастады, ал Ра CO2 жоғарылады. Соңғы 20 минут ішінде клоникотонустық қалтырау, агональдық тыныс, аузы-мұрнынан ақ көпіріктер бөліне бастады, жануар өлді.

Келесі сұрақтарға жауап бере отырып қорытынды жасайды.

  1. Жануар өлімінің себебі қандай?

  2. Қандай белгілер өкпе шеменінің дамуын көрсетіп отыр?

  3. Берілген сынамада жедел өкпе шеменінің патогенезі қандай?



Тақырыбы № 5: Қышқыл-негіздік жағдайдың бұзылыстары

Мақсаты: Қышқылдық-негіздік үйлесімділік бұзылыстарының

этиопатогенезін анықтап, ацидозбен және алкалозбен байланысты патофизиологиялық анализді және ситуацияны моделдеу.

Өткізу формасы: тәжірибелік жұмысты орындау

Тақырыбы бойынша тапсырма :

1. Ауызша сабақ тақырыбына жауап беру.

2. Ситуациялық есептерді жауаптарымен құру.

3. Тест есептерін шығару.

Тарататын құжаттар:

1. Тест тапсырмасы.

2. Ситуациялық есеп.

3. Кесте.

4. Схема.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қышқыл-негіздік алмасуы, түсініктемесі қандай?

2. Қышқыл-негіздік алмасуы бұзылыстарының себептері қандай?

3. Қышқыл-негіздік алмасуы бұзылыстарының патогенезі және жіктелуі қандай?

4. Қышқыл-негіздік теппе-тендік(ҚНТ),түсініктімесі қандай?

5. Қышқыл-негіздік тепе-тендік бұзылыстары мен жіктемесы қандай?

6. Газды және газды емес ацидоз этиологиясы мен патогенезі..

8. Газды және газды емес алкалоз этиологиясы мен патогенезі қандай?

9. Ацидоз және алкалоз кезінде қорғаныстық-бейімделу реакциялары немен сипатталады?

Ұсынылған әдебиеттер:

негізгі:

1. Нұрмұхамбетұлы Ә. Клиникалық патофизиология . 2009 ж.

2.Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология: оқулық. Алматы. - 2007. -648с.

қосымша:

1. Нурмухамбетов Ә., Ахмет-төре М. Патофизиологиядағы медициналық атаулардың сөздігі – Алматы. – 1998. -80.

2. Нурмухамбетов Ә., Есенқұлов Ә., Әбисатов Қ., Ахмет-төре М. Медициналық атаулардың орысша-қазақша шағын сөздігі. Алматы.-1998-128.

3. Жаутикова С.Б. «Патологиялық физиологияның жалпы курсы». Оқу құралы.-Қарағанды, 2000.-105.

Тесттік тапсырмалар

1. Газды ацидоз негізіне жатады:

А) Ұшырмайтын кышқылдардың артуы.

В) Минералды кышқылымен ұлануы.

С)Ағзада көмірқышқыл газының жиналуы.

Д) Ағзадан көмірқышқыл газының шығарылуының артуы.

Е) Қанда негіздерінің артуы.

2. Газды алкалозды дамытады:

А) Өкпе гиповентиляциясы.

В) Өкпе гипервентиляциясы.

С) Қанайналым жетіспеушілігі.

Д) Гиперкапния.

Е) Атмосферада көмірқышқыл газының атуы .

3. Газды емес ацидоз даму себебі:

А) Натрий бикарбонатымен ұлану.

В) Профузды іш өтуы.

С)Ұстамалы құсу.

Д)Энцефалит кезінде ентігу.


Е) Бүйрек үсті безінің стероидты гормондарының гиперсекрециясы.

4. Уремиға тән:

А) Газды ацидоз.

В) Шығарылымды ацидоз.

С) Экзогенді ацидоз.

Д)Газды емес алкалоз.

Е) Экзогенді алкалоз.

5. Асқазан сөлінің тоқтамай құсқанда көп мөлшерде жоғалтуы неге әкеледі:

А) Газды алкал.

В) Шығарылымды ацидоз.

С) Шығарылымды(газды емес) алкалоз.

Д) Экзогенді алкалоз.

Е) Экзогенді ацидоз.

6. Артериялық қанда рН -7,49 ,ол нені көрсетеді :

А) Тенгерілген алкалоз.

В) Тенгерілген ацидоз.

С) Тенгерілмеген алкалоз.

Д) Газды ацидоз.

Е)Газды емес ацидоз.

7. Қышқылдарды тағаммен көп қолданғанда не дамиды:

A) Эндогенді ацидоз.

В) Экзогенді ацидоз.

С) Метаболизімдық ацидоз.

Д) метаболизмдық алкалоз.

Е) Газды ацидоз.

8. Бүйректік ацидоздың негізінде:

A) Протондардың өзекшелер секрециясының төмендеуі.

В) Протондардың өзекшелер секрециясының жоғарылауы.

С) Өзекшелер реабсорбциясының ұлғаюы.

Д) Өзекшелер реабсорбциясының төмендеуі.

Е) Нефронның перитубулярлы капиллярларында рСО2 төмендеуі.

9. Компенсациялық гипокапния байқалады:

A) Негазды алкалоз.

B) Негазды ацидоз.

C) Экзогенді алкалоз.

D) Ұстамалы құсу.

Е) Ретенциялық ацидоз.

10. Өкпе гипервентиляциясынан кейін байқалады:

A) Негазовый алкалоз.

B) Газды алкалоз.

C) Газды ацидоз.

D) Негазды емес ацидоз.

E) Экзогенді ацидоз.

Ситуациялық есеп

Пациентте рН – 7,35, рСО2 – 50 мм рт.ст., SB – 23 мэкв/л, ВВ – 35 мэкв/л,

ВЕ - 8 мэкв/л. Артериялық қанда HbО2- 80% ,көк тамырда-–52%. МОД –11 л, ЖЕЛ – 1,8 л, индекс Тиффно – 70%. Лейкоциттер қандағы көлемі: Б – 0,

Э – 0, Ю – 1, П – 7, С – 72, Л – 15,

М - 5. Қанда калий концентрациясы - 5,9 ммоль/л,эритроцитте - 71,2 ммоль/л; натрий қан плазмасында - 142 ммоль/л,эритроциттте - 18,3 ммоль/л; хлоридтер қан плазмасында - 99 ммоль/л;қан плазмасында сүт қышқылының концентроциясы –1,56 ммоль/л. Тәулік диурезі - 850 мл, титрациалды кышқылдық - 42 мл/100 мл несепте. Пациенттің салмағы - 70 кг

Сұрақтар

1. Қышқыл-негіздік тепе-теңдік(ҚНТ) бұзылысының қай түрі кездеседі?

2. Қышқыл-негіздік тепе-теңдік(ҚНТ) бұзылысының этиопатогенезі?

3. Қышқыл-негіздік тепе-теңдіктің коррекция жолдары?
Кредит № 2

Тақырыбы №1: Қызыл қан патофизиологиясы.

Мақсаты:
Анемия дамуымен байланысты ситуацияларды патофизиология-лық анализ жүргізуді үйрету.

Өткізу формасы: тәжірибелік жұмысты орындау

Тақырыбы бойынша тапсырма :

1. Ауызша сабақ тақырыбына жауап беру.

2. Ситуациялық есептерді жауаптарымен құру.

3. Тест есептерін шығару.

Тарататын құжаттар:

1. Тест тапсырмасы.

2. Ситуациялық есеп.

3. Кесте.

4. Схема.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Гемолиздік анемиялар немен сипатталады?

    2. Мембранопатиялар деген не?

    3. Энзимопатиялар деген не?

    4. Гемоглобинопатиялар деген не?

    5. Орақ тәрізді анемиялар және талассесиялардың сипаттамасы қандай?

    6. Жүре пайда болған гемолиздік анемиялар, олардың патогенезі қандай?

    7. Теміртапшылықтық анемиялар немен сипатталады?

    8. В12 – тапшылықтық анемиялар, пернициоздық анемиялар немен сипатталады?

    9. Гипо- және апластикалық анемиялар деген не?

Ұсынылған әдебиеттер:

негізгі:

1. Нұрмұхамбетұлы Ә. Клиникалық патофизиология . 2009 ж.

2.Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология: оқулық. Алматы. - 2007. -648с.

қосымша:

1. Нурмухамбетов Ә., Ахмет-төре М. Патофизиологиядағы медициналық атаулардың сөздігі – Алматы. – 1998. -80.

2. Нурмухамбетов Ә., Есенқұлов Ә., Әбисатов Қ., Ахмет-төре М. Медициналық атаулардың орысша-қазақша шағын сөздігі. Алматы.-1998-128.

3. Жаутикова С.Б. «Патологиялық физиологияның жалпы курсы». Оқу құралы.-Қарағанды, 2000.-105.

Тесттік тапсырмалар

1. Гемолиздiк анемия үшiн тән болып табылады

А) эритроциттердiң өмiр ұзақтығының қысқаруы

В) қызыл сүйек кемiгiнде май дамуы

С) мегалобластық қан түзу

Д) организмде бездер тапшылығы

Е) эритроциттердiң осмостық резистенттiлiгiнiң жоғарылауы

2. Темiр тапшылықты анемия үшiн тән болып табылады

А) гипохромия

В) мегалобласттық қан түзу

С) ретикулоцитоз

Д) гемосидероз

Е) гипербилирубиинемия

3. Витамин В12-тапшылықты анемияның патогенезiне көрсетiлмеген тiзбегiн

енгiзiңiз. Витамин В12 тапшылығы → метилкобаламиннiң түзiлуiнiң →

тетрагидрофолий қышқылының түзiлуiнiң бұзылуы → ..?.. →

эритроциттердiң өсiп-өнуi және жетiлуi үрдiсiнiң төмендеуi

А) ДНҚ түзiлуiнiң бұзылуы

В) миелин түзiлуiнiң бұзылуы

С) май қышқылдарының түзiлуiнiң бұзылуы

Д) дезоксиаденозилкобаламин түзiлуiнiң бұзылуы

Е) янтарь қышқылының түзiлуiнiң бұзылуы

4. Мегалобластық қан түзу түрi тән

А) В12-тапшылықты анемия үшiн

В) аплазиялық анемия үшiн